https://electroinfo.net

girniy.ru 1 ... 14 15 16 17 18

30-лекция

Глобалдық мәселелер философиясы


Глобалдық мәселелер және олардың пайда болуының себептері. Экологиялық апат қаупі және оны жеңудің негізгі сценарийлерінің философиялық мағынасы. Глобалдану, глобализм және антиглобализм тарихтың қазіргі ұйғарым-талабы ретінде. Глобалдық модельдеу «Римдік клубтың» негізгі мәселесі ретінде. Глобалдық мәселелерді зерттеудің негізгі бағыттары. Футурологиялық мәселдеменің қалыптасуы. Өршіп келе жатқан экологиялық дағдарыс мәселесінің көпшілікке жайылуы. «Римдік клубтың» философиялық ізденістері. Глобалдық сана қалыптасуы мәселесі

Философияның негізгі сұрағы ойлаудың болмысқа қатынасын іздестіреді.

Материя мен сана болмыстың бір – бірімен байланысқан, бір – біріне қарама – қарсы екі жағы. Сондықтан да философияның негізгі сұрағының екі жағы бар. Оның онтологиялық қыры материя бірінші ме, жоқ әлде сана бірінші ме? деген сұраққа жауап іздейді.

Философияның негізгі сұрағының танымдық қыры дүниені тануға бола ма, болмай ма деген сұрақты қарастырады.

Осы сұрақтарға жауап беру қисынына байланысты негізгі бағыттар – материализм және идеализм, рационализм және эмпиризм қалыптасады.

Философияның негізгі сұрағының онтологиялық қырына жауап беруіне байланысты объективті идеализм, субъективті идеализм, материализм, тұрпайы материализм, дуализм, деизм, ал гносеологиялық қырына жауап беруіне байланысты гностицизм , агностицизм, эмпиризм, рационализм бағыттары қалыптасады.

Материализм (әдебиетте оны Демокриттің бағыты деп атайды) – материя бірінші, ал сана екінші деп есептейтін философиялық бағыт. Оның негізгі ұстанымдары мынадай:


    • материя нақты өмір сүреді;

    • материя адамның санасынан тыс өмір сүреді;

    • материя өзінен басқа ешнәрсеге бағынбайтын, дербес өмір сүретін реалдылықты бейнелейтін философиялық ұғым;
    • материя өз еркімен дамиды және өзіндік заңдарына бағынады;


    • сана жоғары ұйымдастырылған материяның қасиеті;

    • сана материямен қатар қоюға болатын дербес субстанция емес;

    • сана материя, яғни болмыспен анықталады.

Материалистік бағыттың көрнекті өкілдері Демокрит, Фалес, Анаксимандр, Анаксимен, Эпикур, Бэкон, Локк, Спиноза, Дидро, Француз материалистері, Герцен, Чернышевский, Маркс, Энгельс, Ленин болып табылады.

Материализмнің күшті жағы – ғылымға, әсіресе, физика, математика, химия сияқты іргелі білім салаларына сүйенуі, көптеген ұстанымдарының толық дәлелденуі.

Материализмнің әлсіз жағы – сананың мәнін жеткілікті түсіндіре алмуы, сонымен қатар, объективті әлемнің әлі де сипатталмаған, анықталмаған қасиеттерінің болуы.

Фохт, Молешотт негіздеген тұрпайы материализм материяның маңызын біржақты абсолютке айналдырады, сананы, оның ерекшеліктерін түсіндіруге тырыспайды.

Материализм Грецияда, XVII ғасырдағы Англияда, XVIII ғасырда Францияда, XX ғасырда СССРда, социалистік елдерде ерекше дамыды.

2. Идеализм – сананы, идеяны, рухты алғашқы, ал материя оның туындысы деп есептейтін философиялық бағыт. Оның өзі екі түрге бөлінеді.

- объективті идеализм (Платон, Лейбниц, Гегель);

- субъективті идеализм (Беркли, Юм).

Объективті идеализмнің негізін Платон қалаған. Оның іргелі ұстанымдары

    • шын мәнінде идея өмір сүреді;

    • идея алғашқы;

    • барлық шындық идеялар әлеміне және заттар әлеміне бөлінеді;

    • идеялар әлемі о бастан – ақ әлемдік ақылда, яғни Құдайдың жобасында өмір сүреді;

    • заттар әлемі жеке, дербес өмір сүре алмайды, ол идеялар әлемінің түлеуі, іске асуы;

    • әрбір жеке зат жалпы идеяның іске асуы, мысалы, үй – үй идеясының, кеме – кеме идеясының жүзеге асуы;

    • таза идеяның нақты бір затқа айналуында Жаратушы – Құдай үлкен роль атқарады;
    • жеке идеялар біздің санамыздан тыс объективті өмір сүреді.


Субъективті идеалистер (Беркли, Юм) ұстанымдары мынадай:

    • барлық нәрсе тек дүниені танитын субъектің, яғни адамның санасында өмір сүреді;

    • идеялар адамның ақылында;

    • материалды заттардың бейнелері де адамның ақылында;

    • жеке адамның санасынсыз материя да, рух та, идея да болуы мүмкін емес.

Идеализмнің әлсіз жағы – таза идеялар әлемінің болмысы мен олардың нақты заттарға құбылыстарға айналу процесінің қисынды дәлелдерінің болмауы. Идеализм философиялық бағыт ретінде көне Грецияда, орта ғасырларда, батыс Европаның басқа да елдерінде кеңінен тараған.

XIX – XX ғасырда қалыптасып, кеңінен тараған ықпалды философиялық ілімдер экзистенциализм, неопозитивизм, неотомизм, прагматизм, феноменология, постмодернизм, герменевтика идеалистік бағытқа жатады. Мұның өзі идеалистік бағыттың зерттеу нысандары мен ізденіс аясының кеңдігін әдлелдейді.

Соңғы кездері эзотериялық философия деген айдармен шығып жүрген теософия, храм ілімі, жанды этика ілімдері де идеализмге жатады.

Дуализм философиялық бағыт ретінде Декарт шығармашылығында негізделді.

Оның мәні мынада:

    • бір –біріне бағынбайтын дербес екі субстанция бар; бірі – материалдық бастау, екіншісі – рухани бастау;

    • әлемдегі материалдық заттар материалдық бастаудан, ал рухани құбылыстар рухани бастаудан туындайды;

    • адамда материалдық және рухани бастау біріккен;

    • материя мен сана біртұтас болмыстың бір – біріне қарама – қарсы, бірақ өзара тығыз байланысқан қырлары;

    • материя мен сана бірін – бірі өзара толықтыратын болғандықтан философияның негізгі сұрағы жоқ.

Деизм – Құдай дүниені қозғалысқа келтірген, жаратқан бастау, сонан кейін оның дамуына тікелей араласпайды деп есептейтін философиялық бағыт. Ол біртұтас емес, оған материалисті де, идеалисті де жатқызуға болады. Деизмді Англияда Ньютон, Локк, Толанд, АҚШ-та Франклин, Джефферсон, Францияда – Руссо мен Вольтер, Ресейде Ломоносов, Радищев, Қазақстанда Абай мен Ы.Алтынсарин жақтады.


Философияның негізгі сұрағының екінші жағын шешу барысында эмпиризм мен рационализм пісіп – жетілді. Эмпиризмнің негізін Ф.Бэкон қалады. Оның пікірінше, танымның негізінде тәжірибе мен сезімдік түйсіктер жатыр. Рационализмді дамытқан Р.Декарт. Оның негізгі идеясы – шынайы дәлелденген білім ақылдың көмегімен ғана қалыптаса алады, ол сезімдік тәжірибеге бағынышты емес.

Біріншіден, шын мәнінде бәріне күмәндану ғана бар, ал күмән – ой, ақылдың іс - әрекеті. Екіншіден, ақылға түсінікті ақиқаттар ғана бар. Мысалы «Бүгін оның бөлшегінен әруақытта үлкен».

Ерекше бағыт ретінде иррационализмді бөліп көрсетуге болады. Оның өкілдері (Ницше, Шопенгауэр) әлем шым – шытырық, оның біртұтас қисыны жоқ, оны ақылмен ешқашан тануға болмайды деп есептейді.

Гностицизмнің өкілдері әлемді тануға болады, таным мүмкіндіктері шексіз деген ойды жақтайды. Бұған қарама – қарсы пікірді агностиктер білдіреді. Олардың ойынша, әлемді толық тануға болмайды, танымның мүмкіндіктері шектеулі. Агностицизмнің көрнекті өкілі - Иммануил Кант.

Қазіргі уақытта, философтардың мыңдаған жылдарды қамтитын тәжірибесіне қарамастан, философияның негізгі сұрағы әлі де өзінің шешімін тапқан жоқ. Тіпті соңғы кезде өзінің маңыздылығын жоғалта бастады десек те болады.

Ясперс, Хайдеггер, Камю, тағы да басқа философтар болашақта философияның негізгі сұрағы ретінде экзистенциалдық мәселелерді қарастыруға болады деген болжам ұсынды. Мұның негізі бар.

Жаһандану дәуірінің адамы үшін әлемді игеру, өмір сүрудің мәні мен мағынасы, рухани әлемді игеру, таңдау еркіндігі, қоғам мен тұлға қарым – қатынасы мәселері маңызды екені даусыз нәрсе.


4. Пәннің методикалық жағынан қамтамасыз етілуі.

4.1. Оқулықтар, оқу құралдары, анықтамалар

Негізгі оқулықтар:


  1. Құдайбердiұлы Ш.

Үш анық. / Құдайбердiұлы Ш. - Алматы : Қазақстан "Ғақлия" ғылыми-әдеби орталығы, 1991. - 80 с. - (Қаз ССР Ғылым акад.,М.О.Әуезов атын.Әдебиет және өнер ин-ты)


  1. Қазақ халқының философиялық мұрасы : жиырма томдық / Ғылыми ред. Ә.Нысанбаев. - Астана : Аударма. - 2006

16-ші том : Фарабитану. - 440 с. - ("Мәдени мұра")

  1. Қазақ халқының философиялық мұрасы : Жиырма томдық. - Астана : Аударма. - 2005

2-ші том : Әл-Фараби философиясы. - 480 с. - ("Мәдени мұра")

  1. Қазақ халқының философиялық мұрасы : жиырма томдық. - Астана : Аударма. - 2005

3-ші том : Әл-Фараби философиясы. - 496 с. - ("Мәдени мұра")

  1. Қазақ халқының философиялық мұрасы : жиырма томдық. - Астана : Аударма. - 2005

4-ші том : Ислам философиясы. - 534 с

  1. Қазақ халқының философиялық мұрасы : жиырма томдық. - Астана : Аударма. - 2005

5-ші том : Орта ғасырдағы түркі ойшылдары. - 528 с. - ("Мәдени мұра")

  1. Әл-Фараби

Әлеуметтiк-этикалық трактаттары / Әл-Фараби. - Алматы : Ғылым, 1975. - 419 с. - (Каз.ССР Ғылым Академиясы.Философия және право институты)

  1. Әл-Фараби

Философиялық трактаттар / Әл-Фараби- Алматы : Ғылым, 1973. - 446 с

  1. Әлемдік философиялық мұра : Жиырма томдық. - Алматы : Жазушы. - 2005

1-ші том. : Ежелгі шығыс философиясы. - 560 с. - («Мәдени мұра»)

  1. Әлемдік философиялық мұра : жиырма томдық. - Алматы : Жазушы. - 2006

11-ші том : Өмір сұру философиясы. - 512 с

  1. Әлемдік философиялық мұра : жиырма томдық. - Алматы : Жазушы. - 2006

12-ші том : Орыс философиясы. - 568 с

  1. Әлемдік философиялық мұра : жиырма томдық. - Алматы : Жазушы. - 2006

13-ші том : Классикалық емес батыс философиясы. - 528 с
  1. Әлемдік философиялық мұра : жиырма томдық. - Алматы : Жазушы. - 2005


2-ші том : Антикалық философия. - 568 с. - («Мәдени мұра»)

  1. Әлемдік философиялық мұра : жиырма томдық. - Алматы : Жазушы. - 2005

3-ші том : Аристотель философиясы. - 568 с. - («Мәдени мұра»)

  1. Әлемдік философиялық мұра : жиырма томдық. - Алматы : Жазушы. - 2005

4-ші : Әл-Фараби мен Ибн-Сина философиясы. - 568 с. - («Мәдени мұра»)

  1. Әлемдік философиялық мұра : жиырма томдық. - Алматы : Жазушы. - 2005

5-ші том : Ортағасырлық діни философия. - 560 с. - («Мәдени мұра»)

  1. Әлемдік философиялық мұра : жиырма томдық. - Алматы : Жазушы. - 2006

9-ші том : Өмір философиясы. - 464 с

  1. Әлемдік философиялық мұра : жиырма томдық. - Алматы : Жазушы. - 2006

Т.10 : Ғылым мен техниканың батыстық философиясы. - 560 с. - («Мәдени мұра»)

  1. Әлемдік философиялық мұра : жиырма томдық. - Алматы : Жазушы

Т.14 : Ашық қоғам философиясы. - 528 с. - («Мәдени мұра»)

  1. Әлемдік философиялық мұра : жиырма томдық. - Алматы : Жазушы. - 2007

Т.15 : Постмодерн философиясы. - 464 с. - («Мәдени мұра»)

  1. Әлемдік философиялық мұра : жиырма томдық. - Алматы : Жазушы. - 2006

Т.6 : Жаңа дәуір философиясы. - 512 с. - («Мәдени мұра»)

  1. Әлемдік философиялық мұра : жиырма томдық. - Алматы : Жазушы. - 2006

Т.7 : Жаңа дәуірдегі француз философиясы. - 560 с. - («Мәдени мұра»)

  1. Әлемдік философиялық мұра : жиырма томдық. - Алматы : Жазушы. - 2006

Т.8 : Кант және Гегель философиясы. - 520 с. - («Мәдени мұра»)


Қосымша әдебиеттер:

  1. Ғабитов Т.

Философия [Электронный ресурс] / Т. Ғабитов. - Электрон. текстовые дан. ( 10,2 мб). - [б. м.] : [б. и.], 2003 эл. опт. диск (CD-ROM). (Шифр -572647)


  1. Абдрасилова Г.З.

Ежелгі дүние философиясы [Электронный ресурс] : оқу-әдістемелік құрал / Г. З. Абдрасилова ; ОҚМУ. - Электрон. текстовые дан. (1,38 Мб). - Шымкент : ОҚМУ, 2007

  1. Абдрасилова Г.З.

Философия [Электронный ресурс] : оқу-әдістемелік құрал / Г. З. Абдрасилова ; ОҚМУ. - Электрон. текстовые дан. (1,32 Мб). - Шымкент : ОҚМУ, 2007

  1. Еркінбекова А.С.

Іскер қарым-қатынас этикасы пәнінен әдістемелік [Электронный ресурс] : оқу құралы / А. С. Еркінбекова, Ж. Нұржанбаева ; ОҚМУ. - Электрон. текстовые дан. (256 Кб). - Шымкент : ОҚМУ, 2007

  1. Мақаш У.О.

Қысқаша орысша-қазақша философиялық терминологиялық сөздік [Электронный ресурс] / У.О. Мақаш ; У. О. Макаш. - Электрон. текстовые дан. (1,42 Мб). - [б. м.] : Карагандинский государственный университет им. Е.А. Букетова, 2006 эл. опт. диск (CD-ROM)

  1. Құралұлы А.

Философия, педагогика және психологияға байланысты терминдер мен сөз тiркестерiнiң түсiндiрме сөздiгi [Мәтiн] / Құралұлы, А. - Шымкент, 2004. - 32

  1. Қазақ даласының ойшылдары (ХIII-ХV ғғ.): Монография. - Алматы. - 2001

2-шi кiтап. - 196

  1. Қазақ даласының ойшылдары (ХVI-ХVIII ғғ.): Монография. - Алматы. - 2001

3-шi кiтап. - 199

  1. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік: 5000-нан астам термин. - Алматы : Рауан. - 2000

23-шi том: Философия және саясаттану. - 288 - (қаз.,орысша тiл)

Перевод заглавия: Казахско-русский, русско-казахский терминологический словарь

  1. Қараұлов И.

Сырласу: Жастарға арналған докум.әңгiмелер / Қарақұлов И. - Алматы : Жалын, 1989. - 256

  1. Әбішев Қ.

Философия тарихындағы таным теориясы және метод проблемасы / Әбішев Қ., Әбжанов Т. - Алматы: Ғылым, 1990. - 119


  1. Әдептен озбайық : Мақалалар. - Алматы : Қазақстан, 1984. - 184

  2. "Әуезов оқулары-5": "Қазақстанда гуманитарлық ілімдердің дамуы: ізденістер, даму перспективалары мен бағыттары" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның еңбектері (29-30 қараша 2006 ж.) Труды международной научно-практической конференции "Ауезовские чтения - 5": "Казахстан в гуманитарном измерении: тенденции, поиск, перспективы развития" (29-30 ноября 2006 г.) / М. Әуезов атындағы ОҚМУ. - Шымкент : ОҚМУ. - 2006

Т.4: Сек.: Қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар. Философия, саясаттану, құқықтану және халықаралық қатынастар, экономика. - 223 - (Қаз., орыс тiл.)

  1. Абақан Е.М.

Тiлдiң мәдени философиясы : Монография / Абақан Е.М. - Алматы, 2000

  1. Абайдың дүниетанымы мен философиясы. - Алматы: Ғылым, 1995. - 184 - (ҚР Ұлттық ғылым акад.Философия ин-ты)

  2. Атшабарова Г.

Қисын (Логика): Көмекшi оқу құралы / Атшабарова Г., Л.Елизова, Д.Өмiрқұлова. - Алматы: Қазақ университетi, 1992. - 55

  1. Батыс философиясының антологиясы. - Алматы: Фонд Сорос-Казахстан, 2002. - 464

  2. Бейсенов Қ.

Қазақ билерiнiң ойханасы: монография / Қ. Бейсенов. - Шымкент: "Нұрлы Бейне", 2002. - 278

  1. Берiк болсын босаға:

Деректi әңгiмелер, очерктер, мақалалар. - Алматы: Жалын, 1988. - 248

  1. Данышпанов Б.

Салауаттылық - өмiр салты / Данышпанов Б. - Алматы: Қазақстан, 1988. - 48

  1. Ежелгі көшпелілер дүниетанымы: Жиырма томдық. - Астана: Аударма. - 2005

1-ші том. - 494 - (Қазақ халқының философиялық мұрасы)



<< предыдущая страница   следующая страница >>