https://electroinfo.net

girniy.ru 1

Алматы П.И. Чайковский атындағы музыкалық колледжі

"ӨНЕРТАУ"- студенттер қоғамы


1. Ұйым мақсаты:

Жастарды ұйымшылдыққа үйретіп , студенттер құқығын қорғау. Еліміздің азаматтарын отансүйгіштік және

Қазақстан Республикасының болашағына деген жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру, оларды азаматтық

борышын орындауға, Республиканың мемлекеттік рәміздеріне, Қазақстан халқының мәдени мұрасына, тілі

мен дәстүріне деген құрметті бойларына қалыптастыру.


2. Атқарылатын жұмыс бағыты :

Колледж студенттерінің құқығы мен қызығушылықтарын қорғау.

Бұл бөлім ұйым мақсатының жүзеге асуын қамтитын бағыт. Студенттердің әлеуметтік, тұрмыстық

жағдайын,

жатақхана, ас бөлмесі, кітапхана және аудиторияларды аралап, бақылап өту "ӨНЕРТАУ" - СҚ-на студенттер

өмірінің басты қиындықтары жайында ақпарат алуына мүмкіндік береді. Алынған ақпарат тиісті бөлімдерге,

мәселені қозғау мақсатында жіберіледі. Бұл жүйеден қорытынды шықпаған жағдайда, ақпарат алдыңғы

бөлімдерден жоғары сатыда тұратын бөлімдерге жолданады. "ӨНЕРТАУ" - СҚ колледж студенттерінің

құқығы мен қызығушылығын қорғаушы болып табылады.


3. Студенттердің патриоттық сезімін оятып, әрі қарай дамыту.

Жастардың бойындағы партиоттық сезімдерін ояту мақсатында "ӨНЕРТАУ" - СҚ дөңгелек үстелдер,

форумдар, конференциялар, семинарлар, жиындар және мәдени іс-шаралар (концерттер,КТК, ұлттық

мейрамдар) және т.б іс-шаралар ұйымдастырып, өткізіп отырады.


4. Студенттер арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Үлкен ауқымды ақпараттық компаниялармен байланыс жүргізіп, немесе ақпаратты-тематикалық аудио,

видео бейнелерді шығара отырып, "ӨНЕРТАУ" - СҚ студенттердің білім деңгейін кеңейте түседі. Сенім


телефондарын, сенім қорабын енгізу жемқорлыққа қарсы күштің бірі болып табылады.


5. Студенттердің интеллектуалды потенциялын қалыптастыру.

"ӨНЕРТАУ" - СҚ студенттер арасындағы маңызды қиыншылықтарды шешу мақсатында, ыңғайлы келісім,

меморандум мен шарт және т.б құжаттарды бекітуді "21-ғасыр студенті", "жыл студенті" т.б жобалы

ұйымдарға қатысып отыру, ғылыми-практикалық конференциялар, форумдардың өткізілуі бұл пункттың

жүзеге асуына бағыттайды.


6. Студенттер арасында "Салауатты өмір салты" ұстанымын қалыптастыру.

"Дені саудың-жаны сау"- студенттердің жаңа ұранына айналды. Бұл пунктте басты мақсатты жүзеге асыру

үшін спорттық жарыстар, "флеш-моб" акцияларын, слеттар өткізіледі.


7. "ӨНЕРТАУ" - СҚ -ның ішкі және сыртқы байланысын қадағалау ұйымы.

"ӨНЕРТАУ" - СҚ өзге де колледж, институттар мен тығыз байланысқа тұрып, жастар парламент-

ұйымдарымен (ЖасОтан ЖҚ) қатынасқа түсуге жоспарлауда.


Ұйым міндеті мен құқығы :

"ӨНЕРТАУ" - СҚ тек студенттердің ғана құқығы мен қызығушылығын қорғайды. Өзге мемлекеттік

органдардың құқығын қорғауға міндетті емес. Әрбір студент өз құқығы мен міндетін білуі қажет.

Қоғамдық өмірге белсене араласып, еліміздің көркеюіне септігін тигізуі керек.


Күтілетін қорытынды :

Қолданылған шаралардың соңында "ӨНЕРТАУ" - СҚ социал-экономикалық, тұрмыстық қиындықтарды

шешуші, құқығын қорғаушы ұйым ретінде танылып, Қазақстан Республикасының көркеюіне белсенді атсалысуы керек.