https://electroinfo.net

girniy.ru 1 2 ... 8 9

042-14-5-02.01.20.36/03-2010


№1 басылым

30.09.2010


беттің беті





ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты



ПОӘК


ПОӘК

042-14-5-02.01.20.36/03-2010

«Құқық негіздері» пәнінің оқу-әдістемелік кешені



№1 басылым

30.09.2010





«Құқық негіздері»


ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІНІҢ


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ


Университеттің барлық мамандығына арналған


Семей

2010

Мазмұны


1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Практикалық сабақтар

4 Студенттердің өздік жұмысы


1 Глоссарий


1 Құқық – жалпыға бюірдей міндетті, мемлекетпен қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы.

2 Мемлекет - адамзат қоғамы дамуының маңызды кезеңдеріне тән саяси ұйым:

3 салықтар - тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзуге байланысты алынуы Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген қосылған құн салығы мен акциз;

4 Құқықтық мемлекет- жеке адам және қоғам мүдессін қорғайтын, заң үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделген мемлекет.


5 Құқық – белгілі бір мемлекетте қабылданған және қолданылып жүрген барлық құқықтық нормалардың белгілі нормативтік құқықтық актілерді де көрсетеледі.

6 Құқық нормасы – мінез-құлық, тәртіп ережесі, тіршілік процесіндегі тәртіп пен мінез-құлық, ережелерінің үлгісі. Ал мінез-құлық дегеніміз – жеке алып қарағандағы әрбір адам емес, тұтас адамдар ұжымына да тән жағдай. Жеке адаи ғана емес, бірнеше адамнан құрылған ұжымдар да бір-бірімен қатынасқа келеді.

7 Теологиялық теория – мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді.

8 Табиғи теория – бұл теорияны жақтаушылардың пайымдауынша, мемлекетті, құқықты ешкім ойлап тапқан жоқ, олар адамның өзі сияқты табиғаттан бастау алып, әділеттілікке негізделген абсолюттік ұғымдар деп атайды.

9 Тарихи теория – осы теорияны ұстанғандар мемлекет пен құқық тарихтан бастау алып, тарихпен бірге жетілді дейді.

10 Патриархалдық теория – мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы басшысы бірте-бірте мемлекеттің басшысына айналған.Отбасы басшысы - әке, мемлекеттің басшысы – монарх.

11 Психологиялық теория – адамдардың психологиялық біріккен көзқарасы, іс-әрекеті, мінезі, тәртібі – бәрі келісіп, ұжымдық түрде басқарады деген тұжырымды қолдайды және тағы басқалар.

12 Азаматтық қоғам - ол жеке тұлғаның негiзгi құқықтыры мен еркiндiктерi заң жүзiнде қамтамасыз етiлетiн және саяси қорғалатын, мемлекеттен тыс қатынастар саласы үйлесiмдi дaмығaн қoғaм.

13 Диспозиция – қатынас мазмұны мен субьектілердің құқығы мен міндеттерін көрсетеді.

14 Гипотеза – диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік кесім қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді.

15 Санкция – құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі.


16 Құқықтық қатынастар – мемлекеттік кепілдіктегі екі жақты құқықтары мен міндеттері бар қоғамдық қатынас.

17 Құқықтық қабілет – құқыққа бостандықтар мен міндеттерге ие болуы қабілеті.

18 Әрекеттілік (дееспособность) – адамның өз әрекетімен құқығын пайдалана алу және оны жүзеге асыру, өзі үшін міндеттер тудырып, оларды орындау қабілеті. әрекеттіктің басты шарты кәмелеттік немесе құқықтық нормада белгілі жасқа толу болып табылады.

19 заң – қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы.

20. Құқықтық нигилизм – заңға сенбеушілік, немқұрайдылық.


Тақырып 1.

Мемлекет туралы негізгі түсініктер.

1. Мемлекеттің түсінігі және белгілері.

2. Мемлекеттің пайда болуының негізі және теориясы.

3.Мемлекеттің функциялары және тарихи түрлері.

4. Мемлекеттің басқару нысаны.

Мемлекет — қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік жүйесін бірізділікке түсіретін, қоғамды басқаратын және сақтайтын негізгі институт.Мемлекет саяси-құқықтық ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Мемлекет өзінің мыңдаған жылдарға созылған тарихи даму үрдісінде саясатшылар тарапынан түрліше бағаланып келеді. Мемлекеттің анықтамасын да түрлі көзқарастағы саяси қайраткерлер түрліше тұжырымдайды. Мемлекеттің үш элементі болады: жер аумағы, халқы және мемлекет өкіметі.

Мемлекеттің белгілері: мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады;мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан, ауыл, т.с.с.) бөлінеді (ол бірліктер әр елде түрліше аталады).

Мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумақ болады;әскерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды;мемлекет заңдар және басқа нормативтік-құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен қоғамды тәртіп орнатады.


Мемлекет құрылымы бойынша келесі түрлерге бөлінеді:

1) Унитарлық (латынша: unitas — біртұтас, біріккен) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекет ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның территориясы, конституциясы бір болады. Мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы, Италия, Франция, Қазақстан т.б. осы түрге жатады.

2) Федерация (латынша: foederatio — одақ, бірлестік) — белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар, бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруы.Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттері арасындағы айырмашылықтар жалпы мемлекеттік конституциямен реттеледі. Әр субъектінің өзінің жоғарғы билеу (заң шығарушы, атқарушы, сот органдары болады). Мұндай мемлекеттерге АҚШ, Алмания, Малайзия, т.б. жатады.

Мемлекет адам қоғамы дамуының белгілі бір сатысында пайда болған. Адамдардың ең алғашқы ұйымдасуы рулық қоғам түрінде пайда болды. Рулық қоғам оның мүшелерінің қандас туыстығы негізінде, еңбекті қауымдасып ұйымдастыру және ортақ меншіктілік негізінде қалыптасты.

Әскери демократияның дамуы қоғамда саяси ұйымның – мемлекеттің пайда болуына әкелді. Мемлекет, бір жағынан, әскери демократияның жаңа негізде қайта құрылуы нәтижесінде, ал екінші жағынан, жаңа басқару органдарының пайда болуы нәтижесінде құрылды. Мемлекет – адам баласы бірлестігінің жаңа ұйымы. Ол рулық қауымнан мынадай белгілермен өзгешеленеді:


  1. Мемлекеттің тәуелсіздігі болады. Мұның мәнісі – мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын өзге бір мемлекеттерден тәуелсіз қалыптастырып, дербес жүзеге асырады деген сөз.

  2. Мемлекеттің халқы әкімшілік-аумақтық аймақтарға бөлінеді, бұл жерде адамдардың рулық белгілері ескерілмейді.

3. Мемлекетте қоғамды басқаратын өкімет билігінің белгілі бір дәрежеде дамыған жүйесі болады. Оларда адамдардың өзгеше бір тобы – шен иелері немесе мемлекеттік қызметкерлер жұмыс істейді.


4. Қоғамның өмір сүріп, тіршілік етуі үшін мемлекет заңдар, нормативтік актілер шығарып, солар арқылы қоғамдық қатынастарды реттеп отырады, белгілі бір қоғамдық тәртіпті қалыптастырады.

Марксизм мемлекетті тек бір ғана топтың – байлар тобының мүддесін қорғау үшін жаратылған саяси ұйым ретінде сипаттайды. Құл иеленушілік дәуірінде мемлекет құл иелерінің мүддесін қорғады, сондықтан ол құл иеленушілер мемлекеті деп аталады, феодализм дәуірінде ол феодалдардың мүддесін қорғады. Феодализмнің орнына капитализм келді. Капиталистік мемлекет капиталистердің қолындағы қару болып табылады. Сөйтіп, марксизм ілімі бойынша, адамзат тарихында мемлекеттің үш түрлі тұрпаты болған екен: құл иеленушілік, феодалдық және буржуазиялық мемлекет түрлері.

Марксизм мемлекеттің осы аталған үш түрін де қанаушылардың, езушілердің мемлекеті деп сипаттайды.

Алайда мемлекет жағдайындағы маркстік ілімінің осал жерлері бар. Айталық, мемлекеттің осы үш тсатысын, үш түрлі тұрпатын халықтардың барлығы бірдей бастан өткерген жоқ.

Марксизм-лининизм капиталистік мемлекеттердің құритындығының және жаңа тұрпатты социалистік мемлекеттің пайда болатындығының тарихи сөзсіздігін теориялық жағынан негіздеуге тырысып бақты. 1917 жылдың қазан айында Ресейде большевиктер партиясының басшылығымен социалистік револиция жасалды. Соның нәтижесінде Кеңестік социалистік дүниеге келіп, ол 70 жылдам астам уақыт өмір сүрді.

Мемлекеттің пайда болуы мен дамуы. Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық, басқарушылық салаларындағы обьективтік даму процестері бір-бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырды. Малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келіп, адамның тәжірибесі өсіп молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді:


  1. Малшылық

  2. Жер игеру

  3. Өндірістік

  4. Саудагерлер тобы

Бұның бәрі еңбектің өнімділігін арттырды, қоғамның шығысынан кірісінасырды. Сөйтіп қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетін топтар, таптар пайда болды. Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді. Олар төмендегі негізгі обьективтік заңдардың – қосымша өнімнің пайда болуы; жеке меншіктің қалыптасуы; топтар мен таптардың арасындағы күрестің басталуы әсерінен туындайтын қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін өмірге мемлекет пен құқық келді.


Мемлекеттің дамуы – мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс тапқа бөлінуінің туындысы. Мемлекет жария үкіметтің пайда болуы мен іс-әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны мен оның негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда мемлекеттің күш-қуатына үйренетін басқару жүйесі.

Мемлекеттің пайда болуының, дамуының бірнеше түрлері бар:

1. Шығыс елдерінде ( Иран, Индия, Қытай, Араб т.б. шығыс типті елдерде) мемлекеттің қалыптасуы негізінен қоғамдық меншікті қорғаумен байланысты. Себебі алғашқы қоғам ыдырау кезінде бұл елдерде күрделі құрылыстар болды:

1) Ірі су каналдарын жасау;

2) Суармалы ирригациялық жүйелер құру;

3) Құрғақшылықпен күресу.

Міне осы күрделі жұмыстарды жақсы жүргізу үшін қоғамдық-мемлекеттік меншік қалыптасты. Сол меншіктің иелері: шенеуніктер, ру, тайпа басшылары, хандар, корольдер мен императорлар болды.

Сонымен, Шығыс елдеріндегі мемлекеттердің қалыптасу себептеріне:
- ірі ирригациялық жүйелерді жасау;


  • оны іске асыру үшін құлдарды, жұмысшыларды жүйелі түрде топтастыру, біріктіру;

  • барлық жұмысшыларды бір орталықтан басқару жатады.

Мемлекеттің басқару аппараты бұрынғы ру, тайпаны басқарған аппараттан өсіп қалыптасты. Жаңа аппарат қалың бұқарадан алыстай түсіп әділетсіздікті, қанаушылықты күшейтті. Азия типті мемлекеттер өте бәсең дамып, XIX-XX ғасырларға дейін көп өзгермей, сақталып келді.

2. Еуропалық елдерде мемлекет жеке меншіктің шапшаң, күрделі дамуы, қоғамның тапқа бөлінуі арқылы қалыптасты.

Афины мен Римде алғашқы қоғамның ыдырауы кезінде экономикалық күшті таптар мен топтар мемлекеттік билікті өз қолдарына алып, өз мүдде-мақсаттарын орындайтын мемлекеттік аппарат орнатты. Бұл мемлекеттер, көбінесе, демократиялық жүйедегі саяси бірлестік болып қалыптасты.


Германияда мемлекеттің қалыптасуы басқаша болды. Қалың бұқара байларға тәуелді болды, феодалдық қатынастар дами бастады. Осы типті мемлекеттер Еуропаның бірнеше елдерінде Ресейде, Ирландияда және т.б. қалыптасты.

Мемлекет басқаруы бойынша:

Монархия— абсолюттік және конституциялық болып екіге бөлінеді.

1) Абсолюттік монархия — мұраланған тақ иесінің (монархтың) ешқандай заңдармен шектелусіз, өз қалауыншы дара билік жүргізуі. Шыңғыс хан және оның ұрпақтары билеген Қыпшақ мемлекеттері, XVIII ғасырдың соңындағы буржуазиялық революцияға дейінгі Людовиктер басқарып келген Франция осы абсолюттік монархияға мысал. Атадан балаға мұра боп қалған билік иесінің мемлекеттің сайланып қойылатын басқару органдарымен біте қайнасып, демократиялық ұстанымдармен үйлесім тауып, басқаруын конституциялық монархия дейді. Мысал ретінде қазіргі Англия, Жапон мемлекеттерін айтуға болады.

Республикалық басқару — парламенттік және президенттік болып екіге бөлінеді. Парламенттік жүйесі бар елдерде парламенттегі орындардың көпшілігін сайлауда жеңіп алған партия немесе партиялар коалициясы — премьер-министр басқарады. Үкімет өзі жасап парламент бекіткен бағдарлама бойынша жұмыс істейді, парламентке есеп береді. Парламент жетекші рөл атқарады, қажет десе, басқарушы үкіметті қызметтен кетіре алады. Парламент заңдарды ұсынады және олырды қабылдайды. Премьер-министр де парламенттің қарауына заңдар ұсынады. Сот билігі тек заңдарға сүйенір жүзеге асырылады. Парламенттік республикалық басқаруға Италия, Алманияны жатқызуға болады. Президенттік жүйеде президентті және парламентті халық сайлайды, заңды билік пен атқарушы билік арақатынасы өзгереді, ел президенті мемлекеттің де, үкіметтің де басшылығын өз қолына алады. Президенттік басқару үлгісі ретінде АҚШты келтіруге болады.

Диктатура (латынша: dictare — нұсқау беру) — бір қолға шексіз биліктің жинақталуы, заңды аяққа баса отырып, күш көрсету арқылы мемлекет басқаруды жүзеге асыру. Диктатура мемлекеттік билік формасының ерекше көрінісі ретінде монархиялық және республикадық режімдер жағдайында ұшыраса береді.


Енді мемлекеттің және құқықтың пайда болуы туралы теориялардың мазмұнына қысқаша тоқталып өтейік.

Теологиялық теория – мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып,

дамып келеді деп түсіндіреді.

Табиғи теория – бұл теорияны жақтаушылардың пайымдауынша, мемлекетті, құқықты ешкім ойлап тапқан жоқ, олар адамның өзі сияқты табиғаттан бастау алып, әділеттілікке негізделген абсолюттік ұғымдар деп атайды.

Тарихи теория – осы теорияны ұстанғандар мемлекет пен құқық тарихтан бастау алып, тарихпен бірге жетілді дейді.

Патриархалдық теория – мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы басшысы бірте-бірте мемлекеттің басшысына айналған.Отбасы басшысы - әке, мемлекеттің басшысы – монарх.

Психологиялық теория – адамдардың психологиялық біріккен көзқарасы,

іс-әрекеті, мінезі, тәртібі – бәрі келісіп, ұжымдық түрде басқарады деген тұжырымды қолдайды және тағы басқалар.

Мемлекетті басқарудың нысандары.

Басқару нысанының ұғымы.Басқару нысаны мемлекет нысаны тусінігінің анағұрлым кең мағнадағы маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ол биліктің жоғары органдарының жуйесіне, олардың арасындағы құзіретті бөлісуі мен өзара әрекеттестік принциптеріне баса назар аударылады. Басқару нысаны мемлекетті сипаттайтын басты көрсеткіштердің қатарына жатады. Ол бағыт таңдау мен мемлекеттік саяси басымдылығына және оны жузеге асырудың тәсілдеріне, биліктің демократиялық дәрежесіне және оның халыққа тусінікті болуына айтарлықтай ықпал етеді.

Басқару нысанын анықтау кезінде мына төменгі мәселелер ескеріледі:

- мемлекетте қандай органдармен лауазымды тұлғалар жоғары билікті бейнелейді.

- олар қандай принциптер мен бастамаларда қалыптасады және олардың арасындағы өзара әрекеттестікте тежемелік пен тепе теңдік механизмі қолданныла ма


- олардың арасындағы мемлекеттік өмірдің негізгі саласын басқару жөніндегі құзірет қалай бөлінеді

- жоғарғы биіктің төменгі тұрған органдар мен халық үшін ашықтық дәрежесі қандай

Осы сұрақтың жаубына қарап басқарудың монархиялық және республикалық нысан екендігін айырады.

Монархия басқарудың нысаны ретінде мемлекетте бір адамның монархтың қолында жоғары биліктің реалды шоғырлануы немесе жоғары прерогативтің, шексіз құқықтың тек кейбір нақтылы тиістілігімен сипатталады. Монархтың ерекшеліктерінің қатарына монархтың таққа көп жағдайда мұрагерлік жолымен немесе туысқандық құқығымен, кейде сайлау жолымен келетіндігі жатады, моеархтың міндетті атқарудың белгілі бір мезгілі жоқ, ол өмір бойы атұарылады.

Монархия мемлекеттілігінің дамуынын пайда болған кезінен күні бүгінге дейін мемлекетпен бірге келе жатыр.Ол аз болса, алғашқы қауымдық рулық басқару жуйесінің негізінде құрылған көптеген мемлекеттерде монархияның нысаны болды. Тарихтың келесі кезеңдерінде монархия мақталды, ол өзінің өміршеңдігін, белгілі бір ішкі қуатын, жаңа әлеуметтік экономикалық және саяси жағдайларға, әрине көптеген өзгерістермен, бейімділігін танытты. Сондықтан да оған қандай да бір турлердің бір біріне онша ұқсас еместігін ескере отырып, нақты тарихи жағынан келу керек.

Ежелгі монархия ( шығыс деспотиясы, ежелгі рим монархиясы) бір басқа да, ортағасырлық монархиялар және ақырында, олардың мулдем басқаша бугінгі куннің монархиясы бір басқа. Тіпті ежелгі рим монархиясының әр кезеңінде әр турлі айырмашылықтар болды: принципат кезеңіне тән республикалық және монархиялық институттардың уйлесімділігі монархтың шексіз билігі устемдік құрған кезде, доминат кезеңінде толық жойылды. Ортағасырлық монархиялар үшін абсолютті және шектеулі деп бқлу дәлірек келеді. Абсолютті монархтың рөлі басшылық ету болды, көбінесе шектен тыс, тіпті қалыптан тыс басшылық деуге болады: өзі жузеге асырған жоғарғы биліктің шексіз құқығымен өкілеттігін ешкіммен бөліспей, жеке дара иемденді. Мемлекет өмірінің тубірлі мәселелері соның қаруына жататын еді. Барлық юасқа мемлекеттік органдармен лауазымды тұлғалар оған сөзсіз бағынды, оның жарлықтарын орындауға міндетті болды. Ортағасырлық шектеулі монархиялар шектелгенімен ерекшеленеді, оған бұрын монархтың құзіретіне кіретін жекелеген өкілеттілер ауысқан.


Қазігі кезде монархиялық нысаны кеңінен тараған. Англия, Норвегия, Швеция, Нидерланды, Жапония, Бельгия сынды алдыңғы қатарлы елдер монархиялық мемлекеттер қатарында саналады. Оларда конститутциялық монархия жұмыс істейді, ол монархтың билігі шынайы емес, номинальды болып табылатындығымен ерекшеленеді. Бүгінгі кундері монархиялыұ басқару нысанын кеңінен пайдалану, басқарудың осы нысанындағы көптеген елдердің демократияны дамытудағы табыстары монархияның пайдалы потенциялы әлі де бар екендігін және ол халықтың белгілі бір тобының қолданылуына ие болып келе жатқандығын дәлелдейді.

Республика ушін басқару нысаны ретінде мемлекеттегі жоғары биліктің заңмен белгіленген мерзім ішінде қызмет ететін бір немесе бірнеше сайлау органдарының қолына шоғырлануы тән. Олар әдетте жоғары заң шығару органы және мемлекет басшысы болып табылады.

Республиканың, тұтастай алғанда мемлекттіліктің өзі сияқты, тарихы ұзақ, алайда ол мемлекеттік ұйымдасқан қоғамнің алғашқы кезеңдерінде кең тарала алмады, басқарудың басқа нысаны монархияға жол берді.

Бугінгі куні республикада өмірді демократияландыру процесстеріне мумкіндік туғызатын құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның принциптерін жузеге асыруда басты арена болып табылады.

Қазіргі республикаларды президенттік және парламенттік деп бөледі. Аталған республикаларда жоғарғы билік эшалондары арасындағы куштердің шынайы қатнастарымен құзіретті бөлісуі, олардың өзара қарым қатнастарының ұйымдастыру құқықтық механизмі әртурлі.

Парламенттік республикада жоғарғы билік органдар жуйесінде туйінді орындардың бірін парламент иеленеді, ол заңдар қабылдайтын және жалпымемлекеттік маңызды мәселелерді шешеді. Ол елдің мемекеттік бюджетін бекітеді, өзінің алдында жауап беретін үкімет қызметін бақылап отырады. Егер парламент үкіметке сенімсіздік вотумын шығаратын болса, соңғысы отставка кетеді( Үндістан, Италия). Кейбір елдерде парламент ( өзі немесе жергілікті билік органдарының өкілдерімен бірге, ал федеративті мемлекеттерде штат, жер және басқа мемлекеттік құрылымдар өкілдерімен бірге) сондай ақ мемлекет басшысын сайлайды.( Италия, германия), алайда бұл унемі бола бермейді мысалға, Австрияда президент жалпыға ьірдей сайлау құқығы негізінде сайланады. Сөйте тұра көпшілік парламенттік республикаларда мемлекет басшысының құқығының шегі аса кең: оның парламентті таратуға құқығы бар, үкімет басшысын тағайындайды, елдің қарулы кушінің бас қолбасшысы болып табылады.


Президенттік республиканың айрықша ерекшелігі мемлекет басшысының өте кушті билігі болып табылады. Мұнда президент парламенттен тек премьер министрді тағайынлдауға (кейде укіметтің басқа да кейбір маңызды мушелерін) тағайындауға келісімін ала отырып укіметті тағайындайды. Сондықтан укіметтің парламент алдындағы бақылауға алынуымен есеп берушілігі босаңдау, ал мемлекет басшысы алдында парламенттік парламенттік республикаға қарағанда әлдеқайда кушті. Оның устіне президенттік республика ушін мемлекет басшысының функциясын укімет басшысының функциясымен қосып жіберу( АҚШ), немесе мемлекет басшысының укіметтің қалыптасуы және қызмет істеу процессіне шешуші ықпал (Франция, Ресей федерациясы, Қазақстан, Өзбекстан) тән.

Соның арқасында атқарушы биліктің маңызы арта туседі. Мұның заң және сот биліктерінің қызметіне зияны тимес үшін конститутцияда биліктің ьарлық тармақтарының іс әрекетінің келісіп істелінуін және балансын қамтамасыз етуге мумкіндік беретін тежемелік және тепе теңдік жуйесі көзделген. Президенттік республикада мемлекет басшысының әдетте халық тура (тікелей) немесе жанама (сайлаушылар алқасы) сайлаулар жолымен сайлайды. Жоғарыда аталған өкілетілерден басқа мемлекет басшысының сондай ақ парламентті мерзімінен бұрын тарату құқығы, мемлекетте маңызды лауазымды тұлғаларды тағайындау ( басқа мемлекеттегі елдің дипломатиялық өкілдерін және судьяларды қоса есептегенде), кешірім жасау құқығы, қарулы куштердің бас қолбасшысы қкілеттілігі жіне т.б. құқықтары бар. Үкіметті құру кезінде мемлекет басшысы парламенттік республикалар шін міндетті болып саналатын, оған тек парламентте басым болған партия өкілдері ғана кіретін ережелерді сақтамайды.

Осылайша, республиканың қоғамдық саяси және мемлекеттік құқықтық ерекшеліктерімен мына төмендегі жағдайлар басқару нысаны болып табылады:

- Мемлекеттің жоғары органдарының сайланатындығы.

- Бұл органдаодың қызметінің дәл мезгілдік параметрлермен (мерзімен) шектелуі.

- Мемлекет басшысының кейбір әрекеттеріне жауапкершілік белгілеу

- Мемлекеттің жоғары органдарындағы биліті жеке құқығымен емес, халықтың тапсыруы бойынша жузеге асыру.

- Азаматтардың мемлекет алдындағы және мемлекеттің азаматтар алдындағы екі жақтан жауапкершілік.



следующая страница >>