girniy.ru 1 2 3
«Цеснабанк» АҚ төлем карточкалары бойынша


Handy Pay МТЖ-інде операцияларды орындау тәртібіне Өзгертулер мен толықтыруларға

1-қосымша

Приложение № 1

к Изменениям и дополнениям в Порядок выполнения операций в СМП Handy Pay

по платежным карточкам АО «Цеснабанк»

«Цеснабанк» АҚ төлем карточкалары бойынша

Handy Pay МТЖ-інде операцияларды орындау тәртібіне

1-қосымша



HandyPay мобильді төлемдер жүйесі арқылы жеке тұлғаларға

банктік қызмет көрсету туралы

ШАРТ






  1. Жалпы ережелер




    1. Handy Pay мобильді төлемдер жүйесі арқылы (бұдан әрі - Handy Pay МТЖ) жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсету туралы осы Шарт (бұдан әрі - Шарт) бұдан әрі «Банк» деп аталатын «Цеснабанк» АҚ және бұдан әрі «Клиент» деп аталатын негізгі төлем карточкасының иеленушісі - Банк Клиенті жеке тұлға екінші тараптан, бірге «Тараптар» деп аталатындар арасындағы Банктің Handy Pay мобильді төлемдер жүйесі (бұдан әрі –HandyPay МТЖ) арқылы электронды Банктік қызметтерді көрсетумен байланысты қатынастарды реттейді.

    2. Банк Клиентінің Шартқа қосылуы Банк Клиентінің төмендегі тәсілдердің бірімен білдірген келісімінің негізінде жүзеге асырылады:

  • Банктің ішкі құжаттарында анықталған формадағы төлем карточкасын шығару/қайта шығару өтінішіне қол қоюы;

  • Банктің ішкі құжаттарында анықталған формадағы мобильді төлемдер жүйесіне қосылу өтінішіне қол қоюы;

  • Банктің банкоматында Шартқа қосылу туралы ұсынысы бар опцияны таңдауы.
    1. Осы Шарттың мәтіні Интернет желісіндегі Банктің ресми сайтында www.tsb.kz мекенжайында қолжетімді болады және Клиенттің сұрау салуы бойынша Банктің бөлімшелерінен алуға болады.ен қолжетімді болады.





  1. Терминдер сөздігі




  1. Активациялық код – Handy Pay МТЖ-іне қосылған мезетте Клиентке берілетін бірегей цифрлықік код.

  2. Қосылу активациясы –қосылу кезінде көрсетілген мобильді телефоннан 2588 қысқа нөміріне активациялық коды бар SMS хабарлама жіберу арқалы Клиенттің Handy Pay МТЖ-іне қосылуын растауы.

  3. Банктік шот - төлем карточкасын беру туралы шарт бойынша ашылатын банктік шот (бұдан әрі– банктік шот) – Банк пен Клиент арасындағы ақшаны қабылдау және (немесе) Клиентке банктік қызмет көрсету бойынша шарттық қатынастарды көрсету тәсілі;

  4. Қаржы операциясына сұрау салу – Клиенттің өзінің мобильді телефонынан нақты қаржы операцияның орындалуын анықтайтын әмірі, деректемелері және қаржы операциясының сомасы бар SMS хабарламаны 2588 қысқа нөміріне жіберуі.

  5. Қаржы операциясын растау коды– Handy Pay МТЖ шеңберіндегі қаржы операциясын сәйкестендірудің цифрлықік коды.

  6. Банк комиссиясы –қаржы операциясын растауды орындағаны үшін Банктің Клиенттен алатын ақшалай сыйақысы.

  7. Жеке кабинет – Пайдаланушылар ұялы байланыс технологияларын және мобильді телефон нөмірін пайдаланып, Банкке банктік шотпен қаржы операцияларын жүзеге асыруға тапсырмалар беруге, белгіленген кезеңде Handy Pay МТЖ-інде есепке алынған төлемдер туралы қажетті ақпаратты алуға мүмкіндік беретін жеке бөлім.

  8. Растау паролі – қаржы операцияларын растау кезінде қолданылатын, Handy Pay МТЖ-іне қосылуды Активациялағаннан кейін пайдаланушы белгілегенейтін символдар жиынтығы. Растау паролінде бос орындар болуға тиіс емес.
  9. Төлем – Клиенттің банктік шотынан қызметтер мен тауарларды төлеу үшін төлем жүйесінің Қатысушысының пайдасына қолма-қол ақшасыз формада аударуды жүзеге асыру.


  10. Қаржы операциясын растау – Клиенттің өзінің мобильді телефон нөмірінен қаржы операциясын растау коды мен бос орын арқылы растау паролін SMS хабарлама түрінде 2588 қысқа нөміріне жіберуі.

  11. Клиенттерге қызмет көрсету пункттері – Банктің бөлімшелері, Банктің банкоматтары, Банк агенттері, Банк Клиенттеріне қызмет көрсетуді жүзеге асыратын Банктің өзге бөлімшелері мен техникалық құралдары.

  12. Операция деректемелері – төлем мақсаты туралы ақпарат (телефондар, келісімшарттар, шоттар нөмірлері және т.б.).

  13. Роуминг – өз желісінің байланыс аясынан тыс жерде, бірақ басқа тиісінше келісім жасасқан байланыс операторының мобильді байланысының байланыс аясында Клиенттің SMS-хабарламаларды алу және жіберу жөніндегі мобильді байланыс операторы ұсынатын мобильді байланыс қызметтерін қолданудың техникалық мүмкіндіктерін пайдалану.

  14. СМП HandyPay - HandyPay мобильді төлемдер жүйесі – Клиентке ұялы байланыс технологияларын және Клиенттің мобильді телефон нөмірін пайдаланып, Банкке банктік шотпен қаржы операцияларын жүзеге асыруға тапсырмалар беруге мүмкіндік беретін бағдарламалық кешен.

HandyPay МТЖ Қазақстан Республикасындағы барлық ұялы операторлары абоненттеріне ұялы байланыс операторының қызмет көрсету аясында, соның ішінде роумингте әлемнің кез келген жерінде қолжетімді.

  1. Тәуліктік лимит – ағымдағы күнтізбелік тәулік ішінде Клиенттің сұрау салуы бойынша Банктің орындайтын Қаржы операцияларының жалпы сомасына шектеу. Қалыпты тәуліктік лимит 7000 (жеті мың) теңге мөлшерінде белгіленген, бұндай кезде Клиенттің өтініші бойынша тәуліктік лимит мөлшерін 150 000 (жүз елу мың) теңгеден аспайтын мөлшерге ұлғайтуға болады.
  2. Қаржы операциясының орындалуы туралы хабарлама – қаржы операциясы, оның деректемелері, қаржы операциясының сомасы, банк комиссиясының сомасы, банктік транзакция нөмірі туралы ақпараты бар немесе Банк қаржы операциясын орындаудан бас тартқан жағдайда себебінің сипаттамасы бар SMS хабарламаның Клиенттің мобильді телефон нөміріне Handy Pay МТЖ-інің автоматты түрде жіберілуі.


  3. Қаржы операциясы – Handy Pay МТЖ-іне Клиенттің сұрау салуы бойынша Банк орындайтын аударым немесе төлем.




  1. Шарттың мәні




  1. Осы Шарт Банктің Handy Pay МТЖ арқылы банктік қызметтерді көрсету тәртібі мен шарттарын анықтайды.

  2. Банк банкоматын пайдалану арқылы жүргізілетін және дұрыс ПИН-кодты енгізу арқылы расталатын Handy Pay МТЖ-іне қосылуды Банк Клиент өзі дербес жүзеге асырды деп санайды.

  3. Клиент Handy Pay МТЖ-іне қосылуды активациялау мезетінен бастап Шартқа қосылған болып саналады. Handy Pay МТЖ-іне қосылуды активациялау Клиенттің Шарттың, Клиент жадынамасының талаптары мен ережелерін толық және сөзсіз қабылдағанын білдіреді.

  4. Банк пен Клиент қатынасын (құқықтар, міндеттер және жауапкершіліктер) осы Шартпен, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен, сондай-ақ Банктің ішкі нормативтік құжаттарымен регламенттеледі.

  5. Тараптар осы Шартта жазылған шарттар мен талаптарды мүлтіксіз орындауға, осы Шартқа және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз міндеттемелерін тиісті түрде орындамау және орындамау үшін жауапкершілікте болуға келісті.

  6. Банк Call center телефоны арқылы немесе басқа каналдар арқылы қабылдаған Клиенттің Handy Pay МТЖ-іне қол жеткізуді шектеу қажеттілігі туралы хабарламаларды (Клиенттің мобильді телефоны/SIM-картасы жоғалған немесе ұрланған жағдайда) Клиенттің қолы қойылған қағаз түрінде алынған жазбаша нұсқауларына баламалы болып саналатынын Тараптар мойындайды.

  7. Клиентке көрсетілетін ұялы байланыс операторының қызметтерін төлеу Клиенттің міндеті болып табылатынын Тараптар мойындайды.
  8. Клиент өз қолымен теретін және Handy Pay МТЖ-іне жіберетін SMS хабарламаларының мазмұны Банк қабылдайтын Клиент қолымен бекітілген қағаз түріндегі құжаттарға заңды түрде баламалы болатынын Тараптар мойындайды.


  9. Ұялы байланыс операторының Клиентке көрсететін ұялы байланыс қызметтерінің сапасы Клиенттің және ұялы байланыс операторының арасындағы қатынастың мәні болып табылатынын және Банк жауапкершілігінің мәні болып табылмайтынын Тараптар мойындайды.

  10. Клиенттің Handy Pay МТЖ сервисін пайдалану кезінде қаржы операциясының растауын жіберуі Клиенттің осы қаржы операциясы сомасымен және шарттарымен, оның деректемелерімен және Банк комиссиясымен келісу фактісі болып табылады, ал Банк үшін қаржы операциясын жүргізу үшін негіз болып табылады.




  1. Қызмет көрсету тәртібі




  1. Handy Pay МТЖ-іне қосылу үшін Клиент Клиенттерге қызмет көрсету пунктіне хабарласып, қосылуға өтініш беруге тиіс немесе Банктің банкоматтарында банкомат экранына шығарылатын Банктің нұсқауларын басшылыққа алып, Handy Pay МТЖ-іне қосылу жөніндегі әрекеттерді өзі дербес орындауыға тиіс.

  2. Handy Pay МТЖ-іне қосылу үшін Клиенттің Қазақстан Республикасының аумағында қызмет көрсететін ұялы байланыс операторының біріне қосылған мобильді телефон нөмірі болуы тиіс.

  3. Handy Pay МТЖ-іне қосылу кезінде Клиент жазбаша өтініште, немесе банкомат панелінен енгізу арқылы мобильді телефон нөмірін, төлем карточкасының нөмірін көрсетеді. Бұндай кезде Клиенттің бір төлем карточкасына Handy Pay МТЖ-іне тек бір ғана қосылу болуы мүмкін.

  4. Клиенттің Handy Pay МТЖ-іне қосылуын орындағаннан кейін қызмет көрсету пунктінде/банкоматта Клиентке Активациялық код беріледі. Активациялық кодты алғаннан кейін Клиент Банк нұсқауларын басшылыққа ала отырып Handy Pay МТЖ-іне қосылуды активациялауды жүзеге асыруы қажет.

  5. Клиент Handy Pay МТЖ-іне қосылуды активациялауды табысты аяқтағаннан кейін Клиентке қаржы операцияларын жүзеге асыру мүмкіндігі беріледі.
  6. Клиент қаржы операциясын жүзеге асыруы үшін Клиент сұрау салуды жүзеге асыру қажет. Handy Pay МТЖ-інде қаржы операциясына сұрау салуды алып, өңдегеннен кейін және осы Шарттың 4.14. және 4.15. тармақтарына сәйкес Клиентті Handy Pay МТЖ-інде дұрыс сәйкестендіру шарты орындалған кезде Клиентке қаржы операциясын растауды сұрау салу жіберілетін болады.


  7. Қаржы операциясын растауды сұрау салуын алғаннан кейін Клиент Handy Pay МТЖ-інен қаржы операциясын растауды сұрау салуын алғаннан кейін 15 минут ішінде қаржы операциясын растауды жүзеге асыруға тиіс.

  8. Егер Клиент 15 минут өткеннен кейін қаржы операциясының растауын жіберетін болса, сұрау салынған қаржы операциясын Банк орындамайды.

  9. Банк қаржы операциясын орындаған кезде Клиенттің банктік шотынан оны дебеттеу жолымен қаржы операциясының сомасы және банк комиссиясының сомасы акцептсіз тәртіпте есептен шығарылады.

  10. Есептен шығаруға жеткілікті қаржы операциясының сомасы және банк комиссиясының сомасы Клиенттің банктік шотында болмаған кезде Банк қаржы операциясын орындаудан бас тартады.

  11. Қаржы операциясының сомасы немесе ағымдағы күні жүргізілген қаржы операцияларын есепке алған сома тәуліктік лимит мөлшерінен артық болатын жағдайда Банк қаржы операциясын орындаудан бас тартады.

  12. Қаржы операциясы сомасын төлем жүйесінің қатысушысының немесе оның агентінің шотына есепке алынуы қаржы операциясының табысты орындалуының нәтижесі болып табылады.

  13. Қаржы операциясын орындағаннан кейін оны Банктің орындау нәтижесінен тәуелсіз Клиентке қаржы операциясын орындау нәтижесі туралы хабарлама SMS хабарлама түрінде Клиенттің мобильді телефон нөміріне жіберілетін болады. Банк сәйкесінше хабарламаны жіберуі сәйкесінше қаржы операциясын орындау немесе орындау мүмкін болмауының құжаттық фактісі болып танылады.

  14. SMS хабарламаны жіберуші – Клиенттің мобильді телефон нөмірі және Клиент Handy Pay МТЖ-іне қосылған кезде көрсеткен мобильді телефон нөмірі сәйкес келген кезде Клиент Handy Pay МТЖ-інде сөзсіз сәйкестендірілген болып саналады.

  1. Қызметтердің құны




  1. Банк қаржы операциясын орындағаны үшін Банк қолданыстағы тарифтерге сәйкес Клиенттен комиссия алады.
  2. Комиссиялар мөлшерін Банк дербес анықтайды, және Банктің www.tsb.kz корпоративтік web-сайтындағы сәйкесіншетиісті бөлімде жарияланады, сондай-ақ танысып шығу үшін Банктің бөлімшелерінде қолжетімді, немесе Банктің байланыс орталығына

    Клиент қоңырау соққан кезде айтылуы мүмкін.


  3. Нақты бір қаржы операциясын орындағаны үшін Банк алатын комиссия мөлшері туралы ақпарат қаржы операциясын растауға сұрау салуда көрсетіледі.

  4. Банк комиссиясының сомасы Клиенттің банктік шотынан Клиент тарапынан қосымша акцептсіз Банк қаржы операциясын орындауының барысында есептен шығарылады.

  5. Клиент роуминг қызметін пайдалану кезінде Handy Pay МТЖ пайдалану кезінде SMS хабарламаларды қабылдау және жіберу қызметтерін пайдалану үшін тарификацияны мобильді байланыс операторының шарттарына сәйкес Клиент өзі жасайтынын мойындайды.

  6. Қаржы операциялары тек қана теңгеде жүргізіледі. Егер банктік шот АҚШ долларында жүргізілсе, Банк банктік шоттан ақшаны есептен шығару (алу) күніне Банктің белгілеген валютаны сатып алу бағамы бойынша айырбасталған, қаржы операциясының АҚШ долларындағы сомаға баламалы соманы банктік шоттан есептен шығарады.

  7. Ай сайынғы үзінді көшірме Клиентке немесе Клиент берген сенімхат негізінде әрекет етуші сенім жүктелген адамға Клиентке қызмет көрсететін Банктің филиалында табысталады немесе пошта арқылы жіберіледі (Клиент пошталық шығыстарды төлеген кезде).

  8. Банк Ай сайынғы үзінді көшірме бойынша кінәрат-талапты оны Клиент алғаннан кейін 5 (бес) Банктік күн ішінде аламауы онда көрсетілген ақпараттың дұрыстығының растауы болып саналады.

  9. 1 (бір) айдан артық, бірақ 3 (үш) айдан артық емес кезең үшін үзінді көшірмені ұсыну Клиенттің жазбаша өтінішінің негізінде Банк Тарифтеріне сәйкес комиссияны төлеумен жүргізіледі.


6. Клиент құқылы:


    1. Банктен осы Шарт бойынша міндеттемелерін тиісті түрде орындауды талап етуге.

    2. Банктен Handy Pay МТЖ-іне қолжетімділікті шектеуді талап етуге.
    3. Банктен Handy Pay МТЖ-ін пайдалану ережелері мен нұсқаулықтарын, сондай-ақ Handy Pay МТЖ-інде қаржы операцияларын орындау үшін алынатын Банк комиссиялары туралы ақпаратты талап етуге.


    4. Қаржы операциясын растауды орындамауға, бұнымен қаржы операциясының орындалуынан бас тартуға құқылы.

    5. Банкке Handy Pay МТЖ-індегі тәуліктік лимит мөлшерін 150 000 (Жүз елу мың) теңгеден аспайтын мөлшерге өзгерту өтінішімен хабарласуға.

    6. Банктік шот бойынша үзінді көшірмелер алуға.



7. Банк құқылы:


    1. Себептерін түсіндірмей, Клиентті Handy Pay МТЖ-іне қосудан бас тартуға.

    2. Банктің пікірінше Handy Pay МТЖ/ қаржы операцияларын жүзеге асырудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бұндай шара қажет болған жағдайда Клиентке сәйкесіншетиісті хабарлама жіберместен Клиентке қолжетімділікті уақытша немесе толық шектеуге және/немесе Handy Pay МТЖ-індегі қаржы операцияларының орындалуын тоқтата тұруға.

    3. Дербес, біржақты тәртіпте қаржы операцияларын орындау үшін алынатын Банк комиссияларының мөлшерін өзгертуге, сонадай-ақ Handy Pay МТЖ-ін пайдалану тәртібі мен шарттарын реттейтін Банктің өзге де құжаттарына өзгертулер мен толықтыруларды, бұндай ақпаратты алдын ала аталған өзгертулер/толықтырулар күшіне енетін күнге дейін 10 (он) күннен кем емес мерзімде Банктің Клиенттерге қызмет көрсету пункттерінде және Банктің www.tsb.kz ресми сайтында орналастыру жолыменарқылы енгізуге.

    4. Клиент Банкке хабарласқан кезде Клиенттен жеке тұлғасын куәландыратын құжаттарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңанамасының талаптарына сәйкес басқа да құжаттарды талап етуге.

    5. Себептерін түсіндірмей Клиенттің тәуліктік лимит мөлшерін өзгертуден бас тартуға.

    6. Осы Шартты және Тарифтерді, Клиентке осы Шартты немесе тарифтерді өзгерту туралы ондай өзгертулерді енгізу күніне дейінгі 10 (он) банктік күннен кешіктірмей хабарлап біржақты тәртіпте мына жолдармен өзгертуге:

1) Банктің филиалдарында хабарландыруларды орналастыру;

2) және/немесе хабарландыруларды Банктің веб-сайтында орналастыру;

3) және/немесе хабарландыруы бар SMS-хабарламаны тіркелген мобильді телефон нөміріне жіберу.

    1. Қаржы операциясы жүзеге асырылған күннен бастап 45 (қырық бес) күнтізбелік күн өткеннен кейін Клиент ұсынған қаржы операциясы бойынша кінәрат-талаптарды қарастыруға қабылдамауға.



следующая страница >>