https://electroinfo.net

girniy.ru 1
«Тау тұлғалы талант» атты поэзия кеші



Мақсаты: ХХ ғасырдың санауы саңлақтарының бірі поэзияның Хан тәңіріне айналған алып тұлғалы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың мұрасы – маржан поэзиясымен тілдесу. Ақынның қысқаша – өміріне шолу, поэзиясына талдау жасай отырып, ақын өлеңінің сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Достық жөніндегі ұғымдарын дамыту.


Көрнекілігі: Ақынның портреті, көрнекілік түрінде жазылған кеш тақырыбы, ақын шығармашылардың көрмесі, слайд.


Сабақ барысы:


Қуаныш: Жайласып жатыр ақырын.

Зал толы жырдың достары

Тыңдамақ абзал ақынын

Ардақты оның ел жұрты

Ақын ше? Ақын келмеді

Бос күтті төрде бір орын

Күмбірлеп залды кернеді

Сөз алып сонда жыры оның.


Жүргізуші: Бұл ақынның ақын туралы толғанысы еді. Арамызда ақын жоқ, бірақ жыры, шығармалары, жыр сүйгіш ұрпақтары қалды.

Қымбатты көпшілік қауым, ұстаздар мен оқушылар, М.Мақатаевтың мерейтойына арналған «Тау тұлғалы талант» поэзия кешіне қош келдіңіздер. Тума талант бұл күнде өмірден өтсе де, барша қазақтың жүрегінде берік орныққан. Осыған орай бүкіл елімізде, сонымен қатар біздің лицейде де ақын шығармашылығының күндері өтуде. Енді ақын өміріне үңілсек.

1 Батырбекова Дана

2 Пак Вика


Жүргізуші: Мұқағали ақиық дарынды ақын Қарасазды жыр еткен арынды ақын. өлеңнің құдіретін танып білген, халқын сені түсінді жаныңды, ақын сезініп, өлеңдерін ұғыну үшін де кез келген сияқты.


Жүргізуші: Мұқағали ұлт өкілі ретінде ары қарай да өмір сүре береді. Бүгінгі кешті Мұқағали мұрасын қадірлеуші, Мұқағалиға арналып жазылған ақын Сақан Қадірбекұлының өлеңдерімен ашсақ деп отырмыз.


ІІІ Мұқағалиға арнау өлеңі. Оқитын 149 тлп оқушысы Әкімова Перизат


ІІ « Мұқаңның туған күнінде» 151 топ Е. М

Жүргізуші: Мұқағали өлеңдерін тыңдағанда Мұқағали болып күйзелесіз, қуанасыз, сүйесіз, ғашық боласыз. Бұған көзіңізді жеткізгіңіз келсе, Мұқағали ақынмен сырласайық.



5 М. Мақатаевтың әні « Сенің көзің»

Орындайтын: Құсмолданов Елікжан

Жүргізуші Мұқағали ақиық дарынды ақын,

Қарасазды жыр еткен арынды ақын

Өлеңнің кұдіретін танып білген

Халқың сені түсінді жаныңды, ақын

6 «Шырақтың нұры біз деген» М. Мақатаев

Орындайтын : Касиева Айдана


8 «Қыздарға» М. Мақатаев Орындайтын: Төкіш Қуаныш


9 «Не жетсін өмір сүргенге» Орындайтын: Алиева Ляззат

Жүргізуші :


10 « Махаббат диалогы» М. Мақатаев 142, 139 топ оқушылары

11 « Туады, туады әлі нағыз ақын» Смирнов Б. Н

12 « Поэзия менімен егіз бе едің» Тилегенова С. Д

13 Ән « Сәби болғым келеді» қатысушылардың барлығы сахнаға шығады


Жүргізуші : Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам, оған халқым елендестің

Өлсе егер Мұқағали Мақатаев

Алайда өлтіре алмас өлеңді ешкім

Қорытынды сөз: Ортамыздан өзі кетті, артында мәңгі өлмейтін жыр ғұмыры «қазақтың дәл өзіндей қарапайым» өлеңі қалды.