girniy.ru 1 2 3 ... 5 6

1.2. Жобалап оқыту технологиясы

Жобалап оқыту технологиясының негізін салушы Карл Фрей. Ол жоюалау әдісі туралы былай дейді:1

- оқушылардан болсын немесе оқытушы тарапынан болсын практикалық маңызы бар бір жоба (проект) ұсынылуы тиіс.

- жобаға қатысушылар оқыту түрі, міндеттерді атқару туралы өзара келіседі;

- оқушылар алған білімдерін танымдық және практикалық міндеттерді шешуге пайдаланады. Жеткіліксіз білімді әртүрлі ақпарат көздерінен өз бетінше оқып үйренеді;

- ұжымда жұмыс істеп үйренеді;

- зерттеу біліктерін (проблеманы анықтау, ақпарат жинау, бақылау, тәжірибе жүргізу, талдау, жорамал жасау, қорытындылау) меңгереді;

- оқушылардың жүйелі ойлауы дамиды.

Жобалап оқыту технологиясының объектілері нақты өмірден алынған практикалық маңызы бар жобаға енуі тиіс. Осындай қолдануға мысал ретінде бір болуы ықтимал жоба келтірейік.

Жоба тақырыбы: «Көлкент көлі»

Зерттелетін тақырыпқа жақын оқу пәндері: экология, сызу, экономика, гоеграфия, әдебиет, информатика.

Жобаның мақсаты: Көлдің экономикалық жағдайын зерттеу.

Жобаның міндеттері:


  1. Оқушыларды өз бетінше ақпарат жинауға үйрету.

  2. Социологиялық сұраулар жүргізу.

  3. Экологиялық проблемаға талдау жасау.

  4. Экономикалық талдау жасау.

  5. Жоба тақырыбы бойынша балаларды жеке және өзгелермен бірлесе жұмыс істеуге үйрету.

Карл Фрей Жобалау әдісі, Бельц, 1977

1.3. Модульдік оқыту технологиясы


Модульдік оқыту технологиясында оқушы өзінше мақсатты жеке бағдарламамен (толық немесе бөлімдерімен) оқитындай етіп оқыту процесін өзгертеді, қайта құрады.1

Модульдік оқытудың өзегі – оқу модулі. Оқу модулі дегеніміз не екенін нақты анықтап алуымыз керек. Ол:
  1. ақпараттардың аяқталған блогынан;


  2. оқушы іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан;

  3. бағдарламаны табысты жүзеге асыру бойынша берілген мұғалімнің нұсқауларынан тұрады.

Модульдік оқыту - білім мазмұны. Білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқытудың әдісі мен тәсілдері бойынша өзге тәсілдерге қарағанда ерекшеліктері бар. Бұл технологияның өзгелерден ерекшелігі мынадай:

1. Оқу мазмұны қойылған мақсатқа сәйкес меңгерілетін жекеленген кешендер түрінде ұсынылады. Мақсат оқушы үшін қойылып онда оқылатын мазмұн көлемі мен меңгеру деңгейі анықталады.

2. Оқушы мұғалімнен жұмыс істеудің тиімді жолдары көрсетілген жазбаша нұсқау алады. Жазбаша нұсқаулар әрбір модуль үшін құрылады.

3. Мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынас түрі өзгереді. Ол ақыл беруші мен орындаушы арасындағы қатынас арқылы жүзеге асады.

4. Оқушы уақытының көбінде өз бетінше жұмыс атқарады. Ол мақсат қоюға, өзін жоспарлауға, өзін ұйымдастыруға және бағалауға үйренеді.

5. Модульдік оқытудың басты мақсаты оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту. Ол оқушының жүйелі түрде жүргізілетін белсенді іс-әрекетіне негізделген. Оқушының әркезде ғана емес жүйелі іс-әрекеті болғанда ғана білім мазмұны саналы меңгеріледі. Сондықтан


1 Сарманов Е., Сапаров С. Оқытудың жаңа технологиялары. Шымкент, 2005.

мұғалімнің дайындаған тапсырмалары оқушыларды оқу мақсатына бағыттайтын, жетелейтін болуы керек.

6. Мұғалім балалардың өзін-өзі бақылау және бағалау жүйесін құрып, сол арқылы рефлексивті оқу процесі жүруіне ықпал етуі тиіс.

7. Модульдік технология дамыта оқыту идеясын пайдаланады. Егер оқушы тапсырманы өзгелердің көмегін пайдаланып орындаса ол өзінің жақын даму аймағында деп есептеледі. Бұған баланың психикасы дамиды, ертең ол тапсырманы өзі орындаса оқушы актуальді даму аймағына енеді. Осылай жаңа деңгейде келесі цикл бастау алады.

8. Модульдік технология бағдарламалап оқыту идеясын да пайдаланады. Бағдарламалап оқытудың оқушының өз бетінше жұмыс істеуі, нәтижелерді салыстыру, өзін-өзі бақылау сияқты элементтері модуль әдісінде де қолданылады.



Мұғалім мен оқушының іс-әрекетінің жүйесі

1. Сыныптағы оқу мазмұнын модульдер жинағы түрінде құру. Әрбір модульдік бағдарламаға ат беріледі. Содан соң кешенді дидактикалық мақсат анықталады, онда алған білімнің оқушының дамуына, білімі мен біліктілігіне әсері көрсетіледі.

2. Әр блоктағы міндетті оқу көлеміне сәйкес келетін негізгі мазмұн, бағытты анықтау.

3. Анықталған әрбір модуль үшін үш деңгейдегі дидактикалық мақсат анықталады, сөйтіп модульдер жүйесі қалыптасады.

4. Әр оқушының мүмкіндіктеріне, бейіміне қарай технологиялық карта жасалады. Онда пәнаралық байланыс, қиын меңгерілетін тақырыптар және оқушының қиындықты жеңу жолдары көрсетіледі.

5. Оқушылардың дайындығын анықтайтын алдыңғы бақылау тапсырмалары беріледі.

6. Оқу элементтері құрылады. Оқу элементтеріне мақсат қою, оқушылардың іс-әрекет алгоритмі, білім мен дағдыны меңгеру деңгейін анықтайтын бақылау және түзету тапсырмалары кіреді.

7. Оқу және дидактикалық материалдар жеңіл, түсінікті, нақты, мәнерлі, диалогты түрде түсіндіріледі.

8. Тапсырмалардың орындалу барысын қорытындылайтын модуль элементі резюме толтырылады. Соңғы бақылау тапсырмалары құрылады, ол модуль мазмұнын меңгеру деңгейін анықтайды.


Модульді құрастырудың қадамдары

Оқушылардың білімді меңгеру процесін бақылау және басқару үшін кері байланыстың маңызы үлкен. Сондықтан ағымдағы және аралық бақылауларды уақытылы жүргізіп отыру керек. Модуль құрылымы сабақтың типіне сәйкес болады.

Сыныптағы курс көлеміне кешенді дидактикалық (КДМ), ал моудль көлемінде кіріктірілген, интеграциялық (КИДМ) мақсат, ал сабақ үшін жеке дидактикалық мақсат (ЖДМ) қойылады. Модуль құрудың қадамдары мынадай:


        1. Модульдің кіріктірілген мақсатын анықтау.

        2. Сабақтың типіне қарай оқу элементтеріне бөлу.
        3. Әрбір оқу элементтерінің мақсатын анықтау.


        4. Әрбір оқу элементтерінің мазмұнын анықтау.

        5. Оқушыларға берілетін кеңестер мен нұсқауларды анықтау.

Оқу элементтерін былай құру керек.

Оқу элементтері №

Тапсырмаларда көрсетілген оқу материалдары

Мұғалім кеңесі




























Оқушыларға арналған тапсырмаларға қойылатын талаптар: мазмұны мен танымдық дейгейі сараланған, проблеманы қойып, оны шешуге бағытталған, білімді игеру механизмін көрсететін және қайталау материалын қосатын (таблица, құрастыру, салыстырмалы мінездеме беру) болуы тиіс және ол модуль мақсатымен кіріктіріледі. Оқушының іс-әрекеті оның жақын даму аймағынан өтеді де, баланың өзін-өзі басқаруына бағыттайды, қарым-қатынас дағдысын қалыптастырады, уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, әр сабақта оқушының рефлексивті қабілетін жүзеге асырады.

Атап айтатын жағдай сол: мұғалімнің іс-әрекеті түбегейлі өзгереді. Оның негізгі мақсаты – модульдік бағдарламаны, модульдерді құру. Сабақта ол ұйымдастырады, үйлестіреді, кеңес береді, бақылайды, модульдік оқытудың мүмкіндіктерін пайдалана отырып оқытуды рефлексивті жүйеге түсіреді.

Бір блокты меңгеруде мұғалім жұмысын келтірейік.

  1. Балаларды оқу мақсатымен таныстыру.
  2. Сыныпты берілген тарау бойынша жоспармен таныстыру.


  3. Мұғалімнің материалды көбіне баяндау түрінде оқыту.

  4. Диагностикалық тест бойынша ағымдағы тексеруді өткізу.

  5. Тексеру бойынша тарауды толық меңгерген оқушыларды анықтау.

  6. Тарауды толық меңгермеген оқушылармен «түзету» оқуларын жүргізу.

  7. Диагоностикалық тест жүргізіп «түзету» нәтижесін тексеру.

Модульдік оқыту технологиясында мынадай қиындықтар болуы мүмкін:

  • оқушылардың өз бетінше оқуға дайындық деңгейі төмен болуы мүмкін;

  • уақыт тапшылығы туындап берілген уақытта материалды оқып үйренуге оқушылар үлгермеуі мүмкін.

Қолданылатын терминдер:

«Модуль» - бір жүйенің ажыратылатын, өзінше дербес бөлігі, Джон Локк: «рефлекция дегеніміз ақылдың өз әрекетіне бақылау жасауы» - деген анықтама берген.

М.Жанпейісова ұсынған Ақтөбе облысында сыналған педагогикалық технологияның мазмұны төмендегідей:

1. Жалпы оқу мақсатын қою.

2. Жалпы тұжырымдалған мақсатты анықтау.

3. Оқушылардың білім деңгейін алын ала анықтау.

4. Жедел кері әсер негізінде оқыту үдерісіне түзетулер енгізу.

5. Нәтижені бағалау.

Осындай құрылыстағы блоктардан тұратын оқу процесі модульдік сипат алады. Алдыңғы жалпы модульдік оқу технологиясынан М.Жанпейісова нұсқасының ерекшелігі сол, мұнда балаларды оқуға ұмтылдыру емес, жеке танымдық әркеттерін ұйымдастыру, оқу поцесіне диалогтық қатынас негезінде құру көзделген. Мысалы, бір блокты меңгеруде мұғалімнің жұмысы мынадай болады:

  1. Балаларды оқу мақсатымен таныстыру.

  2. Мазмұны жағынан маңызды тақырыппен және тарау бойынша құрылған блоктармен оқушыларды таныстыру.

  3. Мұғалім сызба, кесте қолдана отырып матариалды қысқаша баяндайды. Оқушыларды зерттеуге іздеуге жетелейді.
  4. Диалогтық қарым-қатынас негезінде оқушылардың танымтық іс-әрекетін ұйымдастыру. Оқушылардың іс-әрекет нітижесін бағалау.


  5. Оқу материалына бірнеше рет орала отырып тарауды аяқтау. Өтілген тарау бойынша тестілеу жүргізу.

  6. Үш деңгейлік жүйемен дайындалған билеттер бойынша зачет, бақылау жұмысы, сын жұмысын өткізу.

Модульді үш бөлімнен тұрады деп қарастыруға болады.

  1. Кіріспе бөлімі (модульге, тақырыпқа ену)

  2. Диалог, сұқбат арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру бөлімі.

  3. Қорытында бөлім (бақылау жұмыстары)

Әр модульдегі сағаттар саны әртүрлі. Бұл бағдарлама бойынша тарауға бөлінген сағат санына байланысты.

М.Жанпейісова жүргізген зерттеулер 7-12 сағаттан тұратын оқу модулі өте тиімді екендігін көрсетті. Кіріспе бөлімге 1-2 сабақ, қорытынды бөлімге 2-3 сабақ, қалғаны түгелдей сұқбат бөліміне беріледі. Бұл әрбір оқушының білімді меңгеру, дайындық деңгейіне қарай оқу материалын үш деңгейде қарастыру қажеттігінен туындаған.

Мысалы мұғалім 9 сағатқа арнап оқу модулін құрса, 1 сағат – кіріспе бөліміне, 2 сағат – қорытынды бөліміне, 6 сағат – сұқбат бөліміне бөлінеді. Осы сұқбат бөлімінде сыныптағы 4-7 баладан тұратын топтарға бөліп, олардың өзара әрекетін ұйымдастыру керек. Мұғалім бұл жерде ынталандырушы рөлінде болады.

Мұғалымнің алдын ала дайындық жұмыстары келесі түрде болады:

1. Тарау немесе блок бойынша меңгерілуі тиіс білім, білік, дағдыны анықтау. Модульдегі негізгі ұғымды бөліп көрсету.

2. Тақырып бойынша тірек-сызбаларды салу.

3. Тексеру бөлімі үшін оқу модулінің бүкіл мазмұны бойынша 15-20 тапсырмадан тұратын тест құрастыру. Зачет немесе бақылау жұмысы үшін модуль бойынша сұрақтар мн тапсырмалар блогын құрастыру.

4. Диалогтық сұқбат бөлімі 3 деңгейдегі өз бетінше жұмысқа арналған тапсырмаларды бүкіл сынып үшін дайындау.


Модульдің әр бөлімінде пайдаланатын әдістемелер

1. Кіріспе бөлімінде Л.Фридман келесі іс-әрекеттерді ұсынады:


1. Проблемалық ситуация тудыру.

2. Негізгі оқу міндетін анықтау.

3. Өзін-өзі бақылау және бағалау.

4. Жұмыс жоспарын жасау және талқылау.

2. Диалогтық, сұқбат бөлімі.

Бұл бөлімде сабақтарды өткізудің әртүрлі түрлері қолданылады. Оқытылатын оқу материалының мазмұнына қарай жеңіл деңгейдегі тапсырмалар, орта деңгейдегі және қиын деңгейдегі зерттеу элементтері бар барынша күрделенген тапсырмаларды әр оқушы үшін алдын ала дайындап қою керек.

Көтерілген мәселе бойынша пікір алмасуды ұйымдастыру педагогикалық тәжірибеде кеңінен белгілі. Мысалы «Дөңгелек стол», «Форум», «Симпозиум», «Британдық дебат», «Аквариум техникасы» сияқты көптеген пікір алмасулар белгілі. Мұғалім пікірталастың өзі қалған кез келген түрін алады.

3. Оқу модулінің қорытынды бөлімі. Оқу модулінің қорытынды бөлімінде бірінші міндетте тест, екінші мұғалімнің қалауы бойынша бақылау жұмысы алынады.


Оқушылардың оқу білігі

Оқыту жалпы табиғаты жағынан және оны ұйымдастыру ерекшеліктері жағынан алып қарағанда күрделі процесс, Психологтар қолайлы жағдай жасалған кезде баланың оқуға деген қабілеті жақсы дамитындығын атап көрсетіп, мұғалім оқушығы осындай жағдай жасауы тиіс деп көрсетеді.

Әрбір оқушының оқу білігі (дағдысы) – оның оқу тәсілі деп есептеуімізге болады. Осы біліктердің бастылары:

1. Оқушылардың өзін-өзі ұйымдастыруы.

2. Оқу-интеллеутуалды немесе логикалық білік.

3. Оқу ақпараттық білік

4. Оқу коммуникативтік білік.


Жаңа технологияларды игеру

Жаңа технологияларды үйрену кезінде көптеген міндеттер шешіледі. Мысалы, педагогика мен дидактиканың кейбір мәселелері жаңа аспектіде қаралады, мұғалімдер жаңа технология туралы жаңа білім алады, технологияны практикада қолданып үйренеді. Ол үшін:

1. Мұғалімнің жаңа технологияларға бет бұруы, ынта қоюы.


2. Қолда бар технологиялық ресурстарға талдау жасалуы.

3. Өз іс-әрекеттерінр жоспарлауы, тиімді ұйымдастыруы және оған талдау жасап отыруы.

4. Жұмысын белгілі технологиялардың біріне бейімдеуі керек.


1.4 Дамыта оқыту технологиясы

Дамыта оқыту технологиясының авторлары белгілі ғалымдар Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов. Олар дамыта оқыту деп «оқыту мақсат-міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқыту»1- деп атайды.

Ал адам ұғымының психологиялық анықтамасы – жаңару процесс жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны білдіреді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі даилектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады. Ғалымдардың зерттеулері баланың даму процесіне үш түрлі күш пен үш түрлі фактордың қатысатындығын дәлелдейді.

1. Биологиялық фактор. Бұл ата-анадан ауысқан, туа біткен және өмір сүру барысында қабылданған дененің барлық мүшелерінің, оның барлық жүйелі құбылысының ерекшелігін білдіретін, бала организмінің ортамен қарым-қатынасының нәтижесі.

2. Әлеуметтік фактор. Бала өмір сүретін орта, ең алдымен адамдардың ортасы. Бқл сондай-ақ баламен қарым-қатынас жасайтын адамдардың сипаттары, мінез-құлық және ақыл-ой бейнелері, олардың мүдделері мен пікірлері, істері мен сөздері, талаптары мен дағдылары, ұмтылыстары, яғни бала өсіп дамитын рухани орта.

3. Баланың өз белсенділігі. Даму процесіне әсер ететін бұл үшінші күш болып саналады.

Оқитын пән қандай да жаңа, бағалы болмасы, мұғалімнің шеберлігі қаншама жоғары болмасы, егер мұғалім баланың өз белсенділігін туғыза алмаса, оған ұсынылған іс пен еңбекте баланың әрекетке қатынасуы әрекет күткеннен нәтиже бермейді. Баланың организмі дамуы мен жеке басы ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады.

Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар. Ғалымдар алғаш рет бала дамуының екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынады.


1. Бала дауының жақын аймағы – баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері.

2. Бала дамуының қол жеткен аймағы – баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері.

Дамыта оқытудың В.В.Давыдов жасаған жүйесінің көздеген мақсаттарына жету тек баланың белсенділігіне байланысты. Осыған орай, бұл жүйенің әдіс-тәсілдері де оқушының белсенділігін ұйымдастыруыды, талдап, көмектесіп отыруды көздейді. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсу керек. Содан барып, оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мынадай жағдайда үш құрамдас бөліктерден тұратын болады:

1. Оқу мақсаттарының қойылуы.

2. Оны шешудің жолдарын бірлесе қарастыру.

3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Бұл үшеуі – дамыта оқытудың В.В.Давыдов жасаған жүйесінің негізгі

1 Эльконин Д.Б. Избранные психологические труды. Москва, 1989. Давыдов В.В. Проблемы развивающеге изучения, Москва, 1986


компоненттері. Мақсатты шешу іштей талқылау, сонан соң жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ретінде. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйренеді. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес, дегенмен, әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылап үйренеді.

Дамыта оқыту деп ол баланың білім алуға әрекет етуін ұйымдастыратын оқытуды атаған. Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді деген қағиданы негізге алады. Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту – сабақтардағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім – бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз. Дамыта оқыту технологиясын барлап қарасақ, ең алдымен нені дамыту керек деген сұрақтарға жауап іздестіреді. Әрине, ол оқушының:


  1. сезім түйсігін;

  2. қабылдауын, тұтынуын, ынтасын;

  3. зейінін, есте ұстауын;

  4. ұғынуын;

  5. ойлау, қиялдау, болжау қабілетін;

  6. ерік-қайратын;

  7. оқу іс-әрекеттерін, дағды – машықтарын;

  8. жауапкершілігін, дербестігін, өз бетінше ізденісін (жеке адам қасиеттерін).

Дамыта оқыту жүйесінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жаңа қағидаларға негізделеді. Олар – ынтымақтастық өзара сыйластық, түсіністік сияқты қасиеттер. Бұл технологияның маңызды тағы бір ерекшелігі – сынып оқушыларын жақсы, жаман оқушылар деп бөлмей, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызуды мақсат тұтуы. Нашар оқушының да өз шамасы келгенше, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылған. Сол арқылы да ол өзін мүмкін дәрежеге дейін дамыта алады. Бұл жолда оның қателесуі, жаңылуы әбден мүмкін. Тек мұғалім тарапынан көрсетілген сабырлылық байсалдылық оның өз күшіне деген сенімін арттырып, алға жетелейді деп есептелінеді.

Оқушы дамуныың негізі болып табылатын әрекет, оқу әрекеті әрбір сабақтың өзегі деп түсіну керек. Сабақтың әрекет теориясына сәйкес ұйымдастырылуы – баланың жеке басын дамытудың басты кепілі. Ол үшін мұғалім мына қағидаларды есінде ұстауы қажет. Баланың бойындағы құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай, оның алға жылжуға деген табиғи талап-тілектерін, сұраныс пен мұқтаждарын ескеру, шығармашылығын жетілдіру, өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру. Мұғалім бала бойындағы жаратушылық сапалардың болатындығын мойындауы, әрі қарай дамытуы керек.

Дамыта оқытумен дәстүрлі оқыту жүйесінің айырмашылықтары, ерекшеліктері мен өзгешеліктеріне тоқталсақ. Дәстүрлі сабақтарда мұғалімнің міндеттері, атқарар істері де ұшан-теңіз. Ол тыңдайды, сұрақ қояды, жазады, түсіндіреді, көрсетеді, тексереді, бағалайды. Оған оқушылар кедергі келтірмей, тып-тыныш отырып тыңдау керек. Дамыта оқыту жүйесінде оқу мақсатын шешу кезінде, яғни мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің негізінде жүзеге асады. Демек, мұғалім мәселе қояды, ойлаудың жолдарын ашады, әрекеттің барысында бағдар береді, жетелейді. Яғни оқушы белсенді субъектіге айналады да, ал мұғалім көмек беруші, ұйымдастырушы, бағыт беруші деңгейде болады. Дәстүрлі оқытуда балаға білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделеді. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға үйретсе, дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді.


Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің айырмашылықтары.1

Жеке тұлғаны қалыптастыру оқушының өзі арқылы, оның іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы ойлау дағдыларын дамыта отырып жүзеге асырылады. Сабақта дамыта оқыту технологиясы жиі пайдаланудың тиімді жағы оқушылардың ақыл-ойы мен өзіндік тұжырымы арқылы жаңа тақырыпты саналы түрде меңгеру дағдыларын қалыптастырады. Білімді меңгеру осы жүйенің әр сатысында дами түседі.

Әрбір ұстаз өз Отанын шексіз сүйетін, білімді, іскер, ажамгершілігі мол, парасатты, мәдениетті жан-жақты жетілген ұрпақ дайындауға міндетті. Яғни, сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану, оқушылардың жеке басын құрметтей отырып, білім беру – қазіргі оқытудың негізгі талабы. Өйткені оқушылардың бәрінің ойлау қабілеті бірдей емес. Сондықтан бұл мәселеге психологиялық тұрғыдан қарап, педагогикалық әрекет, әдістемелік шеберлікпен келу керек.

Қазіргі таңда оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынас өз дәрежесінде көрінбей келеді. Оқушыларды құрметтеу, олардың жеке басын сүйіспеншілікпен қарау, сөйлесу, пікір алысу, ойын білу, оқушы қабілетін мөлшерлеу, білімге ынталандыру, белсенділігін арттыру, оқушы білімін әділ бағалау сияқты толып жатқан мәселелерге мән берілуі керек. Бұл оқыту жүйесінің жас ұрпақтың оқуға деген ынтасы мен білім алуға қызығушылығын арттыру, әділ бағалау, әр істі ақылдасу оқытушының беделін арттырады.

1 Тұрғанбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары, Алматы, 2000ж

ІІ тарау. Бастауыш сыныптарда жаңа технологиялық әдістерді пайдалану



<< предыдущая страница   следующая страница >>