girniy.ru   1 ... 4 5 6 7 8 9

Тақырып 12-13.

Экологиялық және жер құқығы

1.Экологиялық құқық ұғымы, оның қайнар көздері.

2.Табиғатты пайдаланудағы адам құқығы.

3.Экологиялық құқық бұзушылық және жауапкершілік.

4.Жер құқығы ұғымы, оның қайнар көздері.

5. Жер ресурстарын басқару.

1. Экология дегеніміз – қоршаған ортаны қорғау, табиғи рессурстарды тиімді пайдалану. Экология ұғымын ең алңаш рет енгізген неміс ғалымы Геккель. Экологиялық түсініктер: биологиялық әртүрлiлiк - бiр түр аясында, түрлер арасындағы және экологиялық жүйелердегi жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi объектiлерiнiң әртүрлiлiгi; биологиялық ресурстар - генетикалық ресурстар, организмдер немесе олардың бөлiктерi, популяциялар немесе экологиялық жүйелердiң адамзат үшiн нақты немесе ықтимал пайдасы немесе құндылығы бар кез келген басқа да биотикалық компоненттерi; генетикалық түрлендiрiлген организмдер - өсiмiн молайтуға немесе тұқым қуалайтын генетикалық материалды беруге қабiлеттi, табиғи организмдерден ерекше, гендiк инженерия әдiстерi қолданыла отырып алынған және құрамында гендiк-инженерлiк материал (гендер, олардың фрагменттерi немесе гендер комбинациясы) бар организмдер;
генетикалық түрлендiрiлген өнiмдер - гендiк инженерия әдiстерi пайдаланыла отырып алынған, құрамында жансыз генетикалық түрлендiрiлген организмдер немесе солардың компоненттерi бар өсiмдiктен және (немесе) жануарлардан алынатын өнiмдер;

ең озық қолжетiмдi технологиялар - пайдаланылатын және жоспарланатын салалық технологиялар, шаруашылық қызметтiң қоршаған ортаға терiс әсерiнiң деңгейiн қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi қамтамасыз етiлетiндей деңгейге дейiн азайтуға бағытталған, ұйымдастыру және басқару шараларын қамтамасыз ететiн техника және жабдық; инерттi қалдықтар - елеулi физикалық, химиялық немесе биологиялық өзгерiстерге ұшырамайтын әрi қоршаған ортаға және адамның денсаулығына қолайсыз әсер етпейтiн қалдықтар; коммуналдық қалдықтар - елдi мекендерде, оның iшiнде адамның тiршiлiк әрекетi нәтижесiнде пайда болған тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы және жиналу сипаты жағынан осыларға ұқсас өндiрiс қалдықтары;

қалдықтар сыныптауышы - қалдықтарды сыныптау нәтижелерi қамтылған, қолданбалы сипаттағы ақпараттық-анықтамалық құжат;
қалдықтарды есепке алу - қалдықтардың сандық және сапалық сипаттамалары және олармен жұмыс iстеу тәсiлдерi туралы ақпаратты жинау және беру жүйесi; қалдықтарды жою - қалдықтарды көму және жою жөнiндегi операциялар;
қалдықтарды залалсыздандыру - механикалық, физикалық-химиялық немесе биологиялық өңдеу жолымен қалдықтардың қауiптi қасиеттерiн азайту немесе жою; қалдықтарды кәдеге жарату - қалдықтарды қайталама материалдық немесе энергетикалық ресурстар ретiнде пайдалану;
қалдықтарды көму - қалдықтарды шектеусiз мерзiм iшiнде қауiпсiз сақтау үшiн арнайы белгiленген орындарға жинап қою;қалдықтарды өңдеу - қалдықтардың көлемiн немесе қауiптi қасиеттерiн азайту үшiн олардың сипатын өзгертетiн, олармен жұмыс iстеудi жеңiлдететiн немесе оларды кәдеге жаратуды жақсартатын сұрыптауды қоса алғанда, физикалық, жылу, химиялық немесе биологиялық процестер;

қауiптi қалдықтар паспорты - қалдықтардың шығу көзi бойынша пайда болу процестерiнiң, олардың сандық және сапалық көрсеткiштерiнiң, мұндай қалдықтармен жұмыс iстеу ережелерiнiң, оларды бақылау әдiстерiнiң, бұл қалдықтардың қоршаған ортаға, адам денсаулығына және (немесе) тұлғалар мүлкiне зиянды әсер ету түрлерiнiң стандартталған сипаттамасы, қалдықтарды шығарушылар, меншiгiнде қалдықтар бар өзге де тұлғалар туралы мәлiметтер қамтылған құжат; қалдықтарды орналастыру - өндiрiс және тұтыну қалдықтарын сақтау немесе көму; қалдықтарды сақтау - қалдықтарды кейiннен қауiпсiз жою мақсатында оларды арнайы бөлiнген жерлерде жинап қою; қалдықтарды сыныптау - қалдықтардың қоршаған ортаға және адам денсаулығына қауiптiлiгiне сәйкес оларды жiктеуге жатқызу тәртiбi; қалдықтардың түрi - шығу көзiне, қасиеттерiне және жұмыс iстеу технологиясына сәйкес жалпы белгiлерi бар, қалдықтар жiктеуiшi негiзiнде айқындалатын қалдықтар жиынтығы; қалдықтармен жұмыс iстеу - қалдықтардың пайда болуының алдын алуды және оларды азайтуды, есепке алу мен бақылауды, қалдықтардың жиналып қалуын, сондай-ақ қалдықтарды жинауды, өңдеудi, кәдеге жаратуды, залалсыздандыруды, тасымалдауды, сақтауды (жинап қоюды) және жоюды қоса алғанда, қалдықтармен байланысты қызмет түрлерi; қауiптi қалдықтар - құрамында қауiптi қасиеттерi (уыттылығы, жарылыс қаупi, радиоактивтiлiгi, өрт қаупi, жоғары реакциялық қабiлетi) бар зиянды заттар болатын, дербес немесе басқа заттармен байланысқа түскен кезде қоршаған ортаға және адам денсаулығына тiкелей немесе ықтимал қауiп төндiретiн қалдықтар;

қауiптi емес қалдықтар - қауiптi және инерттi қалдықтарға жатпайтын қалдықтар;қолайлы қоршаған орта - жай-күйi экологиялық қауiпсiздiктi және халықтың денсаулығын сақтауды, биоәртүрлiлiктi сақтауды, ластануды болғызбауды, экологиялық жүйелердiң тұрақты жұмыс iстеуiн, табиғи ресурстарды молықтыруды және тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ететiн қоршаған орта; экологиялық тәуекел - белгiлi бiр факторлардың ықпалы салдарынан қоршаған орта және (немесе) табиғи объектiлер жай-күйiнiң қолайсыз өзгерiстерге ұшырау ықтималдығы; эмиссиялар нормативтерi - қоршаған орта сапасы нормативтерiнiң сақталуы қамтамасыз етiлетiн жол берiлетiн эмиссиялар көрсеткiштерi; эмиссиялардың техникалық үлестiк нормативтерi - қоршаған ортаға эмиссиялардың уақыт бiрлiгiне немесе шығарылатын өнiм бiрлiгiне немесе басқа да көрсеткiштердегi, елiмiздiң экономикасы үшiн қолдануға болатын шығындар кезiнде оларды нақты техникалық құралдармен қамтамасыз ету мүмкiндігi негiзiнде айқындалатын шамалары.
2.Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы қатынастарды реттейтiн нормалары бар өзге де заңдарының арасында қайшылық болған жағдайда, осы Кодекстiң ережелерi қолданылады. Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының негiзгi принциптерi: Қазақстан Республикасының орнықты дамуын қамтамасыз ету; экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету; экологиялық қатынастарды реттеу кезiндегi экожүйелi көзқарас; қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк реттеу және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттiк басқару; қоршаған ортаны ластаудың және оған кез келген басқа түрде залал келтiрудi болдырмау жөнiнде алдын алу шараларының мiндеттiлiгi;

Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылықтан бұлтартпау;қоршаған ортаға келтiрiлген залалды өтеу мiндеттiлiгi; қоршаған ортаға әсер етудiң ақылы болу және оған рұқсат алу тәртiбi; табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету кезiнде неғұрлым экологиялық таза және ресурс үнемдеушi технологияларды қолдану;

3. Экологиялық қатынастар Қазақстан Республикасы аумағының шегiнде табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер етуге байланысты шаруашылық және өзге де қызметтi жүзеге асыру кезiнде қоршаған ортаны қорғау, қалпына келтiру және сақтау, табиғи ресурстарды пайдалану мен молықтыру саласындағы қатынастар реттеледi. Жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк реттеудi және табиғи ресурстарды пайдалану саласында мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар экологиялық қатынастардың қатысушылары болып табылады.
Қазақстан Республикасы орнықты дамуының экологиялық негiздерi
Қазақстан Республикасы орнықты дамуының экологиялық негiздерi:
адам өмiрi мен денсаулығы үшiн қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету жөнiндегi мақсатқа мемлекеттiң қол жеткiзуi;
қоршаған ортаны қорғау және биоәртүрлiлiктi сақтау;
Қазақстан Республикасының өз табиғи ресурстарын өндiруге құқықтарын қамтамасыз ету мен iске асыру және табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету мәселелерiнде ұлттық мүдделердi қорғау;қазiргi және болашақ ұрпақтардың сұранысын әдiл қанағаттандыру;
өндiрiс пен тұтынудың орнықты үлгiлерiн дамыту;
қоршаған ортаның жай-күйiн есепке ала отырып, экологиялық нормалаудың әлеуметтiк және экономикалық даму талаптарына сай келуi;
4. Қоршаған ортаны қорғау объектiлерi: Жер, жер қойнауы, жер үстi және жер асты сулары; атмосфералық ауа; ормандар мен өзге де өсiмдiктер; жануарлар дүниесi, тiрi организмдердiң гендiк қоры; табиғи экологиялық жүйелер, климат және Жердiң озон қабаты жойылудан, тозудан, зақымданудан, ластанудан және өзге де зиянды әсерден қорғалуға тиiс.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерi айрықша қорғалуға тиiс.

5.Мемлекеттiк табиғи-қорық қоры: Мемлекеттiк табиғи-қорық қоры - табиғат эталондары, уникумдар және реликттер, генетикалық резерв, ғылыми зерттеулер, ағарту, бiлiм беру, туризм мен рекреация нысанасы ретiнде экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық жағынан ерекше құнды, мемлекеттiк қорғауға алынған қоршаған орта объектiлерiнiң жиынтығы.Мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерi "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленедi.Мемлекеттiк табиғи-қорық қорын қорғау ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру жолымен, сондай-ақ қоршаған ортаның экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық жағынан ерекше құнды объектiлерiн пайдалануға тыйым салу мен шектеулер белгiлеу арқылы қамтамасыз етiледi. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ - ерекше қорғау режимi белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер, су объектiлерiнiң және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгiнiң учаскелерi.


жер құқығы

Үй салсаңыз да, пәтер алсаңыз да, жер учаскесіне кезекке тұрсаңыз да немесе жұмысқа орналасар болсаңыз да, әйтеуір тұрмысыңыз­ға қажетті небір жағдайларды бастан кешіргенде, олардың бәрі белгіленген бір тәртіп арқылы жалпыға тән ортақ ереже бойынша үй­лесімін тауып, реттеліп отырады. Және осы қым-қуыт тіршіліктің кез келген түйткілі тек заң арқылы ғана шешімін табады. Ал заң көп. Сол заңдардың және оның баптарының, тармақшаларының нені білдіретінін көпшілік жетік біле бермейді. Сондықтан оларды халыққа түсіндіру қажет. Осы олқылықтардың орнын толтыру мақсатында біз халықтан барынша көп хат келетін тұрғын үйге меншік құқығын қорғауға байланысты дауларды шешу мәселесіне тоқталуды көздедік. Бұл орайда, Конституцияның, Азаматтық, Жер кодекстерінің, “Тұрғын үй қатынастары туралы” және т. б. заңдардың бірқатар баптарына түсініктеме беру үшін Жоғарғы Соттың судьясы Бағдат АХМЕТОВКЕ жолыққан едік. Ол бізге төмендегі жәйттерді айтып берді:

– Қашанда, қандай жағдайда да жерге қатысты заңдар дұрыс және біркелкі қолданылуы керек. Ал жер құқықтық қатынастары мәселелерін реттейтін заңдар Конституцияға негізделген Жер кодексінен және осыған сәйкес қабылданатын нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Демек, жер құқығы қатынастарынан туындайтын даулар сот тәртібімен қаралады. Жер құқық қатынастары деп отырғанымыз, жаңағы жерге меншік құқығын және өзге де құқықтарды жүзеге асырып, жер ресурстарын, жекелеген субъектілерге бекітілген жер учаскелерін басқаруға байланысты жерді пайдалану және оны қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар. Сонымен Азаматтық кодекстің 117- бабының 1-тармағына сәйкес, жер учаскелері жылжымайтын мүлікке жатады. Осыған байланысты біреу-міреу жер учаскелеріне құқық туралы талап арыз жазатын болса, оны Азаматтық іс жүргізу кодексінің 33-бабының бірінші бөлігіне сәйкес жердің орналасқан орны бойынша ғана сотқа бере алады. Бұл кезде соттар істі талқылауға әзірлеген кезде тараптардың өзара қатынасының сипатын, даулы құқықтық қатынастың туындау себебін және уақытын анықтауы қажет. Сонымен қатар, тараптардың жер учаскесіне құқығын белгілейтін және оны куәландыратын құжаттар беруін талап етуі керек. Осылардың негізінде азаматтар және заңды тұлғалардың жер учаскесіне тиісті құқықтарынан (жеке меншік құқығы, жер пайдалану құқығы және жер учаскесіне өзге де заттық құқықтар) туындайтын құжаттар жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар болып табылады. Оларға, атап айтқанда, әкімдердің жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері, сатып алу-сату шарттары (айырбастау, сыйға тарту немесе жер учаскесін иеліктен шығару туралы өзге де мәмілелер) және жер учаскесіне жеке меншік құқығын, жер пайдалану құқығын және жерге өзге де заттық құқықтарды тану туралы сот шешімдері жатқызылуы мүмкін.


Жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттар болып жер учаскесіне жеке меншік құқығы актісі, тұрақты жер пайдалану құқығы ак­тісі және уақытша (өтеулі, өтеусіз) жер пайдалану құқығы актісі жатады. Азаматтарға және заңды тұлғаларға Жер кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін берілген құжаттар да заңдық күшін сақтайды. Ал енді Жер кодексінің 16,17,18 және 19-баптарының талаптарына келер болсақ, онда соттар, ең алдымен жер учаскелерін жеке меншікке және пайдалануға беру, сондай-ақ оларды алып қою туралы аталған баптарға сәйкес шешім қабылдаған мемлекеттік органның өкілеттілігін тексеруі тиіс. Егер жер учаскелерін беру кезінде әкім өз өкілеттілігін асыра пайдаланған жағдайда, оның шешімі заңда қарастырылған негіздер бойынша, АІЖК 27- тарауының тәртібімен жарамсыз деп танылуы мүмкін. Міне, осы мақсатта сот жер учаскелерінің орналасқан орны мен шекараларын анықтайды, нақты кенттің, қаланың, ауданның немесе облыстың аумағына кіретін жерлерді куәландыратын құқықтық құжаттарды тексереді. Жер учаскелерін беру және оларды алып қою жөніндегі шешімдер мен әрекеттер дауланған кезде іс бойынша тиісті аумақтық бірліктің әкімі тарап болып табылады. Ал заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтар немесе заңды тұлғалар іс бойынша екінші тарап болған жағдайда, мұндай арыздар АІЖК 30-бабына сәйкес мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттардың қарауына жатады.

Ал енді бір жер учаскесіне екі және одан да көп меншік иелерінің (жер пайдаланушылардың) меншік құқығының туындауы, сондай-ақ аралас жер учаскелерінің шекара-сын бұзу туралы дауды шешкен кезде сот Жер кодексінің 41-бабында белгіленген талаптарды на­зарға алады. Осы Кодекстің 43-бабының 11-тармағына сәйкес, егер атқарушы органның жер учаскесін беру жөніндегі шешімінде өзгеше көзделмесе, жер учаскесінің нақтылы (белгілі бір жердегі) шекарасы белгіленген және жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган жер учаскесіне құқықтық куәландыратын құжаттарды бергенге дейін жер учаскесін пайдалануға жол берілмейді. Осы норманы сақтамау жер учаскесін өз бетінше иеленіп алу деп танылады. Құқықтық куәландыратын құжаттары ресімделмеген жер учаскелерімен мәмілелер жасауға жол берілмейді. Соттар, атқарушы органның жер учаскесіне құқық беру туралы өз шешімін онда көрсетілген талаптар орындалғанға дейін, мәселен, тұлға жер учаскесіне мемлекеттік акті алғанға дейін өзгертуі, жоюы мүмкін екенін назарға алуы керек. Аталған құжаттарды алған сәттен бастап жер пайдаланушы жеке меншік, тұрақты немесе уақытша жер пайдалану түріндегі құқықтарына ие болады. Сондықтан құқық туралы туындаған дау сот тәртібімен ғана шешілуі тиіс.


Жер кодексінің 53-бабына сәйкес жер учаскесі екі немесе бірнеше тұлғаның ортақ меншігінде немесе ортақ жер пайдалануында болуы мүмкін. Өз кезегінде жер учаскесіне ортақ меншік немесе ортақ жер пайдалану әрбір меншік иесінің және жер пайдаланушының үлестері анықталып, үлестік меншік немесе үлестік жер пайдалану нысанында үлестері анықталмай, ортақ бірлес­кен меншікте бірлескен жер пайдалануда болады. Осы ережені ескере отырып, соттар жер учаскесін бөлісу немесе пайдалану тәртібін айқындау туралы талаптарды қараған кезде, шаруа қожалығына берілген жер учаскесі, егер шартта көзделмесе, ортақ бірлескен немесе ортақ үлестік жер пайдалану құқығында не меншіктің ортақ бірлескен немесе ортақ үлестік құқығында болатындығын назарға алуы керек. Осыған байланысты, соттар жер учаскесіне меншік немесе жер пайдалану нысанын, шаруа қожалығы мүшелері арасындағы шарт талаптарын және Жер кодексінің 54-59-баптарының талаптарына сәйкес, жер учаскесін бөліп шығару туралы мәселелерді шешу үшін өзге де мән жайларды анықтауы керек.

Жеке тұрғын үйдің ортақ жер учаскесін пайдалану тәртібін анықтау туралы даулар бойынша шешімдер шығарған кезде шешімнің қарар бөлігінде: әр тарапқа берілетін учаскелердің мөлшері, шекаралары, ортақ меншіктегі жер учаскелерінің мөлшері және шекаралары, үйге, қора-жайға, ғимараттарға учаскелер арқылы өтетін жолдардың мөлшері мен шекаралары және назар аударуға тұратын басқа да мән-жайлар көрсетілуге тиіс. Соттар өз бетінше басып алған жерлерді қайтару және өз бетімен салынған құрылыстарды бұзу туралы талап арыздарды қарау кезінде, заңдарда белгіленген тәртіппен осындай мақсаттарға арнап бөлінбеген жер учаскесінде салынған, сондай-ақ қажетті рұқсат алынбай салынған тұрғын үй, басқа қосалқы құрылыстар, құрылыс және өзге де жылжымайтын мүлік өз бетімен салынған құрылыс болып табылатындығын ескеру қажет. Сондықтан өз бетімен салынған құрылыс АК 244-бабының 3 және 4-тармақтарында көзделгеннен басқа реттерде оны жүзеге асырған тұлғаның есебінен бұзылуы тиіс. Егер құрылысты жүзеге асырған осы жер учаскесі белгіленген тәртіппен салынған құрылысты орналастыруға берілген жағдайда, сот өз бетімен салынған құрылысқа меншік құқығын тануы мүмкін.


Сонымен қатар, Жер кодексінің 170-бабының 2-тармағына сәйкес өздеріне жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскелерін басқа біреуге пайдалануға бергендер және мемлекеттік емес заңды тұлғалар 2005 жылдың 1 қаңтарына дейін жер пайдалану жөніндегі шарттарды бұзуға міндетті. Жалға берушілердің аталған құқықтары іске асырылмаған жағдайда уәкілетті орган АК 401-бабының 2-тармағына және Жер кодексінің 170-бабының 2-тармағына сәйкес жерді қосалқы пайдалану шарттарын бұзу және жер пайдаланушылардың (жалға берушілердің) құқықтарын тоқтату туралы сотқа талап арыз беруге құқылы, ал қосалқы пайдалануға берілген жер учаскелері алынып, арнайы жер қорына өтеді.



<< предыдущая страница   следующая страница >>