girniy.ru |
1
Күнделік сабақ жоспары
Жаңа сабақты түсіндіру: Біз дененің ішкі энергиясын екі тәсілмен – жылу алмасу және жұмыс жасау арқылы өзгертуге болатынын білеміз. Осының бірінші тәсілін жүзеге асыруды дененің ішкі энергиясы жасалған жұмысқа А, ал екіншісін жүзеге асырғанда берілген жылу мөлшеріне Q тең шамаларға өзгереді. Егер шайнекті, оның ішіндегі су тек жылы болатындай етіп қыздырсақ, оны отта ұзақ ұстамаймыз. Керісінше ыстық су керек болса шайнекті көп уақыт қыздыру қажет. Шайнекті қыздырғышта ұзақ ұстасақ, оның алатын жылу мөлшері де көп. Сондықтан, қыздырғанда дененің температурасы көп өзгеретін болса, оған берілетін жылу мөлшері де артуы керек. Мысалы, дененің бастапқы температурасы tбас, ал соңғы температурасы tсоң болсын. Бұл кезде дененің температура өзгерісі былай өрнектеледі
Меншікті жылу сыйымдылықТәжірибе жасайық. Екі бірдей ыдыс алып, оның біріне массасы 400 г су, ал екіншісіне массасы 400 г өсімдік майын құямыз да, оларды жанарғы арқылы қыздырамыз (33-сурет). Термометрлердің көрсетуінен майдың тезірек қызытаны байқалады. Су мен майды бірдей температураға дейін қызыдру үшін суды ұзағырақ қыздыруға тура келеді. Бірақ біз оны ұзақ қыздырған сайын, ол жанарғыдан көп жылу мөлшерін алатыны белгілі.
Осыдан массалары бірдей әр түрлі заттарды бірдей температураға қыздыру әр түрлі жылу мөлшерін керек етеді. Денені қыздыруға керекті жылу мөлшері, осы дене құралатын заттың тегіне байланысты. Мысалы, массасы 1 кг судың температурасын 1°С-ға көтеру үшін 4200 Дж жылу мөлшері жұмсалады, ал массасы осындай күнбағыс майын 1°С-ға қыздыруға 1700 Дж жылу мөлшерін керек етеді. 1 кг затты 1°С-ға қыздыруға керекті жылу мөлшерін көрсететін физикалық шама, осы заттың меншікті жылу сыйымдылығы деп аталады. Әр заттың өз жылу сыйымдылығы болады. Ол латынның с әрпімен белгіленіп джоуль бөлінген килограмм – градуспен (Дж/(кг·°С)өлшенеді. с — меншікті жылу сыйымдылық. Кейбір заттардың меншікті жылу сыйымдылықтары 8-кестеде келтірілген. 8-кесте Кейбір заттардың жылу сыйымдылығы, Дж/(кг·°С)
Кестеден мысалы, қорғасынның жылу сйымдылығы 140 Дж/(кг · °С) екендігі көрінеді. Бұл сан 1 кг қорғасынды 1 °С-ға қыздыру үшін 140 Дж жылу мөлшері керектігін білдіреді. Дәл осындай (модулі жағынан) жылу мөлшері 1 °С-ға суытқанда осындай массалары қорғасыннан бөлінеді. Әр түрлі агрегаттық күйлердегі бір заттың меншікті жылу сыйымдылықтары (қатты, сұйық және газ тәрізді) әр түрлі. Мысалы, судың меншікті жылу сыйымдылығы 4200 Дж/(кг · °С), ал мұздыкі – 2100 Дж/(кг · °С). Алюминийдің қатты күйдегі меншікті жылу сыйымдылығы 920 Дж/(кг · °С), ал сұйық күйдегісі – 1080 Дж/(кг · °С). Судың жылу сыйымдылғы үлкен (8-кесте). Сондықтан теңіздер мен мұхиттардағы су жаздыгүні ауадан өте көп жылу мөлшерін қабылдай отырып қызады. Осының арқасында жаздыгүні өте үлкен су қоймаларына жақын жерлерде одан алыс жерлерге қарағанда онша ыстық болмайды. Жаңа сабақты қорытындылау. Пысықтау сұрақтары. Есеп шығару үлгілері: Үй жұмысы: өткен тақырыпты қайталау: 5-жаттығу |