https://electroinfo.net

girniy.ru 1 2 ... 21 22



Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институттының Хабаршасы. №3(3) 2008





К Ә С І П Т І К О Қ Ы Т У Ж Ә Н Е Е Ң Б Е К


ӘОК 8. 08

АҚПАРАТТЫЛЫҚ ЖӘНЕ КОМПЬЮТЕРЛІК

ТЕХНОЛОГИЯМЕН ОҚЫТУ


Абдурахманова Г. А. оқытушы,

Оразамбетова Н.Б. (Алматы қ., Қазмемқызпи)


Ақпараттылық технология терминін алғаш рет В. М. Глушков енгізді. Ол ақпаратты өңдеу (қайта өңдеу) процесімен байланысты деп анықтаған. Ал ғалымдардың анықтауы бойынша “Ақпараттық технологияны оқыту” түсінігі былайша түсіндіріледі: оқытуда компьютерді және аудиовизиуалды құралдарды дидактикалық материалдарды, жаңа педагогикалық нәтижелерге жетуге бағыттау; оқыту мерзімін қысқарту, интенсификациялау және оқу тәрбие процесіндегі дердестік; оқыту-танымдық шығармашылығындағы белсенділік және оқушылардың интеллектуалдық даму қабілеттілігі; сонымен қатар пәнді терең түсіну жетістігі және т. б.”

Біздің зерттеуіміздегі оқушыларды оқытуда ақпараттылық технологияны қолдану үшін, біздің ойымызша, “Ақпараттылық технология” және “Ақпараттылық технологияны оқыту” ұғымын мақсатқа сәйкес орынды қолдануымыз керек.

Ақпараттылық және компьютерлік технологияны оқуда және тәрбиеде адам қабілетінің дамуына оның ақыл-ойының, барлық танымдық үрдістердегі негізгі біртұтас құралы болып табылады. С.И.Архангельский әділ түрде былайша белгілеген: Оқытуда автоматтанған техниканы пайдалану “оқушыларды интеллектуалды еңбектен босату емес, ал бұл еңбекті әлдеқайда жоғарғы сатыдағы шығармашылық қызметте ойлауға, автоматталған техникалық құралдарды пайдалану сапасын күшейтуге қолдану”.

Білімділік технологиялары.

Білімділік қызмет ұйымын жүйелі түрде қамту: жалпы мақсаттық және мазмұндық бағыттағы ұйымдасқан құрылым мен түрін, мемлекеттік бағдарламада пайдалану және білім стандарттарында және біртұтас білім стандартының даму стратегиясын қамтып көрсету, жоспарланған жалпы мақсаттар және олардың нәтижелеріне байланысты, негізгі кезеңдер, білім мен тәрбие процесіндегі тәсілдер мен ұйымдастыру түрлері, жоғарғы квалификациядағы мамандарды даярлау бағытында болады.


Педагогикалық технология білім технологиясын іске асыруда әдістерді қамтып көрсетеді. Оқу тәрбие процесінің жалпы ерекшелігін және өзіне тән заңдылығын іске асыру процесін, өзіне әр түрлі арнайы технологияларды – жаңа ақпараттылық технологияларды, электронды, полиграфиялық және т. б. құрайды.

Оқыту технологиялары.

Оқыту технологиялары таңдалған педагогикалық технологияны және анықталған пәнді, оның тақырыбын, сұрағын нақты ұғымға қарай игеру жолын қамтиды.

Соңғы жылдары жаңа технологияның рөлі өмірде әлемдік қауымдастықта өсті: барлық саладағы адам қызметі оның еңбектегі алып фактор ретінде пайдалану интенсификациясы болып табылады. Материалдық базаның дамуында ғана емес, кәзіргі заманға сай технологиялардың деңгейін интеллектуалды қоғамда анықтау үшін, оны жаңа біліммен толықтыру, пайдалану, меңгеру үшін аса қажетті.

Бұлардың барлығы еліміздегі білімнің даму деңгейі және білімді ақпараттау мәселерімен тығыз байланысты. Қазақстан ғалымдарының тұжырымдарындағы ақпараттылық технологияларды жеке аспекті ретінде қолдануды қарастырады: комьютерлік технологияларды оқыту жағдайында танымдық қызметінің белсенділігі ретінде ұсынады (Ж.А. Қараев).

Бүгінгі білім беру жүйесіне белгілі бірнеше ақпараттық технология негізіндегі еңбектерді атап көрсетуге болады. Олардың бағыттары мынадай: жоғарғы оқу орынындағы студенттердің оқу бағдарламасындағы дидактикалық материалдарды енгізу және жасау (Г.Д.Ұрыстаева), ақпараттылық мәдені сұрақтарды қалыптастыру (Д.М.Жусупалиева), кәсіби білімде ақпараттылық технологияны пайдалану (В.В.Егоров, Г.С.Шрайманова, С.М.Ударцева, Г.О.Тажигулова), орта кәсібі педагогикалық білім жүйесінде оқушылар әрекетін зерттеу ақпараттылығы (Р.Ч.Бектурганова). Електрондық оқулықтарда дидактикалық жағдайларды туғызу (Г.К.Нургалиев, А.И.Тажигулова), студеннтерді оқытудағы дидактикалық ақпараттылық технология негіздері, ақпараттылық технологиялары көркемдік-конструкторлық білімдердін, бейімділік дағдыларын сәндік-қолданбалы өнер бойынша қалыптастыру.


Негізгі педагогикалық мақсаттардағы ақпараттылақ технологиялардың ерекшеліктерін құрайтындар: оқушының шығармашылық дамудағы потенциялы, даму қабілеттілігінің қимыл қатынасы, эксперименталды-зерттеу ісіндегі білімділіктерін дамыту. Оқу-тәрбие процесіндегі барлық деңгейдегі сапасын және тиімділігін күшейту: әлеуметтік тапсырыстарды іске асыру, қазіргі қоғамдағы ақпараттылыққа жағдай жасау (ақпарат және есептеу технологиясы мамандарын дайындау саласында, ақпараттылық технологияларын және т.б. пайдалану құралдарын даярлау). Жоғарғы мектептерде жаңа технологияларды жоғарғы мүмкіншілікте пайдалану, тәрбие міндетінің шешілуі. А.К.Мынбаева атап көрсеткендей, шынайы табиғи әлемдегі және адамзат қатынасында өздігінше үздік шыққан әлемдегі, шынайы әлемді үздіксіз көмек берумен қатар байыту.

Үздік әлемдік күш маңызды бола бастайды, қатынастағы өзгеріс солай болғандықтан, өмірлік маңызы мен мақсатттары үздік әлемге айналады.

Үздік шыққан әлем – бұл ойымыз қиялымыз, кітабымыз, кино және т.б. үздік әлем компьютеріне бірігуі, қосылуы “Педагогтардың үздік шыққан әлемді мойындауы, олардың адамның кәсібі үшін” аса ерекше қажеттілікті анықтау.

Күрделі потенциалды білімді меңгеретің интернеттерді ақпараттылық қорды мәдени және білім хабарлары бағытында тарату – бұл электронды кітапхана, анықтауыштар, үздік мұражайлар т.б. Ғалымдардың мәлімдерінше, мәдени, гуманитарлық ой–өрісін кеңейтуді интернетпен біріктіре, ұштастыру әлдеқайда ұмытылыспен өтуде.

Сөзсіз түрде, интернет кең қөлемдегі артық хабарларды, қосымша әдебиеттердің сапасын педагогикалық ұтымды қолдануды қамтамассыз етеді.

С.И.Архангельский бекіткендей, оқытудың сенімділігін көтеретін белгілі бір, қолайлы, үйлесімді жағын, артық хабарларға енгізу болып табылады. “Артық (ақпараттық) хабарды, есептерді терең ойлап шығаруға, пәнді кең көлемде білуге және оқытылатын пәнді меңгеруді жылдамдатады”.

Негізгі (басты) технология негізі, педагогикалық және ақпараттылық технологиялар интеграциясында негізі қаланды, автоматты оқыту жүйесі (АОЖ). АОЖ – оқу–әдістемелік, ақпараттылық, математикалық және ЭВМ негізінде техниканы функцианалды өзара байланысын жүйелі алуды қамтамассыз ету.


Оқу процессіндегі негізгі және көмекші функция бағытында кең көлемде іске асыру. Оқытудағы бірізділік, өзіндік даму дағдысын қалыптастыру, өздік жұмыстары, өздік зерттеу істері, өзіндік тексеру, өз еңбегінің нәтижелерін қалыптастыру, жауаптылық және жалпы оқыту нәтижесін көтеруге әкеледі.


  • автоматты тексеріс негізінде, ерекше мүмкіншілігі жақсы (тиімді) әдістермен білімін бағалау, оқу процесі барысында, өз пікірінше факторларды болғызбау, ақпараттарды (хабарларды) толық қабылдауға мүмкіндік тұғызады.

  • Психологиялық өсудің жүктемесі және ақылды жағдай бойынша бірізділеу, мүмкіндігінше, білім қызметінде кез-келген оқыту жүйесі жергілікті учаскесін рефлексті басқаруды өзіндік тексеру мүмкіндігі.

  • Электронды қолдауыштың мазмұның өзгерту, маңызды материалдарды шығынсыз және т.б. толықтыру мүмкіндігі.

Жаңа рухани, эстетикалық және тәжірибелік құндылықтардың пайда болуын танымдық эволюция анықтайды. Ақпараттылық әлемді қоғаммен шынайы байланыс сапасын толықтыруды қолдану, потенциалды ұштастыру жүйесін кеңейтеді, тұлға – қоғам жүйесінің дамуын көрсетеді. Бұл жоспарда Ю. А. Левада әлеуметтік ақпаратты көрсету жорығында үлкен құндылық танытқан. Оның анықтауынша, қоғамдағы жеке бастың қабылдау белгілерін 3 түрге бөлуге болады, құрылымдық ақпаратты, іргелілік ақпараты, амалды ақпарат болып бөлінеді.

Құрылымдық ақпарат.

Социализация бастапқы сатыдағы дара (жеке) меңгеруді дәстүрлік қатынас қоғамының көмегімен (отбасындағы жеке-аралық қатынас, шағын топтарда, мектепте) өзіндік ядро құрылымдық жекелігін құрайды; сендіру, орнату, құндылықтан хабары болу, білім ақпаратының қабылданған нақты түрімен байланысы болу, біздің зерттеуімізде институттан тыс қарады.

Отбасындағы тәрбиенің негізгі құралы болып ана тілі саналады. «Ана тілі– дейді К.Д.Ушинский әділ, дәл анықтап - “балаға табиғатты түсіндіреді, оны ешқандай жаратылыс зерттеушісі түсіндіре алмас еді: қоршаған ортадағы адамдардың мінез-құлқын, қоғаммен, ол тұрған ортаны, оның тарихымен және оның талпыныстарын бірде-бір тарихшы, олай таныстырмас еді, халық сенімін халықтық поэзияны бірде-бір эстетик енгізе алмас еді, осындай ойлау ұғымын және пәлсапалық көзқарастарын, бірде-бір философ балаға хабарлап айта алмас еді.” Ж.Ж.Наурызбай дәл белгілеп көрсеткендей, адамдардың негізінен өз халқының мәдениетінен шеттеуі, өз ана тілін білмеуі болып табылады, - деген.


Беріктік (іргелі) ақпарат.

Қоғамда адамды болашақта тұрақтылықты жарыққа шығаратын хабары болуы тиіс, мамандыққа жекелей тарту, ғылымға, өнерге, адамның артықшылығына, арнайы қатынас жолы арқылы және білімді қалыптастыру, жеке тұлғаның мінезіндегі қызығушылығының қаншалықты өзектілігін, ақпараттың осы түрінен қабылданған білім байланысын, біз институттың білімге қатысын қараймыз.

Біздің зерттеуімізде, этнокөркемдік білім, жоғарғы оқу орнының арнайы тәртібінің мазмұнының жаңаруымен іске асады, мысалы: тарих өнері сияқты, сәндік қолданбалы өнер, этнопедагогика, дизайн негізі, сонымен қатар өзі өтетін қалаған пәнін алуға болады. Біздің зерттеуімізде тәртіп сапасы, жартылай таңдау арнайы курсы «Қазақстанның ою өнері жаңа технология әдісімен» және арнайы семинар алынған. Этнокөркемдік білім негізінде студенттердің ақпараттық технологияны пайдалану мүмкіндіктері жоғары.

Амалды ақпарат.

Амалды ақпарат - әр тұлғаның моральдық этикалық, құқықтық, идеологиялық және бүгінгі қоғамдағы басқа да ережелері: бұндай ақпараттық таратушы ерекше канал болып массалық қатынас жолы саналады.

Берілген ақпарат түрі педагогикада салыстырмалы түрде жаңа пайда болу көзқарасы «медиа білім» деп аталады. ”Медиа білім” ұғымының бірнеше түсінігі бар. Атап айтқанда, педагогикаға бағыт, массалық қатынас заңдылығын оқытқаны үшін алға басу” (радио, кино, видео және т. б.).

“Ақпарат құралдарды пайдалану дағдысын меңгеру және СМИ – дің тарихтағы дамуы туралы қажетті білімнің құны және қоғамдағы өмірде оның рөлі”, сонымен қатар кәсіби дайындық университеттер мен арнайы колледжде оқыту нәтижесінде оқытылатын мынадай курстарға, компьютерлік білімге, жалпы қатынас саласындағы курстарға, ақпарат мәселесіне арналған.

Қоғамдық пікірді құруда жалпы ақпараттық шешуші рөл атқарады. Солай болғандықтан, олар жалпы аудитория саналады. Мәдениет және қоғамдық келісім министлігі берген ақпарат бойынша қазақстандықтар күнделікті теледидардан 80,1% хабар алады, периодтық басылымнан оқу арқылы 40,6 % хабар алады. Жалпы ақпаратты құралдардан басқа медиа білім құралының өзекті жүйесі интернет болып табылады. Интернетті бүгінгі күні Республика тұрғынының 2,9 % ғана пайдаланады, ғалымдар интернетті жалпы ақпарат құралы деп қарайды.



ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Баймуханов Б., Караев Ж.А., Тульбасова Б. Дидактические особенности использования информационных технологий обучения. Высшая школа Казахстана, № 6, 2000.

  2. Шкутина Л. А. Интеграция педагогических и информационных технологий в профессиональном образовании. Киров: ВГПУ, 2001.

  3. Архангельский С. И. Лекции по научной организации учебного процесса в высшей школе. М, ”Высшая школа” 1976.

  4. Федотова Л.Н. Массовая информация стратегия производства и тактика потребления. М, МГУ, 1996.

  5. Наурызбай Ж. Ж. Этнокультурное образование. Алматы: Ғылым 1997.

  6. Cолодовиченко Л. Н. Дидактические основы композиционного компьютерно – графического моделирования в подготовке студентов. Караганда, 2001.

  7. Бөлеев Қ. Болашақ мүғалімдерді ұлттық тәрбиеге дайындау. Алматы., 2000.


ТҮЙІНДЕМЕ


Мақалада ақпарат құралдарды пайдалану дағдысын меңгеру және СМИ – дің тарихтағы дамуы туралы қажетті білімнің құны және қоғамдағы өмірде оның рөлі қарастырылады.


РЕЗЮМЕ


В статье рассматривается компьютерная грамотность как повседневный инструмент информационных знаний.



следующая страница >>