girniy.ru 1 2 ... 14 15





«ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІН БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН компанияСЫ» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


БЕКІТІЛДІ

«KEGOC» АҚ Басқармасының


2015 ж. 18 ақпандағы

4 хаттамасы


«KEGOC»АҚ ТрансформациЯЛАУ

БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ


ЖАРҒЫСЫ



1 дана


1-басылым


Енгізілген күні: 2015 ж. 18 ақпан


Астана

Мазмұны


Терминдер мен анықтамалар 5

Белгілер мен қысқартулар 7

1Кіріспе және қолданылу саласы 8

2Бағдарламаның мақсаттары 8

3Бағдарламаның табыс факторлары 9

4Бағдарлама көлемі 9

4.1 Бизнес-процестер көлемі 9

4.2 Бағдарламаның әдіснамалық көлемі 10

4.2.1Бағдарлама тәсілдері 10

4.2.2Бизнес-процестердің үлгі нұсқасын жасау әдісі 10

4.3 Ақпараттық жүйелерді енгізу әдістемесі 11

4.4 Бағдарламаны PMO арқылы басқару әдістемесі 11

4.5 Шешімдерді қабылдауды қолдау аспаптары 12

4.6 Бағдарламаның техникалық көлемі 13

5Қоғамның ұйымдық құрылымы 13

6Бағдарламаның құрылымы 14

6.1 Қоғамды жаңғырту жөніндегі кеңес 14

6.2 Бағдарлама командасын қалыптастыру қағидаттары мен міндеттері 15

6.3 Бағдарламаны қажетті персоналмен қамтамасыз етуді қолдайтын факторлар 16

7Міндеттері мен жауапкершілігі 16

7.1 Бағдарлама демеушісі 17

7.2 Бизнесті трансформациялау жөніндегі бас директор 17

7.3 Бағдарлама менеджері 18

7.4 Бағдарламаны басқару блогының жетекшісі (PMO) 19


7.5 Өзгерістерді басқару блогының жетекшісі 20

7.6 Бизнес-шешімдерді әзірлеу блогының жетекшісі 22

7.7 Ақпараттық технологиялар блогының жетекшісі 22

8Бағдарламаны басқарудың стандарттары мен рәсімдері 23

8.1 Жоспарлау, мониторинг және есептілік 23

8.1.1Жұмыс жоспарларын жаңалау циклы 24

8.1.2Есептілік 24

Уақыт шығындары бойынша есептілік Команданың барлық қызметкерлері үшін міндетті болып табылады. 24

8.2 Тәуекелдер мен өзекті мәселелерді басқару 25

8.2.1Тәуекелдерді басқару 25

8.2.2Өзекті мәселелерді басқару 25

9Сапаны бақылау 26

10Өзгертулерге арналған көлемдер мен сұратуларды басқару 26

11Бюджет пен шығындарды басқару 27

12Кезеңдердің жабылуын басқару 28

13Құжаттарды басқару 28

14Бағдарлама аспаптары 29

14.1 Бизнес-процестердің реинжинирингін басқару аспабы – Microsoft Project Server 29

14.2 Бизнес-процестерді моделдеу аспабы – ARIS 30

15Бағдарламаның инфрақұрылым 31

15.1 Бағдарлама кеңсесі 31

15.2 Бағдарламаны қамтамасыз ету 31

15.2.115 орынға арналған келіссөздер бөлмесі, келіссөздер бөлмесін жарақтандыру: 31

15.2.2Жобалау командасын орналастыруға арналған жай 31

15.2.3Жобалау командасын орналастыруға арналған жайды қажетінше жарақтандыру: 31

16 Бағдарламаның негізгі мерзімдері мен кезеңдері 32

172015-2016 жылдарға арналған жоғары деңгейлі күнтізбелік жоспар 33

Мерзімді тексерістерді есепке алу парағы 38





Терминдер мен анықтамалар





Терминдер


Анықтама

1

Бағдарламаның базалық жоспары

Жауапты қызметкерлері/құрылымдық бөлімшелері көрсетілген жұмыстар топтамаларының деңгейіне дейін нақтылы мазмұндалған жұмыстардың күнтізбелік кестесі (Жобалау жоспары).

2

Бизнес-процесс (БП)

Бұл пайда алу мақсатында тұтынушылар үшін белгілі бір өнімді шығаруға немесе қызметті көрсетуге бағытталған өзара бір-бірімен байланысты іс-шаралардың немесе міндеттердің жиынтығы. Тұтынушы Қоғамға қатысты сыртқы, сол сияқты ішкі тұтынушы болуы мүмкін. Бизнес-процестер көрнекі болу үшін бизнес-процестердің блок-схемаларының көмегімен көрсетіледі.

Бизнес-процестердің барынша ірі топтары мыналар болып табылады:

1) Басқару бизнес-процестері – бұл әрбір құрылымдық бөлімше деңгейінде және бизнес жүйені тұтастай алғанда, басқару функцияларының барлық кешенін қамтитын процестер. Бұл стратегиялық, жедел және ағымдағы жоспарлау, басқарушылық функцияларды қалыптастыру және жүзеге асыру процестері;

2) Негізгі бизнес-процестер – кәсіпорынды құрудың мақсатты объектілері болып табылатын және табыс алуды қамтамасыз ететін тауарды шығаруға немесе қызмет көрсетуге бағытталған процестер;

3) Қосалқы бизнес-процестер – бұл негізгі бизнес-процестер мен басқару бизнес-процестердің жұмысын қамтамасыз етуге арналған процестер.

3

Бағдарламаны басқару блогы (PMO)

Бағдарламаны басқару кеңсесі.

Бағдарламалық кеңсенің тиімді жұмыс істеуіне қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді.

4


Қызмет тиімділігінің негізгі көрсеткіштері (ҚНК)

Бағалау жүйесі Қоғамның стратегиялық және тактикалық (операциялық) мақсаттарға қол жеткізуін анықтап алуға көмектеседі. Оларды пайдалану өз жағдайын және стратегияның жүзеге асырылуын бағалауға көмектесуге мүмкіндік береді. ҚНК қызметкерлер мен Қоғамның тұтастай алғанда нақты уақыттағы іскерлік белсенділігін бақылауға мүмкіндік береді.

5

Команда

Бизнесті трансформациялау орталығын қоса алғанда, Қоғамның трансформациялау командасының барлық мүшелері/оған қатысушылар.

6

Нормативтік-анықтамалық ақпарат (НАА)

Құрамына ағымдағы құжаттар мен деректер базаларын қалыптастыру кезінде пайдаланылатын сөздіктер, анықтамалар мен жіктеуіштер кіретін деректерді реттеу үшін негіз болып табылатын ақпараттың шартты-тұрақты бөлімі.

7

Операциялық қызмет

Іске асырылуы Қоғамның күн сайынғы қызметін орындауға бағытталған процестер.

8

Портал

Команданың барлық мүшелерін біріктіретін Бағдарлама деректерінің бірыңғай базасы, ақпараттық алаңы.

9

Бағдарлама

Бизнесті трансформациялау бағдарламасы – бұл бизнес-процестер мен құрылымдарды стандарттау және оңтайландыру, қызметтің тиімділігін арттыру, бірыңғай ақпараттық кеңістікті және біріктірілген басқару жүйесін, сондай-ақ тұрақты жетілдірілетін корпоративтік мәдениетті құру мақсатында құрылған және іске асырылатын Қоғамның операциялық қызметіндегі жобалар жинағы.


10

Жоба

Бұл бірегей өнімдерді шығару, қызметтер көрсету немесе белгіленген уақтытта нәтижелерге қол жеткізу үшін берілген ресурстарды пайдалана отырып құрылатын уақытша кәсіпорын.

Жобаны басқару – бұл жобаға қойылатын талаптарды қанағаттандыру үшін жоба операцияларына қажетті білімдердің, іс-тәжірибелердің, аспаптар мен әдістердің қосымшалары.

11

Жаңғырту жөніндегі кеңес (Кеңес)

Қоғам Басқармасы жанындағы алқалық орган.

Кеңестің негізгі мақсаты стратегиялық басқару және Трансформациялау бағдарламасын іске асыруға қолдау көрсету, басымдылықтарды анықтау, жұмыстардың орындалу барысына және Бағдарламаның жалпы алға жылжуына бақылау жасау, озық іс-тәжірибелерді, Қоғамды тиімді басқаратын технологиялар мен стандарттарды енгізу болып табылады.

12

Бағдарлама демеушісі

Қоғамның жоғары басшылығының өкілі Бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ету және бизнес-пайда алу үшін жауап береді, алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге сай Бағдарламаның алға жылжуына жалпы басшылықты, жетекшілік жасауды және бақылауды жүзеге асырады.

13

CTT


Core Transformation Team – Қордың Трансформациялау жөніндегі орталық командасы.

14

Үлгі тізбе

Бұдан былай таратпау үшін берілген Қордың үлгі құжаттары.




следующая страница >>