girniy.ru   1 ... 6 7 8 9

4 Студенттердің өздік жұмысы

4.1 Студенттердің өздік жұмысын орындаудағы әдістемелік нұсқаулар

Білім беру жүйесінде лекциядан және семинар сабақтарымен қатар студенттердің өзіндік жұмысы да маңызды орын алады. Сол себептен бұл курстан студенттер келесі жұмыс түрлері қарастырылған.

1. Тыңдалған конспектіленген лекцияны өңдеу.

2. Семинар сабақтарына дайындық.

3.Пәннен емтиханға дайындық.

4.Баяндама және реферат жазуға дайындық.

Өздік жұмысының кең таралған және маңызды түрлерінің бірі – ол тәжірибелік сабақтарға және ғылыми конференцияларға студенттермен әзірленетін рефераттар болып саналады. Бұл өздік жұмыстың түрі өте қызықты және маңызды, өйткені ол студентті ғылыми зерттеулерге баулиды. Рефератты дайындау студенттердің ғылыми-ізденіс жұмыстарының элементі ретінде оларды аудиторияның алдында сөйлеуге мүмкіндік береді. Осының бәрі, студенттердің рефераттық жұмыстарын басқаруын ұйымдастыруға үлкен жауапкершілік артады.

Рефераттың тақырыбын таңдап алу өте маңызды орын алады, өйткені студенттің өздік жұмысқа деген қызығушылығы, алынған тақырыпқа байланысты болады. Сондықтан, оқытушы студенттің тақырыпты дұрыс таңдап алуына көмек жасап, рефератты әзірлеу барысында оған жалпы басқаруды қамтамасыз ету қажет.

Рефератты әзірлеуінің бірінші кезеңі - әдебиетті дұрыс таңдау, ол үшін кітапханадағы каталогтарды және басқада библиографиялық нұсқауларды қолданған жөн. Студентті анықтамалық әдебиеттермен, термин – аудармалармен, әдістемелік нұсқаулармен, ғылыми журналдармен қолдануға үйрету қажет.

Екінші кезең – танысу, мәліметті топтастыру және талдау. Ең алдымен тақырып бойынша негізгі құжаттарды оқып, оларды зерттеуден бастау керек. Осы жұмыс барысында тақырыптың негізгі сұрақтары біліне бастайды, олардың реттілігі және бастапқы жоспары. Сонан кейін, жоспардың сұрақтары арқылы барлық зерттелген әдебиет бойынша мәліметті топтастыру қажет.

Барлық мәлімет жиналғаннан кейін, жоспарды ретке келтіріп, рефератты құрастыруға және жазуға кірісуге болады. Бұл реферат әзірлеуінің үшінші соңғы кезеңі болмақ. Ақырында пайдаланған әдебиет тізімін келтіру қажет.

Оқытушыға студенттерді қатал бақылауының қажеті жоқ, керісінше олардың ынтасын марапаттау қажет.

Реферат толығымен әзірленбей тұрып, оқытушы студенттің дайындаған жоспарын қарап шығу қажет.

Рефератты ресімдеу сұрақтары бойынша арнайы кеңес берген жөн.

Рефераттың титулды бетіне университеттің және факультеттің атауын, мамандығын, тақырыбын, өзінің аты – жөнін, жазылған жылын көрсету қажет.

Келесі бетте, цифрлармен белгіленген рефераттың жоспары көрсетіледі.

Жоспардағы сұрақтардың жауабын жаңа беттен бастаған жөн. Рефератты жазу барысында беттерді нөмірлеп, сол жақтан (3 см) жолдарды қалтыру керек.

Ақырғы бетте пайдаланған әдебиеттің тізімі көрсетіледі, олардың жазылуын алдын ала оқытушы студенттерге таныстырады.

Реферат жұмысы аяқталғаннан кейін, оны студент тексеруге (оқытушыға) тапсырады, сонан кейін барып ол жұмысқа: «сыналды», «сыналған жоқ» немесе «қанағаттандырылған», «жақсы», «өте жақсы» деген баға беріледі.

Рефераттық жұмыстардың есепке алуының жеке журналы болғаны немесе рефераттарды болашақ оқу жұмыстарында пайдалану үшін оқу залында сақтаған жөн.


4.2 Студенттердің өздік жұмысының тақырыптары:

4.1 Бірыңғай кеден одағы

4.2 Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам

4.3 Мемлекет және құқық теориясы.

4.4 Мемлекет нысаны

4.5 Құқық ұғымы мен түсінігі, белгілері және қызметі.

4.6 Құқық нормалар түсінігі түрлері.

4.7 Құқықтық қатынастар.

4.8 Құқықтық сана және мәдениет.

4.9 Құқық бұзушылық

4.10 Заңдарды жүйелеу.

4.11 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі.

4.12 ҚР-ның Конституциялық құқығы.


4.13 Сайлау құқығы ұғымы және оның қайнар көздері.

4.14 Әкімшілік құқық.

4.15 Отбасы құқығы, некеге тұру, оны бұзу және тоқтату. Неке шарты.

4.16 Азаматтық құқық және іс жүргізу.

4.17 Қаржы құқығы бюджет.

4.18 Еңбек құқығы және ондағы еңбек даулары

4.19 Балалардың құқығы

4.20 Қылмыстық құқық.

4.21 Қылым жасау сатылары және қылмысқа қарсы күрес.

4.22 Қажетті қорғану.

4.23 Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері.

4.24 Әлеуметтік қамсыздандырудағы мүмкінділігі шектеулі азаматтардың құқығы.

4.25 Экологиялық құқық және экологтардың қызметі.

4.26 Халықаралық құқық және ИНТЕРПОЛ-дың қызметі және мәні.





<< предыдущая страница