girniy.ru 1

http://www.inosmikz.com/?p=2475

Қазақстан туралы шет елдерден келіп түскен күнделікті жаңалықтар

Написано 15 Октябрь, 2009 в категории Новости


«Archinect» басылымы «BIG seeks Russian-speaking Project Manager for Kazakhstan Presidential Library» атты материал шығарып, «BIG-Bjarke Ingels» тобының өзіне қызметке алу мақсатында орыс тілінде сөйлейтін менеджер іздеп жатқаны туралы хабарды жариялаған.  Нақтылап айтқанда онда осы құрылымның өз атынан былай делінген: «Біз Қазақстандағы Астанада жаңа Президенттік Кітапхананы тұрғызу міндеті жүктелетін BIG тобына қосылатын жоба менеджерін іздеп жатырмыз». Талапкерге (претендент) ағылшын және орыс тілін білу туралы шарт (условие) қойылады екен. Ал оның қазақ тілін білуі міндетті емес көрінеді.

***

 

 

Қытайдың «China Daily» газеті «Xinhua» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып, сәрсембі күні Пекинде басталған Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) кіретін сегіз мемлекет премьер-министрлерінің кездесуі туралы «PMs of SCO members meet in Beijing» атты мақала (статья) жариялады. Онда былай делінген: «Халықтың Ұлы Залында өтіп жатқан жиналыста Вэнь Цзябао төрағалық етуде және оған Ресейден, Қазақстаннан, Қырғызстаннан, Тәжікстаннан және Өзбекстаннан келген оның әріптестері (коллега), сонымен қатар ШЫҰ бақылаушы елдері мен Ауғанстанның өкілдері қатысуда». Мақалада бұның ШЫҰ премьер-министрлерінің сегізінші кездесуі екені және де осындай жетінші кездесудің өткен жылғы қазан айында Қазақстанда өткені атап көрсетілген. Сонымен қатар онда Вэньннің өз әріптестеріне айтқан мынадай сөздері келтірілген: «Мен бұл кездесу оң нәтижелер береді және біздің ортақ күш жұмылдыруымызбен күткен мақсаттарына жетеді деп сенемін». Мақала соңында ШЫҰ құрамына мүше ретінде (в качестве члена) Қытайдың, Ресейдің, Өзбекстанның, Тәжікстанның, Қырғызстанның және Қазақстанның кіретіні, ал Моңғолия, Үндістан, Иран мен Пәкістанның осы ұйымда бақылаушылар (наблюдатель) болып табылатыны айтылған.


 

***

Қытайдың орталық мемлекеттік телевизиялық бұқаралық ақпараттық құралы болып табылатын CCTV телекомпаниясы ШЫҰ премьер-министрлерінің сегізінші кездесуіне арналған «SCO looks for steady development» атты хабарды таратып, бұл халықаралық ұйымның бірқалыпты дамуды (равномерное развитие) көздейтіні туралы әңгіме қозғаған. Оның «SCO Prmie Ministers sign joint communique» деген екінші бір хабарында аталған ұйымға мүше елдер үкіметбасыларының жиналыстың соңында бірлескен коммюникеге қол қойғаны айтылады.   

 

***

Экономикалық мәселелерді зерттеумен шұғылданатын (~у – заниматься) «Business New Europe»  басылымы «CONFERENCE CALL: Chinese investments in Kazakh energy worry Europeans» атты мақала жариялап, онда «қазақ энергиясына салынып жатқан қытайлық инвестициялардың еуропалықтарды мазаландыратыны (~у – беспокоить)» туралы айтқан.

 

***

 

Халықаралық «Reuters» ақпараттық агенттігі Стамбулдан жіберілген «Turkcell Ranked as one of the World’s Top 10 Technology Companies by Total Shareholder Return» атты мақала жариялап, онда басқа елдермен қатар (наряду с) Қазақстанда да ұялы телефон байланысын қамтамасыз етумен (обеспечение, обеспечивать) айналысатын «Turkcell» компаниясының «Boston Consulting Group» құрылымы тарапынан әлемдегі ең жоғарғы дәрежелі 10 технология және телекоммуникация компанияларының бірі ретінде танылғанын хабарлайды.

 

***

 

Ұлыбританияның «Telegraph» газеті «Shop around for the best health cover» мақала жариялап, онда мынадай салыстырмалы (сравнительные) мәліметтер келтірген: «Госпиталь консультациясы Қазақстанда орта есеппен £20 тұрады; Испанияда баға £120 шамасында. Соған тең келетін қызметтің құны Оманда - £50, ал Біріккен Араб Әмірліктері арасында шамамен £90 мөлшерінен дейін £120 мөлшеріне дейін жетеді».


 

***

 

«Fars News Agency» ақпараттық агенттігінің жария еткен «Iranian VP: US Seeking Membership in SCO» атты хабарында былай делінген: «Иранның бірінші вице-президенті Мохаммад Реза Рахими сейсенбі күні АҚШ-пен қоса есептегенде, біраз Батыс елдері Шанхай ынтымақсастық ұйымына (ШЫҰ) қосылуға ырық (воля) танытты деп жариялады».

 

Аққали КӨПТІЛЕУОВ

 

Жобаның демеушісі – МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОРЫ.