girniy.ru   1 ... 4 5 6 7

13. Азаматтардың Мемлекеттік шекараны қорғауға (күзетуге) қатысуы, олардың құқықтық қорғалуы


53-бап. Азаматтардың Мемлекеттік шекараны қорғауға (күзетуге) қатысуы

1. Азаматтар қоғамдық бірлестіктер (ерікті жасақтар) және өзге де нысандар құрамында шекаралық кеңістігі шегінде Мемлекеттік шекараны қорғауға (күзетуге) ерікті түрде қатысады.

Азаматтарды шекара кеңістік шегінде (күзетуге), қоғамдық бірлестіктер (ерікті жасақтар), нысандар құрамында Мемлекеттік шекараны қорғауға қатыстыру тәртібі және осындай қатыстыру түрлері Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленеді.

2. мемлекеттік шекараны күзетуге (қорғауға) қатысушы азаматтар өз қызметін заң принциптері, құрметтеу және адам мен азаматтың құқықтарын және бостандығын сақтау негізінде жүзеге асырады.

3. Қазақстан Республикасы азаматының қоғамдық бірлестіктер (ерікті жасақтар) құрамында Мемлекеттік шекараны қорғауға (күзетуге) қатысу мүмкіншілігін болдырмайтын жағдай болып:

қылмыстық жауапкершілікке тарту;

бірнеше рет (жыл бойы екі немесе одан да көп) қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасау;

шекара кеңістігі немесе Қазақстан Республикасы шегіне тұрақты тұруға шығу;

Мемлекеттік шекараны қорғауға (күзетуге) бұдан әрі қатысуды болдырмайтын жағдайлардың пайда болу (психикасының бұзылуын анықтау, алкогольді, нашақорлық немесе уытқұмарлық аурулар және Қазақстан Республткасы Үкіметімен бекітілген тізбеге сәйкес басқа да қоршаған ортаға зиян туғызатын аурулар азаматтардың өлімі) мемлекеттік шекараны қорғауға (күзетуге) одан әрі қатысу ынтасының болмауы болып табылады.


54-бап. Мемлекеттік шекараны қорғауға (күзетуге) қатысатын азаматтардың құқықтары мен міндеттері

1. Мемлекеттік шекараны қорғауға (күзетуге) қатысатын азаматтар:


1) азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандақтарын сақтауға;

2) Қазақстан республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бөлімшесін оларға мәлім болған шекара кеңістігіндегі дайындалып жатқан, не болмаса жасалған құқықбұзушылақ фактілері бойынша шұғыл түрде хабардар етуге;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда азаматтардың талабы бойынша Мемлекеттік шекараны қорғауға (күзетуге) олардың қатысу заңдылығын растайтын куәлігін ұсынуға;

4) құқық бұзушылық жасағаны үшін ұсталған азаматтарға оларға қолданатын мәжбүрлеу шараларының негізін түсіндіруге;

5) Қазақстан республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бөлімшелерінде Мемлекеттік шекараны қорғау (күзету) бойынша іс-шараларға қатысу алдында құқықтық дайындақтан өтуге міндетті.

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға (күзетуге) қатысатын азаматтар:

1) бақылау және қадағалау функцияларымен байланыс жоқ Мемлекеттік шекараны қорғау (күзету) іс-шараларында Қазақстан республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне көмек көрсетуге;

2) шекара кеңістігінде құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге;

3) құқық бұзушылықтың жолын кесу және құқық бұзушыларды ұстау мақсатында дене күшін және өзге тәсілдермен белгіленген мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік болмаса, басқа құралдарды қолдануға;

4) заңдармен көзделген жағдайларда Қазақстан республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бөлімшелеріне, құқық қорғау және өзге де уәкілетті органдарға шекара кеңістігінде құқық бұзушылықты жасаған адамдарды ұстауға және жеткізуге;

5) Қазақстан республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдерімен бірлесіп шекара кеңістігінде құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды жүргізуге;


6) азаматтардан шекара кеңістігінде белгіленген режимдерді сақтауды талап етуге құқығы бар.


55-бап. Мемлекеттік шекараны қорғауға (күзетуге) қатысатын азаматтардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің құқығы

Азаматтармен Мемлекеттік шекараны қорғауда (күзетуда) көмек көрсетуге байланысты азаматтарға және олардың отбасы мүшелеріне қатысты заңсыз әрекеттер Қазақстан Республикасының заңымен балгіленген жауапкершілікке тартылады.


14. Қорытынды ереже


56-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік

1. Осы Заң мен Мемлекеттік шекарасы туралы Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұзған адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

2. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдік және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінен, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінен Мемлекеттік шекараны қорғау саласында олардың құқықтары мен бостандықтарын шектеу жөнінде түсініктеме алуға құқығы бар.

Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдік және азаматтығы жоқ адамдардың заңды құқықтары мен бостандықтары бұзылған жағдайда тиісті лауазымды адамдар Қазақстан Ренспубликасының заңдарында белгіленген тәртіппен бұл құқықтарды қалпына келтіруге және келтірілген залалды өтеуге міндетті.


57 -бап. Заң әрекеттерінің жүргізу тәртібі.

1. Аталған Заң нормаларын әрекеттері бойынша календарлық он күннен кейін арнайы жариялансын.

2. Күші жойлды деп танылсын:

1) Қазақстан Республикасының 1993 жылдың 13 қаңтар айындағы «Қазақсатн Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету туралы» заңына сәйкес (Қазақстан Республикасының жоғары ведомостық кеңесінің, бап 1, № 1 1993ж., Қазақстан Республикасының Парламенті ведомостық 1996 ж., № 14, бап. 275; 1998 ж., № 24, бап. 436; 2002 ж., № 15, бап. 147; 2004 ж., № 23, бап. 142; 2007 ж., № 24, бап. 180; 2009 ж., № 18, бап.86; 2011 ж., № 11, бап. 102;)


2) Қазақстан Республикасының 1993 жылдың 13 қаңтар айындағы «Қазақсатн Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Мемлекеттік шекарасын күзету туралы» заңына сәйкес (Қазақстан Республикасының жоғары ведомостық кеңесінің, 1993 ж., № 1, бап. 3; 1995 ж., № 8, бап. 56; Қазақсат Республикасының Парламенті ведомостық 1966 ж., № 14, бап. 275; 2002 ж., № 15, бап. 147; 2004 ж., № 23, бап. 142; 2007 ж., № 9, бап. 67; № 24, бап. 180; 2011 ж., № 1, бап. 7).


Қазақстан Республикасының Президенті



<< предыдущая страница