girniy.ru 1
Санатова Айгул Мұхитовна


Биология пәнінің мұғалімі

Ә.Жангелдин атындағы орта мектеп

Атырау қаласы


«Биология сабағында оқушының танымдық қабілетін арттыруда жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігі» баяндама


«Таным бастамасы сезімнен,

бала сезіне білмесе, оның

ой-өрісінде ешқандай

өзгеріс болмайды.»

Я.А.Коменский


Білім беру және оқыту теориясының әдіснамалық негізгі таным теориясы, оқушы тұлғасын жан-жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы ілім болып табылады. Бұл теория білім беру және оқытуды арнайы ұйымдастырылатын іс-әрекет ретінде қарастырылады. Білім беру және оқыту теориясының оқушыларды оқыту мәселесіндегі тараптарының бірі-танымдық белсенділік пен саналылық. Бұл талаптың орындалуы оқушылардың оқу материалын түсінуге, өткенді жаңамен байланыстыруға, негізгісі мен қосымшасын анықтауға, алған білімдерін тәжірибе де пайдалануға, өз пікірлерінде сүйенуге ұмтылысынан көрінеді. Білімді саналы меңгеру өз бетімен жаңа білім алуға мүмкіндік беретін ақыл-ой еңбегінің өзіндік тәсілдерін игермейінше іске аспайды. Оқушылардың белсенділік танымдық іс-әрекетінің көздейтін мүлдесі-білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызымет ету қарқынын үдету қажеттігі негізінде дамиды. Белсенділіктің ең жоғарғы көрнісі оқушылардың алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі болып табылады. Осыдан келіп, оқыту барысында оқушылардың іс-әрекетінде танымдық белсенділікті қалыптастыру талабы туындайды.

Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларды танымдық белсенділік қалыптасады. Танымдық белсенділік-оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықыласының, құштарлығының ерекше көрнісі. Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған жаңа материялын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейту үшін өздігінен кітап оқып, бақылау тәжірибе жасау сияқты жұмыстар жасауы қажет. Өйткені өтілген материялды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни оқушының белсенділігін оқу үрдісінің барлық кезеңінде орын алу қажет. Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса, оқушылардың ақыл-ой қабілеттерінің мынадай элементері дамиды: зеректілік, байқағыштық, ойлау және сөйлеу дербестігі т.б. оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту және қалыптастыру мәселесіне зеріттеушілер, педагогтардың, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Биология пәнінде жетілдірілген бағдарламасы әр ұстаздан оқу мен тәрбие бірлігін қамтамасыз ету арқылы оқушылардың икемділігін, дағдыларын қалыптастыруды, бірлесе ойлау әрекетін игеруге жеткізетін дамыта оқытудың әдіс –амалдарын меңгеруді, пәнаралық байланысты іске асыруды, оқыту ісін оптималдандыру идияларын практикаға еңгізуді талап етеді. Соған сай, сабақта оқушыларды терең де тиянақты білімдер мен қаруландырып, шығармашылық қабілетін қалаптастырып дамытуға жетелеуіміз керек. Бұл мұғалімдер алдына білімдік және тәрбиелік міндеттен басқа оқушыларды оқу еңбегіне қызықтыру, олардың өз білімін дербес толықтыру дағдыларын дамыту мақсатын оятады. Оларды мектеп өміріндегі оқу- тәрбие ісіне қатысты барлық нәрсе ойландырады: ұстаз мәдениеті, білігі, білім сапасы шәкірттер мен оқушылардың достық, адамгершілік қарым-қатынастары-бәрі мазалайды. Әр ұстаз шығармашылықпен еңбек ету керек. Іздену, жаңалыққа ұмытылу-бүгінгі күннің талабы. Қайта құру өзімізден, өзіміздің іс-тәжірбемізді молайтудан басталады. Ұстаз оқу мен тәрбие жұмысын ұштастыра, байланыстыра жүргізу қажет. Оқу –тәрбие жұмысы ұстаздан білімділікті, шеберлікті талап етеді. Білімді ұстаз ғана өз оқушысының алдында беделге ие болады. Мұғалім өз оқушыларының пікірімен санасып, бірімен-бірі өзара достық қарым-қатынаста болса, оқу тәрбие жұмысының да алға басатыны даусыз. Қазір мұғалімдердің сабақ берумен ғана шектелмей, білім және тәрбие жұмысын бірге жүзеге асыру талап етіледі. Мұғалімнің сабағы өмірімен байланысты әрі білімдік, әрі тәрбиелік мақсатқа сай болу керек. Сонымен қатар оқушы да өзін-өзі басқару дәрежесінде болу керек. Ұстаз берген білімді , тәрбиені дұрыс қабылдау, көркем әдеби кітаптарды көп оқу, пәндік үйірме жұмыстарына, әдеби-драмалық, көркемөнерпаздар үйірмесіне белсене қатысу-оқушы білімі мен тәрбиесінің жоғары болуына елеулі әсер етеді. Жарқын, бақытты өмір сүру үшін жастарымыз білімді, саналы азаматтар болып қалыптасуы керек. Бұл-ұстаздарға, барлық жұртшылыққа жүктелетін ауыр да абыройлы іс. Еліміздің білімді, саналы азаматтарын тәрбиелеп шығарудан артық ұстаз үшін бақыт болмаса керек. Ол үшін жалықпай жаңа инновациялық технологияларды өз жұмысымызға пайдаланып, сонымен қатар оқушыларды мадақтап ынталандырып отырған орынды. Баланың қиялын дамыта отырып, ойын дамытамыз. Ойы дамыған шәкіртіміздің танымдық қызығушылығы арта отырып, шығармашылық деңгейге көтеріледі.


Әр оқушының қабілеті мен таланты өз-өзіне сенімін нығайтуға жол ашу бүгінгі білім беру саласының алтын дінгегі-ұстаз. Ұстаз міндеті білім берумен шектелмей, әр шәкірттің интелектуалдық даму деңгейін тани білу қажеттілігі туындауда. Сондықтанда да ұлттық байлықты білім берудегі озық ұстанымдармен байланыстыра отырып, әр баланың қабілетін ашу, өзіне-өзінің сенімін нығайтып, жол ашуына түрткі жасау-біздің, ұстаздар қауымының міндеті, менің алдымдағы сәулелі мұратым өз пәнімнен білім беріп қана қоймай, әр баланы шығармашылық түлғаға жетелеуге тырысу. «Әлемнің тізгіні- білімдінің қолында» демекші, баланың өзіне деген сенімін туғызып, өз бетімен білім алуға, ізденуге деген ықыласы мен іскерлігін, оқу- танымдық ынтасы мен шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге әр жеке тұлғаны жан-жақты етіп дамытуға негізделген білім көзі болып табылады. Бүгінгі заман талабына сай жаңадан құрылған ұлттық өнеге берер, болашақ қазақ мектебін қандай болмағы мұғалімдерге үлкен міндет артады, шығармашылықпен жұмыс істеп тынбай ізденуін қажет етеді.

Қазақ мектебінде нышан болар ұлт тілінің, мәдениеттің көтерер жүгі аз емес. Қоғам болмысы және оның тынысы, болашағы көркем әдебиет арқылы дараланып та, сараланып та өмір айнасына айналары анық.

Менің алдымдағы басты мақсатым-шығармашылығы жоғары тұлғаны қалыптастыру. Осы мақсатыма жету үшін озық тәжірибелі педагогтардың іс-тәжірибесі, педагогикалық техналогияларын басшылыққа алу көп нәтиже береді.

Жеке тұлға тәрбиелеу үшін мұғалім педагогика, психология, биология тану ғылымдарының негізін барынша жетік білумен қатар оқытудың жаңа әдістерін жете меңгеріп, оны сабақ мақсатына қарай іріктеп алып, шебер пайдалануы қажет. Мұғалім үшін «Ойсыз, оқусыз, ой-толғауынсыз өткізген әрбір күн-зая кеткен күн» болмақ.

Жаңа технологиямен жұмыс істеген алғашқы күндерден бастап-ақ шәкірттерімнің жүзінен өзіме деген бір жылылық сездім. Сезіндім де, кеудемді бір белгісіз қуаныш кернеп, әр сабағымды кішкене болса да жаңалық ашуға ұмытылдым. Бұрын күнделікті сабаққа ауыр ой жұмыс сияқты болып көрінсе, ендігі жерде күнде бір жаңалық ашатын өнертапқыш іспетті әр сабаққа аса бір қызығушылықпен әзірленіп, ұлы педагог Ы.Алтынсарин айтқандай, «балаларды оқытуға, қойға шапқан аш қасқырдай» өте қызу кірістім.


Дәстүрлі сабақта білімді мұғалім беріп, оқушының өз бетімен ізденуіне, шығармашылық жұмыс істеуіне жағдай жасалмайды. «Білу, нану, ұнату-ақылы іс» (Шәкәрім) демекші, ізденіс, ойланыс болмаса, ешқандай проблеманы шешу мүмкін емес. Жаңа техналогияның артықшылығы оқушының сабаққа қызығушылығы арттыру арқылы өз бетімен, жұптасып, топпен бірлесе отырып ізденуіне, шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашатындығында деп есептеймін.

Биология пәні бойынша - оқушы өмірге араласқанда оның қоғамдағы қызметіне көмегін тигізетін, күнделікті өмірінде қажетіне жарайтындай білім бере алатын аса білікті пәндердің бірі. Ғасырлар тоғысындағы қоғамдағы күрделі өзгерістер, білім беру сапасына жаңа көзқарас, жаңа ағым, жаңа сапалық деңгейге көтеретін іс-әрекет әкелгені-заңды құбылыс. Осыған байланысты менің міндетім-мәдениетті түрде білімімен, іскерлігі мен биология пәнінің мәртебесін көтеру, осы мақсатқа жететіндей тиімді жол арқылы жүзеге асыру. Қазіргі кезде мектеп оқушыларына терең де, тиянақты білім беруді заман талап етеді. Бұны іске асыру үшін оқу-тәрбие барысының ең басты маңызды мәселесі-сабақта жаңа бағыттағы әдістерден пайдалану.

Мен де өз үрдісімде көп ізденіп, сабағымды әр түрлі әдістерді қолдана бастадым.

Жаңа тақырыпты түсіндірместен алдын мұғалім өз алдына үш сұрақ қою шарт: 1.Не үшін оқытамын? 2.Неге оқытамын? 3.Қалай оқытамын? Бірінші сұраққа білім стандарты жауап берсе, екінші сұраққа таңдаған мамандығым жауап береді, «Қалай оқытамын?» деген сұраққа-мұғалім шеберлігі, жаңа оқыту әдістері шешіп береді. Мұғалім қанша білімді, сезімі жоғары, ойлау қабілеті күшті болса, жаңа оқыту әдістерін ойлап таба беруі мүмкін. Егер сабақты бүгінгі күн тұрмысымен байланыстыру керек, себебі оқыту, тәрбиелеу, еңбектену дамыту процесстері қатар жүреді. Шәкірттің жеке тұлға ретінде дамуына ұстаздың өткізген әрбір сабағы шешуші рөл атқарады. Оқушы білімінің сапалы болуы ұстазының дәріс беру шеберлігі мен жаңа технологияны тиімді пайдалана білуіне, яғни кәсіби құзреттілігіне тікелей байланысты. Оқушы үшін мектепте оқылатын әрбір пәннің орны ерекше. Ал оқушының пәнге қызығушылығын арттыру үшін әр сабақты дұрыс ұйымдастыру, ізденістермен жаңартып отыру әр ұстаздың міндеті болу керек. Ол:


  • Күнделікті сабақты таңқалалрлықтай өткізу (Әсіресе сабақтың кіріспе бөлімінің ерекше ұйымдастырылуы, бұрын соңды болмаған ойын түрлерін қолдану, сөзжұмбақ, ребустар пайдалану, проблемалықпен оқыту, өмірмен ұштастыру, әрбір оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау)

  • Қиынның қисынын келтіру, күрделіні тартымды, аса сезімталдықпен айту

  • Қысқа, нұсқа негізділікке үйрету

Ал оқыту сапасын арттыруда мұғалім:

  • Жаңа дидактикалық әдістерді қолдану,

  • Сабақтың түрі мен әдістемелерін өзгертіп отыру.

  • Оқушының білімін, іскерлігін, дағдысының жетістігін дамыту

  • Оқушының сайыстарға, олимпиадаларға, ғылыми конференцияларға қатысуына белсендіру.

Биология сабақтарында оқушылардың танымдық –белсенділіктерін арттыруда-деңгейлеп-саралап оқыту, проблемалық сұрақтар арқылы дамыта оқыту, оқытуды өмірмен ұштастыру, әр оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау басты әдістердің бірі. Сондықтан да әр сабақтың басты міндеті- білім алушының танымдық құзырлығын дамыту.

Ол үшін мыналарды ескеру қажет:

  • Оқушының материалды қабылдау ерекшелігін ескеру.

  • Оқушының тұлғалық қасиетін қалыптастыру

  • Жеке дара оқыту үрдісін ұйымдастыру.

Танымдық қабілетті арттырудың жолдары:

  • Ақпаратты өмірмен ұштастыру, байланыстыру

  • Мәселелік жағдаятты туғызу.

  • Салыстыр, талдау, жинақтауды үйрету.

  • Ғылымның, техниканың дамуы.

Әр пәннің оқушыларға берер танымдық тәрбиесі мол десек, соның ішінде биология пәнінде оқушылардың ақыл-ой, танымдық қабілетін дамыту мүмкіндігі зор.Оқушыларға танымдық тәрбие берудің алғашқы баспалдағы деп, оқытудағы саналылық принципін атауға болады, себебі биологияны оқыту барысында тәрбиелік міндеттердің де шешілетіні белгілі.

«Сабақ беру-үйреншікті жәй шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деп Ж.Аймауытов айтқандай білім беру жүйесіндегі бүгінгі өмірдің талабы сабақ өткізудің жаңа әдістерімен ақпараттандырылған оқыту технологияларын пайдалану. Бұл мақсатқа жетудің бірден-бір жолы оқытудың тиімді жолдары мен түрлерін іздестіру. Сондықтан да оқытудың жаңа түрлерін күнделікті сабақта қолданып, жоғары нәтижеге жету-мұғалімнің міндеті. Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қазіргі кезеңіндегі қоғамның түрлі сфераларының құрылуы мен тұлғаның белсенділігінің жоғарылауы арасында байланыс айқындала түсуде. Осыған байланысты балалардың танымдық әрекетін белсендіру, оның тиімді басқару және дамыту, әдістемелік ұйымдастырушылық және моральдық –психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету күрделі педагогикалық мәселе ғана емес, маңызды әлеуметтік мәселе болып табылады. Қоғамымызда болып өткен түрлі тарихи ахуалдар негізінде белең алған кейінгі буын бойындағы ой мен тіл жұтаңдығын ескере отырып, олардың сөз қорын байыту және сөз саптауын қалыптастыру .


Бұл орайда менің шығармашылық тақырыбым: «Биология сабағында оқушылардың танымдылық қабілетін арттыруда жаңа әдіс- тәсілдердің тиімділігі».

Танымдық ізденпаздықты дамытудағы оқыту әдістемесінің негізін Я.А.Коменский қалады. Ол: «Таным бастамасы –сезімнен, бала сезіне білмесе, оның ой-өрісінде ешқандай өзгеріс болмайды. Оқытуды зат туралы сөзбен емес, сол затты бақылау арқылы шәкірттің ойын дамыту керек»- деп жазды. «Мен өз шәкіртімнің әрқашанда өз бетінше бақылауым практикада өздігінен тұжырым жасауын дамытуды –білім берудегі негізгі жетістікке жету құралы ретінде қарастырамын»- деген болатын. Танымдық әрекет-шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Ол танымдық қажеттіліктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық белсенділіктерінен ізденпаздық қалыптасады. Интелектуалдық ойындар арқылы оқушылардың танымдық қабілетін дамыту барысында күтілетін нәтижелер:


  • Кез келген ақпаратты беру және қабылдау

  • Алынған ақпараттарға қатысты өзінің ойын білдіреді.

  • Топпен, командымен бірлесіп жұмыс жасау үшін алғашқы сөйлеу дағдыларын пайдалана алады;

  • Жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдана біледі;

  • Интеллектуалдық ойындар барысында жалпы адамзаттық және әлеуметтік мәдени құндылықтарға өз көзқарасын білдіре білу;

  • Өзінің танымдылық қабілетін арттыру үшін өзін-өзі билеуге және кәсіби өсуге ынталы болуы;

  • Ақыл-ой қабілетін және жалпы өмірлік әрекетін жоғары деңгейде ұстау үшін шығармашылық жұмысқа тартылады;

  • Интеллектуалдық даму деңгейі жоғары, дарынды тұлғалар айқындалады.

Сабақта жақсы оқитын оқушылармен ғана белсене жұмыс істеп қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызып, жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылса оқуға деген қызығушылығы артады. Оқушылардың қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды.

Біріншіден, кез келген бала адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгеруге бағытталған оқу әрекеті арқылы дамиды, дағдыны қабылдайды.


Екіншіден, кез-келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің мүмкіндіктерін дамытады. Проблеманы өзінше жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Оқушылардың сабақтағы қызығушылығы мен белсенділігін қалыптастырудың жолдары сан алуан.

Күнделікті сабақта беретін деңгейлік тапсырмаларды қызықты етіп құру, оқушылардың қызығушылығын дамыту шығармашылық қабілеттің ашылуына мүмкіндік береді. Әдістемелік жүйемнің педагогикалық технологиясымен өткізген сабақтар арқылы таныса аласыздар. Бұл технологияны пайдаланып өткізілген сабақтарда оқушының ойлау, есте сақтау қабілеті, ынтасы мен белсенділігі артады, өз-өзіне баға беруі дамиды.

Өз тәжірибемде мектептегі, соның ішінде келешек жас ұрпақты оқытып тәрбиелеудегі танымдық белсенділігін арттыруда бірнеше сабақ үлгілеріне тоқталып өтсем...

Мәселен, 7 сыныптағы «Асқабақ және орамжапырақ тұқымдастар» тақырыбын өткен кезде оқушыларға деңгейлік тапсырмалар бердім.


І деңгей:


  1. Бақша деген не? Онда қандай өсімдіктер өсіріледі?

  2. Асқабақ тұқымдастарының ерекшеліктері, оның түрлері.


ІІ деңгей:

  1. Қияр мен қауын қай тұқымдасқа жатады?

  2. Орамжапырақ тұқымдастары не себептен шаршангүлділер тұқымдасы деп аталады?


ІІІ деңгей:


  1. Орамжапырақ тұқымдасының халық шаруашылығында маңызы қандай?

  2. Орамжапырақ гүлінің формуласы: Т2+2К4А2+4Ж2



7 сыныптағы «Саңырауқұлақтардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы» тақырыбында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда бірнеше жұмыс түрлерін жүргіздім:


«Ой қозғау» Тіршілік жағдайлары

Керекті сөздер: жарық, көмірқышқыл газы, оттегі, ылғал, минералды тұздар.



Жасыл өсімдіктер

Саңырауқұлақтар


1.

1.

2.

2.

3.

3.

4.

4.

5.

5.



«Кім шапшаң?»

Жергілікті жерде өсетін улы және усыз саңырауқұлақтарды жинап, ұқсастық және айырмашылық белгілерін кестеге толтыру.


Саңырауқұлақтың аты

Алынған жері

Жемісті денесінің түсі

Белдеуше сақинасы (бар ма, жоқ па?)

Улы ма, усыз ба?












































































«Биологиялық диктант»

Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылымды ..................... (микология) дейді. Екі ағзада да селбесуді ........................(симбиоз) дейді.

Әрбір жасуша .............(тірі) ағза. Тек құрылысын микроскоппен ғана көруге болатын саңырауқұлақтар ................ (зең саңырауқұлақтары) деп аталады. Тірі ағзаларда және өсімдіктердің тірі жасушаларының органикалық заттарымен қоректенетін саңырауқұлақтар ............... (паразит), өлі ағзаларда тіршілік ететін саңырауқұлақтар .............. (сапрофитті) ............. (хлорофилі) болмағандықтан саңырауқұлақтар органикалық зат түзе алмайды.

Тест

1. Саңырауқұлақтар қоректенеді:

а) фотосинтез үрдісінің қатысында

ә) дайын органикалық заттармен

б) тек тағамдағы қоректік заттармен.

2. Саңырауқұлақтар фотосинтез үрдісіне ұатыспайды. Себебі:

а) олар топырақта тіршілік етеді

ә) хлорофилл дәндері болмайды

б) тірі ағзаларда тіршілік етеді.

3. Саңырауқұлақтар көбейеді:

а) спорамен

ә) тұқыммен

б) сабақпен.

4. Жеуге жарамды саңырауқұлақтар:

а) қозықұйрық

ә) түлкіжем

б) жалған түбіртек

5. Паразит саңырауқұлақтар:

а) тамақ үстінде өсіп шығады

ә) әртүрлі тірі ағзалар денесінде өсіп шығады

б) дайын органикалық заттармен қоректенеді.


Сергіту сәті

Сөзжұмбақ «Микология»




М

и

к

о

р

и

з

А




с

и

м

Б

И

о

з



















м

у

К

о

Р







с

п

О

р

А




а

с

п

е

р

г

и

Л

л











с

а

п

р

О

ы

и

Т







з

и

Г

о

т

А







п

е

н

И

ц

и

л

Л




д

и

ф

т

е

р

и

Я





1.Саңырауқұлақтардың ағаштардың тамырымен селбесуі

2. Екі ағзада да пайдалы селбесу


3. Зең саңырауқұлағының түрі

4. Саңырауқұлақтардың көбеюі

5. Зең саңырауқұлақтарының түрі

6. Өлі өсімдіктердің қалдықтарымен қоректенетін ағзалар

7. Екі жыныс жасушасының қосылуы

8. Зең саңырауқұлақтарының түрі

9. Күл ауруы.


7 сыныпта «Бунақденелілердің дамуы» тақырыбын оқыған кезде оқушыларға бунақденелілердің түрленіп дамуы, ағзаның жеке және тарихи даму, тұқымқуалау туралы ғылыми көзқарастарын қалыптастыру мақсатындағы сабағымда оқушыларды екі топқа бөліп жарыс түрінде ұйымдастырдым.

І топ – «Микроскоп», ІІ топ – «Жасуша»















9 сыныпта өткізген “Адамның шығу тегі. Антропосоциогенез» тарауын оқыған кезде тірек-сызбаларды, кесте, үлестірмелі дидактикалық материалдарды пайдалана отырып ауызша баяндау әдісімен түсіндірдім.





Сабағымның екінші бөлімінде оқушыларды 5 топқа бөліп, әр топтың мақсатын түсіндіріп, биологиялық диктант, кесте толтыру, эссе жазу, тірек-сызбалар құрастыру, венн диаграммасы бойынша ерекшеліктерін салыстыруға тапсырмалар бердім.

Топ №

Тапсырмалар

Жұмыс түрі

І

Антропогенездің қозғаушы күштері

Тірек-сызбалар құрастыру

ІІ

Адамның тірі табиғаттағы орны

Кесте толтыру

ІІІ

Қоғамдасып өмір сүру мәні. Сөз

Эссе жазу

IV

Адамның бейімделгіштігі

Биологиялық диктант

V

Адам нәсілдері

Венн диаграммасы бойынша ерекшеліктерін салыстыру



Сабақ соңында «Ғылыми симпозиум» рөлдік ойынында оқушылар әртүрлі рөлдерді сомдап, ақпарат құралдарының сұрақтарына жауап берді.