https://electroinfo.net

girniy.ru 1
Ф КГМУ 4/3-04/01

ИП №6 УМС при КазГМА


от 14 июня 2007 г.

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Физиология кафедрасы




Д Ә Р І С


Тақырып: «Жылу реттелуі. Физикалық және химиялық механизмдері»


«Физиология» пәні

051101 «Мейірбике ісі» мамандығы

1 курс

Уақыты 1 сағат


Қарағанды 2010 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

№7 хаттама 14.01.2010 ж.


Кафедра меңгерушісі, профессор Ф.А. Миндубаева



  • Дәрістің тақырыбы : Жылу реттелуі. Физикалық және химиялық механизмдері.




  • Дәрістің мақсаты : Гомеостазисқа және ферменттік құбылыстардың оптимальдік жылдамдықты сақтауға бағытталған организмнің температура тұрақтылығын сақтайтын функциялық жүйе басты жүйелерінің бірі болып табылатынын көрсету.



Дәрістің жоспары :

  1. Жылу алмасу.

  2. Жылу өндіру. Зат алмасу жылу өндірудің көзі ретінде. Жылу өндірудегі жеке ағзалардың ролі, осы құбылысынң реттелу.

  3. Жылу шығару. Жылу шығарудың тәсілдері және олардың реттелу.

  4. Адам денесінің температурасы және оның тәуліктік өзгерістері.

  5. Ағзаның ішкі ортасы температурасының тұрақтылығын қамтамасыз ететін қызметтік жүйе

  6. Организмнің шынықтыру.


Адам мен жануарлар денесінің түрақты температурасы (изотермия), яғни ішкі ортаның түрақтылығы (гомеостазистің) көрнекі көрсеткіштерінің бірі. Тіршілік бабында адам ауа райы қаншама қүбылмалы болса дене температурасын трақты денгейд үстайды. Ол 70—80° аязға да, 50—60° ыстықка да бейімделе алады. Дене температурасының мүндай түрақтылығы, жылу пайда болуы, оның сыртқа шығуы сияқты процестерге бір қатар ағзалар мен жүйелер жүйесі қатысады. Олардың бір-бірімен байланысы өте нәзік, үйлесімді, сондықтан да температурасы біркалыпты сақталады, яғни денедегі жылу реттеледі (терморегуляция). Бүл арнайы функциялық жүйе арқылы іске асырылады.


Дене температурасыньщ реттелуіне қарай гомойотермді (жылықанды) және пойкилотермді жануарлар болып 2 топқа бөлінеді. Бірінші топка жататын жануарлардың температурасы түракты: олардың орталық жүйке жүйесі жақсы дамыған, осыған орай, жылу реттеу механизмдері де өте жоғары дәрежеде. Ең жоғары сатыдары гомойотермді организм — адам. Екінші топтагы, яғни пойкилотермді (салқын қанды) жануарда дене темдературасы құбылмалы сырттағы температураға тәуелді. Мәселен, қыс пен жаз аралығында олардың температурасы 10°-тен 40—50-қа дейін өзгереді. Олардың, әсіресе микроорганизмдердің тіршілік шегі өте кең. Мәселен, микроорганизмдер Камчаткадан да, яғни мүз-ды аймақтан да (0°-тан 50° аязға дейін) табылған. Микробтар тіпті температурасы 170° ыстық бүлақ — гейзерлерде де кездеседі. Өзбекстан галымдары мотеориттен де тірі микроорганизмдер тапқан. Қосмоста темнература өте салқын абсолюттік О-ге жакын, ал метеорит атмосфераға кірген сәтте өте ыстық (металдар балқиды).

X. С. Қоштоянц деректеріне қарағанда, табиғатта абсолютті пойкилотермді жануар жоқ: кез келген пойкилотермді жануардың дене температурасы сырттағы температурадан 1—2 градус жоғары. Бүл денедегі зат алмасуына байланысты. Жылы және салқын қанды жануарлар аралығындағы жарқанаттар күндіз дем алғанда поикилотермді, ал түнде үшып жүргенде гомойо-термді болады. Бірқатар гомойотермді жануарлар кейбір жағдайларда пойкилотермді жануарларға айналады. Мәселен, ау-ыздық кигізіп, тілі салақтамайтын халге келтірген иттіц температурасы жылу камерасында ысып, тез көтеріле бастайды. Онтогенезде жылу реттслу механизмі біртіндеп дамиды: ол орталық жүйке жүйесінің дамуына байланысты. Жақа туган пәресте — гомойотермді: оның денесі тез қызып, тез суиды. Дегенмен, гомойотермді. организмдердің температурасы күні бойы аз да болса өзгеріп отырады (тәулігіне 0,5—0,9°), кешкі 16—18 сағатта еқ жоғары, таңғы 3—4 сағатта ен. төменгі деңгейде болады. Ұйықтап жатқанда төмендеп, қара жұмыс істеген кезде 1—2° көтеріледі. Екіқабат және босанған әйелде дене температурасы әдеттегіден сэл жоғарылау. Лектордың, артистін,, емтихан тапсырып отырған студенттің температурасы да сәл жоғарырақ, эмоция салдарынан олардың қан айналысы аз мөлшерде күшейіп, қызуы көтеріледі.


Адам денесіндегі әртүрлі ағзалар мен олардың жеке бөліктерінің температурасы зат алмасуының деңгейіне байланысты өзгереді. Бауырда 37,8—38°С, тері сыртында 29,5—33,9°С, тік шекте 37,2—37,5°, қолтықта 36,0—36,9°С.

Дене температурасының тұрақтылыры жылу өндіру мен жылу шығару процестерінің тепе-теңдігі арқылы қамтамасыз етіледі. Мұның негізі — белгілі физиологиялық жүйе механизмдерінің қызметі.

Жылу реттелуі физикалық және химиялық реттелу болып екіге бөлінеді. Физикалык реттелу жылу шығару деңгейін өзгерту аркылы, ал химиялық — жылу өндіру процесін күшейту не әлсірету арқылы, яғни зат алмасу карқынын өзгерту арқылы іске асырылзды. Жылу органикалық заттар тотыққан кезде пайда болады. 1 г белок не көмірсу тотыкданда 4,1 ккал, 1 г май тотыққан-да 9,3 ккал жылу пайда болады.

Денедегі тканьдердің қай-қайсысында да тотығу процестері (диссимиляция, катаболизм) бір тоқтамастан үдайы жүріп жатады. Бүл эктотермальдық (сыртқа жылу шығару) процестер. Жылу барлық ағзаларда пайда болады: жолақ еттерде барлық жылудың 80—60%-і, бауыр мен ас қорыту ағзаларында 20—30%-і, бүйрек пен басқа ағзаларда, тканьдерде 10— 20%-і өндіріледі. Сондықтан да жолақ еттерді организмнің жылу өндіргіш машинасы деуге де болады. Тіпті қозғалмайтын тыныш отырған адамда жылудың 2/з дене еттерінде өндіріледі. Тегіс еттер тыныш отырғанда да белгілі бір дәрежеде тонусынан айырылмайды. Олар жиырылған кезде жылу өндіру процесі күшейе түседі, тіпті аздап дірілдеген сәтте жылу өндіру 50— 60%, ал кара жүмыс істегенде 400—500% артады. Тәжірибе жүзінде жолақ еттерді босаңсытатын миорелаксанттар енгізсе организм тез салқындай бастайды. Бүл да жоғарыда айтылған заңдылықпен үнделеді. Тамақ ішкеннен кейін (әсіресе белокқа бай) зат алмасу қарқыны мен жылу өндіру деңгейі күшейеді. Аш адамның тоңгақ, ал тоқ адамның тоңбайтыны осыған байланысты.

Сонымен тоңа бастаған кезде дене темпсратурасын түрақты (бір деңгейде) сақтауда химиялық реттелудің маңызы зор. Физи-калық реттелу — жылу шығару процесін реттеу процесінің мәні, әсіресе айналадары температура шектен тыс жоғары болған жагдайда, мәселен, күн ыстық күндері бөлме температурасы жоғары болса, арта түседі. Физикалық реттелу бірнеше жолмен іске асырылады. 1) Жылу өткізгіштік, яғни денеге тиген заттарға, мәселен, ауаға жылу беру; бүл — конвекциялык жол, бүған денеде пайда болатын барлық жылудың 15%-і кетеді. Адам үшін мүның мәні аз: ауа мен киім жылуды нашар өткізеді. 2) Жылуды сейілдіру (жылу шығарудың радиациялық жолы), яғни жылудын инфрақызыл сәулелерін қызған дененің бетімен жан-жакқа сейілдіру. Бүл жолмен тіршілікке бірден-бір қолайлы (қажетті) тем-псратураға (18—20°) сәйкес бөлінетін жылудың 66%-і сыртқа шығады. 3) Тері мен өкпе арқылы жылу шығару. Бұл жолмеп сыртқа жылудың (бу арқылы шығатын жасырын жылудың) 19%-і шығады. 1 мл суды буға айналдыру үшін, 0,53 ккал жылу жұмсалады.


Ланге деректеріне карағанда комфорт температура жағдай-ында дене беткейінің 1 м2-нің тер арқылы 13 г тамақ ішкеннен кейін 29 г су шығады. Тіпті негізгі зат алмасу кезінде тер аркылы денеден тәулігіне 700—850 мл су шығады. Ыстық цехта кара жұ-мыс істеген кезінде жылу шығарудыц бұл жолы басқа жолдардан әлдеқайда басым болады да барлық жылудын, 75%-1 (кейде 10—12 л) сыртқа шығады. 4) Барлық жылудың 3,5—4% өкпеге келіп түскен ауаны, ас корыту түтігіндегі тамак пен суды жылытуға жұмсалады. Жылудын, 0,7%-і несеп пен нәжіс арқылы сыртка шығады. Қелтірілген мәліметтерді талдай келе жылу шыгаратын негізгі ағза — тері енекіне көзіміз жетеді (барлық жылудын. 82—85%-і). Радиация, конвекция және бу арқылы жылу шығару каркыны сырттагы ауаның температурасына байланысты. Желді күндері, жүгірген, қатты жүрген кездерде жылу шығару процесі күшейе түседі. Тері астындағы май (шел) денедегі жылудың шығуына кедергі жасайды. Сондықтан шел неғүрлым қалың болса, жылу соғүрлым аз шығады, семіз малдың суыққа төзімді, бірақ ыстықка шыдамсыз болатыны осыған байланысты. Шел майының әсіресе суда тіршілік ететін сүтқоректілер үшін мәні бар. Эволюция (тарихи даму) барысында жылу реттелуі шыңдала түсті. Соның айғағы — қан тамырларының реакциясы: айналадағы температура өзгеріп денеге әсер еткен сәтте, шелдегі (тері астын-дағы) қан тамырларыныц тонусы рефлекс арқылы өзгеріп, тамыр не кеңейіп не тарылып отырады. Ыстықтың әсерінен қан тамыры кеңейіп жылу шығару процесі күшейеді, ішкі ағзалардағы ірі тамырларымен аққан қан көп мөлшерде теріге келеді. Салқын әсерінен керісінше, тері тамырлары тарылып сыртқа жылу шығару карқыны төмендейді.

Физикалық реттелудің қалыптасуында, осыған орай гомойо-термдік касиет пайда болуында қаптаушы қүрылымдар эволюциясының үлкен маңызы болды. Жылу шығару процесінің реттслуіне, өзін бейімделуге байланысты қүста қауырсын, сүтқоректілерде түк (жун)пайда болады. Бүл құрылымдар жылуды нашар шығарады. Қауырсын мен жүнді селдірету не қалындату аркылы тері арқылы жылу шығару реттеледі. Айталық, суықта жануардың жүні үрпиіп «тік түрады». Мүндай жағдайда тері бетінде жылуды нашар өткізетін ауа кеңістігі пайда 'болады. Бүл механизм рудимент ретінде адам да да сақталып қалған: сал-кын күндері дененің «түршігуі» «қаз терісіне» үқсап бүртіктенуі осыған байланысты. Сыртқа жылу шығару процесін адам киім арқылы реттейді, жылы күндері жеңіл, салқын күндері жылы киім киеді. Жылу шығару дене қалпын өзгерту арқылы да реттеледі, тоңған кезде бүрісіп жатып алу жылу шығуын азайтады, аяқ-қолын алшақ тастап ашық жату, керісінше, ыстыққа бейімделу белгісі.


Сыртта күн ысыған сайын, әсіресе ауа температурасы дене температурасына жақындаган сайын адам (жануар) терлейді де жылу процесі үдей түседі. Ауа ыстық әрі ылғал болса, ыстыққа шыдау қиындайды,мәселен, Қырым (құрғақ) мен Сочиді( ылғалды) салыстыруға болады.

Адамда, 4 түрлік малда, кейбір приматтарда тер шығару — жылу реттеудің негізгі жолы. Мысықта, итте, кірпіде, кейбір бас-ка жануарларда тер бездері нашар дамыған (олар тек табанда орналасқан). Сондықтан соңғы аталған жануарларда жылу тер арқылы реттелмейді, денедегі су басқа жолмен, яғни сулану (өкпе) арқылы, соидай-ақ тілдің кілегейлі қабығы арқылы реттеледі. Бұл — температуралық полипноэ. Иттің ыстық күндері аузын ашып, тілін салақтатуына байланысты әдетте минутына 2 л, ал ыстық күні 50—70 л дымқыл ауа шығарады. Ыстық күндері қүстың өкпесі жиі желдетіледі.

Сонымен, сырттағы ауа температурасына қарай физикалық және химиялық жылу реттелуі' өзгеріп отырады, бүл арқылы денеде түрақты температура сақталады.

Жылу өндіру де, жылу шығару да нәзік процестер. Бүлар жүйке-қан арқылы реттеледі.

Жылу реттеу механизмдері

Гомойотермді жануарларда дене температурасы аса күрделі нейрогуморальдык, механизмдер (жүйке-қан) арқылы реттеледі. Бүл механизмдер дененің компенсаторлық (есесін қайтару) реакциясын, яғни жылу өндіру (химиялық) және жылу шығару (физикалық) процестерін бағыттап, қажет болса, өзгертіп отыра-ды. Жылу реттелу — дене температурасының түрақтылығын сақтайтын функциялық жүйе, орталық жүйке жүйесімен тікелей және кері жүйкелік байланыс арқылы өзін-өзі реттейтін процесс. Пойкилотермді жануарларда жылу өндіру зат алмасуы күшейіп, сырттағы ауаның температурасы артқан сайын күшейеді де жылу шығару азая түседі, оларда лшлу реттеу механизмі болмайды. Ал гомойотермді жануарларда, керісінше, ондай жағдайда жылу өндіру нашарлап, жылу шығару артады. Салқын әсерінен жылу шыгару процесі осы екі түрлі жануарларда керісінше өзгереді. Бүл мағлүматтар жылу реттелу процесіне көптеген ағзалар мен жүйелер (жүрек-қан тамыр, тыныс, ет жүйелері, тер бездері) катысатынын, оны іске асыруда зат алмасу қарқынының үлкен мәні бар екенін көрсетеді. Осыған орай жылу реттелуінің орта-лық және шеткі (афференттік және эфференттік) бөлімдерінің әрқилы екснін, олардың өзара қарым-қатынасы сырттағы ауа температурасы мен дененің ішкі температурасына тәуелді екенін айта кеткен жөн.

Жылуды реттейтін реакциялар, басқа рефлекстер сияқты, шеткі (тері, ішкі ағзалардағы қан тамырлары) және орталык, жүйке жүйесінде орналасқан рецепторлардың тітіркенуі нәтижесінде туады.


Терідегі жылу рецепторлары (терморецепторлар) яғни суык, сезімін кабылдайтын Краузе сауытшалары, жылу тітіркеністі кабылдайтын Руффини шашақтары және сезгіш жүйке үштары сырттағы температураның өзгеруіне шапшаң жауап береді. Бүлар — өте сезімтал рецепторлар. Мәселен, терідегі жылу рецеп-торлары сырттағы температура 0,007°, ал суық сезгіш рецептор-лар 0,012° өзгерсе болғаны, соны сезіп, денеде жауап реакция тудырады. Осыған орай проф. О. П. Минут—Сорохтина мынадай болжам жасады: орталық жүйке жүйесше тері рецепторларынан келіп түскен серпініс жылу реттелу орталығын белгілі бір дәос-жеде (тонуста) ұстап тұрады. Ішкі ағзалар рецепторларының іш-інде жылу реттелу үшін ең маңыздысы — қарын мен вена ре-цепторлары (В. Н. Черниговский) және тері веналарында орналасқан рецепторлар (О. П. Минут — Сорохтина). Орталық жүйке жүйесінде орналасқан терморец.епторлардың да маңызы зор. Олар гипоталамустың алдыңғы бөлімінде (преоптикалық аймағында), ми мен жүлында орналасқан, өздеріне ағып келген қандағы температура өзгерістерін тез сезеді. Мәселен, жүйкелері кесілген иттің артқы сирағын салқын суға салса, бас, алдыңғы аяқ пен дене етте-рі дірілдей бастайды. Бүл — жылу реттеуге бағытталған жауап реакция. Бүл реакция орталық жүйке жүйесі рецепторларының қан суыган кезде тітіркснуінен пайда болады: аталған процеске тері терморецепторлары ықпал жасамайды. Реакцня үйқы артериясындағы қанның температурасы төмендегенде де байқалады. Ор-талық жүйке жүйесі.нде аталғаң терморецепторлардық баржоқтығы ми меи жүлынның белгілі бір қүрылымдарын салқындату, олардың биотоктарын жазып алу арқылы дәлелденген. Сонымен көптеген бақылауларға қарағанда денедегі терморецепторлар бір жерде емес, әр жерде шашырай орналасқан. Харлидің дәлелі бойынша шеткі және орталықта орналасқан рецепторлар бір мезгілде козса, дене температурасының реттелуі жақсара түседі.

Әсер етуіне қарай қозу шеткі терморецепторлардан жүлынныц сезгіш түйіндеріне, қарама-қарсы жаққа өтіп жүлын-таламус жолы арқылы көру төмпешігіне, одан әрі гипоталамустың алдыңғы және артқы ядроларына және ми сыңарлары қыртысына жетеді. Орталық жүйке жүйесіндегі нейрондардың қарым-қатынасы күрделі болуына байланысты әртүрлі рефлектік айталық, трофикалық, қан тамырлық, қозғалыс, пиломоторлық т. б. актылар пайда болады да денеде жылу тепе-теңдігі қамтамасыз етіледі.


Жылуды өздігіпен (автоматтық жолмен) реттейтін орталық жүйкс жүйесіпің пшоталамус аймағында, атап айтқанда сүр төмпешікте орналасқан.

Мп кыртыстарын, жолақ дене мен көру төмпешігі жолдарын тіліп реттеу процесін үзіп жіберсе де жылу реттелудің өзгермей-тіні байқалды. Дегенме мүндай жағдайда адамның (жануардың) дене температурасының тұрақтылығын сақтау қабілеті белгілі мөлшерде шектеледі. Төмпешік пен төмпешікасты кесілсе жануар пойкилотермді болады. Ал бүл операцияны (децеребра-цняны) тек бір жақты жасаса денеде жылу реттелу жойылмайды.

Гипоталамус ядроларын жоғары жиіліктегі токпен (жылумен тітіркендіру) ие микроэлектрод арқылы температурасы әртүрлі сумсн тітіркенкендірсе гипоталамус ядролары жылыған сайын жануардың тынысы жиілеп, тері қан тамырларының тонусы тө-мендейді, қан тамыры кеқиді, яғни сыртқа жылу шығаруға бағытталған реакция пайда болады, мүнымен бірге зат алмасу деңгейі төмендейді.

Аталған орталықтардың белгілі бір жерлерін суытса, керісінше, дене температурасы көтеріліп, қан тамырларының тонусы артады, терідегі қан тамырлары кеңиді, жануардың тынысы сиреп, зат алмасуы күшейеді.

Сонымен зерттеу нәтижелерінен жылу реттеу орталығы — гипоталамус екенін байқауға болады. Гипоталамустын, алдыңғы ядроларын зақымдаса, тыныс жолы мен тері кан тамырларьшык реакииясы арқылы жылу шығару механизмдері бұзылады, осы ған байланысты жануар температурасы көтеріліп, өліп қалады. Мұндай жануардың денесі тез қызып (гипертермия) физикалық жылу шығарү процесі бүзылады. Гипоталамустыц алдыңғы ядроларын тітіркёндірсе дене температурасы төмендейді. Жылу шыға-рү процесі гипоталамустың алдыңғы ядроларында орналаскан жүйке орталықтарының бақылауында болады.

Химиялык жылу реттелу, жылу шығарудың күшеюі, еттін дірілдеуі, жылу шығару орталығы болып есептелетін қүрылымдар — гипоталамустың артқы және ортаңғы ядроларынын бакылауында. Мидың осы бөлімі зақымданса жануардың температурасы тым төмендеп кетеді де денеде жылу өндіру, еттің дірілдеуі секілді компенсаторлық реакция тумайды. Ал гшюталамустың артқы ядроларын тітіркендірсе, дене температурасы 2—3 градус көтеріледі.


Осы айтылғандарды қорыта келіп, орталық жүйесінің жылу өндіру орталығы адам (мал) денесін салқындаудан, ал жылу шығару орталыгы шектен тыс қызып кетуден сақтайды деуге болады.

. ¥заққа созылмалы тәжірибе нәтижелеріне сүйене отырып, сондайақ тиісті бақылауларға жүгініп, мынаны айтуға болады. Табиғи жағдайда ми қыртыстарындағы жүйке орталығы дене жылуына күшті әсер етеді, тіпті бүл кейде қыртысасты орталықтарынан да басым. Температура өзгерістеріне шартты рефлекстер пайда болады — итті бірнеше рет жылу камерасында үстаса ол ентіге бастайды (полипноэ), кейін тек камераға жақындаса бол-ғаны, ит өзінен өзі тағы да ентігеді (жылу ентігуі). К. М. Быковтың лабораториясында осы мәселеге байланысты өте қызык мәлі-меттер алынған. Мәселен, жүк поездына мінген жол серіктері вагон алаңына шығып, беттерін салқын желге тосқан, осы кезде олардың денесінде жылу өндіру процесі күшейе түскен. Ал осы тәжірибені вагондағыдай жағдай туғызып арнайы бөлмеде, лабораторияда жасаса, сол адамдардың денесі қызбаған, температу-расы көтерілмеген. Демек, дене температурасынын, төмендеуі ми қыртысы орталықтары арқылы белгілі бағытта реттеліп, қалыпқа келетініи байқауга болады. Тағы бір кызьіғы — өте салқын мүздай бөлмеде еңбек еткен жүмсшылардың да жылу өндіру деңгейі жоғары екені анықталды. Тоңазытқышты сөндіріп тастаса да, сол мүздай бөлмені көрісімен зат алмасу деңгейі арта түскен.

Дегенмен нақты жылу реттелу орталыгынын, баржоқтығы осы күнге дейін шсшілмеген мәселе, бірақ тері терморецепторлары мен висцерорецепторлардан (ішкі рецепторлардан) келіп түскен серпіністер ми қыртыстарының артқы, орталық қатпарында орна-ласқан бірінші сенсолық (сезімтал) аймаққа дейін жететіні белгілі болды.

Жылу реттелуінің эфференттік жолдары қандай, орталық жүйке жүйесі физикалық және химиялық жылу реттелуіне кан-дай ықпал жасайды дсген занды сауалдар туады.

Жылу (салқын) әсерінен кең көлемде туатын физиологиялық және биохимиялық өзгерістерге назар аударсақ, жылу реттелуге катысы бар кентеген агзалардан келетін эффсрепттік жолдар бар екенін байкауға болады. Біраз мәліметтергс қарағанда жылу реттейтін ағзалар мен жүйелерге (бауыр, жолақ ет, тер бездері, кан тамырлары т. б.) келіп түсетін эфференттік серпіністер негізінен симпатикалық және қаңқа мен тыныс еттерінің соматика-лық жүйкелері арқылы тарайды. Ал олар жүлынмен байланыскан. Сондықтан кай жері закымданса да, жүлынның қызметі бүзылады, ал бүл жылу реттелуі процесіне әсер етеді. Бүл процеске ішкі секреция бездері арқылы жүйке жүйесі де әсер етеді. Сол бездердің гормондарын сан қилы физиологиялық кызметті жүйке-кан арқылы реттейтін «қосалқы» бөлім деп бағалауға болады. Ішкі секреция бездерінің ішіиде жылу реттеу процесіне қалқан-ша без, жыныс және бүйрекүсті бездері, олардың гормондары, әсіресе троптық гормондар (АКТГ, соматотропин, тиреотронин т. б.), сондай-ақ басқа ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін гипофиз гормондары үлкен роль атқарады.


Гипофиз безін алып тастаса, көжек денесінде жылу реттелу процесі бүзылады да, ол пойкилотермді жануарға айналады. Қалқанша бездің жылу реттеу процесіне қатысын білу үшін жануарға үзақ уақыт салқын жерде түрған қан сарысуы енгізілді, мүның нәтижесінде жануар денесінде зат алмасу деңгейі едәуір артты, яғни жылу өндіру күшейді. Мүндай реакция тек калқанша без гормонының әсерінеп болады. Сонымен, қалқанша без гор-мондары (тироксин т. б.) жылу өндіру процесін күшейтеді.

Бүйрекусті безінің милы қабатының гормоны адреналиннің қандағы мөлшері артса да жылу өндіру процесі күшейеді (гипертермия), мәселен, қатты күйзелген (стреске үшыраған) адам денесінде адоеналин әсерінен гипертермия (жылудың шек-тен тыс көп өндірілуі) пайда болады. Бүйрекүсті бездерін сылып алып тастаса не осы бездің қызметі күрт нашарласа, адам (жа-иуар) кенеттен тоңа бастайды.

Қазіргі кезде жылу реттеу процесіне басқа да гормондар катысатыны белгілі болды.

Сонымен жылу өндіру мен жылу шығару процестеріне жылу реттеу орталықтары тікелей афференттік жүйкелер, (симпатика-лық және соматикалық) арқылы және ішкі секрециялы бездер арқылы әсер етеді. Осының бәрін қорыта келгенде, жылу реттелуі өте маңызды және күрделі процесс. Бүл мәселенің кейбір жақтары осы күнге дейін анықталған жок, өз шешімін тосып отыр.



  • Иллюстрациялық материал:



Слайд- карталары

1. Организмдегі зат пен энергия айналдыру сызбасы.

2. Ішкі ортасы температурасын сақтайтын функциялық жүйе.

3. Ішкі ортасы температурасын сақтайтын функциялық жүйе.


Кестелер ( және плакаттар):

  1. Жылу реттелу және жылу шығару

  2. Жылу шығарудың жолдары

  3. Адам температурасы

  4. Адам температурасын реттейтін физиологиялық механизмдері

  5. Дене температурасын сақтайтын функциялық жүйе.


  • Әдебиеттер:





  1. Адам физиологиясы / оқулық – Сатпаева Х.К., Нілдібаева Ж.Б., Өтепбергенов А.А. – Алматы: «Білім», 2005 ж.

  2. Төлеуханов С.Т. Қалыпты физиология (биологиялық жүйелердің мезгілдік құралымдар бөлімі): Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2006 ж. – 140 бет.

  3. Дюйсембин Ғ.Д., Алиакбарова З.М. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы: Оқулық - Алматы: «Білім», 2003 ж. – 400 бет

  4. Нұрмұхамбетұлы Е. Орысша-қазақша медициналық (физиологиялық) сөздік / ҚазММУ – Алматы: «Эверо», 2007 ж. – 904 бет.

5. Керимбеков Е.Б. Физиология атауларының орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы: Қазақстан, 1992. – 280 бет

6. Қалыпты физиологияның лабораториялық жұмыстары / студент тер үшін. – Шымкент: Б.И., 1993. – 254 бет.



  • Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

1. Жылу өндірудегі жеке ағзалардың ролі.

2.Адам денесінің температурасы және оның тәуліктік өзгерістері.

3.Метаболизм үшін оптималдық қан температурасын сақтайтын ФЖ-ң тиімді бейімделу нәтижесі қандай?

4.Терморецепторлардың орналасуы және қасиеттері.

5.Жылуды бөліп жығару және түзудің жүйке орталықтар.

6. Жылу түзілу механизмдері.

7. Жылу шығару механизмдері.

8.Қызып кету кезіндегі тамырлық реакциялары.

9. Су ортасындағы жылу шығару.