girniy.ru 1


Байдалин Марғұлан Қайратұлы


Диссертацияның құрылымы. Диссертация жұмысы кіріспеден, бірнеше бөлімдерден тұратын үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланған деректер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

Негізгі сөздердің тізімі:

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. ХХ ғасыр тарихы – Ресей мемлекеті, оның ішінде Қазақстан тарихы үшін арпалысты болды. Ғасырдың екінші онжылдығында дүниеге келген жаңа өкімет қоғамды түбегейлі өзгертіп қана қоймай, өзімен бірге халықтар тағдырына зор алапат апаттар алып келді. Бұл тоталитарлық мемлекет жүйесі және саяси репрессиялар толқыны еді. Тоталитаризм, саяси репрессия мәселесін зерттеу бүгінгі күнгі тарих үшін аса маңызды. Біз тоталитаризмнен демократияға өткен мемлекетте өмір сүре отырып, шын мәнінде өткен жүйенің қаншалықты қасірет әкелгенін түсіне аламыз.

Қоғам өміріне еніп жатқан жаңа ойлар мен идеялар жылдар бойы кеңестік насихаттаулар арқылы қалыптасқан сананы бір мезетте өзгерте алмайды. Жаңа ұрпақтар алмасуы, тәуелсіз еліміздің жастары ғана бүкіл адамзаттық құндылықтарды қабылдап, жаңа жүйеге өтуге мүмкіндік ала алады.

Қазақстан тарихында Орталық Қазақстан өңірі өзінің әсем де сұлу табиғатымен ғана емес, ең алдымен талантты ұл-қыздарымен, елдің елдігін танытқан ғұлама, ойшыл тұлғаларымен, ел басқарған зиялы қайраткерлерімен, қиын-қыстау кезеңде елін-жерін қорғаудың үлгісін көрсеткен хас батырларымен, ерен еңбегімен туған өлкесінің өркендеуіне үлес қосқан бүгінгі замана ұрпағы өкілдерімен танылған киелі жер. Оның тарихы да сан қилы шытырман оқиғаларға толы.

Орталық Қазақстан өзінің тарихында шарықтау заманын да, ел басына төнген қайғылы да қасіретті нәубет кезеңді де басынан өткерген. Бірақ Қарағанды өзінің қажырлы да қайратты халқымен осындай замана тауқыметіне қарсы тұра білді, еңсесін түсірген жоқ.

Кешегі Кеңес Одағы дәуірінде бұл тақырып терең зерттелмеді, зерттелген күннің өзінде коммунистік идеология үстемдік еткен заманда маркстік-лениндік методология шеңберінде ғана қарастырылды. Кез-келген саяси күрестегі бірден-бір саналы күш жұмысшы табы ретінде танылып, яғни “пролетариаттың гегемондығы” мемлекет және құқық тарихындағы күмән келтірмейтін абсолютті ақиқат ретінде басшылыққа алынды.


Қарағанды өңірі өткен ХХ ғ. 30-50 жж. (Карлаг) ГУЛАГ-тың филиалы болды. Ол Қазақстанның ауқымды территориясын алып жатқан өзінше бір дербес мекемесіне айналған еді. Қарлаг тарихы біздің тарихымыздағы ақтаңдақтары аса көп ең ауыр кезең сталиндік дәуірмен тығыз байланысты.

Сталиндік тоталитарлық жүйе адамдарға қылмыстық сынақ жургізуде үлкен тәжірибе жинақтаған. Олар: күшпен ұжымдастыру; кулактар мен байларды жою, халық қарсылығын басу; бостандық сүйгіш халықтарға қуғын-сүргін ұйымдастырып, әдейі ашықтыру, халықтың сорпаның бетіне шығар алдыңғы қатарлы тобын жою және басқа да қылмысты әрекеттер.

Сондықтан ұсылынып отырған зерттеу еңбек Орталық Қазақстан өңірінің ХХ ғасырының 20-50 жж. сталиндік тоталитарлық жүйенің дамуын ықшамдап қарастырады. Бұл зерттеуіміз сол кезеңдерді анықтауға арналған біздің алғашқы талпынысымыз болып есептеледі.

Зерттеудің мақсаты – Орталық Қазақстан тарихында ел басына төнген қайғылы да қасіретті нәубет кезеңінде басынан өткен қоғамдық-саяси, әлеуметтік жағдайын баяндай отырып, сталиндік лагерьлердегі тұтқындардың әлеуметтік жағдайларына тоқталу. Осыған байланысты алдымызға төменгідей міндеттер қойдық. Оны жіктеп айтып, мынадай мәселелерге баса көңіл аударуды жөн көрдік:

- ГУЛАГ-тың филиалы ретінде Карлагтың қалыптасуы;

- тұтқындардың жасаған қылмыстарына қарай жіктелуінің сан жағынан алғандағы құрамы мен олардың тұтқында ұсталыну жағдайын анықтау;

- 1930-1950 жылдардағы КСРО оның ішінде Қазақстандағы кеңестік саяси репрессиялар мәселелерін анықтау;

- Орталық Қазақстанның Степлаг (Дала лагері) және Спасск лагерьлеріне тереңірек тоқталу.

- Степлаг (Дала лагері) және Спасск лагерьлерінің тұтқындарының әлеуметтік жағдайларын қарастыру.

Зерттеу объектісі. Орталық Қазақстанның 30-50 жылдарындағы сталиндік лагерьлердің әлеуметтік жағдайын қарастыру.

Зерттеудің тәсілдері. Зерттеу барысында әртүрлі тәсілдер қолданылуы – жалпы, жеке, мамандандырылған, соның ішінде – диалектикалық, логикалық (анализ және синтез, индукция және дедукция) жүйелік теңестіру және т.б.


Алынған нәтижелер, олардың жаңалығы, ғылыми және тәжірибелік маңызы:

Зерттеудің ғылыми маңыздылығы – Орталық Қазақстандағы сталиндік лагерьлердің әлеуметтік жағдайын қарастыру арқылы, кеңес үкіметінің тұтқындарға байланысты саясаты, адамдардардың әлеуметтік жағдайлары.

Зерттеудің тәжірибелік маңызы келесіде, оның қорытындылары және ұсыныстары тарих ғылымының тәжірибесінде, сондай-ақ оқу және оқытушылық, студенттердің, аспиранттардың, ізденушілердің, оқытушылардың және ғылыми қызметкерлердің ғылыми-зерттеушілік жұмыстарында қолдану үшін пайдаланылады.

Баспа туралы мәлімттер:

Голод в Казахской степи. Сб. документов. – А., 1991; Материалы по истории политического строя Казахстана. А., 1960, 339-340 бб.; Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы №33, 1998 ж.; Қолдан жасалған қасірет (ҚР Жоғары Кеңесі төрағасының қаулысы) // Орталық Қазақстан. - 1993. - 5 қаңтар; Спецпереселенцы в Карагандинской области. Сборник документов и материалов // Под ред. Е.К. Кубеева. – Караганда: Изд-во КарГУ, 2007. т.б.

Қозыбаев М. Ақтаңдақтар ақиқаты. -Алматы: Қазақ университеті, 1992. -272 б; Соныкі. Тарих зердесі. -Алматы: Ғалым, 1998. Т.2, -375 б.; Соныкі. История и современность. -Алматы: Ғалым, 1991. -295 б.; Козыбаев М.К., Алдажуманов К.С. Тоталитарный социализм: реальность и последствия. - Алматы: Фонд "ХХ век", 1997. -28 с.; Омарбеков Т. 20-30 жылдағы Қазақстан қасіреті. -Алматы: Санат, 1997. -320б; т.б.

О культе личности и его последствиях // Известия ЦК КПСС. -1989. - №3. С.16-24. Алдажұманов Қ.С. ХХ ғ. 30-50 жылдарындағы саяси қуғын – сүргін және Қарқаралы. Қарқаралыға 180 жыл: Тарих толқыныңда. Аймақтың ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2004; Козыбаев М. Депортированные в Казахстан народы: время и судьбы. Алматы, 1998. - С. 317; Осипов В.П. Всматриваясь в 20-30 годы. - Алма-Ата. 1991. - 159 с.; Шаймұханов Д.А., Шаймұханова С.Д. “КАРЛАГ” – Алматы, 1997. -102 бет; Михеева Л.В. “Между западом и востоком” 2000ж. конф. 128 б.; соныкі, Между западом и востоком. Аймақтың ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Қарағанды: 2000ж. конф. 128б.; Омарбеков Т.О. 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті. –А., 1997.; Соныкі, Абыралы дүрбелеңі туралы. Ақиқат журналы. 1993 жылы № 3; Тәтімов М. Қазақ әлемі. -Алматы: Қазақстан-Атамұра, 1993. т.б.


Игенбаев А. "Халық жауларының" сот алдындағы "жауаптары": [Қарағандыдағы "ұлтшыл-фашистерге" арналған процестiң стенограммасы] // Ақиқат.- Алматы, 1997.-N4; Қаппасова Р. Қалыптасу жылдары: көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Н.Нұрмақовтың 110 жылдығына // Орталық Қазақстан.- 2005.- 26 мамыр; Кәкішұлы Т. Саяси зобалаң толқындары // Егемен Қазақстан. - 1997. – 23; 28 сәуір; Қозыбаев М. Ғасыр қасіретін арқалаған арыстар // Егемен Қазақстан 1994. - 14 тамыз т.б. Бугай Н.Ф. Депортация этнических общностей: проблемы реабилитации в Росии и Казахстане // Россия и Казахстан: проблемы истории (20 – начало 21 века). – М., 2006; Козыбаев М.К., Абылхожин Ж.Б., Алдажуманов К.С. Коллективизация в Казахстане: трагедия крестьянства. А, 1992; Козыбаев М., Алдажуманов К. Тоталитарный социализм: реальность и последствия. А., 1997; Алдажуманов К.С. Крестьянское движение сопротивления. //Депортированные в Казахстан народы: история и судьбы. А, 1998; Алдажуманов К.С. Открытые судебные процессы в Казахстане. //Материалы «круглых столов» и семинаров. А, 1996; Шаймуханов Д.А., Шаймуханова С.Д. Карлаг. Караганда 1997; Спецпереселенцы в Карагандинской области. Сборник документов и материалов. Караганда 2007; Книга скорби. Расстрельные списки. Том 3. Карагандинская область. Алматы 1997.