girniy.ru 1
Жұқпалы аурулардың таралауына жол бермеу – қазіргі кездегі ең маңызды мәселелердің бірі. Қоғамдық орындар мен тұрғын үй тазалығы және жеке бастың тазалығы ережелерін сақтау- жұқпал аурулардың алдын алудың ең маңызды факторлары.


Жұқпалы аурулар деген не? Жұқпалы аурулар организмге ауру туғызатын микроорганизмдердің енуі нәтижесінде пайда болады. Олар ауру адамнан сау адамға беріледі. Және белгілі жағдайда адамдардың немесе жануарлардың үлкен тобына жұғады. Микробтар дегеніміз адамның жай көзіне көрінбейтін, өте кішкентай организмдер. Оларды тек микроскоп арқылы көруге болады. Микробтар қатарына бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар (грибоктар) жатады. Адам ағзасында ауру тудыру арқылы әсер ететін улы және басқа да зиянды заттарды шығару қабілеті патогендік микробтарға тән ерекшелік болып саналады. Микробтар азық-түлік өнімдерінде, әсіресе ет және сүт өнімдерінде жақсы сақталады, тіпті онда көбейе де алады. Микробтар сыртқы ортаға төзімді болып келеді. Мысалы, бауырдың қабынуын тудыратын вирус бөлме температурасында бір жетідей сақталына алады. Ал туберкулез таяқшалары кепкен қақырықта бірнеше ай бойы, шаңда 10 күнге дейін, кітаптің беттерінде 3 айға дейін, ылғалды қараңғы орындарда 300 күнге дейін сақталынуы мүмкін.

Жұқпалы аурулар таралуы үшін міндетті түрде үш фактор болуы керек.

- Ауру қоздырғыштың көзі.

- Берілу жолдары.

- Ауруды қабылдайтын организм.

Кейде сырттан қарағанда сап-сау болып көрінетін адам бактерия, яғни ауру қоздырғышын тасымалдайтын аурудың көзі болуы ықтимал. Ондай адамдар өзін қоршаған айналасындағылар үшін ерекше қауіп болып саналады. Өйткені олар өздерінің ауру тасушы екенін сезінбейді, білмейді. Сөйтіп олар қоршаған ортаға тамақ өнімері суға ауру микробтарын таратады, жұқпалы ауруды басқаларға жұқтырады.

Ауру адамнан сау адамға жұқпалы аурулардың берілуінің бірнеше жолдары бар:

· ауа – тамшы жолдары (әңгімелескенде, түшкіргенде, жөтелгенде ауаға сілекей тамшылармен ауа арқылы ауру қоздырғыш микробтардың таралуы – туберкулез, тұмау, көкжөтел, дифтерия, қызылша секілді аурулар осы жолмен беріледі);

· тамақ арқылы жұғу жолы (патогендік микроорганизмдер жұққан немесе тамақ өнімдерін пайдаланғанда жұғады – ішек –қарын жұқпалы аурулары осы жолмен тарайды. Ішек – қарын жұқпалы аурулары – ауыз арқылы белгілі бір микроорганизмдердің түсуі арқылы және ішек-қарын жолдарын зақымдап және бүкіл ағзаны улай отырып пайда болатын аурулар:


- қантышқақ немесе дизентерия, сальманелез, іш сүзегі, паратиф, тырысқақ, вирустық гепатиттер және т.б. жұқпалы аурулар осы жолмен беріледі).

· тұрмыстық – байланыс жолы – лас қол арқылы немесе күнделікті үй және өндіріс заттары арқылы жұқпалы аурудың таралуы. Тұрмыстық- байланыс жолмен жұқпалы ішек-қарын аурулары, туберкулез, тері және паразиттік аурулар беріледі. Бұл аурулар қатарына жыныстық қатынас арқылы жұғатын ауруларды (мерез немесе сифилис, гонорея, трихомониаз, хламидиоз, СПИД / ВИЧ ауруы және т.б.) да жатқызу керек.

Патогендік микроорганизмдер қоршаған ортаға ауру адамның құсығымен, сілекеймен, зәрмен және нәжісі мен бөлініп шығады. Мысалы, өкпе туберкулезінде туберкулез таяқшалары қақырықпен, сілекеймен қоршаған ортаға тарайды. Сондықтан ауру пайдаланған заттарын, ыдыстарды жеке ұстап, зарарсыздандырып отыру керек.

Жұқпалы ауруларды болдырмау үшін не істеу керек?

Ең бастысы жеке бастың тазалық ережесін және үйдің тазалығын сақтау дағдысын қалыптастырған жөн.

Салауаттық өмір салтына тәрбиелеу отбасында балалық шақтан басталуы тиіс. Балаларды тамақтың алдында, далада серуендеп келгеннен кейін, дәретханадан кейін қолын сабындап жууды дағдыға айналдыру керек. Күн сайын үйде ылғалды жинастыру жүргізген мақұл. Еденді, терезенің алдын, есік тұтқаларын, үстелдерді, орындықтары сулы шүберкетермен сүртіңіз. Кілемдерді, паластарды, төсеніштерді, жұмсақ жиһаздарды шаңсорғышпен тазалаңыз. Айына кем дегенде бір рет терезені, есікті, қабырғаларды жуу керек. Үш айда кем дегенде бір рет перделерді жуып, тазалау қажет.

Тамақтану, тамақ дайындау және сақтау ережелерін сақтаңыз. Тез бұзылатын тағамдарды тоңазытқышта ұстау керек. Пайдаланар алдында жемістер мен көкеністерді мұқият жуып, қайнаған сумен шайқаңыздар.Қайамаған суды ішпеңіздер. Егер сүт ішетін болсаңыз тек қайнатылған сүтті пайдаланыңыз. Асханада шикі етті, балықты, көкеністерді турау үшін жеке турайтын тақтай, жеке пышақ болғаны жөн.

Түрлі жәндіктер, әсіресе шыбындар және таракандар тамақ өнімдеріне түрлі гельминттердің жұмытрқалары және микробтарын жұқтырулары мүмкін. Шыбындар тамақ қалдықтарында, лас кірлерде, дәретханаларда, мал ұстаған қораларда қи жиналған, қоқым мен жуынды төгілетін жерде жиналып, көбейеді. Шыбындар мен таракандар ашық тұрған тамақтарға отырып, жорғалап, оларды ластап, микробтарды жұқтырады және олар онда тез өсіп - өнеді. Бір шыбын ішегінде 28 млн., құрсағында, табанында және қанатында 6 млн. Патогенді микробтар және паразиттердің жұмыртқаларын тасымалдай алады. Шыбынның ішегінде және аяғында микробтар бірнеше күнге дейін тіршілігін сақтайтын болғандықтан олар ауру қоздырғыштарын үлкен қашықтыққа (1,5 км дейін) таратуы мүмкін. Шыбындар адам тамақтанатын орынға, асханаға кірмеуі үшін терезеге және есікке арнайы дәке немесе тор ілген жөн. Күн сайын үйдегі қоқыстарды сыртқа шығарып, қоқыс салатын шелекті мұқият жуып-шайып, күнге кептіріп отырған дұрыс. Ваннаны, раковинаны, унитаздарды таза ұстап, қазіргі кезде зарасыздану мақсатында қолданатын тазалағыш, жуғыш және де басқа тиімді химиялық заттарды пайдалану керек. Қоғамдық мекемелер адамдардың ең көп жиналып, шоғырланатын орны болып табылады. Сондықтан олар жұқпалы аурулардың таралуы үшін қолайлы орта. Жұқпалы аурулардың алдын алу үшін мектептерде, балалар бақшаларында, қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында, қонақ үйлерінде, емдеу-профилактикалық мекемелерде тазалық ережелерін қатаң сақталуын қадағалау керек.