girniy.ru 1



ЖОБА


Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысы


13.09.2012ж. Ақтөбе қаласы


Ірі елді мекендер шекарасындағы

(Ақтөбе, Алға, Қандыағаш, Мәртөк)

Елек өзенінің су қорғау аймақтары

мен белдеулерін бекіту туралы


Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39-бабына, 116-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес ірі елді мекендер шекарасындағы Елек өзенің ластануын, қоқысталуын және сарқылуын болдырмау үшін облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ірі елді мекендер шекарасындағы(Ақтөбе, Алға, Қандыағаш, Мәртөк) Елек өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ені бекітілген жобаның негізінде;

Ірі елді мекендер шекарасындағы(Ақтөбе,Алға,Қандыағаш, Мәртөк) Елек өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдалану режимі осы қаулының қосымшана сәйкес белгіленсін.

2. «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ бекітілген жобалық құжаттаманы Ірі елді мекендер шекарасындағы(Ақтөбе, Алға, Қандыағаш, Мәртөк) Елек өзенінің ластануына, қоқысталуына және сарқылуына жол бермеу және су қорғау аймақтары мен белдеулерінің аумағын пайдалану режимін сақтауды қамтамасыз ету жөнінде іс-шаралар әзірлеу үшін Ақтөбе қаласы, Алға, Қандыағаш, Мәртөк аудандарының әкімдеріне тапсырсын.

3. Ақтөбе қаласының, Алға, Қандыағаш, Мәртөк аудандарының әкімдері және пайдалануында құжаттаманы Ірі елді мекендер шекарасындағы (Ақтөбе, Алға, Қандыағаш, Мәртөк) Елек өзенінің су қорғау аймақтары және белдеулері шегінде орналасқан жер алқаптары бар кәсіпорындардың, ұйымдардың және басқа да шаруашылық жүргізуші нысандардың басшылары олардың ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан ұсыныс жасау:


бекітілген жобаға сәйкес су қорғау аймақтары және белдеулерінің шегінде орналасқан және олардың жай-күйіне зиянды әсер ететін нысандарды шығару немесе жою жөнінде жұмыстар жүргізсін;

олардың тиісті санитарлық күйде күтіп ұсталуын, шаруашылықта пайдалану режимін сақтауды, сондай-ақ су қорғау белгілерін сақтығын қамтамасыз етсін.

4.дОсы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.К.Кемаловаға жүктелсін.

5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Облыс әкімі А. Мұхамбетов


Облыс әкімдігінің

2012 жылғы ___________

№ ______қаулысына қосымша


Ірі елді мекендер шекарасындағы

(Ақтөбе,Алға,Қандыағаш, Мәртөк) Елек өзенінің

су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шаруашылық пайдалану режимі


1.Су қорғау аймақтарының шегінде мыналарға жол берілмейді:

авиациялық – химиялық жұмыстарды жүргізуге;

зиянкестермен күреске қарсы, және өсімдіктер мен арамшөптердің ауруына қарсы күрес үшін қолданатын химиялық заттарды;

топырақты тыңайтуға арналған көңді суағарларды қолдануға;

улы химикаттар қоймасын, минералды тыңайтқыштар мен жанғыш – майлайтын материалдарды сақтайтын қоймаларды орналастыруға; аппаратураларға улы химикаттарды құюға арналған алаңдар орнатуға; мал шаруашылығы кешендері мен фермаларды орнатуға, өндірістік, тұрмыстық және ауылшаруашылық қалдықтарын, зираттар мен өлген малдарды жинау және көмуге; ағынды суларды жинайтын орындарға.

көң мен қоқысты жинақтауға;

автокөліктерге, тракторларға немесе басқа да көліктер мен механизмдерге май құюға, жууға немесе жөндеуге;

суды қорғау аймақтарында ен ұзындығы 100 м-ден кем және жақын маңайдағы беткейдің құлдилығы 3 градустан аспайтын жерлерге саяжайлық немесе бау – бақшалық жер телімдерін орналастыруға;


көлік түрлерінің тұрақтарын орналастыруға, әсіресе саяжайлық және бау бақшалық жерлерге орналастыруға;

қолдануға қажет кесу, шабу жұмыстарын жүргізуге;


құрылыс нысандарын, коммуникацияны және басқа да объектілерді қайта құруға, пайдалы қазбаларды өндіру жұмыстары мен жер қазу сияқты жұмыстарды жергілікті атқарушы органдар мен уәкілетті органдардың келісімінсіз жүргізуге тиым салынады. Мұндай құзіретті органдар су қорын пайдалану және қорғау, қоршаған ортаны қорғау, жер ресурстар басқармасы, энергиямен жабдықтау және тұрғындардың санитарлық – эпидемиологиялық тұрғыдан алғандағы саулығы төңірегіндегі сұрақтарды қамтиды.

Суды қорғау аймақтары шегінде орналасқан үй – жай, саяжайлық, бау – бақшалық, жерлерде оларды қалай пайдалану керектігі жөніндегі ереже сақталуы керек (жер үсті су объектілерінің ластануын, қоқыстануын және тартылуын болғызбау)

2.Суды қорғау белдеулері шегінде тиым салынады:


үнемі (жүйелі түрде) жерді жыртып отыруға;

тыңайтқыштарды қолдануға;

шайылып кеткен топырақ қабаттарын жинауға;

жаздық мал өрісі мен жайылымына (малдың әдеттегідей бір жерден су ішуі мен оларды шомылдыр үшін пайдаланудан басқа);

маусымдық тұрақты күркелік қалашықтарды соғуға немесе орнатуға,

саяжайлық және бау – бақшалық жерлерді соғуға;

жер телім