https://electroinfo.net

girniy.ru 1 2 ... 6 7
Құқық негіздері





Конституциялық құқық құқықтың бір саласы ретінде :

A) демократиялық қоғамның құрылысын реттейтін конституциялық-құқықтық нормалардың жүйесі;

B) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының негізін бекітіп, реттеп отыратын конституциялық-құқықтық нормалардың жүйесі;

C) тұлғаның құқықтық жағдайын реттеуге арналған конституциялық-құқықтық нормалардың жүйесі;

D) құқықтық мемлекеттің қалыптасуы мен қызметін бекітіп, реттеп отыратын конституциялық-құқықтық нормалардың жүйесі;

E) конституциялық құрылыстың негізін, тұлғаның құқықтық статусын, қоғам мен құқықтық мемлекеттің құрылысын бекітетін және реттейтін конституциялық-құқықтық нормалардың жүйесі.




Конституциялық құқықты қандай белгілеріне орай өзге құқық салаларынан ажыратуға болады?

A) құқықтық реттеу әдісі мен пәніне орай;

B) реттелуге жататын қатынастардың маңыздылық деңгейіне орай;

C) құқықтың ішкі құрылысына орай;

D) атауына орай;

E) қағидалары мен қайнар көздеріне орай.




Қандай нормативтік актілер Конституциялық құқықтың қайнар көздері болып табылады?

A) құқықтық нормаларды қолдану актілері;

B) құқықтық нормаларды сақтау актілері;

C) конституциялық-құқықтық нормалардан тұратын актілер;

D) құқықтық нормаларды орындау актілері;

E) соттардың шешімдері мен үкімдері.




Қандай қайнар көздер конституциялық құқықтың құрамына енгізілген?

A) материалдық қайнар көздер;

B) заңдық қайнар көздер;

C) ілімдік қайнар көздер;

D) материалдық және заңдық қайнар көздер;

E) материалдық, заңдық және ғылыми қайнар көздер.



Конституциялық құқық жүйесі қандай элементтерден тұрады?


A) Конституциялық құқықтың нормаларынан;

B) Конституциялық құқықтың қайнар көздерінен;

C) конституциялық құқықтың институттары мен қағидаларынан;

D) конституциялық құқықтың қағидаларынан;

E) конституциялық құқық нормаларынан, институттары мен қағидаларынан;





Конституциялық құқық ғылымының ең негізгі қайнар көзін көрсетіңіз:

A) Конституциялық доктриналар;

B) сот прецеденттері;

C) Конституция;

D) Құқық философиясы;

E) Конституциялық құқықтық нормалардың тәжірбиеде жүзеге асырылуы;




Конституциялық құқықтық нормалар дегеніміз:

A) конституциялық құқықтық қатнастарды реттеу үшін мемлекет тарапынан бекітілетін жалпыға міндетті мінез-құлық ережелері;

B) біртектес конституциялық құқықтық қатнастарды реттейтін мемлекеттік құқықтық нормалар жүйесі;

C) Экономикалық қатнастарды реттейтін ережелер;

D) құқық саласының негізін құрайтын бастаулар;

E) Конституциялық құқықтық институттар;




Конституциялық құқықтың қағидалары дегеніміз:

A) Құқықтық нормалардың жүйесі;

B) Конституциялық құқықтық қатнастар жүйесі;

C) Конституциялық құқық саласына бағыт беретін негізгі идеялар;

D) Конституция негізінде пайда болатын қоғамдық қатнастар;

E) Конституциялық құқықтық әдістер;




Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері қайдан бастау алады?

A) Қазақстан Республикасы Конституциясынан;

B) Қазақстан Республикасының бұрын қолданыста болған барлық конституцияларынан;

C) Халықаралық шарттардан;

D) Конституциялық заңдардан;

E) Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар жарлықтарынан;





«Ратификация» ұғымы нені білдіреді?

A) халықаралық шарттардың Парламентпен бекітілуін;

B) Үкіметке сенімсіздік жариялауды;

C) Президентке сенімсіздік жариялауды;

D) алдыңғы қабылданған халықаралық шарттың күшін тоқтатуды;

E) заң жобасын қарастыруды.




Конституциялық құқықтың жүйесі дегеніміз -

A) конституциялық құқық нормаларының жиынтығы

B) құқықтық әдет-ғұрыптар жиынтығы

C) соттық прецеденттер жиынтығы

D) қағидалар жиынтығы

E) нормалардың, қағидалар мен институттардың жиынтығы




Қызмет ету мерзіміне қатысты Конституциялық құқық нормалары қалай бөлінеді?

A) тұрақты және уақытша нормалар

B) міндеттеуші және рұхсат беруші нормалар

C) процессуалды және материалды нормалар

D) құқық беруші және құқық қорғаушы нормалар

E) тиым салушы және міндеттеуші нормалар




Мазмұндық сипатына орай Конституциялық құқық нормалары қалай бөлінеді?

A) тұрақты және уақытша нормалар

B) міндеттеуші және рұхсат беруші нормалар

C) процессуалды және материалды нормалар

D) құқық беруші және құқық қорғаушы нормалар

E) тиым салушы және міндеттеуші нормалар




Конституциялық-құқықтық институт дегеніміз -

A) конституциялық құқықтық ережердің жиынтығы

B) конституциялық құқықтық міндеттердің жиынтығы

C) конституциялық құқықтық қатынастарды реттеуде қолданылатын негізгі ережелер мен идеялар

D) конституциялық құқық нормалары негізінде пайда болған қоғамдық қатынастар

E) біртектес қатынастарды реттеуге арналған конституциялық құқықтық нормалардың жиынтығы





Қандай актілер Конституциялық құқықтың қайнар көздері болып табылады?

A) Конституция мен заңдар

B) Конституция мен әдет-ғұрыптар

C) Конституция мен ғалымдардың еңбектері

D) бұйрықтар мен өкімдер

E) екіжақты келісім құжаттары




Төменде аталған қайнар көздердің қайсысын Президент шығарады?

A) қаулылар мен қорытындылар

B) заңдар мен қаулылар

C) шешімдер мен жолдаулар

D) бұйрықтар мен өкімдер

E) жарлықтар




Төменде аталғандардың қайсысы конституциялық құқықтың субъектісі болып табылмайды?

A) Парламент депутаттары

B) Мәслихат депутаттары

C) борышқор

D) шетел азаматтары

E) азаматтығы жоқ адамдар




«ҚазССР мемлекетінің егемендігі туралы» декларация қашан қабылданды?

A) 1990 жылғы 10 желтоқсанда

B) 1990 жылғы 16 желтоқсанда

C) 1991 жылғы 25 қазанда

D) 1991 жылғы 1 желтоқсанда

E) 1991 жылғы 8 желтоқсанда




«ҚазССР мемлекетінің егемендігі туралы» декларацияны қандай орган қабылдады?

A) ҚазССР Жоғарғы кеңесінің Президиумы

B) ҚазССР Жоғарғы кеңесі

C) ҚазССР Президенті

D) ҚазССР Үкіметі

E) референдум арқылы халық




Қай кезде халықаралық шарттардың нормалары ұлттық заңдарға қарағанда үстемдік танытады?

A) барлық кезде

B) ешбір кезде

C) Республика Парламентімен бекітілсе

D) БҰҰ нұсқаулығы болса

E) Үкіметтің ұйғарымына орай кейбір кездерде


Конституциялық құқықтың қандай қайнар көзінде келесідей мәтін көрініс тапқан: «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып,... »

A) «ҚазССР мемлекетінің егемендігі туралы» декларациясында

B) «ҚР мемлекеттік егемендігі туралы» Консттуциялық заңда

C) 1993 жылғы Конституцияда

D) 1995 жылғы Конституцияда

E) мұндай мәтін ешбір жерде көрініс таппаған





Конституциялық заңдар қанша дауыспен қабылданады?

A) жай көпшілік дауыспен

B) 2/3 дауыспен

C) 3/4 дауыспен

D) 3/5 дауыспен

E) 3/6 дауыспен




Қай жылы Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді?

A) 1995 жылы

B) 1996 жылы

C) 1997 жылы

D) 1998 жылы

E) 1999 жылы




Қазақстан Республикасының Конституциясы қанша бөлімдер мен баптардан тұрады?

A) 5 бөлім және 89 баптан

B) 7 бөлім және 98 баптан

C) 9 бөлім және 98 баптан

D) 11бөлім және 99 баптан

E) 12 бөлім және 100 баптан




Өзгерістер мен толықтырулар енгізу жолына қарай бүгінгі күні Конституциялар қанша түрге бөлінген?

A) екі түрге: жұмсақ және қатты

B) екі түрге: ашық және жабық

C) екі түрге: ауызша және жазбаша

D) екі түрге: міндеттеуші және тиым салушы

E) екі түрге: нақты және нақты емес




ҚР Конституциясы құрылымы жөнінен -

A) 2 преамбуладан және 7 бөлімнен тұрады

B) преамбуладан және өтпелі ережелерден

C) преамбуладан, бөлімдерден, қорытынды және өтпелі ережелерден


D) преамбуладан, тармақтар мен тармақшалардан, қорытынды және өтпелі ережелерден

E) преамбуладан және 15 тараудан тұрады





Қазақстан Республикасының негізгі әкімшілік-аумақтық бірліктері болып -

A) облыстар танылады

B) штаттар танылады

C) губерниялар танылады

D) жерлер танылады

E) провинциялар танылады




Қазақстан Республикасы аумақтық құрылысына орай қандай мемлекет болып табылады?-

A) федеративті мемлекет

B) конфедеративті мемлекет

C) біртұтас мемлекет

D) одақтық мемлекет

E) достық мемлекет




Төмендегі құқықтардың қайсысы азаматтардың өзіндік жеке құқығы болып табылады:

A) өмір сүру құқығы

B) шеруге шығу құқығы

C) сайлану құқығы

D) сайлау құқығы

E) меншікке деген құқық




Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ұйымдастырылуы мен қызметін кім анықтайды?

A) әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдері

B) Маслихаттар

C) Парламент Мәжілісі

D) Парламент Сенаты

E) заңдармен көзделген шекте азаматтардың өздері анықтайды




Жиналыстар, митингілер, шерулер өткізу үшін сондай-ақ тосқауылдарға тұру үшін қанша мерзім бұрын жергілікті атқару органдарға арыз берілуі тиіс?

A) өткізілетін күннен бір ай бұрын

B) 15 күн бұрын

C) 10 күн бұрын

D) 7 күн бұрын

E) 5 күн бұрын




Жергілікті өзін-өзі басқару органдары:

A) облыс әкімдерімен құрылады

B) Премьер-министрмен құрылады

C) Маслихатпен құрылады


D) ауылдық және қалалық жергілікті қауымдастықтармен сайланады

E) Мәжіліспен құрылады





Жергілікті өзін-өзі басқару органдары өз құзіреті шегінде қызмет ету барысында кімге бағынады?

A) толықтай Маслихатқа бағынышты

B) толықтай әкімдерге бағынышты

C) ешкімге бағынышты емес

D) Президентке бағынышты

E) Парламентке бағынышты




Шеруге шығу кезінде шеруге қатысушылар қандай іс-әрекетерді жасай алмайды?

A) өлеңдер оқу

B) үнсіз қарсылық білдіру

C) плакаттар көтеру

D) дауыстар жинау

E) транспорт құралдарының қозғалысына кедерге келтіру




Қандай жерлерде жиналыстар, митингілер, шерулер мен тосқауылдар өткізуге тиым салынады?

A) алаңдарда

B) теміржол транспорт құралдарында

C) көшелерде

D) саябақтарда

E) үйлердің ауласында




Конституциялық құқықтың субъектісін көрсетіңізші?

A) нотариустар;

B) несие берушілер;

C) депутаттар;

D) сотталушылар;

E) заңды тұлғалар.




Кім Конституция мызғымастығының кепілі болып табылады?

A) президент;

B) конституциялық кеңес;

C) депутаттар;

D) БҰҰ;

E) парламент.




Қазақстан Республикасы Конституциясында қандай бөлім жоқ?

A) президент;

B) конституциялық кеңес;

C) парламент;

D) конституциялық сот;

E) адам және азамат.




Атқарушы биліктің иесін көрсетіңіз:

A) президент;


B) конституциялық кеңес;

C) парламент;

D) конституциялық сот;

E) жоғарғы сот.





Конституцияның қызметтері:

A) құрылтайшылық, халықаралық қызмет

B) идеологиялық, саяси, басқарушылық қызмет

C) ұйымдастырушылық, құрылтайшылық, құқықтық қызмет

D) бекіту және реттеушілік қызмет

E) идеологиялық, құқықтық, саяси қызмет




Қандай қағидалар Конституцияның саяси қағидаларына жатады?

A) демократиялық орталықтандыру, жалғыз партиялық қағидалары

B) халық депутаттар кеңесінің жалпылық билігін бекіту қағидасы

C) көппартиялық, заңдылық, жариялылық, халықтық билік қағидалары

D) жалғыз партиялық, халық депутаттар кеңесінің жалпылық билігін бекіту қағидалары

E) президенттік басқарудың мәртебелілігі қағидасы




Мемлекеттің және қоғамдық органдардың өзге құқықтық актілеріне қарағанда жоғары заңи күшке ие нормативтік акт қалай аталады?

A) заң

B) адам мен азамат құқықтары жөніндегі декларация

C) қылмыстық кодекс

D) Конституция

E) Конституциялық заңдар




Қазақстан Республикасының Конституциясы қашан күшіне енді?

A) 09.09.1995 жылы

B) 08.09.1995 жылы

C) 07.09.1995 жылы

D) 06.09.1995 жылы

E) 05.09.1995 жылы




Қазақстан Республикасының бірінші Конституциясы қашан қабылданды?

A) 28.01.1993 жылы

B) 29.01.1993 жылы

C) 30.01.1993 жылы

D) 31.01.1993 жылы

E) 26.01.1993 жылы



Мемлекеттің егемендігі жөніндегі Декларация туралы» ҚазССР Жоғарғы кеңесінің қаулысы қашан қабылданды?

A) 25.10.1990 жылы

B) 16.12.1991 жылы

C) 28.01.1993 жылы


следующая страница >>