https://electroinfo.net

girniy.ru 1 2 3 ... 6 7

Дәрістердің қысқаша мазмұны:

1 лекция

Мақсаты: Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының мақсаты мен міндеттері

1.Кіріспе. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының міндеттері мен мақсаты, негізгі мәселелері

2.ҚР-да тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы, тарих ғылымдарының алдындағы міндеттер туралы

Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы курсы – 1 дүние жүзілік соғыс кезеңінен бастап Қазақстанның калыптасуын, дамуын, осы кезеңдегі Қазақстанның Отандык тарихтағы орнын және тарихи окиғаларды объективті түрде накты деректер негізінде карастырады. Курс теориялык біліммен қатар практикалық дағдылар беруге де міндет етіп, студенттердің тіл деректерін накты танып, сөйлеу, жазу мәдениетін жетілдіруді мақсат ете отырып, оларды ғылыми зерттеу жұмыстарына бейімдеуіне де назар аударады.

Курстың мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік бітімі қалыптасуының, оның егемендігін нығайтудың, азаматтык пен отаншылдыкты тәрбиелеу. Мамандыққа катысты курстың міндеттері:

Согыстан кейінгі Қазакстанның әлеуметтік - экономикалық дамуын көрсету.

-19 60-70 жж. Казакстанның даму деңгейін сипаттау.

-1970-80 жж. токырау жылдарындағы саяси экономикалық дамудын ерекшеліктерін айкындау.

-Осы кездегі мемлекет басшыларының саяси портретін көрсету.

-1980 жж. ортасындағы кайта кұру бағытына талдау жасау.

Тәуелсіз Казакстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуын көрсету.

«Қазакстан - 2030» стратегиялык бағдарламасын оқып үйрену.

Қазақстан тарихының негізгі мәселелері бойынша тарихнама және дерекнама мәселелеріне шолу.

-КР - ның мемлекеттік реміздерін. тарихи фактлермен тарихи кұбылыстардың өзара байланысын ашып,тарихиокиғаларды салыстыру аркылы тарихи түсініктердің мәнін Ашу және оған талдау жасау;

-әртурлі деректерден накты акпаратттарды ала білу;

-аныктамалык және ғылыми әдебиеттермен, тарихи кұжаттармен және монографиялармен жұмыс icтey;


-алған теориялык 6ілімдерін ic жүзінде жүзеге асыра алу;

2 лекция

Қазақстан бірінші дүние жүзілік соғыс кезінде

Мақсаты: Қазақстанның бірінші дүние жүзілік соғыс кезіндегі саяси жағдайды қарастыру.

1.1916ж. ұлт-азатттық көтеріліс.Ідүние жүзілік соғыстың Қазақстанға әсері.

2.1916ж маусым жарлығы.

3.Көтерілістің Торғайдағы орталығы

4.Көтерілістің Жетісудағы орталығы

ХХ ғасырдың екінші онжылдығының алғашқы жылдарынан бастап-ақ патша өкіметінің Қазақстандағы отарлық саясаты одан сайын күшейе түсті. Қазақтарды жерінен айырып, құнарсыз және шөлді аймақтарға ығыстыру одан әрі жалғасты. Патша өкіметі 1916 жылға қарай қазақтардың 45 млн. десятина жерін тартып алды. 1907-1912 жылдары Ресейдің орталық аймақтарынан Қазақстанға 2 млн. 400 мың адам қоныстандырылды. Қоныс аударушылар салықтар мен алымдардың көптеген түрінен босатылды. Қоныс аударушыларға қарулануға рұқсат берілді. Патша өкіметі жергілікті халық пен қоныс аударушылар арасындағы ұлттық жанжалдарды әдейі өршітіп отырды.

Өнеркәсіп жұмысшыларының жағдайлары да нашарлай түсті. 1912-1914 жылдары Орынбор-Ташкент темір жолының және Спасск мыс қорыту зауытының жұмысшылары, Доссор мұнайшылары мен Торғай уезіндегі Шоқпаркөл көмір кенінің жұмысшылары ереуілдер мен наразылықтар жасады. Аталған жағдайлардың бәрі өлкеде ұлт-азаттық наразылықтың күшейіп келе жатқандығын көрсетті.

Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы және соғысқа байланысты туындаған қиыншылықтар өлкедегі жағдайды одан сайын шиеленістіріп жіберді. Соғысқа дейін жинақталған әлеуметтік, экономикалық және ұлттық қайшылықтар одан әрі тереңдеп күрделене түсті. Қандай соғыс болса да оның қиыншылықтар мен ауыртпалықтар алып келетіндігі белгілі. Және бұл қиыншылықтар ауыртпалығы ең алдымен қарапайым еңбекші бұқараның мойнына түседі. Бірінші дүниежүзілік соғыстың алғашқы жылдарынан бастап-ақ патшалық Ресейдің техникалық және экономикалық жағынан артта қалғандығы айқын көрінді.


1915-1916 жылдардағы ауыр жеңілістерден кейін Ресей батыстағы едәуір территориясынан айырылды. Майдандағы сәтсіздіктер адам күші мен материалдық ресурстарды үсті-үстіне талап етті. Әсіресе, жұмыс күшінің жетіспеуі шаруашылықтың көптеген салаларын дағдарыс жағдайына жеткізді. Соғыс Қазақстанға да өзінің ауыр зардаптарын тигізді, салық 3-4 есе, ал кейбір жағдайларда 15 есеге дейін өсті. Арнайы соғыс салығы енгізілді. “Ерікті қайырымдылықтар”, мемлекеттік заемдар және тағы басқа да соғыс салығы түріндегі, барлығы 10-ға жуық әртүрлі салықтар мен міндеткерліктер төлеу және атқару міндеттелді. Қазақ даласынан орасан көп мөлшерде арзан бағамен мал сатып алынды, соғыс жүктерін тасымалдау үшін қазақтардың көлік күштері олардың ықтиярынсыз пайдаланылды. 1916 жылға дейін Түркістан өлкесінен 70 мың жылқы, 13 мың түйе, 300 мың пұт ет, 3 мың пұт мақта майы, 473 мың пұт балық, 38 мың аршын киіз, 13 мың киіз үй алынды. Қазақтар сонымен бірге Қазақстан территориясы арқылы өткен әскерлерді тегін етпен, астықпен, малмен, киіз үймен қамтамасыз етуге тиіс болды.

Соғыс жылдарында егіс көлемі қысқарып, мал саны азайып кетті. Соғыс өлкеде өнеркәсіптің құлдырауын, ауыл шаруашылығы өнімдерінің күрт төмендеуін, транспорт дағдарысын және қымбатшылық пен ашаршылықты туғызды. Патша әкімшілігі ұлтшылдық ұрандар тастап, ұлтаралық араздықты әдейі қоздырды, қоныс аударғандарды ұрылардан қорғану дегенді желеу етіп қаруландырды. Ұлттық-отарлық езгі одан әрі күшейе түсті. Қоныс аударғандар мен қазақтар арасында тартып алынған жерлер үшін күрес күшейіп кетті. Қазақтар кулактар мен казактардың қысымы мен озбырлығына жауап ретінде олардың жылқыларын айдап әкетіп, жер белгілерін қиратып, дайындаған пішендері мен шабындықтарын өртеп кетіп отырды.

Соғыс ауыртпалықтары мен патша өкіметінің отарлық езгісінің одан әрі күшеюі өлкеде жаппай наразылық туғызды. Қазақ даласында жалпы ұлттық дағдарыс пісіп жетілді.

1914 жылы басталған және оған патшалық Ресей де қатысқан бірінші дүниежүзілік соғыс оның халықтарына аса ауыр қайғы-қасіреттер әкелді: әлеуметтік және ұлттық езгі күшейді, империяның шет аймақтарында патша шенеуніктерінің басынушылығы мен зорлық-зомбылығы өлшеусіз артты. Қазақстанда бірінші кезекте Сырдария облысының солтүстік-шығыс аудандарында, Жетісу облысының оңтүстігінде және басқа бірқатар облыстарда қазақтардың жерлерін жаппай тартып алу жалғасып жатты. Тек Жетісу облысының бір өзінен ғана соғыстың алғашқы үш жылы ішінде 1800 мың десятина ең таңдаулы жайылымдық және егістік жерлер тартып алынды, ал осы жерлердің шын қожалары – қазақтар шаруашылық жүргізуге жарамдылығы аз немесе мүлде жарамсыз шөл және шөлейт аудандарға күштеп көшіріліп жіберілді. Қазақтардан тартып алынған жерлер патша офицерлеріне, шенеуніктерге, дін басыларына, казак әскерлері мен Ресейден және Украинадан қоныс аударған шаруаларға үлестірілді. 1916 жылдың ортасына таман қазақ халқынан тартып алынған жерлердің көлемі 45 млн. десятинаға жетті. Соғыс шикізатты, азық-түлікті, малдың және басқа материалдық байлықтардың орасан зор мөлшерін жұтып жатты. Осыған байланысты қазақ халқының иығына жаңа ауыртпалықтар түсті: міндетті түрде ет тапсырылды, мемлекет керегіне мал жаппай еріксіз алынды, әрбір үйден жаңа соғыс салығын алу енгізілді, земстволық салымдар және болыс басқарушыларын бағып-қағуға арналған бай-болыстық алымдар, сондай-ақ жол үшін төленетін және басқа салықтар мөлшері артты. Жергілікті халыққа салынатын салықтар соғыстың басталуымен байланысты 3-4 есе, ал жекелеген жағдайларда – 15 есеге дейін өсті.


1916 жылы таптық және ұлттық езушіліктің, соғысқа деген өшпенділіктің күшеюі жаппай құбылысқа айналды. Соғыс елдегі жалпы-ұлттық дағдарыстың пісіп-жетілу процесін тездете түсті. Соның жарқын бір көрінісі Қазақстан мен Орта Азияның барлық аймақтарын дерлік қамтыған 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі болды.

Көтерілістің шығуының басты себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің күшеюі, жерді тартып алу, салықтар мен алымдардың өсуі, еңбекшілерді қанау, өлкенің қазақ және басқа бұрыннан тұрған жергілікті халықтары жөнінде царизмнің жүргізіп жатқан орыстандыру саясаты, соғысқа байланысты қалың халық бұқарасы жағдайының күрт нашарлап кетуі, міне осыған алып келді. Көтерілістің бұрқ ете қалуына патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы армияның тыл жұмыстарына Қазақстанның, Орта Азияның және ішінара Сібірдің 19-дан 43 жасқа дейінгі “бұратаналық” еркек халықтарын шақыру жөніндегі жарлығы тікелей сылтау болды. Мемлекет әжетіне еріксіз алынғандарды әрекеттегі армия қимыл жасап жатқан аудандарда қорғаныс құрылыстары мен әскери байланыс жолдарын салу жұмыстарына пайдалану жоспарланды. Қазақстан мен Орта Азиядан 400 мың адам, соның ішінде Қазақстанның далалық облыстарынан – 100 мыңнан астам, Жетісудан – 87 мың адам еріксіз алынуға тиісті болды.

Шілденің басында Қазақстанның барлық аймақтарында дерлік көп кешікпей қарулы көтеріліске айналған стихиялық бас көтерулер басталды. Халық қаһарының соққысын алдымен тылдық жұмыстарға баратындардың тізімін тікелей жасаушы болыс басқарушылары, ауыл ағамандары және патша әкімшілігінің басқа да төменгі қызметкерлері алды. Қазақтардың метрика куәлігінің жоқтығын пайдаланып, олар тізімге жасы нешеде екеніне қарамай, өз беттерінше кедейлерді енгізіп, ал байлардың балаларын пара бергені үшін шақырудан босатып отырған. Тізімдер жасау жүйесі іс жүзінде осындай жаппай парақорлық пен қызмет бабын теріс пайдаланушылық туғызды.

1916 жылғы көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында ерекше орын алды. Империализм мен бірінші дүниежүзілік соғыс жағдайларында Амангелді Иманов пен көтерілістің басқа басшылары халықты өз уақытында Сырым Датов, Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісов, Кенесары мен Наурызбай Қасымовтар бастаған тәуелсіздік жолындағы күреске көтерді. Кенесары Қасымовтың басшылығымен болған ұлт-азаттық қозғалысынан кейін бірінші рет 1916 жылғы көтеріліс кең байтақ өлкенің барлық аймақтарын қамтып, бүкілқазақтық сипат алды. Көтеріліс отарлауға және империалистік саясатқа қарсы бағытта өрбіді. Халықты ұлттық және саяси азат ету жолындағы көтерілістің таптық жағы екінші кезектегі мәселе болып қалды.


3 лекция

Қазақстан ақпан буржуазиялық –демократиялық революциясы кезінде

Мақсаты:

1.Қазақстанның әлеуметттік-экономикалық жағдайы

2.Қазақстандағы революциялық белсенділіктің өсуі

3.Қазақстандағы қос өкімет және оның саясаты

4.Жер мәселесі және ұлттық мәселе

Патшалы Ресей заманында әр қилы зорлық-зомбылықты көріп, алдағы күндерге үміт артқан қазақ зиялылары 1917 жылғы ақпан буржуазиялық төңкерісі жеңіп, патшаның тақтан түскені туралы хабарды зор қуанышпен қарсы алды. Өйткені бұл төңкерістен күткені көп болған. Осы қазақ зиялыларының көш басшысы Әлихан Бөкейханов "Қазақ" газетіне Минскіден телеграфпен сәлем жолдады. Онда былай делінген: "Ресейдегі барша халыққа ағайындық, теңдік, бостандық күні туды. Жаңа құрылған үкімет дүкенін сүйеу үшін қазаққа ұйымдасу керек. Жаңа құрылған ел бағу дүкенін нығайту үшін тегі басқа барша халықтармен үйір боларға керек. Учредительное собрание сайлауларына қазақ болып қамдану керек. Енді араздық, өштік, дау, жанжал, талас, партиялық сиыспауларды тастау керек, көксерлік жұмыстарың - бірлік, адалдық болсын!, "Жер мәселесін де қозғап, тезірек қолға ала беріңдер. Біз қалайтын патшалық түрі - демократическая республика"Бұл жеделхаттағы негізгі ой сол тарихи кезеңдегі жалпы ұлттық мүддеге сай келді, содан туындады.

Халықтың өмір бойы армандаған ұлы азаттығын әкелген бұл бостандықты баянды етіп, өзге өркениетті елдердің қатарынан қалмас үшін бай-кедейге, төре-қараға бөлінбей, ортақ іске жабыла қызмет етуге шақырды.

Қазақ халқының оқығандары өз кезінде, орыс интеллегенциясының бағыт-бағдарын таңдап, солардың көшіне ілесуі заңды құбылыс болатын.

Ахмет Байтұрсынұлы сол кездегі саяси жағдайды былай деп көрсетеді: "Қазақтарға ақпан төңкерісі қаншалықты түсінікті болса, қазан төңкерісі оларға соншалықты түсініксіз болды. Олар алғашқы төңкерісті қандай қуанышпен қарсы алса, тура сондай үреймен екіншісін қарсы алуға мәжбүр болды. Қазақ халқымен таныс адамдар үшін қазақтардың бұл төңкерісіне деген мұндай қатынасы әбден табиғи әрі түсінікті болатын. Алғашқы төңкерісті қазақтар тура түсініп, қуанышпен қарсы алса, ол біріншіден, бұл төңкерістің оларды патша үкіметінің қанауы мен зорлық-зомбылығынан құтқарғандығында және екіншіден, олардың өзімізді-өзіміз басқарсақ деген ескі үмітін нығайта түскендігінде еді"


Ақпан төңкерісінің нәтижесінде елде қос өкімет құрылды: буржуазиялық уақытша үкіметпен қатар, халықтық өкімет органдары ретінде жұмысшы және солдат депутаттарының кеңестері болды

Патшалық Ресей құрамындағы барлық отар елдер сияқты қазақ зиялылары да уақытша үкіметке барынша қолдау көрсетті. "1917 жылы наурызда Қазақстанда барлық жерде уақытша өкіметтің жергілікті органдары кәсіп иелерінің, көпестердің, шенеуніктердің мүдделерін білдіретін облыстық және уездік атқару комитеттері құрылды"Уақытша үкімет өзінің саясатын жүзеге асыруда комитеттер мен қоғамдық негіздегі ұйымдарға сүйенді.

1917 жылы 5 наурызда Семейде қоғамдық ұйымдар мен армияның облыстық атқару комитеті құрылып, оның төрағасы болып К. Н. Ляшкеевич сайланды/Сарыарқа газетінде бұл жөнінде: "5-мартта облыс билігін, әмірін атқарып тұрған Семей областной исполнительный комитеті ашылды. Комитетке әрбір ұйым қауымнан екі-екі кісіден мүшелер кірді. Қазақ ішінде бұрын ұйым қауымының жоқтығынан бұл комитетке бізден кісі алынбады"

Уақытша үкімет патша үкіметінің жергілікті әкімшіліктерін таратты. Патшаның тақтан түскенін, жергілікті патша билігінің өкілдері орнынан алынғанын естіген халық пен алдыңғы ұлт зиялылары еркін әрекет ете бастады. Осылай ақпан төңкерісінен кейін Қазақстанда демократиялық қозғалыс кеңейе түсті. Тарихшы Кеңес Нұрпейсовтің: "Февраль революциясынан кейінгі алғашқы айларда кейір аудандарда бір кезде бүкіл өкімет билігін өз қолына алуға тырысқан бірнеше ұйымдар қатар әрекет жасады. Мәселен, Қазақстанның көптеген қалаларында Уақытша үкімет органдары және Советтермен қатар қырғыз - қазақ комитеттері, казачествоның әскери басқармалары, қалалық думалар, земство органдары т.с.с. қатар өмір сүріп, олардың әрқайсысы саяси өкімет билігіне ие болуға тырысты",-деген/пікірін қуаттай отырып, 1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейінгі түрлі ұлттық, қоғамдық негізде құрылған ұйымдар мен өкімет орындарының қарым-қатынасына келейік.

Қазақстанда таптық, әлеуметтік, ұлттық мүдделерді арқау еткен партиялар мен қоғамдық - саяси ұйымдар осы жерде шоғырланды. Өз мүдделері мен мақсаттарын жүзеге асыру барысында пікір қарама-қайшылығы салдарынан бір-біріне қарсы болып, әр ұйым өз мүдделерін жүзеге асыруға күш салды. Осы кезеңде жергілікті саяси ағымдардың бірнеше тобы топтасты. Олар: социал-революционерлер (эсерлер), социал-демократтар (меньшевиктер), "халық бостандығы партиясы" (кадеттер) ал, қоғамдық ұйымдар мен құрылымдарға келсек оған жұмысшы және солдат депутаттар кеңесі, шаруа депутаттар кеңесі, облыстық қырғыз комитеті, орман комитеті, Әскери шаруашылық басқармасының жанындағы казактардың жер комиссиясы кіреді Ақпан төңкерісінен кейін жалпы қазақ және облыстық қазақ съездерінде және барлық баспасөз беттерінде қазақ зиялыларының Ресейдің мемлекеттік басқару түрі қандай болу керектігі жөнінде кең көлемде талдаулары жүргізілді. Барлық қарарларда демократиялық - федарациялық республика орнату мен ұлттық құқықтық автономияға да орын беру мәселесі айтылды Күн тәртібінде қойылған мәселелердің Үшінші тарауында елді басқару жүйесі жөнінде: "Осындай мемлекеттің толықсып тұрған кезінде халықты билейтін күшті ұйым керек. Ол үшін тұқымының, тобының, нәсілінің, дінінің басқалығына қарамай, халықтың санына қарай кісі кіретін, азды қорғайтын жалпы комитеттер ашу өте қажет",- деп / ұлтаралық қатынасқа назар аудара отырып, екі комитеттің бірігу жөнінде шешім қабылдап, нәтижесінде қазақтан 20 кісі облыстық атқару комитетіне мүшелікке қабылданды.

4 лекция



<< предыдущая страница   следующая страница >>