girniy.ru 1 2 ... 19 20







ҚРДСжӘДМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы

044 -39/18к-10

99 беттің

-беті

«Құқық негіздері» пәнінен әдістемелік нұсқау




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ


ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК

ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ


Техникалық және кәсіби білім беру факультеті

Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы


Құқық негіздері пәнінен теориялық әдістемелік нұсқаулар жиынтығы


Мамандығы: 0304000 - «Стоматология»

Біліктілігі: 0304023 - «Стоматолог-дантист»

Курс: ІІ

Семестр: IІІ


Сағат саны: 90 сағат


Құрастырғандар: Махатова Л.Т., Сапарбек Ғ.Н., Бейсенбаев М.Ә.


Шымкент 2014 жыл


Құқық негіздері пәнінен теориялық әдістемелік нұсқаулар жиынтығы қоғамдық пәндер кафедрасының мәжілісінде бекітілді.


Хаттама № ______ 2014 жыл


Кафедра меңгерушісі, филос.ғ.к. ___________Қ.Б.Кемелбеков


1-САБАҚ


1. Сабақтың тақырыбы: Мемлекет, құқық және мемлекеттiк-құқықтық

құбылыстар туралы негiзгi ұғымдар

  1. Сағат саны: 135 мин (100 %)
  2. Сабақ түрі: теория


Сабақтың мақсаты: Студенттерге мемлекеттің пайда болуы туралы, құқық ұғымын қалыптастыруды, құқықтық құбылыстарды ұғындыру. Мемлекет қоғамға қызмет етуі керек, оның мүдделері мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етуге, оның тіршілік етуіне қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге тиіс. Мемлекеттің белгілерін, нышандарын, фукцияларын, механизмдерін кеңінен түсіндіру.

оқыту: Білімді қалыптастыру (тың мәліметтер беру, білімді қалыптастыру).

тәрбиелік: Адамгершілік тәрбиесін беру ( Қазақстандық патриотизм, ұлттық келісім ұғымдарын дұрыс қабылдау).

дамыту: Танымдық қызығушылықты дамыту.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, сөзжұмбақтар.

б) оқыту орны: дәріс аудиторясы

  1. Әдебиеттер:

1.Мемлекет және құқық теориясы. – Алматы: Баспа, 1998.- 256 б.

2.Сапарғалиев Ғ. Қазақстан мемлекеті мен құқығынының негіздері. – Алматы: Атамұра, 1994.- 160 б.

3.Баққұлов С.Д. Құқық негіздері: Оқулық. – 2-ші басылым. – Алматы, 2004. -248 б.

4.Дулатбеков Н.О. и др. Мемлекет және құқық негіздері / Дулатбеков Н.О., Амандықова С.Қ., Турлаев А.В. – Астана: Фолиант, 2001.- 252 б.

5.Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері: Оқулық / Е. Баянов. - Өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, қайта жөнделіп 2-ші рет басылуы. – Алматы, 2003.- 692 б.

6.Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы: Оқу құралы. – Алматы, 2004.

7.Сапаргалиев Ғ.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1997ж;

8.Дулатбеков Н., Амандықова С., Турлаев А. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы, 2001 ж.

1)Ұйымдастыру кезеңі: 7 минут (6% )


а) оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

ә) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

б) сабақтың мақсаты мен міндеті.

7. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 22 минут (16% )

а) Мемлекет қашан, қай кезеңде пайда болды?.

б)Мемлекеттің белгілерін, қызметі мен формасын ата.

в) «Құқық» ұғымының пайда болу себептері.

8. Жаңа сабақты түсіндіру - 60 минут (44%)

Ақпаратты – дидактикалық бөлім:

Мемлекет – бұл қоғамды білдіре отырып, осы қоғамды басқаратын және оның интеграциясын (құрылуын) қамтамасыз ететін арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты болатын бұқаралық биліктің саяси – аумақтық, егеменді ұйымы.

Мемлекет оны рулық қауымның  әлеуметтік билігінен ажыратуға мүмкіндік беретін мынадай  негізгі белгілермен сипатталады:

1.  Бұқаралық биліктің болуы.

2.Тұрғындарды  аумақтық (территориялық) бөлу.

3.Салық жүйесі.

4. Егемендік.

5. Құқық.

Мемлекеттік билік әлеуметтік биліктің ерекше  түрі болып табылады. Бұл  мемлекеттік мәжбүрлеуге сүйенетін субъектілердің арасындағы үстемдік пен бағынушылықтың  саяси – бұқаралық қатынасы.  Мемлекеттік биліктің ерекшеліктері мыналардан көрінеді:

1. Бұқаралық  (көпшілік ) билік.

2. Аппараттық билік.

3. Легитимдік (заңды деп танылған) билік.

Мемлекет мәнін түсіндіру мемлекет және құқық теориясының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Мемлекет мәні - бұл осы құбылыстағы оның мазмұнын, мақсатын, қызмет етуін  анықтайтын негізгілердің біреуі.

Мемлекет мәнін анықтауда қолданылатын тәсілдер: 

- таптық;

- жалпы әлеуметтік.

Мемлекет типі (түрі) тиісті тарихи дәуірде туындаған оның маңызды жақтары мен қасиеттерінің қатаң жүйесін білдіреді. Нақты тарихи дәуірде туындаған  мемлекеттердің барлығының белгілері ортақ болып келеді. Мемлекеттердің типологиясы негізінен екі тәсіл формациялық және өркениеттік тәсілдер тұрғысынан жүргізіледі.


Мемлекет функциялары – бұл мемлекеттің мәнін және мақсат - міндетін білдіретін оның  қызметінің негізгі бағыттары. Мемлекет функциялары оның қызметтеріне тәуелді және функциялардың өзгеруіне байланысты, басқа тәртіптегі мәнге өтуіне байланысты  өзгеріп отырады. Сонымен, мемлекет функцияларының өзгеріп отыратын категория.

Мемлекет функцияларының  классификациясы:

а) әрекет ету ұзақтылығына байланысты  тұрақты және уақытша;

б) маңызына байланысты  - негізгі және қосалқы;

в) қоғамдық өмірдің қай сферасында  жүзеге асырылуына байланысты -  ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

Мемлекет  функцияларын жүзеге асыру нысандары – бұл мемлекеттің функцияларын жүзеге асыратын оның органдарының біртекті қызметі. Оны құқықтық және ұйымдық нысандарына бөлуге болады.

Құқықтық нысандарына  мыналар жатады: құқық шығармашылық, құқық қолданушылық, құқық қорғаушы.

Ұйымдық нысандарға мыналар жатады: ұйымдық –регламенттеуші (реттеуші), ұйымдық, ұйымдық-идеологиялық.

Мемлекет механизмі – бұл мемлекет міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға арналған мемлекеттік органдардың жүйесі. Мемлекеттік аппараттың, оның барлық бөлімдерінің мазмұнын  қоғамдық өмірдің барлық сфераларының тиісті ұйымдастырылуын және тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық, ұйымдастырушылық жұмыстар құрайды.

Осы қызметтің нысандары көбінесе басқару кезінде  заңдар, құқықтық механизмдер қандай мөлшерде  пайдаланылатындығына байланысты, осыдан туындайтыны мемлекеттік аппараттың қызметінің мынадай нысандарын атауға болады:

1) тікелей басқарушылық;

2) құқықтық нысандар.

Мемлекет  механизмінің құрылымы мыналардан тұрады:

1)  Мемлекеттік органдардан;

2)  Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан;

3)  Мемлекеттік қызметшілерден;

4) Ұйымдастырушы құралдар мен қаражаттар, сондай –ақ  мемлекеттік аппараттың қызметін қамтамасыз етуге қажетті мәжбүрлеу күштерінен тұрады.


Мемлекеттік аппаратты ұйымдастыру және қызмет етуінің қағидалары – бұл мемлекеттік органдарды құру және қызмет етуіндегі алғашқы бастаулдар, идеялар, анықтайтын негізгі тәсілдер. Оларға мыналар жатады:

1)  Адам мен азаматтың  құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы қағидасы;

2) Демократизм қағидасы;

3) Биліктің бөлінуі қағидасы;

4) Заңдылық қағидасы;

5) Жариялылық;

6) Кәсіпқойлық қағидасы;

7) Алқалылық пен дара басшылықтың үйлесу қағидасы;

8) Сайланушылық пен тағайындалушылықтың  үйлесу қағидасы;

9) Иерархиялылық қағидасы.

Мемлекеттік органбұл мемлекеттік міндеттерді  атқаратын және осы үшін  тиісті биліктік өкілеттіліктер берілген ұйым немесе мекеме. Әр бір мемлекеттік органның: а) оның жедел басқаруында болатын мемлекеттік, қазыналық мүлкі болады; б) қаражаттары, банктегі есебі, бюджеттен қаржыландыратын қайнар көздері болады; в)өзіне белгіленген ұйымдық құрылымы, осыған байланысты қызметтік бағыныштылығы және қызметтік тәртібінің жүйесі болады; г) қажетті биліктік өкілеттілігі болады, осының негізінде лауазымды тұлғалар мен алқалы органдар  заңды міндетті іс - әрекеттер жасайды.

Мемлекеттік органдардың классификациясы:

1. Мемлекеттік қызметті жүзеге асыру нысаны бойынша мемлекеттік органдар өкілді, атқарушы- бұйырушы, соттық, прокурорлық және өзге де  бақылау- қадағалау  органдарына бөлінеді;.

2.   Биліктің бөліну қағидасы бойынша – заң шығарушы, атқарушы және сот.

3. Қызметінің құқықтық нысаны бойынша – құқық шығармашылық, құқық қолданушылық және құқық қорғаушы.

4. Иерархия бойынша – республикалық және жергілікті.

5.Өкілеттіліктерінің мерзімі бойынша- тұрақты (әрекет ету мерзімін шектеусіз құрылатын)  және уақытша(қысқа мерзімді мақсаттарға жету үшін құрылады)

6.Құзырлығының сипаты бойынша – жалпы құзырлықтағы  (үкімет) және арнайы құзырлықтағы (министрліктер).


9. Жаңа тақырыпты бекіту – 30 минут (22% )

Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу:

1. Мемлекет ұғымы, пайда болуы және қызметі мен формасын;

2. Құқық ұғымы және жүйесін;

3. Мемлекеттің функциясы, механизмін;

4. Мемлекттік құқықтық құбылыстардың негізгі ұғымдарын меңгеруі қажет

10. Сабақты қорытындылау: - 8 минут (6%)

а) Оқушыларды бағалау.

б) Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау.

1. Құқық сөзіне түсініктеме бер?

2. Құқық негіздері пәнінің негізгі мәселесі қандай?

3. Құқықтың қызметтерін ата?

11. Үйге тапсырма беру – 8 минут (6%)

Сабақтың тақырыбы: Мемлекет, құқық және мемлекеттiк-құқықтық құбылыстар туралы негiзгi ұғымдар. Өзіндік жұмыс. Тақырып сұрақтары бойынша ақпаратты дидактикалық бөліммен жұмыс істеу. Сабақтың тақырыбы бойынша жаңа енгізілген түсініктерді теориялық сабаққа арналған дәптеріне жазғызу. Оқытушымен бірге жұмыс істеу.

Мемлекеттік құқық, егеменді мемлекет, құқық негіздері және т.б

Реферат пен баяндамалар тақырыптары:


  1. Құқық негіздері пәнінің қалыптасуының алғы шарттары;

  2. Құқық негіздерінің пәні, оның мәні ерекшеліктері;

  3. Құқықтың негізгі бағыттары;

  4. Құқықтың құрылымы, қызметі;

5. Мемлекеттің пайда болу теориясы;

6. Қазақ хандығының құрылуы.

7. Мемлекеттің белгі нышандары;

8. Мемлекетің құрылым теориясы;


2-САБАҚ


1. Сабақтың тақырыбы: Мемлекет нысаны түсінігі және құрылымы.

2. Сағат саны: 90 минут (100%)

3. Сабақ түрі: теория

4. Сабақтың мақсаты: Қоғам адамдардың ұйымдасуы мен өмiр сүруiнiң нысаны, соның шеңберiнде материалдық және рухани игiлiктер өндiрiлiп, тұтынылып және айырбасталып жатады, осының өзi белгiлi бiр тәртiптi, адамдар арасындағы ­өзара қарым-қатынастардың орнықтылығы мен тұрақтылығын нығайтуға бағытталған, өз мүшелерiнң мiнез-құлқын басқарудың, реттеудiң және ықпал етудiң ерекше құралдарының болуымен сипатталады. Оқытудың негізгі мақсаты заң мамандығын алмайтын студенттерге мемлекет және құқық теориясының негіздерін меңгеру, ұлттық құқықтың жетекші салаларының шеңберінде қажетті білім беру. Қоғам өміріндегі мемлекет пен құқықтың орны мен ролін анықтау. Оқу курсында құқық саласының негізін қалыптастыратын құқықтық нормалары мен негізгі түсініктер қалыптастырады.


оқыту: Білімді қалыптастыру (тың мәліметтер беру, білімді қалыптастыру).

тәрбиелік: Адамгершілік тәрбиесін беру ( Қазақстандық патриотизм, ұлттық келісім ұғымдарын дұрыс қабылдау).

дамыту: Танымдық қызығушылықты дамыту.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, сөзжұмбақтар.

б) оқыту орны: дәріс аудиторясы


  1. Әдебиеттер:

1.Мемлекет және құқық теориясы. – Алматы: Баспа, 1998.- 256 б.

2.Сапарғалиев Ғ. Қазақстан мемлекеті мен құқығынының негіздері. – Алматы: Атамұра, 1994.- 160 б.

3.Баққұлов С.Д. Құқық негіздері: Оқулық. – 2-ші басылым. – Алматы, 2004. -248 б.

4.Дулатбеков Н.О. и др. Мемлекет және құқық негіздері / Дулатбеков Н.О., Амандықова С.Қ., Турлаев А.В. – Астана: Фолиант, 2001.- 252 б.

5.Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері: Оқулық / Е. Баянов. - Өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, қайта жөнделіп 2-ші рет басылуы. – Алматы, 2003.- 692 б.

6.Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы: Оқу құралы. – Алматы, 2004.

7.Сапаргалиев Ғ.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1997ж;

8.Дулатбеков Н., Амандықова С., Турлаев А. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы, 2001 ж.

1)Ұйымдастыру кезеңі: 5 минут (6% )

а) оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

ә) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

б) сабақтың мақсаты мен міндеті.

7. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 минут (16% )

а) Мемлекет қашан, қай кезеңде пайда болды?.

б)Мемлекеттің белгілерін, қызметі мен формасын ата.

в) «Құқық» ұғымының пайда болу себептері.


8. Жаңа сабақты түсіндіру – 40 минут (44%)

Ақпаратты – дидактикалық бөлім: Мемлекет нысаныбұл басқару нысанынан, мемлекеттік құрылым нысанынан  және саяси режим нысанынан тұратын қоғамның  құрылымдық ұйымы.

Басқару нысаны – жоғарғы мемлекеттік билік органдарының құрамы, құрылу тәртібі және өкілеттіліктерінің арақатынасы. Басқару нысаны мынадай негізгі түрлерге бөлінеді: монархия және республика. Монархия – бұл тақ ұрпақтан ұрпаққа мұрагерлік жолмен берілетін, жоғарғы мемлекеттік билік бір адамның – монархтың қолында болатын  басқару нысаны. Монархиялар шексіз – бұнда монарх бірден бір мемлекеттік билік органы болып табылады, және шектеулі – бұнда жоғарғы билік өкілеттіліктері монархпен және  қандай – да бір монархтың  билігін шектейтін  басқа органның арасында бөлінген, болып бөлінеді. Шектеулі  монархиялар өз кезегінде өкілді (дуалистік), бұл кезде монархта атқарушы билік, үкіметті құру құқығы, олардың алдында жауапты министрлерді тағайындау және ығыстыру құқығы, вето құқығы және парламетті шектеусіз тарату құқығы қалдырылған, және парламентарлық, бұнда  монархтық құқықтық жағдайы біршама шектелген, өйткені мемлекет басшысы тағайындаған министрлер парламенттің сенім вотумына тәуелді болады, монархтың заңмен қарастырылған жағдайда ғана кідіртушілікті қажет етпейтін вето құқығы, парламентті тарату құқығы ғана қалдырылады, болып бөлінеді.

Республика – бұл жоғарғы мемлекеттік билік нақты бір мерзімге сайланған органдарға берілген және сайлаушылары алдында жауап беретін басқару нысаны.  Жоғарғы мемлекеттік билік органдарын сайлауға қатысу құқығы берілген тұрғындардың топтарына байланысты барлық республикалар ақсүйектік, автократтық және демократиялық болып бөлінеді.

Демократиялық  республикалар өз кезегінде  мынадай болып бөлінеді:1) парламенттік, бұнда саяси өмірде шешуші рөл басында премьер –министр болатын парламент құрған  үкіметке тиесілі болады; 2) президенттік, бұнда сайланған мемлекет басшысы, сонымен  біруақытта үкіметтің басшысын тағайындайтын және үкіметті тарататын үкімет басшысы болады.; 3) аралас, бұнда үкіметті  президент пен парламент біріге отырып құрады. ҚР президенттік басқару нысандағы мемлекет болып табылады.


Мемлекеттік құрылым нысаны – бұл мемлекеттің құрамды бөліктерінің арасындағы, сондай – ақ олардың әрқайсысының  мемлекетпен арасындағы өзара байланысын сипаттайтын мемлекеттің аумақтық құрылымы. Барлық мемлекеттер  өз мемлекеттік құрылым бойынша жай және күрделі болып бөлінеді.

Жай (қарапайым) немесе унитарлы мемлекеттер – бұл  біртұтас, бөлінбейтін мемлекет, өз ішінде жекеленген мемлекеттік құрылымдар болмайтын, жоғарғы органдардың бірыңғай жүйесі, заң шығарушы органдардың бірыңғай жүйесі, бірыңғай сот жүйесі, бірыңғай азаматтық және  бір каналды  салық жүйесі болады. Қазақстан Республикасы унитарлы аумақтық құрылымы бар мемлекет.

Күрделі мемлекет – бұл қандай да бір дербестілікті пайдаланатын жекеленген мемлкеттік құрылымдардан тұратын мемлекет. Күрделі мемлекеттерге империяларды, конфедерацияларды, федерацияларды, достастықтарды және қауымдастықтарды жатқызады.

Империяларбұл күштеп құрылған, құрамды бөліктері жоғарғы биліктен тәуелділік дәрежесі  әр түрлі болатын  күрделі мемлекеттер. Империялардың ерекшелігі олардың құрамды бөліктерінде ешқашанда бірыңғай мемлекеттік – құқықтық мәртебесі  болмағандығы болып табылады.

Конфедерацияларды империялардан айырмашылығы, олардың ерікті негізде құрылуы. Бұл белгілі бір тарихи кезеңде нақты мақсаттарға жету үшін құрылған мемлекеттердің уақытша одағы. Конфедерацияны құрған егеменді мемлекеттер халықаралық – құқықтық қатынастардың субъектілері болып табылады, өз азаматтығы, билік, басқару және әділсот органдарының жүйелері сақталады.

Федерациябұл құрамды бөліктерінде қандай да бір мөлшерде мемлекеттік егемендік болатын және мемлекеттік құрылымдар болып табылатын күрделі, одақтас мемлекет; онда  жоғарғы федералды органдар мен федералды заңнамамен қатар федерация субъектілерінің жоғарғы органдары мен заңнамалары болады; федерацияда екі каналды салық жүйесі пайдаланылады; формалды белгілерінің біреуі қос азаматтықтың болуы.Федерациялар аумақтық немесе ұлттық – мемлекеттік қағида бойынша  орнауы мүмкін.


Достастық – бұл  ортақ белгілерінің болуымен, нақты біртектілікпен сипатталатын мемлекекттердің ұйымдастырылған бірлестігі.Біріктіретін олардың белгілері экономикаға, құқыққа, тілге, мәдениетке, дінге қатысты болады. Достастық мүшелері – бұл толғымен тәуелсіз, егеменді мемлекеттер, халықаралық қатынастардың субъектілері.

Мемлекеттердің қауымдастығы – бұл қоғамның мемлекеттік ұйымға өтудегі ауыспалы нысаны. Қауымдастықтың негізінде көп жағдайда қауымдастыққа кіретін мемлекеттердің интеграциялық  байланыстарын күшейтетін және конфедерацияға бірігуге септігін тигізетін мемлекеттік аралық шарт қаланады.

Саяси режим – бұл мемлекеттік билікті жүзеге асыратын тәсілдер мен әдістер. Мемлекеттік билік жүргізудің әдістері мен тәсілдерінің жинақталуына байланысты режимнің екі түрін ажыратуға болады: - демократиялық және антиде­мократиялық. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық, зиялы, әлеуметтік мемлекет деп жариялады.

Зандылықтар дегеніміз – белгілі бір құбылыстардың маңызын білдіретін шынайы тұрақты қатынастар. Мемлекет пен құқық негіздерінің пәнін мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың өмір сүруі мен дамуының жалпы заңдылықтары құрайды.

Мемлекет пен құқық негіздері пәнінің өзіне тән ерекшеліктерін білу үшін зерттелетін ғылымның басқа да қоғамдық және құқықтық ғылымдармен байланысын қарастыруымыз қажет. Қоғамдық өмірдің ең өзекті мәселесі - мемлекет пен құқық тек мемлекет пен құқық негіздерінің ғана емес, басқа да философия, экономикалық негіз, әлеуметтану, саясаттану, тарих, психология, логика тәріздес қоғамдық ғылымдардың зерттеу объектілеріне жатады.

Мемлекет пен құқық негіздерімен басқа қоғамдық ғылымдардың арасындағы байланысты сипаттауда екі түрлі қағида маңызға ие болады.

Біріншіден, мемлекеттік құқықтық құбылыстарды зерттеу кезінде басқа әлеуметтік шынайылықтан алшақ кетуге болмайды. Сондықтан, мемлекет пен құқықты зерттеу кезінде басқа қоғамдық ғылымдардың жеткен жетістіктері міндетті түрде қолданылады.


Екіншіден, құқықтық шынайылық басқа құбылыстармен байланысып жатқандықтан, қоғамдық өмірдің басқа салаларын - экономикалық, мәдени, саяси және тағы басқалар зерттеу заң ғылымдарының, соның ішінде мемлекет пен құқық негіздерінің көмегінсіз толық бола алмайды.

Сонымен, мемлекет пен құқық негіздерінің басқа қоғамдық ғылымдармен байланысы екі түрлі сипатқа ие болады. Бір жағынан-мемлекет пен құқық негіздері қоғамдық ғылымдардың жетістіктерін пайдаланса, екінші жағынан-қоғамдық ғылымдар мемлекет пен құқық негіздерінің тұжырымдарына сүйенеді. Бұндай қорытынды ғылыми білімнің бірлігі мен өзара байланысы қағидасынан шығады.

Құқықтық ғылымдардың ерекшеліктеріне келсек, олар мемлекеттік құқықтық шынайылықтың өзекті мәселелерін арнайы зерттеумен шұғылданады. Барлық құқықтық ғылымдарды өз пәндерінің ерекшеліктеріне байланысты бірнеше топтарға жіктеуге болады.

Құқықтық ғылымдар мемлекеттік құқықтық құбылыстардың аса маңызды жалпы сұрақтарын зерттейді. Тарихи құқықтық ғылымдар мемлекеттік - құқықтық мекемелердің (мемлекет пен құқық тарихы) немесе мемлекет пен құқық ілімдерінің (саяси құқықтық ілімдер тарихы) даму процессін қарастырады.

Салалық құқықтық ғылымдар (конституциялық, қылмыстық, азаматтық, әкімшілік, еңбек және т.б.) нақты құқықтық мекемелер мен нұсқауларды және тиісінше құқықтық практиканы зерттейді.

Қолданбалы құқықтық ғылымдар (криминалистика, сот медицинасы, сот психиатриясы және т.б.) табиғи және техникалық ғылымдардың жетістіктерін, құқықтық мәселелерді шешу үшін қолданылады.

Заңдық ғылымдар жүйесінде мемлекет және құқық негіздерінің алатын орны ерекше. Мемлекет және құқық негіздері мен тарихи-заңдық ғылымдардың ұқсастығы олардың мемлекет пен құқықты тұтас қарайтындығына байланысты, айырмашылығы тарихи-заңдық ғылымдар зерттеу барысында мемлекеттік-құқықтық нысандарды даму үрдісінде хронологиялық тәртіппен, тарихи әдістерді қолдана отырып зерттейді, негізі осы құбылыстарды тұжырымдап, олардың дамуының жалпы заңдылықтарын анықтауға тырысады, логикалық әдісті қолданады.


Салалық заңдық ғылымдарға қатысты мемлекет және құқық негіздері тұжырымдаушы роль атқарады. Ол мемлекет пен құқықтың дамуы мен қызмет етуінің барынша жалпы заңдылықтарын зерттеп қорытындылайды, барлық салалық заң ғылымдарына ортақ мәселелерді қарастырады, әдістемелік, бағыттаушы роль атқарады. Сонымен қатар өзі де салалық заң ғылымдарының жетістіктерінен нәр алады, яғни ондағы фактілі материалдарды өңдеп, қажетіне жаратады. Мемлекет және құқық негіздерінің өзге заңдық ғылымдармен арақатынасы өзара тығыз байланысты екі жақты қатынас екендігіне көз жеткіздік.

Әрбір ғылымның зерттеу пәнімен қатар зерттеу әдістері де болады. Методология дегеніміз – білім алу үшін ғылымда қолданылатын тәсілдер, ережелер және қағидалар жиынтығы. Мемлекет пен құқық негіздерінің зерттеу әдістері екі үлкен топтан құралады:

- жалпы ғылымдық зерттеу әдістері

- жеке ғылымдық зерттеу әдістері.

Жалпы ғылымдық зерттеу әдістері – барлық ғылымдармен қолданылатын жалпы зерттеу әдістері, барлығына ортақ қағидалар. Оларға анықталған философиялық бағыттарды жатқызуымызға болады. Қазіргі кезеңде жалпы ғылыми зерттеулер материализм мен диалектикаға сүйенеді.

Жеке ғылыми зерттеу әдістері дегеніміз – нақты білім алу үшін қолданылатын ережелер, тәсілдер, әдістер жиынтығы. Олар зерттеу процессінің деңгейі мен бағытына байланысты көптүрлі болады. Нақты-әлеуметтік тәсілдер негізінен ғылыми ақпарат жинау кезінде қолданылады. Оларға жататындар: бағдарлау – мемлекет пен құқық негіздерінде бағдарлау объектілеріне құқықтық практика мен мемлекеттік мекемелер жатады. Сұрау, анкета жүргізу, сұхбаттасу, сараптама және т.б. әдістер арқылы субъектілердің мемлекеттік-құқықтық аймақтағы нақты әрекеті туралы мәлімет жинауға болады.

Мемлекет пен құқық негіздерінде қолданылатын негізгі әдістердің бірі – логикалық әдіс. Логика – ойлау тәсілдері мен әдістері туралы ғылым. Заң ғылымының зерттеу процесінде анализ және синтез тәсілдері де қолданылады. Анализ – негіздік және тәжірибелік зерттеу процесінде күрделі объектілерді талдау, құрамды бөліктерден жіктеп ажырату. Синтез – сол талданған бөліктерді жинақтап қосу арқылы белгілі бір объектіні, затты құрастыру.


Жеке ғылыми зерттеу әдістерінің түрлеріне: формалды-заңдық, жүйелік, функционалдық, статистикалық, әлеуметтік, салыстыру жатады.

Формалды – заңдық әдіс заңдық түсініктерді анықтауға, олардың қасиеттерін ажыратуға, жіктеу жүргізуге, құқықтық нұсқауларды түсіндіруге мүмкіндік береді.

Жүйелік тәсіл – қоғамдағы мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды жүйеге, салаға топтастырып зерттеу.

Функционалдық тәсіл – қоғамдағы заңды құбылыстардың әлеуметтік бағытына, маңызына, қызметіне қарай жіктеп зерттеу жүргізу.

Статистикалық әдіс – заңды құбылыстардың санды деректеріне, фактілеріне сүйене отырып зерттеу жүргізу.

Үлгілік әдіс – болған құбылыстың үлгісін жасап, сол арқылы істің мазмұнын, көлемін жобалап барып зерттеу жүргізу.

Әлеуметтік тәсіл – жүйелік, функционалдық, статистикалық, үлгілік тәсілдер арқылы жүргізілген зерттеулердің қорытынды нәтижелерін біріктіріп зерттеуді жалғастыру.

Салыстырмалы-құқықтық әдіс – бірнеше мемлекеттерді, құқықтарды салыстырмалы зерттеу және олардың тарихи даму процестерінде теңестірмелі әдіспен зерттеу жүргізу.

9. Жаңа тақырыпты бекіту: 20 минут (22 %)

10. Сабақты қорытындылау – 5 минут (6%)

а) оқушыларды бағалау

ә) келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау.

1. Мемлекет нысаны түсінігі және құрылымы.

2. Мемлекеттік құқық, егеменді мемлекет, құқық негіздері және т.б

11. Үйге тапсырма беру – 5минут (6%)

1.Сабақтың тақырыбы бойынша жаңа енгізілген түсініктерді теориялық сабаққа арналған дәптеріне жазғызу. Оқытушымен бірге жұмыс істеу. Мемлекеттік құқық, егеменді мемлекет, құқық негіздері және т.б


3-САБАҚ



следующая страница >>