girniy.ru 1 ... 3 4 5 6

Қорытынды

«Бастауыш сынып қазақ тілі сабағында инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі» тақырыбында жазылған диплом жұмысы бойынша мынадай қорытындыға келеміз.

1. ХХІ ғасыр – жеке тұлғаны қалыптастыру, ізгілендіру, дамыту ғасыры. Мамандардың алдында тұрған бірден-бір мақсат - оқушылар алған білімдерін пайдаға асырып, оларды өз бетінше түрлі өмірлік жағдайда қолдана білетін, өмірге өзіндік көзқарасы бар азамат болып жетілуіне көмектесу.

2. Тіл маманы шеберлігінің негізгі көрсеткішінің бірі әдістеме саласындағы озық тәжірибені жетік меңгеріп, өз шығармашылығында пайдалану, сол арқылы келешек ұрпақтың еркін дамуына, белсенді болуына жағдай жасау.

3. Мұғалім сабақтың барлық кезеңдерінде деңгейлеп, саралап оқытуды ұйымдастырады. Сол арқылы деңгейлеп оқыту технологиясын іске асырады. Деңгейлеп оқыту идеясының авторы Н.П.Гузик үш деңгейге бөліп оқуды ұсынады: «А»- оқытудың міндетті жүйесіне сәйкес; «В» - қосымша жаттығулар көзделеді; «С» - оқу-әдістемелік әдебиеттерден тапсырмалар орындалады.

4. Жобалап оқыту технологиясының негізін салған Карл Фрей. Бұл технология бойынша белгілі бір тақырыпқа студенттерді қызықтырып, жоба құрып, жоспар бойынша ұжыммен жұмыс атқарылады. Бұл жұмыс алдын-ала дайындық жұмыстарының орындалуын талап етеді.

5. Модульдік оқыту технологиясында оқушы өзінше мақсатты жеке бағдарламамен оқитындай етіп оқу процесін өзгертеді, қайта құрады, яғни оқу модулі құрастырылады. Мұғалімнен тапсырма алған оқушы өз бетінше жұмыс атқарады, жоспарлауға, өз жұмысын бағалауға үйренеді.

Жанпейісованың модульдік технологиясы диалогтік негізде және 3 бөлімнен тұрады; 1) кіріспе бөлім (модульге ену); 2) диалог арқылы танымдық әрекет ұйымдастыру; 3) қорытынды (бақылау жұмыстары).

6. Дамыта оқыту технологиясының авторлары Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов. Олар дамыта оқыту деп оқыту мақсаттары, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды айтады. «Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы – жаңару процесі, жаңаның өмірге келіп, ескініңжоғалуы деген мағынаны білдіреді. Дамыта оқыту баланың белсенділігін ұйымдастырумен іске асады.


7. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына кіру міндеті, мектепке дейінгі немесе бастауыш сыныптардағы білім беру жүйесінің білім алушыларға бүгінгі күннің талабына сай сапалы білім беру мақсатын алға қоюда.

1997ж. Қазақстан Лиссабонда Білім беру конвенциясына қол қойды. Бұл Қазақстан Республикасының білімге қоятын талабы дүние жүзі елдерінің білім талабына сай болуы керек деген сөз.

8. Мемлекеттік тілді меңгерту жұмысы сабақтан тыс уақытта түрлі интеллектуалды ойын сабақтарында, конференция сабақтарда жалғасын табады. Жалпы жаңа технологиялық әдістер көп, оны әрбір маман ерекшеліктеріне, тақырып ыңғайына қарай өз бетінше шешеді және бұл жұмыс тіл мамандарынан алдын-ала дайындық пен асқан шеберлікті, ізденімпаздылықты талап етеді.


Пайдаланылған әдебиеттер

1. ҚР Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 7 ақпан, 2001ж.

2. Назарбаев Н. Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына. Егемен Қазақстан, 27 мамаыр, 2006ж.

3. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас: телориясы мен әдістемесі. Алматы, 2000ж.

4. Ысқақ Б. Тіл дамытудың ғылыми негіздері. Алматы, 1997ж.

5. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары, Алматы, 2000ж.

6. Выготский Л.С. Воображение и творчество в детском возрасте. Москва, 1987.

7. Занков Л.В. Избранные труды, Москва, 1990

8. Тәжібаев Т. жалпы психология, Алматы, 1998ж.

9. Қазақ тілі және әдебиеті№3,5, 2001ж.

10. Сарманов Е., Сапаров С. Оқытудың жаңа технологиялары, Шымкент, 2005ж.

11. Апатова Н.В. Информационные технологии в школьном образовании, Москва, 1994

12. Байзақ Ү. Оқытудың кредиттік технология жүйесі. Таным және тәрбие. №4, 2005

13. Адамбаева Ж. Орыс мектебінің 4-5 кластарында қазақ тілін оқыту, Алматы, 1984ж.

14. Карл Фрей. Жобалау әдісі. Бельц. 1977


15. Қазақ мақал-мәтелдері. Алматы, 1990

16. Мемлекеттік тілді оқытуда инновациялық технологияларды пайдалану. Семинар бағдарламасы. Шымкент, 2007ж.

17. Маманов Ы. Орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту. Алматы, 1977

18. Рахметова С. Тіл дамыту методикасының негіздері. Алматы, 1987

19. Ақбаева К. Оқу орыс тілінде жүретін мектептерді қазақ тілін оқытудың кейбір мәселелері. Алматы, 1997

20. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы, 1989

21. Мұқанов М. Педагогикалық психология очерктері, Алматы, 1962

22. Сеневко Т.К. Современные образовательные технологии. Москва, 1998

23. Эльконин Д.Б. Избранные психологические труды, Москва, 1989

24. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы, 1998

25. Ысқақ Б. Тіл мәдениетінің негіздері, Шымкент, 2000

26. Бекмұхамедова Х. Орыс тілін оқыту әдістемесі, Алматы, 1978

27. Ысқақ Б. Қазақ тілінен сыныптан тыс жұмыстар, Алматы, 2000

28. Байтанаева-Молдалиева Д., Оразбаева Э. Мемлекеттік тілді меңгертуде жүргізілетін сөздік минимум, Шымкент, 2003


Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ШИ

Сырттай оқу факультеті 45-15К

Тобының студенті Н.Лаханованың

«Бастауыш сынып қазақ тілі сабағында

инновациялық технологияларды

қолданудың тиімділігі» тақырыбында

жазылған диплом жұмысына


ПІКІР


Студент Н.Лаханова бүгінгі күні бастауыш сыныптарда білім беруші мамандарға аса қажетті тақырыпты қозғап, жаңа технологиялық әдістерді, олардың авторлары мен еңбектерін зерттеп, ортаға салған. Деңгейлеп оқыту, жобалап оқыту, модульдік оқыту, дамыта оқыту технологияларының мазмұнын ашып, мектепке дейінгі мекемелерде немесе мектепте бұл технологияларды әр маман өз ыңғайына қарай пайдалануына болатыны сөз болады.

Диплом жұмысында студент бастауыш сыныптарды оқытуда бүгінгі күні орын алып отырған мәселелерге толығырақ тоқталып, қазақ тілін бастауыш сыныптарда оқытудың тиімді әдіс – тәсілдері жайында ой толғайды. Қазақ тіліне үйрету оны дұрыс оқыту жұмыстары сабақтан тыс уақыттарда да жүргізілетін түрлі іс – шараларда жалғасын табуы қажет деп айта келіп студент тест тапсырмаларын пайдалану үлгісін ұсынады.


Қозғалған тақырып тіл мамандарына аса қажетті және диплом жұмысы қорғауға ұсынылады.


Ғылыми жетекшісі

п.ғ.д., профессор Г.Ғ. Еркебаева


Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ШИ

Сырттай оқу факультеті 45-15К

Тобының студенті Н.Лаханованың

«Бастауыш сынып қазақ тілі сабағында

инновациялық технологияларды

қолданудың тиімділігі» тақырыбында

жазылған диплом жұмысына


ПІКІР


Тіл маманы шеберлігінің негізгі көрсеткішінің бірі - әдістеме саласындағы озық тәжірибені жетік меңгеріп, келешек ұрпақтың еркін дамуына жағдай жасау екенін түсініп, оны игеруді өзіне мақсат еткен студент Н.Лаханова жаңа технологиялық әдістерді зерттеп, зерделеуде көптеген жұмыс жасаған.

Сонымен бірге бүгінгі күні бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытуда дамыта оқыту және осыған орай тест тапсырмаларын орынды пайдалануда ұсынады.

Білім беру жүйесінің басты міндеті – кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу керек екенін ескерсек, студент Н.Лаханованың диплом жұмысы бүгінгі күні әдістеме саласындағы өзекті мәселені қозғап отыр дейміз.

Диплом жұмысының материалдары оқытушы қауымға өте қажетті және ол қорғауға ұсынылады.


М.Сапарбаев атындағы

ОҚГУ профессоры, п.ғ.к. Қ.Молдабеков


1Зайцев О.С. Научные основы тестового контроля. М.1994г.

i


ii



<< предыдущая страница