girniy.ru   1 2 3 4 ... 6 7

5. Шекаралық режім


27-бап. Шекаралық аймақ. Шекаралық режім

1. Қазақстан Республикасының Үкіметімен шекара маңы аумақтарының әкімшілік-аумақтық бірліктерінде (аудандарда, қалаларда, селолық (ауылдық) округтерінің) шегінде осы Заңмен белгіленген, шекаралық режім қолданылатын шекаралық аймақ орнатылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрілігімен келісілген жергілікті атқару органдарының ұсыныстары бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметімен кейбір режімдік шектеулердің іс-қимылдары алынуы немесе тоқтатылуы мүмкін, шекара аймағына кіретін шекара маңы аумақтарының тізбесі белгіленеді.

Қазақстан Республикасының көлік және коммуникациялар саласындағы уәкілетті органымен шекара аймағына кіреберістерде алдын ала сақтандыру (ақпараттық) белгілер орнатылады.

2. Мемлекеттік шекараны күзету үшін қажетті жағдайлар жасау жолымен шекара аймағындағы белгіленген тәртіпті қамтамасыз ету шекаралық режімнің незгі тағайындалуы болып табылады.

3. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне шекаралық аймақта төлеусіз, мерзімі шектелмеген (тұрақты) қолдануға жер алқаптары (телімдері) инженерлік-техникалық құрылғылар мен қоршауларды, коммуникацияларды, мемлекеттік шекара арқылы өткізу пінкттерін және мемлекеттік шекара инфрақұрылымдарының басқа да объектілерін жайластыру мен ұстау үшін пайдалануға бөлінеді.


28-бап. Шекаралық аймаққа кіру, уақытша болу, тұру және қозғалу

1. Шекара аймағына онда тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын кіргізу, Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген тәртіппен берілетін, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарымен олардың тұратын жерлері бойынша тіркелу фактілерін растайтын арнайы рұқсаттары (жеке рұқсат қағаздары) болатын, жеке бастарын куәландыратын құжаттар бойынша жүзеге асырылады.


Шекара аймағына шетелдіктер онда тұрақты тұрмайтын Қазақстан Республикасы азаматтарын, шетел азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының рұқсатынсыз, егер өзге тәртіп белгіленбесе өткізуге тыйым салынады. Аталған тұлғалар санатына арнайы рұқсаттарды (жеке және ұжымдық рұқсат қағаздарын) беру азаматтардың (тұлғалардың) жеке өтініштерінің, кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің немесе қоғамдық бірлестіктердің қолдауларының негізінде жасалады:

1) Қазақстан Республикасы азаматтарына олардың тіркелу жерлері бойынша;

2) шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген жерлері бойынша.

2. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ тұлғалардың мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттеріне халықаралық темір жол және автомобильдік қатынас жолдары бойынша жүру жағдайында, оларды шекара аймағына кіргізу жеке бастарын куәландыратын құжаттар бойынша жүргізіледі. Осы санаттағы тұлғаларға жүру бағытын өзгертуге тыйым салынады.

3. Шекара аймағына қызметтік іссапарларға, емдеу мекемелеріне, демалыс үйлеріне, саяхатшылар базаларына баратын, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетел азаматтарын және азаматтығы жоқ тұлғаларды кіргізу жеке бастарын куәландыратын құжаттарының бар болуы кезінде, іссапар куәліктері мен жолдамала бойынша жүргізіледі. Әскери қызметшілердің қызметтік ұсынымдары, өту үшін куәліктер және демалыс билеттері шекара аймағына кіруге құқық беретін құжаты болып табылады.

4. Парламент және маслихат депуттарын, мемлекеттік және шекара аймағына кіретін аумақтық ведомствосына жататын жергілікті атқару органдарының қызметкерлерін шекара аймағына кіргізу қызметтік куәліктері бойынша, жеке бастарын куәландыратын құжаттарының бар болған кезінде жүргізіледі.

5. Шекара аймағында болған тұлғалардың онымен қозғалу кезінде өздерімен бірге тиісті белгілері қойылған, жеке бастарын куәландыратын құжаттары немесе арнайы рұқсат не рұқсат беретін құжаттары болулары қажет.


Қазақстан Республикасына оңайлатылған өткізу пункттері арқылы кірген шетел азаматтары (шектес мемлекеттердің шекара маңы аудандарының), егер осы іспеттес Қазақстан Республикасының шектес мемлекеттермен халықаралық келісімдерімен қарастырлмаған болса шекара аймағында жеке басын куәландыратын құжаттары және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен берілетін арнайы рұқсат қағаздары бойынша қозғалады.

6. Шекара аймағына кіруге, уақытша болуға, тұруға және қозғалуға бақылауды Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрілігне және аталған тәртіп қолданылатын шекара аймағына кіру жерлерін келісім бойынша белгілейтін Шекара қызметіне жүктеледі.


29-бап. Шекара аймағында бұқаралық, бұқаралық саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізу

1. Қазақстан Республикасының, шектес мемлекеттерінің шекаралық және өзге де қауіпсіздігіне шығын келтіретін немесе Шекара қызметінің мемлекеттік режімін сақтауды және міндеттерін орындауға кедергі келтіретін шекара аймағындағы осы іспеттес шығын келтіру жайындағы қоқан-лоққысы бар бұқаралық, бұқаралық саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізу Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетін құлақтандырумен жүзеге асырылады.

Құлақтандыру жоспарланатын іс-шараны тікелей ұйымдастырушымен енгізіледі және оның сипаты, орны, уақыты және қатысушылар саны туралы мәліметтер көрсетілуі тиіс.

2. Мемлекеттік шекараны қорғау (күзету) мүдделерін ескере отырып, жергілікті атқару органдарының немесе, сондай-ақ шекаралық және өзге де қауіпсіздігіне шығын келтірудің себептерін және жағдайын жоюға бағытталған қосымша шараларды қабылдау бойынша іс-шараны тікелей ұйымдастырушы басқа да уәкілетті органдарының адресіне Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұсынылуларды енгізуге құқылы.


30-бап. Шекаралық режімді бұзу

Осы Заңмен белгіленген шекаралық аймаққа тиісті кіру, уақытша болу, тұру немесе қозғалу, бұқаралық, бұқаралық саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізу тәртібін сақтамау шекаралық режімді бұзу болып табылады.



6. Аумақтық сулардың (теңіздің) және ішкі сулардың режімі


31-бап. Аумақтық сулардың (теңіздің) және ішкі сулардың режімі

1. Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (теңізі) және ішкі сулары шебінде осы Заңмен белгіленген аумақтық сулардың (теңіздің) және ішкі сулардың режімі әрекет етеді.

2. Аумақтық сулар (теңіз) және ішкі сулар режімінің негізгі тағайындауы мемлекеттік шекараны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экономикалық, экологиялық, қорғаныс және өзге де мүдделерін олардың акваторияларында қорғау үшін қажетті жағдайларды жасау жолымен осысуларда белгіленген тәртіпті қамтамасыз ету болып табылады.


32-бап. Өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін (су үсті және су асты) кемелерінің және мұзбен қозғалатын құралдарының есепке алынуы, ұстауы, тірек ету пункттерінен шығуы, қайта оралуы

1. Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде) және ішкі суларында пайдаланылатын қазақстандық өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін (су үсті және су асты) кемелерінің және мұзбен қозғалатын құралдарының, соның ішінде кіші пішінділері Шекара қызметінде (оның жақын жердегі бөлімшесінде) тіркелуі тиіс, бұл туралы олардың иесінің тіркеу құжаттарында арнайы штамп қойылады.

Кемелер мен мұзбен қозғалатын құралдарын тіркеудің аталған тәртібі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери корабльдеріне және Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізде) және ішкі суларда міндеттерін өз құзыреттері шеңберінде атқаратын уәкілетті органдарға, сондай-ақ халықаралық тасымалдауларды атқаратын тиісті теңіз немесе өзен айлақтарында тіркелген және онда Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуден өткен ұйымдарға тиесілі өзге де кемелеріне, өзге қазақстандық кемелерге және мұзбен қозғалатын құралдарына, соның ішінде кіші пішінділерге тарамайды. Мұндай кемелер және мұзбен қозғалатын құралдар, сондай-ақ қолданыстағы тізбеге (реестрге) енгізілген өзгерістер туралы ақпарат, оларды тіркеуге алу айлағында тіркеу немесе есептен алып тастау уақытынан бастап 24 сағат ішінде Шекара қызметіне теңіз айлағының тиісті басшысымен ұсынылады.


Шекара қызметі күзететін Каспий теңізінің жағалауына, шекара өзендерінің, көлдердің және өзге де су айдындарының жағасына уақытша келетін азаматтары бар қазақстандық өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін (су үсті және су асты) кемелері және мұзбен қозғалатын құралдары, соның ішінде кіші пішінділер Шекара қызметінде (оның жақын жердегі бөлімшесінде) уақытша есепке тұрғызылуы тиіс.

2. Осы баптың 1, 3- тармағында көрсетілген Қазақстандық өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін (су үсті және су асты) кемелері және мұзбен қозғалатын құралдары тиісті кемежайларға, жағадағы кеме аялдайтын орындарға және тірек ету пункттеріне (оларды ұстау орны бойынша) тіркелуі және олардың тұрақтауы үшін тұрақты орны болуы тиіс.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазақстандық кіші пішінді өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін (су үсті және су асты) кемелердің және мұзбен қозғалатын құралдарының (скутерлерге, резинадан жасалған қайықтарға, қармен жүргіштерге, моторлы шаналарға және с.с.) жеке типтеріне қатысты ұстаудың өзге тәртібі белгіленуі (орнатылуы) мүмкін, бұл туралы олардың иесінің тіркеу құжаттарында арнайы штамп қойылады.

3. Қазақстандық өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін (су үсті және су асты) кемелері және мұзбен қозғалатын құралдары үшін кемежайлар, жағадағы кеме аялдайтын орындар және тірек ету пункттері Каспий теңізінің жағалауларына, шекара өзендерінің, көлдерінің және өзге су айдындарының жағаларында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісілген тиісті жергілікті орындаушы органдардың рұқсаттары негізінде ұйымдармен жабдықталады.

Кемежайлардың, жағадағы кеме аялдайтын орындардың және тірек ету пункттерінің:

1) олардың аумағына бөгде адамдардың кіріп кету мүмкіндігін болдырмайтын қоршаулар;

2) суда және жағада тұратындарға бекіткіштер, сондай-ақ пайдаланылмайтын өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін (су үсті және су асты) кемелердің (құралдардың) және мұзбен қозғалатын құралдарын сақтау үшін орындар;


3) аспалы моторларды, желкендерді және ескектерді сақтау үшін арнайы үй-жайлар;

4) күзет үшін үй-жайлар;

5) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тиісті бөлімшесімен байланыс болуы тиіс.

Ұйымардың басшылары - кемежайлардың, жағадағы кеме аялдайтын орындардың және тірек ету пункттерінің меншік иелері олардың тиісті жабдықталуын, күзетін және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тиісті бөлімшесімен байланысты қамтамасыз етуге міндетті.

4. Қазақстандық өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін (су үсті және су асты) кемелерін (құралдарын) және мұзбен қозғалатын құралдарын тану үшін олардың меншік иесі тұмсық бөлігінің және артқы жағының борттарына берілген тіркеу нөмірлері мен жазуларды жазады. Оларды ауадан тану үшін нөмірлері рубканың жоғарғы бөлігіне, ал ол болмаған жағдайда тұмсық бөлігіндегі арнайы жабдықталған алаңдарда жазылуы тиіс.

Көрсетілген талаптар олардың штаттық және штаттық емес құтқару құралдарына (шлюпкалар, дөңгелектер, белбеулер және т.с.с.) тарайды.

5. 32-бапта көрсетілген қазақстандық өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін (су үсті және су асты) кемелерінің (құралдарының) және мұзбен қозғалатын құралдарының аумақтық суларға (теңізге) және ішкі суларға шығуы, егер осы Заңмен өзге тәртіп белгіленбесе, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен берілетін рұқсаттамалар және жеке (ұжымдық) өткізу қағаздары негізінде іске асырылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне осындай рұқсаттамаларды алуға ұсынуларды енгізу кезінде ұйымдар мен жеке тұлғалар аумақтық суларға (теңізге) және ішкі суларға өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін (су үсті және су асты) кемелерінің (құралдарының) және мұзбен қозғалатын құралдарының шығу мақсаттары, уақыты және бағыты (аудандары), олардың типтері және тіркеу нөмірлері, сондай-ақ тіркелу орындары туралы мәліметтерді енгізеді. Енгізілетін ұсынулар Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздіктің және ішкі істердің аумақтық органдарымен келісілуі тиіс.


Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Мемлекеттік шекараны қорғау (күзету) мүдделерін ескере отырып, мұндай рұқсаттамаларды шектей немесе уақытша тоқтата алады, бұл туралы мемлекеттік және жергілікті орындаушы органдар құлақтандырылады.

6. Жергілікті атқарушы органдардың және ұйымдардың Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздіктің және ішкі істердің аумақтық органдарымен келісілген ұсынулары бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті жыл сайын Каспий теңізі жағалауының учаскелері тізбесін белгілейді, онда режимдік шектеулердің іс-әрекеті тоқтатылады – 2 миль арақашықтыққа теңізге еркін шығуға, белгіленген акваторияда ұйымдар және жеке тұлғалар демалыс, саяхат және спорт үшін пайдаланатын қазақстандық кіші пішінді өздігінен жұретін және өздігінен жүрмейтін (су үсті және су асты) кемелерінің (құралдарының) және мұзбен қозғалатын құралдарының жүзуіне және пайдалануына рұқсат етіледі.

7. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери корабльдері мен өзге кемелері, сондай-ақ өз құзыреттері шебінде міндеттерін Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізде) және ішкі суларда орындайтын өзге уәкілетті органдардың өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін (су үсті және су асты) кемелері (құралдары) және мұзбен қозғалатын құралдары шығулары туралы көрсетілген акваторийлерге шығу күнінің қарсаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне хабарлайды.

8. Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізге) және ішкі суларына қазақстандық кіші пішінді өздігінен жұретін және өздігінен жүрмейтін (су үсті және су асты) кемелерінің (құралдарының) және мұзбен қозғалатын құралдарының шығуы тек тәуліктің жарық уақытында кеш түскенге дейін олардың тіркелу орындары бойынша кемежайларға, жағадағы кеме аялдайтын орындарға және тірек ету пункттеріне, немесе, егер де бұл кемелерге (құралдарға) қатысты ұстаудың өзге тәртібі анықталмаса, оралуымен ғана рұқсат беріледі.

Бұл кемелердің (құралдардың) және мұзбен қозғалатын құралдарының шығуы мен қайта оралуының есебі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.


9. Осы Заңның -бабында көрсетілген Қазақстан Республикасының аумақты суларына (теңізге) және ішкі суларына қазақстандық өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін (су үсті және су асты) кемелерін (құралдарын) және мұзбен қозғалатын құралдарын шығаруды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тиісті бөлімшелерінен тағайындалатын арнайы шекара нарядтары жүзеге асырады.

10. Өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін (су үсті және су асты) кемелердің (құралдарының) және мұзбен қозғалатын құралдарының капитандары (кемені жүргізушілері) аумақтық суларға (теңізге) және ішкі суларға шығу кезінде оларға сеніп тапсырылған кемелерде және құралдарда бөгде адамдардың заңсыз болу мүмкіндігін болдырмау үшін шаралар қабылдауы міндетті.


33-бап. Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізде) және ішкі суларында қазақстандық және шетелдік өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін (су үсті және су асты) кемелердің (құралдарының) және мұзбен қозғалатын құралдарының, сондай-ақ шетелдік әскери корабльдердің жүзуі және (немесе) пайдалануы

1. Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізде) және ішкі суларында қазақстандық және шетелдік өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін (су үсті және су асты) кемелердің (құралдарының) және мұзбен қозғалатын құралдарының, сондай-ақ шетелдік әскери корабльдердің жүзуі және (немесе) пайдаланылуы тек рұқсат етілген немесе белгіленген (анықталған) аудандарда немесе навигациялық гидрографикалық жабдықпен қамтамасыз етілген қозғалыстың белгіленген кестелеріне сәйкес қана рұқсат етіледі.

Осы Заңның 13-бабы 7-тармағының 2 және 5-абзацтарында жазылған тәртіп аталған кемелерге және құралдарға тарайды. Оларға:

рұқсат етілген немесе белгіленген (айқындалған) аудандардың шебінен тыс шығуға, қозғалыстың белгіленген кестесінен ауытқу, жүзуге тыйым салынған немесе жүзу үшін уақытша қауіпті аудандарға, сондай-ақ теңіз жүзушілерінің хабарламасында ондай аудан немесе аймақ туралы жарияланған болса, белгіленген қауіпсіздік аймағына кіруге тыйым салынады.


тоқтау, адамдарды түсіру (отырғызу), әртүрлі жүктер мен тауарларды түсіру (арту), әртүрлі жүзу құралдарын суға түсіру немесе бортқа қабылдау, әртүрлі ұшу аппараттарын ауаға көтеру, қону және бортқа қабылдау, Осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге заңнамаларында, егер өзге де тәртібі ескертілмеген жағдайда;

Қазақстан Республикасы заңнамаларымен тыйым салынған өзге де іс-әрекеттер.

Осы Заңның 33-бабы 1-тармағы бірінші абзацындағы іс-әрекеттер әскери кемелерге және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өзге де кемелеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің корабльдері мен катерлеріне, сондай-ақ өзге де өкілетті органдармен Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде) және ішкі суларында тапсырманы орындау кезінде таратылмайды.

2. Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде) және ішкі суларында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің корабльдері мен катерлеріне түнгі уақытта белгіленбеген оттармен жүзуге рұқсат етіледі. Мұндай жағдайда корабльдердің (катерлер) командирлері өзге де кемелермен (құралдармен) соқтығысу, өзге де апаттық жағдайды тудыру мүмкіндігін болдырмайтын шаралар қабылдауға міндетті.

3. Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (теңізі) арқылы бейбіт жолмен өту құқығын қолданатын шетелдік өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін (су үстіндегі және су астындағы) кемелері (құралдары), сондай-ақ шетелдік әскери корабльдер Қазақстан Республикасының заңнамалары мен жалпыға мойындалған халықаралық құқық нормаларын сақтауы тиіс.

Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (теңізі) арқылы шетелдік өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін (су үстіндегі және су астындағы) кемелері (құралдары), сонымен қатар шетелдік әскери корабльдер аумақтық суларда (теңізде) бейбіт жолмен өтуге тікелей қатынасы жоқ, Қазақстан Республикасының өзге де халықаралық келісімдерінде қарастырылмаған әртүрлі әрекеттерді жүзеге асырған жағдайда бейбіт жолмен өту болып танылмайды.


Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңіз) жүзу тәртібін шетелдік әскери корабльдер бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі одан тез арада бұл сулардан кетуін талап ете алады.

Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңіз), Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігі мүддесі есебімен, олардың айдыны арқылы бейбіт жолмен өту құқығымен бір уақытта шет мемлекеттердің екіден артық емес әскери корабльі бола алады.

Қазақстан Республикасының аумақтық суларының (теңізі) белгіленген аудандарында уәкілетті органмен бейбіт жолмен өту құқығын жүзеге асыру уақытша тоқтатылуы мүмкін, ол туралы алдын ала теңізде жүзушілерге хабарландыру беріледі.


34-бап. Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізі) және ішкі суларда кәсіптік, зерттеушілік, іздеушілік немесе өзге де, соның ішінде тірі және тірі емес табиғи ресурстарды сақтап қалуға бағытталған қызметті енгізу

1. Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде) және ішкі суларда кәсіптік, зерттеушілік, іздеушілік немесе өзге де, соның ішінде тірі және тірі емес табиғи ресурстарды сақтап қалуға бағытталған қызметті енгізу Қазақстан Республикасына экономикалық, экологиялық, қорғаныс және өзге де қауіпсіздігіне шығын әкелмеуі немесе сондай шығынды алып келу қаупін тудыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, өзге де Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарына міндеттерді орындауға кедергі келтірмеуі тиіс.

2. Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) шығуға Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұсыныс енгізу кезінде Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде) теңіздік ғылыми зерттеулер және (немесе) іздеушілік қызмет өткізуге ойы бар Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары және ұйымдары, осы Заңның 32-бабы 5-тармағында көрсетілген мәліметтен басқа:

1) жобаның мазмұны және мақсаты;


2) кеменің атауын, тоннажын, түрін және класын қосып, ғылыми жабдықтарды сипаттаумен пайдаланылатын әдіс және құралдар;

3) жоба жүргізілетін аудандар бойынша нақты географиялық мәліметтері;

4) зерттеуші кемелердің немесе жабдықтарды орналастыру және алу жағдайларына сәйкес бірінші келуі мен нақты кетуінің жорамалды күні;

5) жүргізілетін жоба қомқорлығымен ұйым атауы туралы толық ақпаратты ұсынуға міндетті.

Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде) жүргізілетін ғылыми зерттеулер және (немесе) іздестіру қызметі туралы жұмыс басталар күнге дейін 10 күн бұрын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Гидрографиялық қамтамасыз ету қызметі хабарландырылады.

3. Аумақтық суларға (теңізге) және ішкі суларға, соның ішінде әуесқой балықшылардың, туристердің, спортшылардың мұз астында аулауға шығуы осы Заңмен белгіленген тәртіпке сәйкес жалпы негіздемеде жүзеге асырылады.

Кеме жүзе алмайтын шекаралас өзендерде балық аулауға тыйым салынады.

4. Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізі) және ішкі суларда кәсіптік, зерттеушілік, іздеушілік немесе өзге де, соның ішінде тірі және тірі емес табиғи ресурстарды сақтап қалуға бағытталған қызметті енгізу бақылауын орман, балық және аңшылық шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын зерделеу және пайдалану саласында өзінің қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігімен бірге жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарына жүктеледі.


35-бап. Аумақтық сулардың (теңіздің) және ішкі сулардың режімін бұзу

Осы заңмен белгіленген тәртіпті бұзу Қазақстан Республикасының аумақтық сулардың (теңізі) және ішкі сулардың:

1. Қазақстандық өзі жүретін және өзі жүрмейтін (су үсті және су асты) кемелерін (құралдарын) және Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізі) және ішкі суларда мұз үсті қозғалыс құралдарының суда болуы, орналасқан пунктінен шығу және орналасқан пунктіне қайтып келуінің есебі, мазмұны;


Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізі) және ішкі суларында қазақстандық және шетелдік өзі жүретін және өзі жүрмейтін (су үсті және су асты) кемелерін (құралдарын) және мұз үсті қозғалыс құралдарының, сондай-ақ шетелдік әскери корабльдерінің жүзуі және (немесе) пайдалануы;

Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізі) және ішкі суларында кәсіптік, зерттеушілік, іздеушілік немесе өзге де, соның ішінде тірі және тірі емес табиғи ресурстарды сақтап қалуға бағытталған қызметті енгізу аумақтық сулардың (теңіздің) және ішкі сулардың режімін бұзу болып есептеледі.

2. Аумақтық сулардың (теңізі) және ішкі сулардың режімін бұзумен байланысты құқық бұзушылық анықталған жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті және (немесе) Қазақстан Республикасы недр пайдалану мәселелерінің өкілетті органдары заңсыз қызметті тоқтатуға барлық қажетті шараларды қолдануға құқылы.



<< предыдущая страница   следующая страница >>