https://electroinfo.net

girniy.ru 1

«Сасан би атындағы орта мектеп » коммуналдық мемлекеттік мекемесі









Мектептің директоры Қабдолова Жұлдыз Дуғалиқызы


Мектеп директорының

Оқу ісі жөніндегі орынбасары Бақытгүл Туғанбаева Хайдарқызы


Мектеп директорының

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кітатов Бейсенхан Қасымханұлы


Мектеп тарихы:

1935 жылы «Тегісшіл» бастауыш мектебі

1953 жылы Жеті жылдық болып құрылып, М.И. Калинин есімі берілді

1960 жылы Жетіжылдықтан сегізжылдық болып құрылды

1970 жылы Сегізжылдық, орта мектептке айналды

1980 жылы 624 орынды жаңа типті мектепке айналды

2001 жылы Сасан би аты берілді


Орта білім құрылған кезден бастап 40 шығарылымнан орта білімді 1400 оқушыдан астамы алды. Олардың ішінде Тоқбаев Махмуд Қожахметұлы – кибернетика ғылымдарының кандидаты, филология ғылымдарының кандидаты – Қапасова Бақытгүл Қасымбайқызы, Кіршібаев Ерлан Ахметқалиұлы – биология ғылымдарының кандидаты, Болатбекова Назгүл Жоламанқызы – педагогика ғылымдарының кандидаты, Яғалиева Бағдат Есенқызы 2011 жылы Физика – математика ғылымдарының кандидаты, Қайрақбаева Гүлназ Солтанғазықызы – филология ғылымының кандидаты, Мұратов Тимур Мұратұлы – медицина ғылымының кандидаты, 15 алтын белгі иегері бар.


Білім мекемесіне жалпы мінездеме:

Толық аты: «Сасан би атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, мекен – жайы : Қазақстан Республикасы, ШҚО Тарбағатай ауданы, Құмкөл ауылы, 071510. Мектеп ғимараты пайдалануға 1980 жылы берілді. Ғимараттың негізгі техникалық сипаттамасы : 2 қабатты, қабырғалары силикат кірпіштен, фундаменті – темірбетонды плиталар, шатыры – шифер . Құрылыс көлемі 2808 м3, жалпы көлемі – 3206 м3. Мектеп жанындағы жер телімінің көлемі 4,3262 га.



Мектептің оқушылар құрамы:

Оқушылардың жалпы саны – 266 жиынтығы 17 сынып

Мектеп бойынша орта буынға – 16 оқушы толықтырылды

5 салалы оқыту сыныптары (10 – 11 сыныптар) , онда 34 оқушы бар


Жұмыс тәртібі 2 ауысымнан тұрады:

Мектеп 2 ауысымда жұмыс атқарады, 2 ауысымда таңдау бойынша курстар, жекеше – топтық сабақтар, үйірмелер, спорттық секциялар қызығушылықтары бойынша өтеді.


Мектептің педагогикалық ұжымы:

Жалпы мұғалім саны – 43

Жоғары білімді – 34

Орта арнайы – 9


Кәсіптік деңгейі:

Жоғары санатты – 1 мұғалім

Бірінші санатты – 22

Екінші санатты – 10

Санатсыз -10


Біздің жетістіктеріміз:

2004 -2011 жылдары аралығында мектеп оқушылары аудандық шаңғы спортынан І орын алып келеді. Мектепте дарынды балаларды дамыту бойынша үлкен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мектептің дәстүрлі оқушылардың шығармашылықтарын дамыту бойынша курстар жүргізіледі. Қар қалашығынан аудан бойынша мектеп І орынды алса, мектеп оқушылары ғылыми жобаларға қатысып жүлделі орындарға ие болды. 12 сәуір күні география пәнінен аудандық семинар болып өтті, өте жақсы деген бағамен бағаланды. «Қайнар» университетінің ұйымдастыруымен өткен ІҮ интеллектуалды олимпиадасында мектебіміз ІІІ орынды иеленіп, 11 сынып оқушылары осы конкурста 10 пайыз жеңілдік сертификатын иеленді.Аудандық «Абай оқулары сайысында» 8 сынып оқушысы Қайырбеков Қайыржан ІІІ орынды иеленсе, 8 сынып оқушысы Жақыпбекова Гүлмира арнайы дипломмен марапатталды. Тарбағатай аудандық БББ-нің ұйымдастыруымен өткен ІІ кіші ғылыми –практикалық конференцияда тарих пәні бойынша 8 сынып оқушысы Қайырбеков Қайыржан Алғыс хатпен марапатталды. Жакула Күшікұлы атындағы 1 аудандық химия- биология пәні бойынша олимпиадада 11 сынып оқушысы Нұрқасымова Мадина, 11 сынып оқушысы Мұхтарова Еркежан, 10 сынып оқушысы Төлегенова Гүлсаялар олимпиадада топ жарып, мектеп абыройын көтере білді.


- спорттық үйірмелер: баскетбол,волейбол, футбол, шаңғы, күрес, теннис.


Материалдық –техникалық база:

Мектепте 1 мультимедиялық кабинет, 1 интернетке қосылған компьютер, 1 компьютерлік сынып, 22 кабинетте оқыту жүргізіледі. Жаңа үлгідегі құрал – жабдықтармен қамтылған физика кабинетінде оқыту жүргізіледі.

Мектептің жалпы бюджеті 2011 жылға 59242000 мың теңге құрайды, еңбек ақыға және салыққа 221880 мың теңге бөлінеді. Бір балаға 44411000 теңге шығынды құрайды.2012жылы бюджет қаражат есебінен жағдайы төмен отбасының 24 оқушы және бастауыш сыныптардың 80 оқушысының тамақтануына қарастырылған.


Олимпиада мен байқауларға қатысу





Атаулары

2010 – 2011 оқу жылы

2011 – 2012 оқу жылы

Жалпы қатысушы саны

Жүлделі орындар

Жалпы қатысушы саны

Жүлделі орындар

1

Аудандық олимпиада

21

9

18

11

2

«Ақ бота» байқауы

15

4







3

«Сәйгүлік » байқауы


9

2







4

«Айналайын» байқауы

39

7







5

Республикалық байқауы

4

2







6

«Малахит» байқауы







41

13

7

Эрудит







9

4

ҰБТ қорытындысы



Оқу жылы

Саны

Мектеп бойынша орташа


«Алтын белгі »

Үздік аттестат

Барлығы

Тапсырғандар

2005-2006


31

24

65,4







2006-2007

26

24

60







2007-2008

24

22

60







2008-2 009

10

10

57







2009-2010

24

22

65

1




2010-2011

24

17

87







2011 -2012

23

20

65,4