girniy.ru 1
ҚҰЛАҚТАНДЫРУ


Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17-үй мекен-жайы бойынша орналасқын «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы («Қоғам») осымен өзінің акционерлерін Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қорғалжың тасжолы, 2А, «Думан» қонақ үй кешені, «Парламент» залы мекен-жайы бойынша 2011 жылдың 5 мамырында сағат 10 сағат 30 минутта мынадай күн тәртібімен акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өткізілетіндігі туралы хабардар етеді:

1. 2010 жылдың жылдық топтастырылған қаржылық есебін бекіту.

2. Қоғамның 2010 жылғы таза кірісін бөлудің тәртібі мен 2010 жылдың қортындылары бойынша Қоғамның бір қарапайым және бір артықшылықты акциясына есептегендегі дивиденттің мөлшерін бекіту.

3. Қоғамның 2010 жылғы жылдық есебін бекіту.

4. Акционерлердің Қоғам мен оның лауазымды адамдарының іс-әрекетіне арыздары және оларды 2010 жылы қараудың қортындылары туралы мәселені қарау.

5) Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқармасы мүшелерінің 2010 жылғы сыйақысының мөлшері мен құрамы туралы ақпарат.

6) Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқармасының 2010 жылғы жұмысы туралы есепті бекіту.

Акционерлерді тіркеудің басталу уақыты – 9 сағат 30 минут.

Акционерлерді тіркеудің аяқталу уақыты – 10 сағат 00 минут.

Кворум болмаған жағдайда акционердің қайталама жылдық жалпы жиналысы осы күн тәртібімен осы мекен-жай бойынша 2011 жылдың 6 мамырында 10 сағат 30 минутта болады.

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысына қатысуға құқы бар акционерлердің тізімі жасалған күн, – 2011 жылдың 1 сәуірі 24 сағат 00 минут.

Акционерлер күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдармен 2011 жылдың 22 сәуірінен бастап Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17-үй, 12-ші қабат, 1207 кабинет мекен-жайы бойынша Қоғамның ғимаратында жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, сондай-ақ www.kmgep.kz. сайтында таныса алады.