https://electroinfo.net

girniy.ru 1 2 3 ... 17 18

Көне үнділік мәдениетіндегі діннің мәртебесі және оның философия қалыптасуы мен дамуына әсері. Үнділік философия қарсаңындағы (Ведалар дәстүрі) негізгі дүниетанымдық идеялар. Упанишадалардағы дүниетанымдық ізденістер дүниеден аскеттік қашқақтаудың формасы ретінде. Қайта түрленудің мәңгілік циклынан құрылудың жолдарына деген ізденістер.

Шығыс ойының өзіндік ерекшелігі. Ойлаудың кармалық стилі философияның моральдық және метафизикалық өлшемінің формасы ретінде. Карма, реинкариация және касталар жүйесі туралы ілім Үнді философиясының негіздемесі ретінде.

Буддизм және оның Ведалық дүниетаным мен ритуалдық практикаға қатынасы. Буддизм Упанишадаларды сыни қайта түсіну ретінде. Буддизмнің іргелі идеялары. Күш қолданбаудың буддистік стратегиясы, оның Шығыс адамының тарихи тағдырына әсері. Шығыс адамының дүниеге қатынасының қалыптасуына, рухани құндылықтарды таңдауына, өмір салты мен дінінің қатынасына буддизмнің дүниетанымдық әсері. Күш қолданбаудың буддистік стратегиясы, оның Шығыс адамының тарихи тағдырына әсері.

1.Ведалық дәуір біздің дәуірімізге дейінгі XV-VII ғасырларды қамтиды. Ведалық әдебиеттің төрт түрін көрсетуге болады: самхиттер – гимндер жинағы; брахмандар – ведалық текстерге түсініктеме және ритуалдарды баяндау; араньяктар («орман кітаптары» орман кезіп, өмір сүретін дервиштерге арналған жинақ); упанишадтар – жартылай поэтикалық, жартылай философиялық трактаттар.

2.Эпикалық дәуір. Біздің дәуірімізден бұрынғы VI ғасыр мен біздің дәуірімізге дейінгі II ғасырлардың аралығын қамтиды. Осы тарихи уақытта ірі поэмалар Рамаяна мен Махабхарата дүниеге келген. Бұл дәуірдегі философияның дамуын үш сатыға бөлуге болады:

А) Ведалардың беделін мойындамайтын мектептер – джайнизм, буддизм және чарвака – локаята материалистік мектебі, б.э.д. VI ғ.

Б) Бхагавадгита мен кейінгі упанишадтарды теологиялық тұрғыдан реконструкциялау б.з.б. V – IV ғ.

В) Веданың беделін мойындайтын және оған сүйенетін мектептер – санкхья, йога, миманса, веданта, ньяя, вайшешика, біздің заманымызға дейінгі III және біздің заманымызға дейінгі II ғасыр аралығында дамыған.


Бұл мектептерле классикалық үнді философиясының жүйелері қалыптаса бастады.

3.Философиялық сутралар және оған түсініктемелер дәуірі. Осы уақытқа дейінгі жиналған материалдарды қысқарту және жинақтау уақыты болды.

Сутралар қысқа әрі нұсқа текстер болғандықтан оларды қосымша түсіндіру қажет болды.

Үнді философиясының дәстүрінде бәрі мойындайтын және пайдаланатын іргелі ұғымдар бар. Ең алдымен, бұл карма ұғымы. Карма – жазмыш заңдылығы, тағдыр адамға істеген әрекетінің табиғатына қарай несібе сыйлайды. Егер адам өзінің эгоистік пиғылдағы әрекетінен тазарып, тек жоғары құндылықтарға ұмтылып отырса, онда ол карманың кәріне ұшырамайды. Карма ұғымы сансара туралы іліммен тікелей байланысты.

Сансара дегеніміз – жанның жай таппай жиһан кезуі, бір денеден екінші денеге ұдайы ауысып отыруы туралы ілім.

Қайтадан туу қатары үзіліп, сансарадан азат болуды мокша деп атайды.

Ведалар – бұл магиялық дұғалар мен салтанатты әуендердің, қасиетті әндер мен құрбан шалу формаларының жиынтығы.

Олардың ең маңыздысы және ең алғашқысы – Ригведа. Ригведаның гимндерінде атақты құдайларды мадақтап, көтеріңкі әдемі түрде олардың іс - әрекетін жариялау, туысқандық байланыстары мен ұлы потенциясын, негізгі функциясын айқындау бар.

Екінші веда, Самаведа, негізінен Ригведаның гимндерін қайталайтын самхит.

Үшінші – Яджурведа, әртүрлі мектептерге лайық самхиттердің бірнеше варианттарын ұсынады.

Атхарваведа – төртінші және соңғы самхит.

Ведалық әдебиет ұзақ уақытта және алғашқы мемлекеттің қалыптасуының қиыншылықтары жағдайында пісіп – жетілген. Көшпенді, мал бағатын арийлердің алғашқы тайпалары бірте – бірте өзгеріске ұшырап, жіктелген таптарға айналып, дамыған жер өңдеуші, сауда, қолөнері бар қоғам қалыптасты. Мұнда негізгі сословие пайда болды.

Брахмандар – дінбасылары мен монахтар.

Кшатрийлер - әскерлер мен бұрынғы тайпа көсемдері, вайшилер жер өңдеушілер, қолөнершілер және саудагерлер.


Шудралар – тікелей өндірушілер.

Ведалық текстер көзқарастар мен идеялардың бірыңғай жүйесі емес.

Ведалық дін – бұл күрделі, бірте – бірте дамитын діни – мифологиялық көзқарастар мен оған сәйкес рәсімдер мен культтік ырымдардың жиынтығы. «Ригведада» арийлердің жауларын жоятын найзағай құдайы Митра маңызды орын алады. От құдайы – Агни, Күн құдайы – Сурья.

Кейбір ведалық гимндерде қоршаған ортаның жекеленген процестері мен заттарын біріктіретін жалпы принциптерді іздестіруді көреміз. Бұл – бәрін біріктіретін бәрінен жоғары тұратын әмбебап ғарыштық тәртіп принципі.

Ведалық культтің негізі - өз міндеттерін бұлжытпай орындап отыруын сұрап, құдайға жалбарынып, құрбан шалып отыру.

Брахманизм діни философиялық көзқарастар мен рәсімдік – культтік практика ретінде ведалық әдебиеттің тікелей мұрагері болып табылады. Онда әлемнің пайда болуы мен дамуы туралы пікірлер бар. Кейбір жерлерінде әлемнің түпкі субстанциясы су деген пікір де кездеседі.

Брахмандар дегеніміз - ең алдымен, ведалық рәсімдерді орындауға бағытталған практикалық нұсқаулар.

Брахман – абыздар төрт негізгі принципті есепке алуға міндетті: шыққан тегі бархмандық болуы және соған лайықты өмір сүруі, білім алуы және білімділігімен көзге түсуі бірден – бір қажеттілік. Олар адамдарға көмектесіп, солар үшін құрбан шалуы тиіс.

Мұның өзі брахмандардың қоғамдағы орнын ерекше дәрежеге көтерді, оларға тиісе алмады, мүлкіне қол сұқпады. Абыз – брахмандар өзінің осы беделін әрдайым нығайтуға тырысты.

Упанишадтар ведалық әдебиетті аяқтайды.

«Упа-ни шад» термині ұстаздың жанында отыру дегенді білдіреді, ұстазға өте жақын отырып, оның аузынан шыққан әрбір сөзге құлақ түріп, оның мағынасын түсінуге тырысты.

Алғашқы упанишадтар өмірден баз кешіп, ойға шомылған аскеттердің көмегімен жасалған. Брахман өзінің дамуында төрт кезеңнен өтеді: бала кезінде ол ұстазының үйінде ведаларды оқып үйренеді, отбасының қожайыны ретінде түсініктемелерді басшылыққа алады; толыққан шағында араньяктармен танысады, өмірінің соңында өмір қызықтарынан бас тартып кезбеге айналған упанишада даналығына назар аударады.


Аскеттер болмыс пен адамның іргелі сұрақтарына жауап іздестіреді. Ең алдымен, өмір мен өлім, әлемнің құрылымы мен космология, адам мен ғарыш, адам мен құдай қарым – қатынасы туралы мәселелерге жауап іздестіреді. Өмірдің иесі кім? Су ма, тамақпа, от па, жылу ма?

Упанишадтарда ұйқы мәселесіне қатты көңіл бөлінген.Өмірдің мәңгі айналымы туралы идея бар. Адам өлгенде оның рухани және материалдық бастаулары бір – бірінен бөлінеді. Рухани бастау аса маңызды. Ол қайтадан туындауы мүмкін. Сөйтіп, Индияда қайтадан туындаудың шексіз қатары туралы концепция қалыптасты.

Бұл концепцияның мәнісі - өлім, бұл жайбырақаттанудың немесе тынышталудың ақыры емес. Ол шексіздіктің жай ғана үзілісі, содан кейін жаңа өмір басталады, яғни бір кезде тәннен ажыраған жаны жаңа түрге енеді.

Қарма идеясы жақсылық пен жамандық мәселесін жеткілікті түсіндіріп, шешіп отырды. Бәрі өзіңе байланысты, өзінің әрекеттеріннің, істеріннің табиғатына байланысты. Жаман әрекеттерің үшін міндетті түрде жауап бересің.

Упанишад идеалы – Брахманды тану, онымен бірігу, рахаттану. Брахман – бұл жоғары абсолютті реалдылық, жоғарғы күш.

Брахман – жоғары рухани бірлік, яғни әлемнің рухани түп негізі абсолют.

Әркімнің жеке жаны – Атман. Атман – индивидуалды рухани мәнді бейнелейтін ұғым.


4-лекция

Шығыс мәдениетіндегі философия феномені

Қытайлық философия қарсаңының («Ши цзин», «Шу цзин», «И цзин» шығармалары) негізгі мазмұны. Конфуцийшылдық философияның практикалық бағыттылығы. Конфуцийшылдықтың әлеуметтік-этикалық максималарының прагматикалық сипаты. Конфуцийшылдық философияның қытайлық мәдениет пен қоғамдағы манызды ролі. Конфуцийшылдық қытайлық қоғамның идеологиясы ретінде.

Даостық философпя және дүние-әлемнің суреті. Дүние-әлемнің даостық суретіндегі адамның орны. Өмірді сактау мен нығайтудың даостық тәсілі. Әділдік принципінің Космостық сипаты. Өлместікке жетудің даостық практикасы.


Моизм конфуцийшылдыққа альтернативті әлеуметтік-этикалық, доктрина ретінде. Моизмнің іргелі идеялары: жалпы махаббат, табыстылық, өзара пайда. Моизм прагматикалық мақсаттылықтың философиясы хақында және оның қытайлық адам мәдени стратегиясының практикалық бағыттылығының қалыптасуына әсері.

Легизм «соғысушы мемлекеттер» дәуіріндегі саяси-әлеуметтік стратегиялар философиясы ретінде. Легизмнің іргелі құндылықтары қоғамдағы тәртіп, заңдар және жарлықтар. Легизм қытайлық қоғамның қауіпсіздігі мен тұрақтылығының моделін іздеу идеологиясы хақында. Философиялық ілімдердің Қытай халқының мәдени өміріне әсері..

Қытай - территориясының көлемі жағынан үшінші орында, ал халқының саны жағынан бірінші орында тұрған алып мемлекет.

Қытай өркениеті бұдан 5000 жыл бұрын пайда болған. Ол біздің дәуірімізден бұрынғы 221 жылдан бастап, 1911 жылға дейін бүтін империя болып келді. Олар қағаз шығарған, кітап басқан, оқ, жібек дайындаған. Дүние жүзіндегі ең сапалы ыдыстар Қытайда жасалған.

Қытай халқының мәдени болмысының негізін қалайтын бес атақты кітабы бар.

«Шу - цзин» - көне императорлардың өкіметтік басқару жүйелері мен ақыл кеңестерін қарастырады.

«И - цзин» - Қытай жазуының негізі болып табылатын фигураларды түсіндіреді. Сонымен қатар бұл кітап Қытай пайымдауларының да негізі. Өйткені ол бірлік пен екі жақтылық абстракциясын түсіндіруден басталады.

«Шу - цзин» - әртүрлі көне әндердің жиынтығы.

«Ли - цзин» - әртүрлі рәсімдер жинағы.

«Чунь - цю» - шежірелер жинағы.

Қытай мәдениетінің үлгі, эталон бола алатын, саф алтындай өлмес тәлімдері бар.

Қытай қоғамына объективті семьялық пиәтет тән, әрбір қытай азаматы өзін тек қана жан ұяның ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің де ұлы ретінде сезінген «Шу - цзин» кітабында Қытай қоғамының түп – негізін құрайтын, ерекше құрметтелетін және ұдайы тұрақты деп есептеленетін бес қарым – қатынас немесе міндеттер жүйесі келтірілген: 1) елбасы мен елдің өзара қарым – қатынасы; 2) әкесі мен баласының; 3) кіші мен үлкен бауырының; 4) ері мен жұбайының; 5) достардың өзара қарым – қатынасы.


Бұл міндеттердің немесе жауапкершіліктің әрдайым сақталып, орындалып отырылуы қоғамның әлеуметтік, адамгершілік негізінің тұрақты болуын қамтамасыз еткен.

«Шу - цзин» кітабының «Ұлы жоспар» деген тарауында бес істің орындалып, үлгілі тәртіп пен келісті ойдың, сөздің бес бұлжымас ережесінің сақталуы туралы айтылады: «Өзін - өзі бір қалыпты ұстай алу, лайықты сөйлей білу. Анық көру, нақты есту, терең ойлау».

«И - цзин», яғни «Өзгерістер кітабында» әлем мен адам туралы алғашқы көзқарастар айтылған, философиялық ойлаудың негіздері көрестілген.

«Өзгерістер кітабы» әруақытта қалыптасқан. Бастапқы текст XII – XIII ғасырлар арасында пайда болған. Оның негіздері 64 гексаграммадан тұрады.

Гексаграмма дегеніміз – 6 сызықтың әртүрлі комбинациялары:


  1. ________________ Шығармашылық (цянь)

________________

________________

________________

________________

________________


  1. ______ ________ Орындалуы (куль)

______ ________

______ ________

______ ________

______ ________

______ ________


64. ________________ Әлі де біткен жоқ (Вай - цзы)

______ _________

________________

______ _________

________________

______ _________


Грексаграммадағы сызықтардың орнының өзгеруі өте маңызды. Кітаптың атының «Өзгерістер кітабы» деп аталуы да осы сызықтардың өзгеріп отыруына байланысты.

Қасиетті сызықтар әлемнің қозғалысына сай, олардың табиғи негізі бар.

Кітапты түсіндірушілер гексаграммалардың орнына қарап, әртүрлі жорамалдар жасап отырады, әртүрлі оқиғаларға түсініктеме береді.

Қытай философиясының негізін екі маңызды принцип құрайды: инь мен ян. Инь – қараңғы төменгі, затты тануға жол ашатын бастау.

Инь мен янь қозғалысы бір тұтастықтағы диалектикалық өзгерістерді білдіреді, инь мен янның ауысып отыруы дао деп аталады.


Қытай философиясының даму барысында инь мен ян барған сайын ең шеткі қарама – қарсылықтың: жарық пен қараңғылықтың, күн мен түннің, күн мен айдың, аспан мен жердің, ыстық пен суықтың, жақсы мен жаманның өзара әрекетін бейнелейді.

Инь мен ян күштерінің дуализмі туралы ілім – Қытай философиясындағы диалектикалық жүйенің даусыз элементі.

Инь мен ян туралы түсініктер Қытай медицинасының, химиясының, музыкасының теориясын әзірлеуде кеңінен қолданылды.

Қытай философиясына тұрақтылық және дәстүрге адалдық тән. Тәртіп пен қоғамдағы реттіліктің негізін аға ұрпақ бастаған іс – әрекетке тағзым және сыйлау қалайды. Өткен ұрпақ қол жеткізген рухани құндылықтар негізге алынады.

Сондықтан Қытай қоғамы тұрақты және белгілі құрылымда ұзақ уақыт өмір сүреді.


Көне Қытай философиясының негізгі ағымдары.

1. Даосизм философиясы.

2. Конфуции философиясы.

Біздің эрамыздан бұрынғы III ғасырда Қытайда бірнеше философиялық ағымдар қалыптасты.


  1. Даосизм

  2. Конфуцишілдік

  3. Инь – ян

  4. Моизм

  5. Легизм

  6. Есімдер мектебі

Қытай дүниетанымның негізгі ерекшеліктері:

    • Қытай мемлекетін бүкіл әлемнің орталығы деп есептеу;

    • Жеке оқиғаны, жалпы тарихты циклдық процесс ретінде қарастыру;

    • Аспан мен жер алдында жер бетінде ғарыштық циклдардың дұрыс іске асырылуы үшін өзінің жауапкершілігін түсінуі;

    • Адамды, табиғатты, космосты біртұтастық ретінде қабылдау;

    • Сананың бұрынғы күнге ұмтылысы, өзгерістерге қорқынышпен қарау;

    • Ұжымнан жеке адамның бөлінбеуі;

    • Жеке адамның әлсіздігін мойындау және ұжымның күшіне бас ию;
    • Қоғамда вертикальді байланыстың қанат жаюы, адамаралық қатынастарда субординацияны ұстау, мемлекет басшысын керемет бірліктіруші күш ретінде қабылдау;


    • Барлық қарым – қатынастарда конформистік ұстанымда болу;

    • О дүниедегі емес, осы тіршіліктегі өмірді құрметтеу;

    • Қарияларды, жасы үлкендерді құрметтеу.

Қытай философиясының өзекті мәселесі адам проблемасы. Ол өз болмысында космостық қуаттың (энергияның) үш түрін біріктіреді:

    • цзин

    • ци

    • шэнь

«Цзин» - тірі организмнің бастауы, яғни барлық, тіршілік иелерінің бастауы.

«Ци» - барлық тіршілік иелерін құрастыратын материалдық – рухани қуат.

«Шэнь» - адам тұлғасының өзегін білдіретін рухани қуат.

Қытай философиясының ең көрнекті ағымы даосизм, оның негізін Лао-Цзы қалаған. Лао-Цзы «Кәрі ұстаз философ» деп аударылады, яғни бұл құрметті лауазым «Цзы» деген қосымша «бала» немесе «философ» мағынасын береді.

Лао – цзы - Конфуцийдің үлкен замандасы. Ол «Дао дэ цзин» деген еңбек жазған. Бұл кітап – тақырып бойынша жинақталған афоризмдер жинағы.

Трактаттың атын былай анықтауға болады:

    • Дао – жол (заттардың)

    • Дэ – жанның эманациясы (көрінісі)

    • Цзин – мән

Жалпы кітаптың атын «Жолдар мен оның көріністері туралы кітап» деп алуға болады.

Көне Қытай философиясы білім мен ізігілік мәселесін қатар қояды.

Ізгілік жолы оңай емес. Ізгілік өте нәзік, оны көріп бағалау әркімнің қолынан келе бермейді. Ол да үлкен адамшылықты қажет етеді. Өзіңе сын көзіңмен қарап, өз интеллектіннің өрісін білу өте маңызды. Даосизм ілімнің негізін қалаған Лао – цзы осыған үлкен мән берген.

Біздің эрамызғa дейінгі IV-III ғасырларда жасалған «Дао және дэ туралы ілім» деген трактатта: «Білімі бар бола тұрып, білмеймін деп есептейтін адам дана. Білімі жоқ бола тұрып білетін сияқты түр көрсететін адам ақымақ. Шын дана өзін ешқашан да ұлымын деп есептемейді, сондықтан да ол ұлы бола алады» делінген.


Адамның дамуына үлкен кесілін тигізетін кедергі өзі жөніндегі көтеріңкі пікірі мен өзін - өзі дәріптеушілігі болып табылады. Атақ құмарлық, менмендік сияқты ұсақ, кемшіліктерді жеңе білу – шын мәніндегі даналыққа апаратын алғашқы қадам.

Даосизм ілімінің негізгі ұғымы – дао. Дао табиғат пен адам арасындағы жарастықты, тылсым байланысты ерекше дәйектейді. Ғаламның шексіздігін, мәңгілігін еске алсақ, адамдар әлжуаз, көзге ілінер – ілінбес қана тіршілік иелері.

Адамдар табиғат ананың шексіз қуатыме