girniy.ru 1
УДК 615.322(075.8) 


ДАЛА ҚЫРЫҚБУЫН ШӨБІНЕН, ҚАЛАҚАЙДАН СҰЙЫҚ ЭКСТРАКТ ДАЙЫНДАП, ОНЫҢ ПИЛОТРОПТЫҚ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ.

С.Е. Келімханова, Л.Г. Сатаева, А.С. Ибраимова, М.К. Койлыбаева

С.Ж. АсфендияроватындағыҚазақұлттық медицина университеті 

Мақалада алопецияның (шаштыңтүсуінің) алдыналу мен емдеумәселесібойынша, синтетикалық дәрілік препараттарда нбөлек тиімді және қауіпсіз болатын дәрілік өсімдік шикізатынан алынатын дәрілік препараттар қолдану туралы баяндалған. Осыған орай, шаштың өсуіне септесетін дала қырықбуын шөбінің сұйық экстрактысының пилотроптық қасиеттері зерттеліп көрсетілген.

Түйіндісөздер:дәрілікөсімдікшикізаттары, алопеция, силатран, пилотропты белсенділік.

 Тақырыптың өзектілігі: Заманауи фармацияның негізгі міндеттерінің бірі – өсімдіктекті жаңа дәрілік заттарқатарын көбейту. Дерматологиялық ауруларды емдеуде гормондармен, антибиотиктер мен және синтетикалық өнімдермен қатар, қазіргі таңда фармакологиялық әсерету спектрі кең, токсикалық әсері төмен және жанама әсерсі зұзақ әсерету мүмкіндігіне ие дәрілік өсімдік шикізатынан алынатын дәрілік препараттар кең қолданыс табуда. Қазіргі замаңғы дерматология мен косметологияда – алопецияның (шаштыңтүсуі) профилактикасы мен емдеу мәселесі негізгі орында тұр. Шаштыңтүсуі – адамдар да психикалық бұзылыстар уайым–қайғыны шақыруы мүмкін косметикалық кемшіліктерге жатады. Қазіргі таңда аталған ауруды емдеуде әр түрлі синтетикалық кремний органикалық қосылыстар – силантрандар қолданылады, бірақ олар көптеген жанама әсерлерге ие. Дәрілік өсімдіктердің әр түрлі топтарын зерттей келе, құрамында кремнийдің, флаваноидтардың, микроэлементтердің және дәрумендердің мөлшері жоғары болатын дәрілік өсімдіктер қатарынан зерттеу объектісіне – дала қырықбуын шөбі мен қосүйлі қалақай жапырағына таңдау жасадық.

Зерттеу жұмысының мақсаты – дала қырықбуын шөбі мен қосүйлі қалақай жапырағынан сұйық экстракт дайындап, оның пилотроптық қасиеттерін зерттеу. Қырықбуын – Equisetaceae тұқымдастығына жататын көпжылдық өсімдік. Дала қырықбуын экстрактысының емдік қасиеті құрамында болатын органикалық қосылыстармен байланысқан кремний қышқылына, калий, алюминий, марганец, сапониндерге, алкалоидтарға, фитостериндерге, органикалық қышқылдарға, флаваноидтар мен ілеспелі заттарға негізделген. Дала қырықбуыны құрамындағы кремнийдің мөлшеріне сәйкес басқа дәрілік өсімдік топтарынан алғы орында тұр.Құрғақ затында 9%, күлінде 80 % дейін кремнезем кездеседі. Олар органикалық қосылыстармен байланысқан кремний қышқылының еріген түрінде болады. Өсімдік өскен сайын, олардың да мөлшері көбейеді. Сондай-ақ, аталған өсімдіктің құрамынан  кремнийдің бейорганикалық қосылыстарын органикалық түрге айналдыратын силиказа ферменті табылған. Экстрактыдағы кремнезем әйелдер мен еркектердің шаштарының түсуін баяулатып қана коймай, жаңа шаш фолликулаларының өсуін ынталандырады. Қанайналымын жақсартып, шаш фолликулаларын нәрлендіріп, шаштың өсуіне септеседі. Дала қырықбуын шөбінің құрамында еріген кремний қышқылының көпмөлшер де болуы, негізгі пилотроптық зат ретінде басқа өсімдік объектілерімен қатар қолдануға болады.


Зерттеу бөлімі: дала қырықбуыны шөбі мен қосүйлі қалақай жапырағынан сұйық экстрактыны алу. Сұйық экстрактыны алу әдістемесі бойынша дала қырықбуыны шөбі мен қосүйлі қалақай жапырағының технологиялық сапа көрсеткіштерін анықтап алдық. Суды жұту коэффициенті: дала қырықбуыны шөбі – Кп= 3,0 см3/г, қосүйлі қалақай жапырағы-Кп=1,8 см3/г. Экстрагент ретінде 40% этил спиртінің сулы ерітіндісін қолдандық. Экстрактыны мацерация әдісімен 1:1 қатынасында алдық. Тұндыру уақыты 8 (16) сағат.  Шикізат салмағына сәйкес бірінші порцияны, яғни 85% бөлек сыйымдылыққа құйып алып, шикізаттың толық таусылуы болғанша перколяция процесін жүргіздік. Жұмсалған шикізат салмағының қатынасына қарай 5-8 рет көп әлсіз сығынды алдық. Алынған әлсіз сығындыларды t=60-800C температурада 15%-ға дейін бастапқы да жұмсалған шикізат салмағының қатынасына қарай буландырдық. Суығаннан кейін қою қалдықты сығындының бірінші порциясында еріттік. Осындай жолмен шикізатқа 1:1 қатынасында сұйық экстрактыны алдық. Алынған экстрактының сапасын экстракттарға арналған МФ ХІ бойынша анықтадық:

 Экстрактының пилотроптық белсенділігін зерттеу үшін, Волков В.П. жұмысында сипатталған әдістемені қолдандық. Экстрактының пилотроптық белсенділігін жануарларда зерттедік. Зерттеуді теріқабаты зақымдалмаған 4 теңіз шошқасына жүргіздік. Жануарлар екі топқа бөлінеді. 1-ші топ зерттеу тобы, ал 2-ші топ бақылау тобы. Жануарлардың барлық топтары бірдей жағдайда сақталды және тағамдану рационында да ешқандай айырмашылық болмады. Жануарлардың бүйірлік бөлігінен 1см2 аумақта жүндері кесіліп алынды. Сұйық экстрактты 1:2 қатынасында сумен араластырдық. Бірінші топқа экстракт, екінші топқа 20% спирт енгізілді, әр қайсысы 6 мл/кг. Препарат дозасын жануар салмағына сай анықтадық. Барлық препараттар ішке, 1 ай көлемінде берілді.


 Қорытынды: Зерттеу нәтижесінде дала қырықбуынының экстрактысын қолданғанда жүнінің көлемі 40% ұлғайды, сонымен қатар шаштардың саны да көбейді. Қорытындылай келе дала қырықбуыны шөбін сұйық экстракт ретінде келешегі зор пилотропты зат ретінде санауға болады.

 Зерттелетіндәрілікпрепарат

Жүнніңмассасы, мг

Жүнніңұзындығы, см

1см2 шаштарының саны

Жүн-нің көбею, %

Зерттеу-ге дейін

Зерттеу-ден кейін

Зерттеу-ге дейін

Зерттеу-ден кейін

Зерттеу-ге дейін

Зерттеу-ден кейін

Сұйық дала қырықбуыны

ның экстракты

0,2

1,01

1,5

1,5

433+11,5

589+12,0

40,0

20% этил спирті

0,19

0,21

1,8

1,9

450+10,8

461+11,2

4,3

 Әдебиеттер
тізімі

1.       Технология лекарственных форм ІІ том, автор Л.А. Иванов, Москва 1991, 364бет;


2.       Куркин В.А. Фармакогнозия: Учебник для студентов фармацевтических вузов. – Самара: ООО «Офорт», ГОУВПО «СамГМУ», 2004. – 1200 с.

3.       Государственная Фармакопея СССР XI издания. – М.: Медицина, 1987. – Вып. 1. – 336 с.

4.       Государственная Фармакопея СССР XI издания. – М.: Медицина, 1989. – Вып.2 – 400 с.

5.       Лекарственное сырье растительного и животного происхождения. Фармакогнозия: учеб.пособие/ Под. ред. Г.П. Яковлева. – СПб.: СпецЛит, 2006. – 845 с.

6.       Фармакогнозия. Атлас: Учебное пособие / Под ред. проф. Н.И.Гринкевич.  Е.Я.Ладыгиной. – М.: Медицина, 1989 – 512с.