girniy.ru 1 2 3


ӘОЖ 656.07:631.11 (574.54) Қолжазба құқығында


Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік универститеті


НҰРЖАН ДАНАБЕК ЖАҒЫПАРҰЛЫ


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ЖАҒДАЙЫНДА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРІНЕ КӨЛІКТІК-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ НЕГІЗДЕУ


6М080600 –Аграрлық техника және технология мамандығы бойынша ауылшаруашылық ғылымдарының магистрі академиялық

дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның


РЕФЕРАТЫ


Қызылорда, 2012 ж.

Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Машина-трактор паркін пайдалану» кафедрасында орындалған.


Ғылыми жетекші: техника ғылымдарының докторы

доцент Рахатов Сәтбай Зайырұлы


Ресми оппонент: техника ғылымдарының кандидаты,

доцент

Тобашов Марат Шайхисламұлы


Қ


орғау «___» _____________2012 ж. сағ. ____ -де Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде болады.


Адресі: 120014, Қызылорда қ., Ы. Жақаев 67, №4 оқу ғимараты, Аграрлы-техникалық факультет, № ______ дәрісхана.


Магистрлік диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.

Кіріспе


Диссертацияның көлемі мен құрылымы: Диссертация кіріспеден, 4 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертация көлемі 110 парақ жазба беттерден, 39 кестеден, 30 суреттен құралған. Библиографияға 122 атаудағы баспа материалдары кіреді.

Зерттеудің өзектілігі: Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық дақылдарын өсіріп-жинау кезінде көліктік-технологиялық жұмыстардың маңызы зор. Себебі тұқым, тыңайтқыш, қосалқы бөлшектер, жанар-жағар май және егін өнімдерін тасымалдау, машиналарға ТҚК және жөндеу жұмыстарын уақытылы жүргізу өнімді шығынсыз агротехникалық мерзім ішінде жинап алуға мүмкіндік береді. Аталған жұмыстардың бір-бірімен тығыз байланыспауы ауыл шаруашылық процестерінің өзара бірлесіп орындалуына кері әсерін тигізіп, бірін-бірі күтіп қалу негізінде еңбек, энергия және материалдардық шығындардың ұлғаюына әсерін тигізеді. Сондықтан ауыл шаруашылық операцияларында көліктік-технологиялық қызмет көрсетуді тиімді ұйымдастыру өзекті мәселе болып табылады.


Зерттеудің мақсаты: Қазақстан Республикасы Қызылорда облысы жағдайында егін шаруашылығы бойынша көліктік-технологиялық машиналарды тиімді пайдалануды ұйымдастыру.

Ауыл шаруашылық мекемесіне көліктік-технологиялық қызмет көрсетудің негізгі міндеті ауыл шаруашылық өнімін өндірушілер және тапсырыс берушілерге барлық қажетті қызметтерді сәйкес сервистік қызметтің өзіндік құрылымын құру жолымен көрсету болып табылады.

Зерттеу нысаны: Ауыл шаруашылық өндірісіндегі технологиялық операциялар мен машина-трактор агрегаттары, оның ішінде тракторлар, комбайндар, автомобильдер, тіркемелер, дән сепкіш, тыңайтқыш енгізу машиналары.

Зерттеу әдістері: Ауыл шаруашылық технологиялық процестерін математикалық модельдеу, зерттеу қорытындысын, математикалық өңдеудің математикалық әдістері, математикалық статистика, ықтималдылық және жаппай қызмет көрсету теориялары.

Алынған нәтижелері, олардың жаңалығы, ғылыми және практикалық маңыздылығы: Ауыл шаруашылық мекемелеріндегі техникалық қызмет көрсету, диагностикалау, техниканы тиімді пайдалануды ұйымдастыру қарастырылды. Оның ішінде Қызылорда облысы бойынша техниканы тиімді пайдалану, жылдық жүктемелерді пайдалану қасиетіне байланысты 1000-1400 сағат арасында болуы тиіс. Сол арқылы диссертациялық жұмыста машина-трактор агрегаттарын тиімді пайдалану жолдары ұсынылды.

Жарияланымдар туралы мәліметтер:

Диссертацияның негізгі мазмұны бойынша 4 ғылыми жұмыс және жұмыстың нәтижелері әр түрлі ғылыми конференцияларда талқыланып, басылымдарда жарияланды.

Кіріспеде ауыл шаруашылық мекемелеріне көліктік-технологиялық қызмет көрсетудің негізгі мақсаты болып ауыл шаруашылық саласындағы өндірушілердің барлық қажетті қызметтерін жасау керектігі келтірілген.

Ауыл шаруашылық мекемелеріне көліктік-технологиялық қызмет көрсетуді жетілдіру әдістері өзекті проблема және ғылыми өндірістік маңызы зор. Диссертация тақырыбының өзектілігі, жұмыстың мақсаты мен оның практикалық маңыздылығы көрсетілген.


Бірінші бөлімде ауыл шаруашылығы өнімдерін жинау мен тасымалдау барысында машиналарды пайдалану тиімділігі көп жағдайда ауыл шаруашылық аймақтарына байланысты атқаратын жұмыстарымен ерекшеленетін ескерілген. Олардың негізгілеріне: өнімді жинау кезеңінде жұмысты барынша топтастыру; жинау және тасымалдау машиналарының жұмыс атқару барысында табиғи-климаттық жағдайлардың едәуір өзгеруі; топ жағдайымен жұмыс күшінің жетіспеуі жатады.

Егіннің дәндік бөлігін жинауға сыйымдылығы үлкен бункер ыдыстар қолданған өте тиімді, сонымен бірге комбайн мен көлік агреттарының (автомобиль және трактор) арасындағы сандық қатынас та жүргізіліп жатқан жұмыс жағдайына сәйкес келетіндей ұтымды болуы тиіс (астық өнімділігі, тасымалдау арақашықтығы т.б.жұмыстар түріне байланысты). Бірақ үлкен сыйымдылықты бункерлер техника салмағын ұлғайтып, топыраққа көп қысым түсіреді. Сондықтан компромисті критерий негізінде бункердің ұтымды сыйымдылығы анықталуы тиіс.

Өнімнің дәндік бөлігін және сабанды тасымалдау мәселесі зерттеу міндетінде өзекті мәселе болып табылады, себебі Қызылорда облысы жағдайында маңызды орын алады.

Комбайнға көліктік-технологиялық қызмет көрсету процесінің негізгі техника-экономикалық критерийлері есебінде төмендегі критерийлер қолданылады:

1) Өнімділіктің ең жоғарғы мәні:

(1)

2) Тікелей пайдалану шығынының ең төменгі мәні:

(2)

3) Қосалқы критерий есебінде:

3.1. Еңбек шығының ең төменгі мәні:

(3)

3.2. Агрегат қуатын тиімді пайдалану:

(4)



Жүктерді тасымалдау кезінде автомобильдік және тракторлық көлік құралдары мен тіркемелер түрлері қолданылады. Ауыл шаруашылық өнімдерін қырманнан және басқа да сақтау орындарынан элеваторларға және тасымалдау арақашықтығы үлкен болған кездерде автомобильдік көлік құралдары қолданылады, яғни сонымен бірге көлік құралдарымен тіркемелердің техникалық сипаттамалары берілген. Соның негізінде диссертация тақырыбы негізделіп, жұмыстың мақсаты мен міндеттері анықталады.

Екінші бөлімде ауыл шаруашылық мекемелеріндегі көлікті пайдаланудың жағдайы мен ұйымдастырушылық деңгейі және ғылыми зерттеудің әдістері зерттеулердің өзіндік шаруашылықтарының ерекшеліктерімен және оларға әсер ететін факторлардың өзгерісінің сипатымен, ауыл шаруашылық мекемелеріне көліктік-технологиялық қызмет көрсетудің сервистік қызметтері мен қызмет көрсетілетін шаруашылықтардың өзара байланысты қызметінің құрылымдық үлгісі 1-суретте берілген.

Ауыл шаруашылық мекемелеріне көліктік-технологиялық қызмет көрсетілетін ұйымдардан жалпы жағдайда тапсырыстар келіп түседі немесе материалдық-техникалық жабдықтау бойынша машиналарды техникалық пайдалану бойынша жұмыстар, көліктік-технологиялық, егістік және басқа да жұмыстардың әртүрлі түрлерін орындауды қоса алғанда, жұмыс түрлерінің маңызды үш түрлерінің орындалуына талаптар құрылымдық үлгіден көрініп тұр. Ауыл шаруашылық мекемесінің көліктік-технологиялық құрылымында сондай-ақ тапсырыстарының әрбір түрінің уақытылы және сапалы орындауды қамтамасыз ететін сервистік қызметтер құрылуы мүмкін.

1-суреттегі мәліметтерден түйетініміз, өндірістік қызметтегі сервистік қызмет көрсету, сондай-ақ жоғары өнімділік пен ресурстарды үнемдеудің біршама дәрежеде машина-трактор агрегаттары (МТА) мен көліктік-технологиялық талаптарына жауап беретіндей етіп құрылуын болжайды.

Ұтымдылықтың негізгі критерийі көліктік-технологиялық агрегаттарда бекітілген қозғалтқыштың номинальды күштілігіне байланысты тікелей шығындардың минимумы функция түрінде өрнектеледі:



(5)


мұндағы:

- күшке тәуелді немесе тәуелсіздігіне сәйкес салымдарды сипаттайтын шығындардың коэффициенттері; сәйкес өлшем бірліктегі -





1-сурет. Ауыл шаруашылықтарындағы көліктік-технологиялық қызметтерінің өзара байланысты жұмыстарының қорытындыланған үлгісі


Жұмысшылардың орындаған операцияларының түрі бойынша көлік құралдарымен қызмет көрсетілетін ауыл шаруашылық өндірісіндегі машиналар 1-кестеде көрсетілгендей 3 топқа бөлінеді.


1-кесте – Жұмысты орындау операцияларының сипаты бойынша ауыл шаруашылық өндірісіндегі машиналардың жіктелуі

Машиналардың топтары

Мысалдар

Машиналардың өнімділігін өлшеу бірліктер

Тек қозғалыстар кезінде қатар жүретін және негізгі операцияларды іске асыратын машиналар

Қозғалыс кезінде материалдарды бөліп тиеумен жинаушы; тыңайтқышты ұсақтап шашатын машиналар; жүкті тиеуші – жинақтаушылардың бірқатар түрлері; қатар жүретін операцияларды орындамайтын егістік машиналарының көптеген түрлері (тұқым себетіндер, тырмалар және басқалар)

га, т, дана

Тек қозғалыс кезінде негізгі операцияларды орындайтын машиналар, қатар жүретіндері тоқтаған кезде ғана

Бункерлік типтегі тоқтаған кезде өнім түсіретін жинайтын машиналар, тиеуші (түсіруші) қондырғылармен жабдықталған көлік құралдары, борттық көліктік құралдар және т.б.


га, т, т-км

Тоқтаған кезде қатар жүретін негізігі операция-ларды орындайтын машиналар

Стационарлық және жартылай стационарлық типтердегі агрегаттар мен машиналар (дәнді тазалайтын, тиейтін агрегат, сорттайтын, тиеу машиналары және т.б.), тиеп-түсіру машиналары мен қондырғылардың көптеген түрлері және т.б.

га, т, дана



Өндірістік сервис қызметіндегі ауыл шаруашылық мекемелеріне көліктік-технологиялық қызмет көрсету жалпы құрылымдық үлгіде берілгендей қызмет көрсету аймағындағы өндірістік қызметтің барлық түрлері бойынша тапсырыстар түсуі мүмкін, яғни мелиоративтік жұмыстар, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылғының жұмыстарын, ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу бойынша және т.б. жұмыстарды қоса алғанда.

Қарастырылып отырған мәліметтерді шешудің әдістерін таңдау көліктік-технологиялық мекеменің өндірістік сервистік қызметіне келіп түсетін талаптардың ықтималдық ағымының сипатына байланысты. Көптеген зерттеулер бойынша талаптардың ағымы пуассондық таралу ретінде қарастырылады:

(6)


мұндағы:

- уақыт аралығы ішінде (сағат, ауысым, күн және т.б.) «К» талаптардың сервистік қызметіндегі түсу ықтималдығы;

- тапсырыстар немесе талаптар (1/сағ, 1/ауысым, 1/күн және т.б.) ағымының қарқындылығы немес орташа тығыздығы.

Агрегаттар жұмыс сипаты бойынша әртүрлі болғанымен олардың саны бірліктен бірнеше он шақтыға дейін үлкен диапазоны бойынша өзгереді, мұндай анықсыздау жағдайда міндеттер шешімдерінің ыңғайлылығы үшін барлық агрегаттарды өнімділіктің сәйкес жиынтығымен бір бүтін ретінде қарастырған дұрыс.


Мұндай үлгіде шартты бір каналдық күтпейтін жаппай қызмет көрсету жүйесі орын алады, жұмыстың принципиалды үлгісі 2-суретте көрсетілген.





2-сурет. Жаппай қызмет көрсетудің бір каналды күтпейтін шартты жұмысының принципиалды үлгісі


Ұтымдылық критерийі бір күтпейтін тапсырыстардың кетуіне және тапсырыстардың жоқтығына байланысты шартты агрегаттың тоқтап тұруынан жоғалған төменгі шығын болып табылады, яғни


(7)


мұндағы:

- шығындар сомасы, тг/сағ, тг/күн және т.б.;

- уақыт бірлігіндегі шығындар саны (қабылданбағандар), 1/сағ, 1/күн және т.б.;

- бір тапсырысты орындау кезіндегі ауыл шаруашылық мекемелеріне көліктік-технологиялық қызмет көрсету үшін пайданың орташа шамасы, тг;

- тапсырыстардың жоқтығынан шартты агрегаттардың тоқтап тұруларының орташа ықтималдылығы;

- уақыт бірлігіндегі шартты агрегаттың тоқтап тұруға кеткен шығындар және т.б.

Агрегаттардың белгілі типтік өлшемдер теңдігін мына түрде беруге болады:

(8)


мұндағы:

- агрегаттардың қажетті ұтымды саны;

- таңдалған бірліктегі бір агрегаттың өнімділігі.


Агрегаттардың қажетті ұтымдылық саны сол кезде мынаны құрайды:

(9)


Берілген жағдайда ұтымдылық критерийі мына түрде болады:


(10)


және шамалары қабылданбаған бірге қарастырылған көп каналды жаппай қызмет көрсету жүйесі үшін мына теңдікпен анықталады:


(11)


(12)


(13)

(14)


мұндағы:

- тапсырыстардың болмауынан барлық агрегаттардың тұрып қалу ықтималдығы;

- агрегаттардың тапсырысын орындаумен айналысатындардың саны;

- барлық каналдардың бос болмауының орташа ықтималдылығы.

Ауыл шаруашылық мекемелерінің көліктік-технологиялық сервистік өндірістік қызметін орындауға қабылданған тапсырыстар немесе талаптардың саны кезекте шектеледі, бұрын көрсетілгендей әртүрлі белгілерімен (жұмыстардың орындалу мерзімі, шектелген өндірістік алаңдар және т.б.) шамамен.


Мұндай жаппай қызмет көрсету жүйесінің принципті жұмыс үлгісі 3-суретте көрсетілген.




3-сурет. Кезектегі орындардың шектелген саны кезіндегі жаппай қызмет көрсету жұмысының принципті үлгісі


Ауыл шаруашылық мекемелеріне көліктік-технологиялық қызмет көрсету үшін негізгі экономикалық критерийінің ең төменгі мәні мынадай болады:


(15)


мұндағы:

- кезектегі тапсырыстарды орналастыру үшін үлкен емес орындардың саны;

- уақыт бірлігі үшін бір орынның пайдалану құны, тг/сағ, тг/күн.


Ауыл шаруашылық мекемесінің көліктік – технологиялық сервистік қызметі жағынан кезектегі тапсырыстарға қызмет көрсетуге қабылдауға қарсылық білдіру орын алады, егер барлық агрегаттар мен кезектегі барлық орындар бос емес болса, мұндай қарсылықтың ықтималдылығы жаппай қызмет көрсетудің (ЖҚК) жалпы әдістерімен төмендегі формула арқылы анықталады:

(16)


Тапсырыстардың болмауынан барлық агрегаттардың тұрып қалуының ықтималдығы бұл жағдайда мынаны құрайды:


(17)

Күтудегі тұрып қалған агрегаттардың орташа санын мынадай деп аламыз:

(18)



Бір егістіктен екіншісіне жүрулердің санын төменгі мәніне дейін жеткізу мәліметі жұмыс күйі шегіндегі топтағы агрегаттардың санын мына теңдікпен анықтайды:

(19)


мұндағы:

- бір егістіктің немесе алқап массивінің орташа көлемі, га;

- бір егістіктің немесе алқап массивін өңдеудің ұтымды күнтізбелік мерзімі немесе жіберілетін мерзім, күндер:

- ауысымдар уақытын пайдаланудың орташа коэффициенті;

- бір агрегаттың өнімділігі, га/сағ;

- аусымның нормативтік ұзақтығы, сағ;

- ауысым коэффициенті;

- ұйымдастыру және басқада шарттар бойынша агрегаттардың біршама жеткілікті саны.

Ауыл шаруашылығында көліктік жұмыстар көліктік және көлікті-өндірістік процестермен орындалады. Көліктік процестер тиеу, түсіру және тасымалдаудың операцияларынан тұрады. Ал көліктік-өндірістік процестер көліктік құралдардың ауыл шаруашылық машиналарымен (комбайн, шөп шапқыштармен және т.б) өзара әрекеттерін қосады, яғни олардың өндірістік операцияларға қатысуы егістік жерге тыңайтқыш енгізу, дақылдарды жинау, азықтарды тарату және т.б.

Ауыл шаруашылық мекемелерінде көліктік-технологиялық қызмет көрсету, диагностикалау және пайдалану барысындағы ақауларды жөндеуді қосқанда техникалық қызмет көрсету бойынша сервистік қызметін ұйымдастыру міндеті қарастырылады.


Ауыл шаруашылық мекемесінің көліктік-технологиялық қызметінің экономикалық-ұйымдастырушылық негіздемесі мынадай реттілікпен жүргізіледі:


  • ауыл шаруашылық өндірісінің жағдайын талдауға микроқұрылым, көлем, мерзім және арақашықтығын анықтау жатады;

  • ішкі шаруашылықты және шаруашылықтан тыс қызмет көрсетуде мекеменің ұйымдастыру негізін таңдау (мемлекеттік қор негізінде немесе ауыл шаруашылық кооперация негізінде);

  • көліктік-технологиялық қызметті нақты жағдайларда (егін оруға, бастыруға және т.б) ұйымдастыруға ортақ модель бекіту;

  • көліктік-технологиялық қызметтің ұйымдастырушылық-өндірістік құрылымын негіздеу және мекеме мен басқарма қызметінің техникалық-экономикалық параметрін есептеу;

  • басқару құрылымын таңдау және басқару аппаратының құрылымдық бөлімшелер функцияларын белгілеу;

  • экономикалық өзара қарым-қатынас жүйесін белгілеу және негіздеу;

- арнайыландырылған көліктік-технологиялық қызмет құрудың экономикалық тиімділігін бағалау.

Техникалық қызмет көрсету, диагностикалауды және ақауларын жою жұмыстарын рет-ретімен жүргізу, шаруашылықтан және жеке техника иелерінен түсетін ықтималды тапсырыстар ағымы сервистік қызмет көрсету жүйесінде екі фазалы жүйемен жүргізіледі. Бірінші фазадағы диагностикалауда да, екінші фазадағы техникалық қызмет көрсету мен ақауларды жоюда да кезекке тұрғандардың саны көбейіп жиналып қалуы мүмкін. Екі фазалы жаппай қызмет көрсету жүйесінің жұмыс істеуінің нақты сызбасы 4-суретте анық көрсетілген. Машиналарға қызмет көрсетуге түскен тапсырыстар ағымының орташа тығыздығы  және оларға қызмет көрсету үдемелілігі  екі фазада да өткен жағдайлардағыдай анықталады:

(20)


мұндағы:

 - сервистік қызметке келген машиналардың келу моменті арасындағы орташа аралық уақыт, с;

,  - 1-ші және 2-ші фазадағы бір қызмет көрсетудің орташа ұзақтығы, 1/с.





4-сурет. Жаппай қызмет көрсету жүйесінің екі фазалы жұмыс істеуінің нақты сызбасы


Тиімділік критерийін тапсырыс берушіге де ауыл шаруашылық мекемелеріне көліктік-технологиялық қызмет көрсетуде де экономикалық жағынан тиімді болуы тиіс. Ондай критерийге қызмет көрсетудегі машинаның тұруынан келетін төменгі шығыны жатады:


(21)


мұндағы:

 - бірінші (диагностикалау) және екінші (ТҚ) фазалар алдында қызмет көрсетіліп жатқан және кезекте күтіп тұрған машиналар саны;

 - тұрған машинаның бір сағатының (күнінің) орташа құны, тг;

 - бірінші және екінші фазада тұру ықтималдығы;

 - бірінші және екінші фазаға сәйкес тұрған бір сағаттық (күннің құны, тг/с);

Сонымен бірге диагностика және техникалық баптау бақылау бекеттерінде бір мезгілде тұру ықтималдығын  (81) формуласы бойынша тапсырыстардың болмауынан анықтауға болады.  мәндері техникалық баптау мен диагностиканың, сонымен бірге трактор маркалары мен күрделі ауыл шаруашылық машиналарының (астық жинайтын комбайндар, ТҚ-1 және ТҚ-2 көрсетілетін комбайндар типі) белгілі бір түріне арналған хронометражды және статистикалық мәліметтер бойынша анықталады.





5-сурет. Ауыл шаруашылық мекемелеріне көліктік-технологиялық қызмет көрсетуді ұйымдастырудың экономикалық нәтижесі



следующая страница >>