https://electroinfo.net

girniy.ru 1 2 ... 16 17


Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2009 жылғы «30» желтоқсандағы

№ 316 бұйрығымен

бекітілген


Астық өнімдері кәсіпорындарындағы

өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары


1-тарау. Жалпы талаптар


1. Осы Талаптар элеваторларға, астық қабылдау бекеттеріне, астық өнімдері комбинаттарына, диірмен, жарма, құрама жем және жүгері өңдеу зауыттарына, астық базасына, шағын диірмендерге, шағын наубайханаларға, нан пісіретін және макарон зауыттарына, нан пісіру қалыптарын полимер материалдармен қаптау учаскелеріне, ыдыс жөндеу шеберханаларына, спирт зауыттарының астық бөлімшелеріне қолданылады.

2. Кәсіпорын аумағын қоршау сәулет-жобалау міндеті мен қоршаған құрылысты ескере отырып орындалады.

3. Астық зауыттары мен макарон фабрикалары аумағына кемінде кіру жолы (шығу жолы) қарастырылады, олардың біреуі қосалқы болып табылады.

Қуаты тәулігіне 10 т дейін кәсіпорындар үшін бір шығу жолы болуға болады.

Кіру жолына (шығу жолына) арналған қақпа механикаландырылған, олардың өздігінен ашылу және жабылу мүмкіндігін реттейтін тиек құрылғылары болады, көліктің қозғалысы туралы ескертетін дыбыстық дабылмен жарақталады.

Кәсіпорын аумағына кіретін автомобиль жолдары қақпаларының ені автомобилдердің ең үлкен ені бойынша плюс 1,5 м, бірақ 4,5 м кем емес, ал теміржол өту жолдарына арналған қақпалардың ені 4,9 м кем емес.

4. Негізгі өту жолдарының, жүргінші жолдарының, экспедиция мен қоймалар алдындағы алаңдардың жабындары асфальтты бетонмен, бетонмен орындалады.

Құрылыстармен және өту жолдарымен айналыспайтын аумақ көгалдандырылады.

Едәуір қысқа жүргінші жолдарында зауытішілік көлік жолдары бар қиылыстардың саны аз болады, жолдардың ені-1,5 м кем емес.

5. Тротуар өту жолының бөлігіне қабысқан кезде ол өту жолының бөлігінен 0,15 м кем емес орнатылады.


6. Орлар мен шұңқырлар арқылы өту үшін ені кемінде 0,8 м, төменнен жоғары қарай 0,2 тұтас жігімен биіктігі кемінде 1 м қанаттармен қоршалған кішкене көпіршелер орнатылады.

Кішкене көпіршелерге кіру жолдары еркін болады, түнгі тәулік мезгілінде кішкене көпіршелер мен оларға кіру жолдары жарықтандырылады.

7. Өндірістік үй-жайлар мен жабдықтың қабаттарының түсті қаптамасы (бояуы), көбінесе, ақшыл реңдермен жүргізіледі.

8. Құбырлардың ажырату бояулары мен олар арқылы тасымалданатын заттардың ірі топтарының цифрлық белгіленуі қабылданған нормаларға сәйкес қабылданады.

9. Су құбыры мен канализация құрылғысы ҚР ҚНжәнеЕ 4.01-41-2006 және ҚР ҚНжәнеЕ 4.01-02-2001 талаптарына сәйкес болады.

Қалыптарды полимер материалдармен қаптау кезінде түзілетін қалдықтар одан әрі пайдаға асыру немесе зарарсыздандыру үшін сыйымдылықтарға тасталады. Нөсер ағындары канализацияға жіберілер алдында тазартылады.

10. Өндірістік үй-жайлардың жұмыс аймағындағы әуе ортасының санитарлық-гигиеналық шарттары нормаларға сай болады. Жұмыс аумағы ауасындағы зиянды заттардың құрамы белгіленген шекті рұқсат етілген (1-кесте) артық болмайды.

Жұмыс аумағы ауасында бір мезгілде бір бағытта әсер ететін бірнеше зиянды заттар болған кезде ауадағы олардың әрқайсысының нақты қосылымдарының олардың ШРҚ-на (ШРҚ1, ШРҚ2, ..., ШРҚn) қатынасының сомасы мынадай бірліктерден артық болмауы қажет.

С1/ШРҚ1 + С2/ШРҚ2 + ... + Сn/ШРҚn <1.

Жұмыс аумағы ауасында бір мезгілде бір бағытта әсер ету қасиеті жоқ бірнеше зиянды заттар болған кезде ШРҚ оқшауланған әсердегі сияқты күйде қалады.

Технологиялық жабдықты құрастырған, дайындаған, монтаждаған және пайдаланған кезде жұмыс үй-жайының ауасына зиянды бөлінділердің алдын алу немесе ең төменгі мәнге дейін азайту тиісті шаралар қолданылады.


1-кесте

Заттың атауы


ШРҚ шамасы,

мг. текше м

1. Астық тозаңы (кремний қос тотығының құрамына қарамастан)

4,0

2. Өсімдік және жануарлар тозаңы:




-10 % астам кремний қос тотығы қоспасымен (мақта, мақта матасы, ағаш және тағы басқа)


2,0

-2-ден бастап 10 % дейін кремний қос тотық қоспасымен

4,0

-2 % кем кремний қос тотық қоспасымен




(ұн, мақта мата, ағаш және тағы басқа)

6,0

3. Темір оксиді

6,0

4. Мырыш магниді

6,0

5. Марганец (марганец қос тотығына есептегенде)




-дезинтеграция аэрозолі

0,3

-сынадай құрамда дәнекерлеу аэрозоліндегі марганец:





20 % дейін

0,2

20-бастап 30 % дейін

0,1

6. Кобальт оксиді

0,5

7. Окситетрациклин

0,1

8. Тетрациклин

0,1

9. Бром метил

1,0

10. Металлил

0,3

11. Фосфин

0,1

12. Дихлорэтан

10,0

13. Метитион

0,1

14. Волатон

0,1

15. Карбофос

0,5

16. Аммиак


20,0

17. Бром

0,5

18. Азот қышқылы

2,0

19. Күкірт қышқылы

1,0

20. Сірке қышқылы

5,0

21. Йод

1,0

22. Ацетон

200,0

23. Бензол

15,0

24. Эфирлер

1-10

25. Спирттер:-этил

1000,0

-метил

5,0

26. Бензин

100,0

27. Керосин (дизелдік отын)

200,0

28. Ащы сілтілер (NаОН есептегенде)


0,5



1-параграф. Өртке қарсы іс-шаралар


11. Кәсіпорын аумағындағы темекі шегу орындары «Темекі шегуге арналған орын» деген жазумен белгіленген, темекі тұқылдарын жинауға арналған жәшіктермен және өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған. Кәсіпорын аумағының өрт шығу, жарылу қаупі бар учаскелерінде темекі шегуге жол берілмейді. Бұл учаскелерде «Темекі шегуге тыйым салынады» деген ескерту жазулары орнатылады.

12. Өртке қарсы сумен жабдықтау өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес қарастырылады. Өрт гидранттарында «№ __ өрт гидранты» деген жазуы бар көрсеткіш орнатылады, гидрантқа өту жолы белгіленеді және еркін болады.

13. Барлық ғимараттар мен құрылыстарға еркін өту жолы қамтамасыз етіледі. Ғимараттар мен құрылыстар арасындағы өртке қарсы аралықтар материалдарды, жабдықты және басқаларын жинау үшін қолданылмайды.

14. Тез тұтанғыш және жанғыш сұйықтықтар мен жағар материалдар арнайы бөлінген орындарда тиісті сақтау және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтай отырып сақталады. Қатты отын ашық қоймаларда сақталады.

15. Барлық өндірістік, қойма және жертөле үй-жайлары, сыртқы қондырғылар мен құрылыстар алғашқы өрт сөндіру құралдарымен және өрт сөндіру құрал-сайманымен қамтамасыз етіледі.

16. Өрт сөндіру құрал-сайманын шапшаң қолдану жағдайын жасау мақсатында және оларды бақылауды жеңілдету үшін өрт сөндіру құрал-саймандарының арнайы қалқандары орнатылады.

17. Барлық өрт сөндіру құрал-саймандары мен жабдық жарамды күйде ұсталады, көрінетін жерлерде болады және оларға кедергісіз қол жеткізу қамтамасыз етіледі.

18. Шаруашылық, өндірістік және өрт сөндірумен байланысты емес өзге де қажеттілік үшін өрт сөндіру құрал-саймандары мен жабдығын пайдалануға болмайды.


2-параграф. Автомобиль жолдары

19. Автомобиль көлігінің кәсіпорын аумағына өтуі үшін қатты жабынды жолдар салынады. Өту жолдарының ені техникалық нормаларға сәйкес болады: бір жақты қозғалыс кезінде-3,5 м кем емес, екі жақты қозғалыста-6 м.


20. Автомобиль жолдары мен жүргінші жолдарының теміржол жолдарымен қиылысу орындарында рельс бастарының деңгейімен төселген тұтас төсемдер орнатылады. Жүргінші жолдарының ені 1 м кем емес.

21. Аумаққа кіретін жолда автокөліктің қозғалыс кестесі ілінеді.

Аумаққа өту жолдары мен өткелдердің көрсеткіштері, сондай-ақ арнайы жазулар мен жылдамдық белгілері және автокөліктің қозғалыс бағыттары, машина тұрақтарының орындары Жол қозғалысы ережесіне сәйкес орнатылған.

22. Автомобиль салмақтары мен қабылдау құрылғыларының жабық өту жолдарының ені 3,5 м және биіктігі 3,5 м аспайды. Автомобиль салмақтарының шығу жолдарының қақпаларына қақпалардан 1 м қашықтықта бағыттаушы бағандар орнатылады.

23. Автокөліктің аумақтағы қозғалыс жылдамдығы 5 км/сағ, цехтарда 3 км/сағ аспайды.

24. Ұн таситын автокөлікпен ұн тасыған кезде бұрылу немесе аумақта айналып өту үшін алаң қарастырылады, олардың өлшемдері ірі көлемді ұн таситын автокөліктерді қолдануға арналған.

Ыдыстағы жүктерді түсіруге арналған алаңдар қолданылатын көліктің габариттік өлшемдеріне сәйкес болады.

Ыдыстағы жүкті түсіру үшін биіктігі 1,2 м, қойма үй-жайларының еденімен бір деңгейде рампа құрылғысы қарастырылады.

25. Сұйық қосалқы шикізатты (ағыстар, өсімдік майы, іркіт) қоймаға қабылдауға арналған қабылдау келте құбырлары жабық және аспалы күйде орнатылады.

26. Өнімді лотокпен жөнелту кезінде экспедиция рампасының биіктігі-0,65 м, ал контейнермен жөнелткенде-1,2 м.

27. Бір-бірінен кейін тұрған көлік құралдары арасындағы қашықтық кемінде 1 м, ал қатар тұрғандарының арасындағы қашықтық кемінде 1,5 м. Ғимарат пен көлік құралының ернеуі арасында кемінде 0,8 м интервал сақталады, бұл ретте шой балға бөрене орнатылады.


3-параграф. Теміржол жолдары

28. Теміржол жолдарын, олар арқылы өту жолдары мен өткелдерді орнату, кәсіпорынның теміржол шаруашылығын ұйымдастыру және пайдалану теміржол жолдарын пайдалануға қойылатын талаптарды қанағаттандырады.


29. Аумақтағы теміржол жолдары жақындау габаритінің талаптарына сәйкес құрылыстарға қатысты орналастырылады.

30. Теміржол жолдарына ескерту белгілері орнатылады, белгіленбеген орындарда жолдан өтуге тыйым салатын плакаттар ілінеді. Жүк және маневрлік операцияларды жүргізу орындарында жасанды жарық беру болады.

Теміржол жолдары жарамды күйде ұсталады, қардан, мұздан, қоқыстан, шөптен тазартылады.

31. Ғимаратқа 6 м жақын орналасқан теміржол жолдарына өндірістік және қосалқы үй-жайлардан шығу жолдары болғанда, қоймалардың қақпаларынан басқа, ғимараттан шығу жолында ғимараттар шығатын адамдарды теміржол құрамының өтуі туралы ескертетін дабыл орнатылады. Ғимараттан шығу жолында теміржол жолдарын қоршайтын қанаттар орнатылады.

32. Кіреберіс теміржол жолдарының электр беру, байланыс желілерімен, құбырлармен және өзге де жер асты және жер үсті құрылғыларымен пойыздардың қауіпсіздігі мен үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ететін қоршау құрылымдарын орнатқан кезде қиылысуына болады.

33. Теміржол жолдары жерасты кабелдерімен қиылысу кезінде олар рельс басынан кемінде 1 м тереңдікте рельс жолына перпендикуляр төселеді және науалармен немесе құбырлармен сақтандырылады.

34. Рельс жолдары арқылы жылжымалы көлік құралдарының қозғалу орындарында ені 2,5 м кем емес төсемдер орнатылады.

35. Жолдарда вагондарды қолмен жүргізу қолданылған жағдайда жолдардың тұтас бойымен қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шпалдың тұтас ені бойымен төсем орнатылады. Төсем рельс басының деңгейімен төселеді.

36. Локомотивтердің барлық түрлерінің үй-жайға кіруіне болмайды.

37. Тұраққа және тиеу-түсіру жұмыстарына қойылатын вагондар тежегіш башмактармен бекітіледі.

38. Тиеуге (түсіруге) арналған құрылыстар дабыл беру құрылғыларымен жабдықталады.

39. Теміржол көлігінен шикізат пен жүктерді қабылдау үшін биіктігі 1,4 м қабылдау платформалары рельс басының деңгейінен ені кемінде 4 м аспалармен жабдықталады.

40. Теміржол көлігінің кіру немесе зауыт қақпасынан шығу кезіндегі қозғалыс жылдамдығы 5 км/сағ аспайды.



следующая страница >>