https://electroinfo.net

girniy.ru   1 ... 11 12 13 14 15

2. Қазақстан республикасында егемендік алғаннан кейінгі бірінші кезектегі міндеттер егеменді мемлекет құру, азаматтық қоғамды қалыптастыру болды. Осы бағыттағы сапалы секіріс 1990 ж. 25-ші қазанында Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияны қабылдау болды және 1978 жылғы Қазақ ССР-нің Конституциясына сәйкес түзетулер арқылы президент институтын енгізді. Президент лауазымын енгізу нақты тәуелсіздік жолындағы, егемендікті қорғау және мелекетті саяси және экономикалық дағдарыстан шығару жолындағы республика басшылығының дер уақытындағы қадамы болды.

1991 ж. 16 желтоқсаны республиканың саяси – конституциялық дамуының жаңа сатысы болды және ұлттың жеке даралығына құқылығы, құқық пен жеке бас еркіндігі, саяси тұрақтылық, өкіметті бөлу, ұлтаралық келісім және т.б. сияқты негізгі демократиялық принциптерді білдірді.ҚР-ның конституциясы 1995 ж. 30-ші тамызда Бүкілхалықтық референдумда қабылданды.

1993 ж. ҚР Конституциясының қабылдануы Қазақстанның демократиялық мемлекеттігінің қалыптасуының белгілі бір сатысы болды. 1994 ж. 7-ші наурызда Қазақстан республикасындағы сайлау жөніндегі жаңа Кодекске сәйкес ХІІ-ші шақырылымының Жоғарғы Кеңеске сайлауы өтті.

Қазақстан егемендік алғаннан кейін зайырлы, демокра-тиялық, қүқықтық және әлемге ашық мемлекет құруға кірісті. Мұны іске асыруда еліміздің тарихи және отарлау-да болған мұрасы, оның саяси мәдениетінің өзіндік ерек-шелігі, мемлекет пен қоғамның өзара қарьш-қатынасы жан-жақты ескерілді. Елімізде саяси партиялардың және парти-ялық жүйелердің орнығуына, күшті заң шығарушы органның, тәуелсіз баспасөз және автономиялық жергілікті басқарудын дамуына кеп көңіл болінді. Қоғамды демократияландыру барысында жаңа саяси институттар - парламент, 1993-ші және 1995 жылдардағы Конституциялар қабылдан-пы, тәуелсіз сот билігі қалыптасты.

1992 ж. 4-маусымда ҚР-сын мемлеекттік туы, елтаңбасы, әнұраны бекітілді. Мемлекеттік символдардың тарихтың, мәдениетті бейнесі болып табылады, олар еліміздің қайталанбас өзіндігін паш етеді және оның азаматтарының сана сезімін білдіру еді.ҚР-ның мемлекеттік туы, авторы Ниязбеков Ш., мемлекеттік елтаңба, авторлары Мәлібеков Ж., Уәлиханов Ш., мемлекеттік әнұранның авторлары Нәжімедденов Ж., Назарбаев Н.


1997 ж. еліміздің президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан - 2030» бүкіл қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі және игілік жағдайының жақсаруы Үндеуі жарияланды.Онда ұлттық қаіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамды жұмылдыру, экономикалық өрлеу, әлеуметтік даму стратегиясы, инфрақұрылым, транспорт және байланыс, энергетикалық ресурстар, кәсіби Үкімет мәселелерінің даму жайы қарастырылады.

3. Қазақстан өзінің тәуслсіздігіи алғаннан кейін, егемен мемлекет ретінде халықаралық байланыс жасауға, озінің сыртқы саясатына айырықша көңіл бөледі. Бұрын КСРО-ның құрамында болғанда Қазақстанның ондай мүмкіндігі, жеке саясат жүргізу кұқы болмағаи-ды.

Қазақстан өзінің сыртқы саясатында, әсіресе, басты үш мәселеге ерекше назар аударады. Біріншіден, басқа елдер-мен, соның ішінде бұрынғы Одаққа кірген республикалармен, Азия, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы, Еуропа елдері және Америка Құрама Штаттарымен халықаралық байланысты өркендету. Екіншіден, шет елдермен тек дип-ломатиялық байланыс қаиа орнатып қоймай, сонымен қатар олармен мәдени-экономикалық байланысты күшейту, сол арқылы алдыңғы қатарлы оркениетті елдердің қатарына Қосылу. Үшіншіден, Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, дүниежүзілік соғысты болғызбау, ядролық қаруды қолда-нуды болдырмау.

Міне, осы бағытта 1991 жылдан бастап тәуелсіз Қазақ-стан көптеген игі шараларды іске асыруда. Бұл уақыт ішінде Қазақстан Республикасын дүние жүзінің 180-нен астам мемлекеті таныды. 2002 жылдың басында Қазақстан 130-дам астам елмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Қазақ-станды алғашқылардың бірі болып Түркия, АҚШ, Фран-ция және т. б. мемлекеттер мойындады. Қазірде Қазақстан шет елдерде 50-ден астам дипломатиялық және консулдық екілдіктер ашты. Ал Алматыда және Астанада 60-тан ас-там шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және үлта-ралық үйымдардың ондаған өкілдігі жүмыс істейді.

Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар ауда-рып отыратын мәселе, ол - өзінің ең жақын және ірі көрші мемлекеттерімен, соның ішінде солтүстікте Ресеймен, ал шығыста Қытай Халық Республикасымен ойдағыдай қарым-қатынас орнату. Осы саясаттың нәтижесінде Қазақстан Рес-публикасының егемен ел ретіндегі алдағы болашағы да бай-ланысты. Сондықтан қалай дегенде де, солтүстігімізді жай-лаған ¥лы елмен әрқашан жақын болу керек. Өйткені Қазақстан үш ғасырға жуық уақыт Ресеймен тарихи сабақ-тас, тағдырлас, көршілес қонып, шекаралас болып қатар өмір сүрді. Осы уақыт ішінде Қазақстан мен Ресейдің шежіресінде талай күнгей де, күңгірт беттері болған. Олар-ды адамдар ауыздан-ауызға жеткізіп, үрпақтан-үрпаққа беріп отырған. Ресеймен, орыстармен қарым-қатынастың қандай болуы, оны қалай қүру жөнінде қазақтың ғүламала-ры, дана билері өз заманында-ақ айқын да анық айтып кет-кен. Ал егемендік алғанға дейін жетпіс төрт жыл бойы Қазақстан мен Ресей Кеңестер Одағы қүрамында ез тәуелсіздігін қойып, өз мүдделерін үмытып, ортақ шаруа атқарып, ортақ қазанға қызмет етті. Барлық шаруашылык, бар тіршілік осыған бейімделіп, Кеңес өкіметінің талабын орындады. Енді Кеңес Одағы тарағаннан кейін, бүл екі елдің арасында тең қүқық негізінде саяси және экономикалык қатынастар орнады.


Осы жағдайларды ескере отырып Қазақстан мен Ресей 1991 ж. КСРО тарап, тәуелсіздікке қол жеткеннен кейін өздерінің сыртқы саясатында халықаралық қүқык пинциптері егізіндебірбірімен стратегиялық байланыс,остык, тату-тәтті көршілік және өзара тиімді ынтымақтатык катынастарды дамытуға айрықша көңіл бөліп келеді.Оған Қазақстан мен Ресей арасында 1992 ж. 25 мамырдағы достык, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа кол коюдың зор тарихи маңызы бар. Ал 1995 ж. 20-шы кантардағы Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын кеңейту және тереңдету туралы бірлескен декларацияда екі ел жоғарыдағы қол қойған шарттарды одан ары бүлжытпай орьтндап отыратындығы женінде мәлімдеді.

Бауырлас халықтардың достығы мен ынтымақтастығын нығайтуда 1996 ж. 27-ші сәуірде Рссей Федерациясының Президенті Б. Ельцин мен Қазақстан Президенті Н. Ә. На-зарбаев Алматыда кездесіп, Қазақстан мен Ресей бірлескен Декларациясына қол қоюының маңызы өте зор болды. Онда Қазақстан мен Ресейде жүргізіліп жатқан демок-ратиялық қайта қүрулар мен саяси-экономикалық рефор-малардың екі ел халықтарының болашағы үшін үлкен мәні бар екендігі атап керсетілді. Мемлекеттің басшы-лары бүдан былай да екі ел арасындағы егемендікті, тәуелсіздікті қүрметтеу, аумақтық түтастық пен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау принциптерін сақтау негізінде дами беретінін қуаттады.

Ресей Федерациясымен Қазақстан арасында ынтымақ-тастыктың одан ары тереңдеп дамуында 1998 жылы 6-шы шілдеде Мәскеуде қол қойылған XXI ғасырға бағдарланғ-ан мәңгілік достық пен ынтымақтастық туралы Деклара-цияның тарихи маңызы ерекше. Оның негізінде Қазақстан мен Ресей Каспий теңізінің қүқықтық мәртебесі мәселесін шешуді тоқтап қалған жерінен алға қарай жылжытты. Екі мемлекет арасындағы қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеу және Байқоңыр космодромын бірлесіп пайдалану мәселелері шешілді.

2000 жылдың 25 каңтарында Қазақстан Елбасы Н. На-зарбаев пен Ресей Президенті В. Путинмен кездесуі болды. Онда екі жақты қарым-қатынасты одан ары жетілдіре түсуге жете мән берілді.


Ал 2002 жылы желтоксан айында Қазақстан Президенті Н- Ә. Назарбаевтьщ Мәскеуге ресми сапары барысында Қазақстан мен Ресей арасында қалыптасқан достық байланыстарды барынша тереңдетуге күш салынатыны баса ай-тылды. Олардың ішінде Байқоңыр ғарыш кешенін одан әрі бірлесіп пайдалану мәселесі тағыда сөз болды. Сондай-ақ аймақтық және халықаралық көкейкесті проблемалар төңірегінде жан-жақты пікір алмасылды. Екі жақтьі деңгейдегі, ТМД, ЕурАзЭҚ, Үжымдық қауіпсіздік, ШЫҰ шеңберлеріндегі ынтымақтастық қарым-қатынастар аймақ-тағы елдер қауіпсіздігінің, интеграциялануының басты кепілі болып табылатыны атап көрсетілді.

Қазақстан мен Ресей арасындағы саяси байланыстар 2003-2004 жылдары одан ары дами түсті. Оған 2003 жылы Ресейде Қазақстан жылының жариялануы үлкен әсерін тигізді. 2003 жылы Ресей орталығы мен облыстарында 150-ден астам түрлі деңгейдегі іскерлік кездесулер, мәдени ша-ралар мен отандьтқ өнімдер көрмелері өткізіліп, екі жақты тиімді келісім шарттарға қол қойылды. Қазіргі кездерде екі жақты қарым-қатынастардың шартты қүқықтық негізі 350-ден астам келісімдер мен шарттардан түрады. Солар-дың ішінде екі ел, әсіресе Евразия кеңістігіндегі түрақты-льтқты нығайтуға, үлттық, аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті күшейтуге ерекше назар аударады.Қазақстан мен Ресей Еуразия аймағының, Каспий теңізінің түрақтылығы мен қауіпсіздігіне де аса зор мән береді.

Ресей мен Қазақстан арасындағы мемлекеттік шекара-ны делимитациялау жөніндегі бірлескен жүмыстарда не-гізінен аяқталып қалды. 2004 жылы жалпы 7,5 мың шақырым шекаралық қашықтықтың 7356 шақырымы немесе 98 пайызы бедерленіп, бейнелеу жүмыстары аяқталған.

Қазақстан үшін Оңтүстік-Шығыстағы үлкен көрші Қытайсыз әлдебір үлкен саясат жүргізу қиын екенін ерекше атап айту керек. Сондықтан тәуелсіздік тізгіні қолға тигеннен бері Республиканың сыртқы саясатында темірқазыққа айналған бағдарлама Қытай Халық Респуб-ликасымен қарым-қатынастарды айқындау. Міне, осы ба-ғытта Қазақстан бірқатар шараларды іске асырып, Қытаймен достық байланысты орнатуда едәуір табыстарға қол жеткізеді.


Өзін өзі бақылаудың сұрақтары


  1. Нарықтық экономика дегеніміз не?

  2. Қазақ Республикасының тіл туралы Заңы қай жылы қабылданды?

  3. Қазақстанның мемлекеттік рәміздері туралы не білесің?

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Қазақстан тарихы Очерктер, А-1993. 407-413б.

  2. Конституция Республики Казахстан. А-1995.

3. Назарбаев Н.А. Қазақстан 2030. Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауы //Егемен Қазақстан 1997. 11 қазан.


3.Практикалық сабақтың құрылымы


1 тақырып. Кіріспе. Өркениеттер көзі.

Мақсаты: Өркениет түсінігін қалыптастыру. Қазақстан даласындағы өркениет ерекшеліктерін білшідіру арқылы көне мәдениетті түсіндіру.

Міндеті: Тас дәуірі, оның кезеңдері және мәнін, сол кездегі табиғат жағдайларын және қола дәуірі- кезеңдерін, шаруашылық,мәдениет және қоғамдық қатынастарды білу. Қола ғасырының тайпалары және антропологиялық сипаттамасын анықтау.

1.Тас дәуірі.

2.Неолит дәуіріндегі Қазақстан.

3.Қола дәуірі.

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1.Қазақстандағы палеолит және оның даму кезендері.

2.Қазақстан жерінде тас ғасырының қандай археологиялық ескерткіштерді білесіздер?

Ұсынылатын әдебиет

1.Қазақстан тарихы Көне заманнан бүгінге дейін. 4 томдық 1 т. А-1996. 2 тарау.

2.Қазақстан тарихы Очерктер, А-1993. 413 б.

3.Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан. А-1995. 3-9 б.


2 тақырып. Қазақстан сақ және ертетаңдық мемлекеттер кезеңінде.

Мақсаты: Қазақстан даласында өткен ежелгі мемлекеттерді оқи отырып, көне мемлекеттер жайлы тарихи түсінік беру.

Міндеті: Ерте темір дәуірінің ерекшеліктерін, сақтардың тұрмысы мен мәдениеті және қоғамдық құрылысын білу. Ғұн және үйсін мемлекеттерінің саяси тарихындағы негізгі оқиғаларды, олардың шаруашылығы, әлеуметтік- экономикалық қатынастарын, мәдениетін ұғыну қажет. Қаңлылардың саяси тарихы,мәдениеті және шаруашылығына талдау жасау керек.


1.Сақ және ежелгі мемлекеттер кезеңі.

2.Ғұн және Үйсін мемлекеттері.

3.Қаңлылар.

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1.Сақ, үйсін,ғұн және қанлы тайпаларын кай антропологиялық типтерге жатқызуға болады?

2.Геродот сақтарды қалай атаған?

3.Қазақ даласында өмір сүрген тұрғындар қандай дінді ұстанған?

Ұсынылатын әдебиет

1.Қазақстан тарихы Очерктер, А-1993. 30-53 б.

2.Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан. А-1995. 26-4 б.

3.Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан летопись трех тысячелетий. А-1992. стр.31-69.


3 тақырып. Ерте және кейінгі ортағасырлар мемлекеттері.

Мақсаты: Ерте және кейінгі ортағасырлардағы мемелекеттері бойынша салыстырмалы мәліметтер беру.

Міндеті: Түрік, Батыс Түрік ,Түркеш және т.б. мемлекеттер туралы түсініктерді қалыптастыру. Түрік халықтарының мәдениеті туралы мағлуматтар алу және дерек көздерімен танысу.

1. Түрік және Батыс Түрік қағанаттары.

2.Түркістандағы Түркеш, Қарлұқ, Қарахан мемлекеттері.

3.Қимақтар, Қыпшақтар және Оғыздар.

4.Наймандар, Керейлер, Жалайырлар.

5.ҮІ-ХІІғғ.Түркістан халықтарының мәдениеті.

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1.Түріктердің шығу тарихы.

2.Біртұтас Түрік қағанатының ыдырап куйреуінің себебі неде?

3.Қазақ халқының қалыптасуында қыпшақтардың ролі қандай?

Ұсынылатын әдебиет

1.Қазақстан тарихы Очерктер, А-1993. 56-72 б.

2.Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан. А-1995. 51-89 б.

3.Аманжолов К., Рахметов Қ. Түркі халықтарының тарихы. А-1996. 3-178 б.


4 тақырып. XIII-XIV ғғ. І- жартысындағы Қазақстан

Мақсаты: XIII-XV ғасырлардағы қазақ тарихындағы ірі оқиғалардың желісін түсіндіру.

Міндеті: XIII-XIVғ. Қазақ даласындағы Шыңғыс хан шапқыншылығы мен моңғол ұлыстарының құрылуы және Түркістан даласындағы тарихи оқиғаның салдарына баға беру. Алтын Орда мемлекеттігінің саяси тарихына толық талдаулар жасау.

1.Шыңғыс хан шапқыншылығы.

2.Жошы Ұлысы және Алтын Орда.

3.Шағатай Ұлысы және Әмір Темір империясы тұсындағы Түркістан.

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1.Қазақ халқының қалыптасуында түрік тектес халықтар қандай роль атқарды?

2.Не себептен мемлекеттік бірлестік ретінде алғашқы Қазақ хандығы берік болмады?

3.Қазақ деген этнонимнің шығуы жөнінде қандай ғылыми болжамдар бар?

4.Жүз деген атау жөнінде қандай ғылыми болжамдар бар?

Ұсынылатын әдебиет

1. Қазақстан тарихы Очерктер, А-1993. 56-72 б.

2.Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан. А-1995. 51-89 б.

3. Аманжолов К., Рахметов Қ. Түркі халықтарының тарихы. А-1996. 3-178 б


5 тақырып. Қазақ хандығының құрылуы мен қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы.

Мақсаты: Қазақ этнониміне мән беру арқылы қазақ халқының қалыптасу үрдісін саңаға сіңіру.

Міндеті: Қазақ этимологиясы жөніндегі пікірлер, аңыздар және деректерді жинақтау және түсіну. Қазақ хандығының қалыптасыу жөніңдегі тарихи аңыздар, жазба деректерге салыстырмалы талдау жасау. Қазақ хандығының құрылуының негізгі тетіктерін білу.

1. Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары.

2.Қазақ халқының қалыптасуы.

3. Ақ Орда, Моғолстан және Әбілхайыр хандығы.

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1.Қазақ халқының қалыптасуында түрік тектес халықтар қандай роль атқарды?

2.Не себептен мемлекеттік бірлестік ретінде алғашқы Қазақ хандығы берік болмады?

3.Қазақ деген этнонимнің шығуы жөнінде қандай ғылыми болжамдар бар?

4.Жүз деген атау жөнінде қандай ғылыми болжамдар бар?


Ұсынылатын әдебиет

1.Қазақстан тарихы Көне заманнан бүгінге дейін. 4 томдық 2т. А-1996. 201-248 б.

2.Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан летопись трех тысячелетий. А-1992. гл. 6.

3. Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан. А-1995. тарау 6.


6 тақырып. XVI- XVII ғғ. Қазақ хандығы.

Мақсаты: Тәуекел хан мен Есім хан салған жолдардың қазақ хандығы үшін маңызының үлкендігін баян е,ту.

Міндеті: Қазақ хандығының Қасым хан билігінен кейінгі саяси жағдайы., Мауреннахр және Моғолстанмен ара- қатынасының негізгі бағыттарын анықтау. Тәуекел, Есім, Тәуке хандардың билігі тұсындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаттағы ерекшеліктерге тоқталу.

1. Тәуекел хан тұсындағы Қазақстан.

2. Есім хан тұсындағы Қазақстан.

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1.Қазақ жерлерін біріктіруде Қасым мен Хақназар хан қандай роль атқарды:

2.Қазақтын мемлекеттік құрылымының дамуында үлкен роль атқарған қазақтын ұлы тарихи қайраткерлерді ата.

Ұсынылатын әдебиет

1.Қазақстан тарихы Көне заманнан бүгінге дейін. 4 томдық 2т. А-1996. тарау 3.

2. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан летопись трех тысячелетий. А-1992. стр. 261-315.


7 тақырып. Біртұтас Қазақ хандығының құрылуы. Жоңғарларға қарсы күрес. Ресейге қосылудың басталуы.

Мақсаты: XVII ғ. Тауке хан тұсындағы қазақ тарихының беттеріндегі оқиғаларды және жоңғарлар қарсылығының мәнін түсіндіру.

Міндеті: Қазақ хандығының біртұтастығына әрекет еткен Тәуке хан және оның саясатына баға беру. Ақтабан шұбырынды оқиғасының болу, журу барысын түсіндіріп, қазақ- жоңғар қатынастары туралы мәліметтермен танысу, талдау.

1.Тәуке хан тұсындағы Қазақстан.

2.Ақтабан шұбырынды.

3.Қазақ халқының Жоңғар басқыншыларымен күресі.


Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1.Жоңғар хандығы қай жерде орналасқан:

2.Орбұлақ шайқасы туралы не білесін:

3.Үш Жүздің Орда басында жиналуы туралы не білесін:

Ұсынылатын әдебиет

1.Қазақстан тарихы Көне заманнан бүгінге дейін. 4 томдық 3т.

2.Моисеев В.А. Джунгарское ханство и казахи:

XVII – XVIII вв. а-1991.


  1. Тынышпаев М. Ақтабан шұбырынды. А- 1992. стр. 137-148.


8 тақырып. Қазақ хандығының тәуелсіздіктен айырылуы. Қазақстан Ресей құрамында. Ұлт-азаттық қозғалыс.

Мақсаты: Қазақ даласындағы тәуелсіздікке қарсы жүрген отарлау саясатытуралы баяндау.

Міндеті: Қазақ жерінің саяси- әлеуметтік жағдайымен өз елінің азаттығыу үшін курескен Абылай бахадур ханның саясаты, одан азаттық курестік тууы мен 1916ж. Ұлттық қозғалыстың барысына маңыздылығына баға беру.

1.Жоңғар шапқыншылығынан кейінгі қазақ жүздерінің жағдайы.

2.Абылай ханның біртұтас қазақ мемелекетін құру әрекеттері.

3.Ұлттық бостандық үшін күрес жолындағы көтерілістер.

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1.Қазақ хандығының Ресеймен дипломатиялық қатынастарды орнатуды қай жылы бастады:

2.Кіші жүз бен Орта жүз хандықтары қай жылдары Ресейдің қоластына енді?

3.Абылай хан хандық құрған жылдарын айт.

Ұсынылатын әдебиет

1.Қазақстан тарихы Көне заманнан бүгінге дейін. 4 томдық 3т.

2.Қосымбаев Ж.К. Кенесары хан. А-1995. 1-2 тарау.

3. Сулейменов Б., Басин В. Казахстан в составе России в XVIII- XIX вв. А-1993. гл.2-3.


9 тақырып. XIХ-ХХ ғғ. Қазақстан мәдениетінің дамуы.

Мақсаты: Қазақстан мәдениетінің өзегі мен мәйегін, ғылым мен білімнің бастау бұлағын жете меңгеру.

Міндеті: Қазақстандағы ой- пікірлердің дамуын, сәулет- құрылыстың ерекшеліктерің, ағартушылық кезендерің, жазба әдебиетінің дамуын, зиялы қауымның қалыптасуын толықтай игеру.


1. Қазақстанда ғылым мен білімнің дамуы.

2.Саутсыздықты жою.

3. Өнер мен архитектура.

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1. Абай Құнанбайұлы, Ы.Алтынсарин мен Ш.Уәлиханұлы қай жылдары өмір сүрген

Ұсынылатын әдебиет

1.Қазақстан тарихы Көне заманнан бүгінге дейін. 4 томдық 3т.

2. Қазақстан тарихы Очерктер, А-1993. 224-283б.


10 тақырып. Қазақстан ХХ ғ. басында. Бірінші дүниежүзілік соғыс. 1916 ж. ұлт-азаттық қозғалыс.

Мақсаты: Ресей империясының халықаралық жағдайымен сабақтастыра отырып, қазақ даласын шарпыған 1916 жылғы ұлт- азатық көтерілістің мәні мен мазмұның менгеру.

Міндеті: Бірінші дүниежүзілік соғыстың Қазақстан экономикасына әсерін қарастыру. 1916 жылғы көтерілістің алғышарттары мен сипатын білу. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығына қарсы халықтын қарулы көтерілісіне ұлттық интеллигенцияның қатынасы зерделеу. Көтеріліс ошақтары мен көтерілісшілер басшылары Б.Әшекейұлы, А.Иманұлы және т.б. қоғамдық- саяси істеріне баға беру.

1. Бірінші дүниежүзілік соғыстың Қазақстан экономикасына тигізген әсері.

2. 1916-жылғы көтерілістің алғышарттары мен сипаты.

3. Ақмола, Семей және Торғай облыстарындағы көтерілістің ошақтары және тарихи маңызы.

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1.Бірінші дүниежүзілік соғыстың шығу себептері.

2.1916ж. Көтеріліске тікелей нелер себеп болды?

3.Көтеріліске қатысқандар алдарына қандай мақсаттар қойды?

Ұсынылатын әдебиет

1.Қазақстан тарихы Очерктер, А-1993. 195-224б.

2.Қозыбаев М. Жауды жаптым ту байлап . А-1995.

3. Сулейменов Б.С., Басин В. Востание 1916 г. в Казахстане. А-1997. гл. 1-3.


11 тақырып. Қазақстан азаматтық қарсыласу жылдары.

Мақсаты: Қазақстандағы азаматтық қарсыласу қозғалысының туу себептері мен тарихи оқиғалар салдарын түсіндіру.


Міндеті: : XXғ. Басында Қазақ АКСР-нің саяси ахуалы, оған себеп болған ірі тарихи оқиға 1917ж. Ақпан революциясы жөнінде ақпараттық әдебиеттермен танысу, және тарихи талдаулар жасап, өзіндік маңыздылығы мен мәніне талдау, сараптама жасау.

1.Қазақстан 1917-жылғы Ақпан демократиялық революциясынан кейінгі кезеңде.

2.1917-1920ж.ж.аралығындағы Қазақстандағы саяси хал-ахуал.

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1.Кеңестік өкіметке қарсы болған толқуларды ата.

2.Қазақстанда Казаң төнкерісінің объективті алғы шарттары болдыма?

Ұсынылатын әдебиет

1.Қазақстан тарихы Очерктер, А-1993. 283-298б.

2.Кузембайулы А., Аманжолулы А. История Республики Казахстан. Астана – 2000. стр.288-302.

3. Нүрпейісов К. Алаш һәм Алаш Орда. А-1995. 2-3 тарау.


12 тақырып. ХХ ғ. 20-30 жж. Қазақстан.

Мақсаты: XX ғ. 20-30жж. Қаз.АКСР-дегі саяси ахуал және қазақ зиялыларының азаматтық қызметтеріне талдаулар жасау.

Міндеті: 20-30жж. ҚазАКСР-дегі саяси құғын- сүргін, аштық пен куштеу саясатының басымдылығы және оның зардаптары туралы, ұлттық кемісіту мен ұлттық айырмашылықтар туралы айту, баяндау.

1.Қазақ АССР-і және Түркістан Республикасы.

2.Аштық жылдарындағы қазақ зиялыларының қызметі. 1931-1933ж.ж.аштық.

3.Қазақстанды «индустрияландыру» саясаты.

4.Кеңес өкіметінің мәдениет пен ғылым саласындағы жетістіктері.

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1.Елді индустрияландыру барысындағы партияның ішкі күресінің сипаты мен әдістері қандай еді?

2.Қазақстанда Голощекиннің ролі неде?

3.Коллективтендіру әртүрлі жолдары болды ма?

Ұсынылатын әдебиет

1.Қазақстан тарихы Очерктер, А-1993. 337-356б.

2.Верт Н. История Советского государства. 1900-1991. М-1992. стр.359-3877

3. Қозыбаев М. К. Ақтаңдақтар ақиқаты. А-1992. 247-263 б.



13 тақырып. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында және соғыстан кейінгі жылдар.

Мақсаты: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың ерліктері мен соғыстан кейінгі жылдардағы саяси реформалардан кейінгі үрдістер туралы мәліметтер беру.

Міндеті: Фашистік Германияның шабуылдары жылдарындағы қазақстандықтардың ерліктері мен соғыстан кейінгі уақыттардағы тарихи үрдістер мәселелелерін жете түсіндіру.

1.Қазақстан Фашистік басқыншыларға қарсы соғыс жылдарында.

2.1945-1956ж.ж.Қазақстан.

3.Қазақстан Хрущев реформалары тұсында.

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1.Соғыстың алғашқы кезеңіндегі сәтсіздіктерді болдырмауға болатын ба еді?

2.Қазақстаннан шыққан батырларды атап кетші.

Қазақстанның фашизмді женуге қосқан үлесі

Ұсынылатын әдебиет

1.Қазақстан тарихы Очерктер, А-1993. 337-356б.

2.Верт Н. История Советского государства. 1900-1991. М-1992. стр.359-3877

3. Қозыбаев М. К. Ақтаңдақтар ақиқаты. А-1992. 247-263 б.


14 тақырып. Қазақстан «Кемелденген социализм» кезеңінде (1965-1985 жж.).

Мақсаты: 1965-1985 жылдардағы Қазақстанның саяси- қоғамдық, әлеуметтік- экономикалық және мәдени өміріндегі өзгерістер туралы баяндау, талдау жасау.

Міндеті: ХХ ғ. 60-80жж. Қазақстанның саяси- қоғамдық және әлеуметтік- мәдени өмірінің қалыптасу және даму барысын талдап саралау.

1.1965-1985 ж.ж.Қазақстан.

2.Мәдениет және ғылым.

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1.60-жылдардағы экономикалық реформалардың сәтсіздіктерінің себептері неде?

2.Халық шаруашылығының басқарудағы өзгерістер болды ма?

3.Қазақстанның халықаралық байланыстары.

Ұсынылатын әдебиет

1.Қазақстан тарихы Очерктер, А-1993.

2.Верт Н. История Советского государства 1900-1991.М-1992. стр.387-429.


3. Кузембайулы А., Абилулы Е. История Республики Казахстан. Астана – 2000. стр.342-350.


15 тақырып. Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуілсіз мемлекет

Мақсаты: Дербестігін алған Қазақстан Республикасының саяси- тарихи дамуынан және 90 жылдардың соңындағы дамуының саяси реформалардан кейінгі үрдістер барысын түсіндіру және талдау.

Міндеті: ХХғ. 90 жылдарының соңы мен жаңа ғасыр басындағы ҚР-ның дербестігінің жетістіктерімен қиындықтары туралы пікірлер алмасу. Бүгінгі ҚР ішкі- сыртқы саясатының даму бағыттарына азаматтық талдаулар жасау, пікірлер алмасу.

1.Қазақстан Горбачев реформалары тұсында.

2.Қазақстанның мемелекеттік тәуелсіздігінің қайта жаңғыруы.

3.Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты.

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1.Нарықтық экономика дегеніміз не?

2.Қазақ Республикасының тіл туралы Заңы қай жылы қабылданды?

3.Қазақстанның мемлекеттік рәміздері туралы не білесің?

Ұсынылатын әдебиет

1.Қазақстан тарихы Очерктер, А-1993. 407-413б.

2.Конституция Республики Казахстан. А-1995.

3. Назарбаев Н.А. Қазақстан 2030. Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауы //Егемен Қазақстан 1997. 11 қазан.


4. Студенттердің өздік жұмысы

4.1.Студенттердің өздік жұмысын орындаудағы әдістемелік нұсқаулар

Өздік жұмысының кең таралған және маңызды түрлерінің бірі – ол тәжірибелік сабақтарға және ғылыми конференцияларға студенттермен әзірленетін рефераттар болып саналады. Бұл өздік жұмыстың түрі өте қызықты және маңызды, өйткені ол студентті ғылыми зерттеулерге баулиды. Рефератты дайындау студенттердің ғылыми-ізденіс жұмыстарының элементі ретінде оларды аудиторияның алдында сөйлеуге мүмкіндік береді. Осының бәрі, студенттердің рефераттық жұмыстарын басқаруын ұйымдастыруға үлкен жауапкершілік артады.

Рефераттың тақырыбын таңдап алу өте маңызды орын алады, өйткені студенттің өздік жұмысқа деген қызығушылығы, алынған тақырыпқа байланысты болады. Сондықтан, оқытушыға студенттің тақырыпты дұрыс таңдап алуына көмек жасап, рефератты әзірлеу барысында оған жалпы басқаруды қамтамасыз ету қажет.


Рефератты әзірлеуінің бірінші кезеңі - әдебиетті дұрыс таңдау, ол үшін кітапханадағы каталогтарды және басқада библиографиялық нұсқауларды қолданған жөн. Студентті анықтамалық әдебиеттермен, термин – аудармалармен, әдістемелік нұсқаулармен, ғылыми журналдармен қолдануға үйрету қажет.

Екінші кезең – танысу, мәліметті топтастыру және талдау. Ең алдымен тақырып бойынша негізгі құжаттарды оқып, оларды зерттеуден бастау керек. Осы жұмыс барысында тақырыптың негізгі сұрақтары біліне бастайды, олардың реттілігі және бастапқы жоспары. Сонан кейін, жоспардың сұрақтары арқылы барлық зерттелген әдебиет бойынша мәліметті топтастыру қажет.

Барлық мәлімет жиналғаннан кейін, жоспарды ретке келтіріп, рефератты құрастыруға және жазуға кірісуге болады. Бұл реферат әзірлеуінің үшінші соңғы кезеңі болмақ. Ақырында пайдаланған әдебиет тізімін келтіру қажет.

Оқытушыға студенттерді қатал бақылауының қажеті жоқ, керісінше олардың ынтасын марапаттау қажет.

Реферат толығымен әзірленбей тұрып, оқытушы студенттің дайындаған жоспарын қарап шығу қажет.

Рефератты ресімдеу сұрақтары бойынша арнайы кеңес берген жөн.

Рефераттың титулды бетіне университеттің және факультеттің атауын, мамандығын, тақырыбын, өзінің аты – жөнін, жазылған жылын көрсету қажет.

Келесі бетте, цифрлармен белгіленген рефераттың жоспары көрсетіледі.

Жоспардағы сұрақтардың жауабын жаңа беттен бастаған жөн. Рефератты жазу барысында беттерді нөмірлеп, сол жақтан (3 см) жолдарды қалтыру керек.

Ақырғы бетте пайдаланған әдебиеттің тізімі көрсетіледі, олардың жазылуын алдын ала оқытушы студенттерді таныстырады.

Реферат жұмысы аяқталғаннан кейін, оны студент тексеруге оқытушыға тапсырады, сонан кейін барып ол жұмысқа : «сыналды», «сыналған жоқ» немесе «қанағаттандырылған», «жақсы», «өте жақсы» деген баға беріледі.

Рефераттық жұмыстардың есепке алуының жеке журналы болғаны немесе рефераттарды болашақ оқу жұмыстарында пайдалану үшін оқу залында сақтаған жөн.



4.2.Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары




Тапсырма

Оқыту факторы

Сағат саны

1.

Қазақстан ежелгі дәуірде

тест

2

2.

Тайпалық одақтар және Қазақстан территориясындағы ежелгі мемлекеттер.

тест

2

3.

Ерте және дамыған орта ғасыр мемлекеттері.

коллоквиум

2

4.

Түрік мемлекеттері

тест

2

5.

Ұлы Жібек Жолы және VI- XIII ғғ. қала мәдениеті.

сөз жұмбақ

2

6.

Ежелгі түрік руна жазуы және оның ескерткіштері.

коллоквиум

2

7.

Қазақстан моңғол кезеңінде.

тест

2


8.

Мұхамед Хайдар Дулати «Тарихи Рашиди» еңбегінің тарихтағы орны.

конспектілеу

2

9.

Ортағасырлық наймандар мен керейлердің этносаяси тарихы.

тест

2

10.

Қидандар (қара қытайлардың) этносаяси тарихы

сұрақ-жауап

2

11.

Қазақстан Алтын Орда кезеңінде

бақылау жұмысы

2

12.

Темір мемлекеті және оның шапқыншылығы.

сұрақ-жауап

2

13.

Қазақ халқы мен қазақ хандығының құрылуы.

реферат

2

14.

ХV- XVIII ғғ. Қазақ хандығы.

коллоквиум

2

15.

ХV- XVIII ғғ. қазақ халқының материалды және рухани мәдениеті.

тест

2

16.

Абылай хан-аса көрнекті қоғам қайраткері және қолбасшы.


жеке тұлға ретінде суреттеу

1

17.

Қазақ революциясы және Қазақстанда Кеңес өкімет.

тест

2

18.

Қазақстанда индустрияландыруды іске асыру.

реферат

2

19.

қазақстандағы күштеп коллективтендіру және оның зардаптары.

реферат

2

20.

«Алаш Орда»үкіметі және оның Кеңес өкіметіне қатынасы.

бақылау жұмысы

2

21.

Е.Б. Бекмахановтың «Қазақстан XIХ ғ. 20-40 жж» монографиясын конспектілеу.

конспектілеу

2

22.

Қазақстан М.С. Горбачев реформасы кезеңінде (1985-1991 жж.).

коллоквиум

2

23.

«Қазіргі кездегі Қазақстандағы саяси партиялар» бақылау жұмысы.

бақылау жұмысы

2




<< предыдущая страница   следующая страница >>