https://electroinfo.net

girniy.ru 1






Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген




Кеден одағы шеңберінде салық салынатын импорт мөлшерін түзету

қағидасы


1. Кеден одағы шеңберінде салық салынатын импорт мөлшерін түзету қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Кеден одағына мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар әкелу кезінде салық салынатын импорт мөлшерін түзету тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидада қолданылатын негізгі ұғымдар:

1) декларация - импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация;

2) өтініш - тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш;

3) міндеттеме - қайта өңдеу өнімдерін әкету туралы міндеттеме, уақытша әкелінген тауарларды, көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағынан кейіннен әкету туралы міндеттеме, уақытша әкелінген тауарлар, оның ішінде көлік құралдары туралы мәліметтер, тауарлардың импорты бойынша есепке алу әдісімен төленуге жататын қосылған құн салығы сомасын қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсету және оларды нысаналы пайдалану туралы міндеттеме, көрме-жәрмеңкелік сауда өткізу туралы хабарлама, көрме-жәрмеңкелік сауда өткізу туралы хабарлама бойынша есеп;

4) бірдей (ұқсас) тауарлар - өздеріне тән бірдей негізгі белгілері бар тауарлар: физикалық сипаттамалары, сапасы және нарықтағы репутациясы, щығарылған елі және өндірушісі;

5) біртекті тауарлар - бірдей (ұқсас) болмаса да жақын сипаттамалары бар және ұқсас құрамдастардан тұратын тауарлар, бұл оларға бір ғана функцияларды атқаруға және оларды өзара алмастыруға мүмкіндік береді;

6) № 7 хабарлама - Салық кодексінің 607-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық қызметі органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама.

3. Салық кодексінің 276-20-бабында көзделген Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген (әкетілген) тауарлардың құнын растайтын құжаттар, сондай-ақ осы Қағиданың 5-тармағында көзделген құжаттар табыс етілмеген жағдайда салық қызметі органдары Кеден одағы шеңберінде салық салынатын импорт мөлшерін түзетуге құқылы.

4. осы Қағиданың 5-тармағында көзделген құжаттар табыс етілген жағдайды қоспағанда, осы Қағиданың 3-тармағында көзделген жағдайда Кеден одағына мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттайтын салық төлеуші салық салынатын импортты түзетуге құқылы.

Салық төлеуші түзету мақсатында ақпарат көзі ретінде осы Қағиданың 5-тармағы 2) тармақшасында көзделген мәліметтерді пайдаланған кезде салық төлеушінің жазбаша сұрау салуы бойынша салық органы он жұмыс күні ішінде түзетілетін тауарлар бойынша бағалық ақпараттар тізбесін көрсете отырып, осындай ақпараттың бар екені туралы жазбаша растау беруге міндетті.

Бұл ретте:

1) салық тексеруін жүргізуге нұсқамада көрсетілген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша кешенді және тақырыптық тексерулер кезеңінде - тексерілетін салық кезеңінің;

2) салық төлеушінің (салық агентінің) шағымында көрсетілген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша қалпына келтірілген шағым беру мерзімі ескеріле отырып, салық тексеруінің нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған салық қызметі органының шешіміне шағымды беру және қарау мерзімінде - шағымдалатын салық кезеңінің тиісті салық есептілігіндегі салық салынатын импорт мөлшерін түзетуге жол берілмейді.


5. Кеден одағы шеңберінде салық салынатын импорт мөлшерін түзету кезіндегі ақпарат көздері алдыңғы мәліметтер болмаған жағдайда мынадай кезектілікпен пайдаланылатын төменде аталған мәліметтер болып табылады:

1) Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсiп палаталары туралы заңнамасына сәйкес аумақтық сауда-өнеркәсiп палаталары беретін тауарларға сараптама актісі не Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы беретін тауарлар бағасының есебі;

2) бұрын, бірақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелгенге дейін тоқсан күннен ерте емес алынған Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар бойынша салық есептілігін талдау жолымен алынған салық қызметі органдарында бар бірдей (ұқсас) тауарлардың (ал олар болмаған жағдайда - біртекті тауарлар) бағалары туралы мәліметтер

3) Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында көзделген ресми танылған нарықтық бағалар туралы ақпарат көздері;

6. Егер осы Қағиданың 5-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген ақпарат қолданылған кезде бірдей (ұқсас) тауарлар, ал олар болмаған жағдайда - біртекті тауарлар бойынша мәміленің екі бағасы анықталса, салық салынатын импорт мөлшерін айқындау үшін олардың ең төменгі бағасы қолданылады.

7. Осы Қағиданың 5-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген ақпарат болмаған жағдайда Кеден одағы шеңберінде салық салынатын импорт мөлшерін түзету кезіндегі ақпарат көздері ретінде бір күнтізбелік жылдан аспайтын Қазақстан Республикасының аумағына осындай тауарлар әкелінгенге дейін алдыңғы күнтізбелік тоқсандар ішінде қалыптасқан бірдей (ұқсас) немесе біртекті тауарларға ақпараттар пайдаланылады.

8. Салық салынатын импорт мөлшерін түзетуді салық қызметі органы, егер мұндай түзету қосылған құн салығын ұлғайтуға әкеп соқтыратын болса немесе алдағы уақытта әкеп соқтыруы мүмкін болса, салық төлеуші жүргізеді.

9. Өтініш пен декларацияны қарайтын салық қызметі органы салық салынатын импорт мөлшерін түзетуді салық заңнамасына сәйкес салық органдарына салық есептілігі табыс етілген күннен бастап жүзеге асырады.

10. Өтінішті және декларацияны, салық салынатын импорт мөлшерін түзету бөлігінде ұсынылған құжаттарға толықтырулар мен түзетулер енгізуге құқығы жоқ.

11. Салық қызметі органдары салық салынатын импорт мөлшеріне түзету жүргізген жағдайда салық төлеушіге № 7 хабарламаны жібереді.

Бұл ретте кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтарынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар импорты кезінде салық міндеттемесінің орындалуы бойынша салықтық бақылауды және салықтық әкімшілендірудің өзге де нысандарын салық қызметі органдары Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.


Кеден одағы шеңберінде салық салынатын импорт мөлшерін түзету қағидасын бекіту туралы


«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-8-бабы 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Кеден одағы шеңберінде салық салынатын импорт мөлшерін түзету қағидасы бекітілсін.

2. «Кеден одағы шеңберінде салық салынатын импорт мөлшерін түзету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республкасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 қарашадығы № 1249 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 


Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі


 

К. Мәсімов




«Кеден одағы шеңберінде салық салынатын импорт мөлшерін түзету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына


ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА



р/с

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты



Жобаны әзірлеуші – мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі



Жобаны қабылдау қажеттілігінің негіздемесі

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-8-бабы 7-тармағына сәйкес



Жоба қабылданған жағдайда болжамды әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Жоқ



Жобаны іске асырумен байланысты болжамды қаржылық шығындар

талап етілмейдi


Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі және тиімділігінің болжамы


Кеден одағы шеңберінде салық салынатын импорт мөлшерін түзету тәртібін белгілеу мақсатында



Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған кесімдері және олардың іске асырылу туралы мәліметтер

«Кеден одағы шеңберінде салық салынатын импорт мөлшерін түзету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республкасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 қарашадығы № 1249 қаулысы



Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Жоқ




Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

Қосымша сараптама жүргізілген жоқ



Өзге де мәліметтер

Жоқ



«Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына материалдар (үзінді-көшірмелер) беру

Рұқсат етіледі



Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі Б. Жәмішев


2012 жылғы «____»___________