https://electroinfo.net

girniy.ru 1



күші жойылды-ҚҚА № 128 30.04.07ж.


ҚРӘМ № 2740 17.03.2004ж.тіркелді


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ РЫНОГЫН

ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫ РЕТТЕУ МЕН

ҚАДАҒАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІГІ


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ


Алматы қаласы

2004 жылғы 9 ақпан

№ 25




Облигациялармен екінші деңгейдегі банктер мәмілелерді жүзеге асыра алатын халықаралық қаржы ұйымдарының

және шетел эмитеттеріне арналған ең

төменгі рейтингтің

тізбесін белгілеу туралы




өзгерістер мен толық:

1.ҚҚА № 45 25.02.2006ж.


“Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 8- бабының 5 - тармағындағы е-1)-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Екінші деңгейдегі банктердің мәмілелерді мынадай халықаралық қаржылық ұйымдардың облигацияларымен жүзеге асыруы мүмкін екендігі белгіленсін:

1) Халықаралық қайта құру және даму банкі (the International Bank for Reconstruction and Devolopment);

2) Халықаралық қаржы корпорациясы (the International Finance Corporation);

  1. Азия даму банкі (Asian Devolopment Bank);

  2. Африка даму банкі (the African Devolopment Bank);

5) Еуропа қайта құру және даму банкі (the European Bank for Reconstruction and Devolopment);


6) Америкааралық даму банкі (the Inter-American Devolopment Bank);

7) Еуропа инвестициялық банкі (the European Investment Bank);


  1. Ислам даму банкі (the Islamic Devolopment Bank);

  2. Скандинавия инвестициялық банкі ((the Nordic Investment Bank);

10) Еуропа кеңесінің даму банкі (the Council of Europe Devolopment Bank).

1-1. Екінші деңгейдегі банктердің («Standard & Poor's» немесе «Fitch» рейтинг агенттіктерінің топтастыруы бойынша) «А-»-дан төмен емес немесе («Moody's Investors Service» рейтинг агенттігінің топтастыруы бойынша) «А3»-тен төмен емес шетел эмитенттерінің облигацияларымен мәмілелерді жүзеге асыра алатындығы белгіленсін.

Екінші деңгейдегі банктер облигацияларымен мәмілелерді осы тармақта айқындалған деңгейден төмен жүзеге асыра алатын шетел эмитенттерінің рейтингі төмендеген кезде екінші деңгейдегі банктер көрсетілген төмендеу орын алған айдан кейін келетін үш күнтізбелік айдың ішінде өз қызметін осы тармақтың талаптарына сәйкес келтіреді.

2. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):

1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;

2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, екінші деңгейдегі банктерге, «Қазақстан қаржыгерлерінің ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігіне, бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылардың өзін-өзі реттеуші ұйымдарына, сауда-саттықты ұйымдастырушыға жіберсін.

3. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің қызметін қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулының Қазақстан Республикасының бұқаралық баспасөз басылымдарында жариялау шараларын қолға алсын.


4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.


5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Төрағасы Б. Жәмішев