https://electroinfo.net

girniy.ru 1 2 3 ... 5 6

3. Жылу беру маусымына дайындық


3.1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала нысандарын кезекті жылу беру маусымына әзірлеу өткен жылу маусымы кезеңінде анықталған ақауларды және нормативтен ауытқуды жүйелеу, техникалық жағдайды талдау, құралдардың жұмыс режимі мен пайдалану деңгейі, жөндеу жұмыстары көлемі, ұйымдастыру-техникалық шаралар, жобалық-сметалық құжаттар әзірлеуге тапсырыстар ресімдеу, мердігерлік ұйымдармен және т.б. келісім-шарт жасау жұмыстарынан басталады.

3.2. Жылу беру маусымына әзірлік жұмыстары:

- өткен жылу беру маусымында анықталған кемшіліктерді талдау, анықталған ақаулар мен кемшіліктерді жою жөніндегі жұмыстарды іске асыру;

- тұрғын үй қоры мен инженерлік инфрақұрылымдарды кезекті жылу беру маусымына әзірлеу жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспарын бекіту;

- жөндеу және құрылыс-монтаждау жұмыстарын қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін шешу, мердігерлік ұйымдармен келісім-шарт жасау;

- жылумен жабдықтау және орталық жылу пункттеріне тиісті жұмыстар жүргізу, соның ішінде қазандықтар, ыдыстар, су құбырларын тексеру және сынақтан өткізу.

- инженерлік желілердегі жұмыс, соның ішінде қайта құрастыру, күрделі және ағымдағы жөндеумен байланысты жұмыстарды орындау, сынақ және жуып тазарту, жылу беру графигі мен жылу желілеріндегі гидравликалық режим жұмыстарын әзірлеу.

- ғимаратты әзірлеу жұмыстары, инженерлік желі құрал-жабдықтарын жөндеу және ауыстыру;

- сумен жабдықтау және су арналарын бұру жүйелерінде алдын-алу, жоспарлы және жоспардан тыс жөндеу жұмыстарын жүргізу;

- жылу қоймаларын дайындау, резервтегі жылу шаруашылығының инженерлік құрал-жабдықтарына, отын әзірлеу жүйесіне, жылу беру және күлден тазарту, темір жол автокөлік жолдарына, өрт қауіпсіздігі жүйелеріне жөндеу жүргізу;

- негізгі және резервтегі отынның нормативтік қорын, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық нысандарында болған технологиялық апат салдарын жою үшін материалдық-техникалық ресурстар қорын құру.


3.3. Жылумен жабдықтау және орталық жылу пункттеріндегі жұмыстар:

- күз мерзімінде жылумен қамту жұмыстарын жүргізу – 1 қыркүйекке дейін;

- қыс мерізіміндегі барынша жоғары жүктемемен жылумен қамту – 15 қарашаға дейін;

Жылумен қамтамасыз ету көздері электр-, су-, газ- коммуникацияларын жөндеу және алдын-алу жұмыстары 25 тамызға дейін аяқталуы тиіс.

Барлық жылу көздері бойынша қысқы жағдайдағы жұмысқа әзірлік паспорты 1 қазаннан кешіктірілмей ресімделеді.

3.4. Жылу беруді қамтамасыз етуге қажет жылу желілеріндегі, ғимарат кіреберісі және үй іші жүйелеріндегі жұмыстар 1 қазанға дейін аяқталуы тиіс.

3.5. Жылу желілері мынадай сынақтардан өткізілуі тиіс:

- гидравликалық сынақ (гидравликалық ысырап) және жылу сынағы (жылу ысырабы) – жыл сайын жылу маусымы және жөндеу жұмыстары аяқталған соң екі аптадан кешіктірілмей өткізіледі; жылу желілерінің барынша жоғары температураға беріктігі мен тығыздығына гидравликалық сынақ нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес жүргізіледі. Сынақ нәтижесі бойынша актілер жасалады (4- қосымша).

3.6. Жылу желілерінің барлық сынақтары жеке өткізіледі, бұл ретте жылу желілері мұқият бақылауға алынып, сынақ басшылары және жеке орындаушылар арасында жедел байланыс болуы тиіс.

3.7. Жылумен жабдықтау және жылу желілеріне жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу (тоқтату) көктем-жаз мерзімінде, жергілікті атқару органдарының келісімі бойынша жасалған кестеге сәйкес жүзеге асырылады.

3.8. Жұмыс кестесін келісім жасауға ұсыну мерзімі:

- жылумен қамтамасыз ету көздеріне жоспарлы жөндеу (тоқтату) жүргізу – 10 мамырға дейін;

- жылу желілеріне жөндеу жүргізу және қайта құру – 10 мамырға дейін;

- жылу желілерін сынақтан өткізу (жылу таратушының барынша жоғары температурасына) – 10 мамырға дейін:

- жылу беру маусымы аяқталғаннан кейінгі жылу желілерінің гидравликалық сынағы (беріктігі мен тығыздығына) – 20 сәуірге дейін, жылу беру маусымын өткізу алдында – 15 шілдеге дейін жүргізіледі.


3.9. Жылумен қамтамасыз ету және жылу желілерінің жоспарлы жөндеу жұмыстарының кестесі келісілгеннен кейін жылумен қамтамасыз ету ұйымы бір апта мерзімінде оны мүдделі ұйымдарға жеткізеді, соның ішінде: коммуналдық қызмет көрсетушілер; тұтынушылар; жол полициясы органдары; жылумен қамтамасыз ету, жылу желілері және үйішілік жылумен қамтамасыз ету жүйелерін қайта құру жөніндегі келісілген жобалары бар құрылыс ұйымдары.

3.10. Жылу желілері монтаждау, күрделі жөндеу және қайта құру жұмыстарынан гидравликалық жуудан өткізіледі. Жылу желілері учаскелерін гидравликалық жуу аппаттық-қалпына келтіру жұмыстарынан кейін де жүргізіледі.

Жылу желілерін жуу, қарамағында жылу желілері бар ұйым бекіткен нормативтік-құқықтық құжаттар талабына сәйкес жүргізіледі. Ашық жылу желісі және ыстық сумен қамтамасыз ету жүйелеріне дезинфекция жүргізу қажеттілігі мен мерзімділігін тұтынушыға берілетін ыстық судың сапасына қарай Шығыс Қазақстан облысы санитарлық эпидемиологиялық қадағалау бөлімі анықтайды.

Ғимараттың орталық жылу беру, желдету және ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесін желі суымен жуу шығынының көлемі жеке актімен белгіленеді.

Коммуналдық қызметті тұтынушылар және жылумен қамтамасыз ету ұйымы өкілдері сынаққа алған суын талдау барысында, құйып алынған су мен бастапқы судың түр-түсі сәйкес келгенде жуу аяқталды деп саналады.

Жылу желілерін жуу сапасына жауапкершілікті жылу желісін пайдаланатын ұйымдарға, ал, орталық жылу беру, желдету және ыстық сумен қамтамасыз ету – үй іші жүйелерін пайдаланатын ұйымдарға жүктеледі.

3.11. Жөндеу және құрылыс ұйымдары жылу көздері құралдары мен жылу желілерінің жұмысы басталуына 15 күн қалғанға дейін жылумен қамтамасыз ету ұйымдарымен жұмыс кестесін келісуге міндетті. Егер жұмыстың технологиялық циклі/кезеңі/ ыстық суды тоқтату кезеңінен көп уақыт талап етсе, ұйымның жобасында тұтынушыларды ыстық сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін шаралар қарастырылуы тиіс.


3.12. Қалалар мен аудандарда жылумен қамтамасыз ету орындары, орталық жылу пункттері, жылу желілерінің, сонымен бірге жалпы жылумен қамтамасыз ету ұйымдарының жылу маусымына әзірлігін, жергілікті атқару органдарында құрылған комиссиялар 1 қыркүйектен кешіктірмей анықтайды.

3.13. Коммуналдық қызметті тұтынушылар 15 мамырға дейін жылумен қамтамасыз ету ұйымдарымен ғимараттардың, жеке жылу пункттерінің және үйіші жүйелерінің жылу беру маусымына әзірлік кестесін келіседі. Ғимараттар мен үйіші жүйелерінің әзірлік мерзімі ыстық сумен қамтамасыз етуді тоқтату кезеңімен дәл келуі керек. Келісілген кестелер муниципалдық құрылымдар әкімдігіне ұсынылады.

3.14. Жылу беру маусымына дайындық кезінде коммуналдық қызметті тұтынушылар тұрғын үй қорына жөндеу және алдын-алу жұмыстарын жүргізеді, тұрғын үй қорын пайдаланудың, сонымен бірге осы Ережеге (5, 6 -қосымшаларға) сәйкес форма бойынша ресімделген көп пәтерлі үйді тексеру актісінде көрсетілген техникалық нормалар мен Ережелерді басшылыққа алады.

3.15. Жұмыс орындалғаннан кейін жылу тұтыну жүйесін қабылдауды жылумен қамтамасыз ету ұйымы жүзеге асырады және осы Ережеге тіркелген 6- қосымшаға сәйкес форма бойынша, екі тарапты актімен ресімделеді. Акт бойынша қабылданбаған жылу тұтыну жүйелері жылу беру маусымына дайын емес деп саналады және 10 күн арасында куәландыруға жатқызылады.

3.16. Жаңадан қосылған жылу қолдану құрылғылары жоба құжатына сәйкес орындалуы тиіс. Жылу құрылғылары мен желілерді пайдалануға қосуға дейін, коммуналдық қызметті тұтынушы монтаждау ұйымымен бірлесіп, жылумен қамтамасыз ету ұйымы өкілінің қатысуымен қажетті сынақ, жөндеу және жуу жұмыстарын жүргізуі тиіс.

3.17. Жылу жүйесін әзірлегеннен кейін оны желі суымен толтыра отырып соңынан сыртқы желіден айыру жолымен тоқтатады, қажет болған жағдайда – бітеу тетігі орнатылады.

3.18. Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың қыс мерзіміне дайындығы 15 қыркүйекке дейін жылумен қамтамасыз ету нысандарының әзірлігін тексеру актілері (3-қосымша) және үйлер мен үйіші жүйелерін көктемгі және күзгі тексеру нәтижесі бойынша ресімделген көп пәтерлі үйлерді тексеру актілері (5,6 -қосымшалар) негізінде әзірлік паспортымен (7-қосымша) бекітіледі.


3.19. Жылумен қамтамасыз ету ұйымы нысандарының әзірлігін тексеру актілері ресімделмей тұрып жылу тұтыну жүйесін қосуға рұқсат берілмейді.

3.20. Жылу беру маусымына қазандықтар, жылу желілерін, орталық жылу пункттерін, сорғы станцияларын, орталық жылу жүйелері мен коммуналдық қызметті тұтынушылар және жылумен қамтамасыз ету ұйымдары пайдалануға қабылдамаған жаңа үйлерді ыстық сумен қамтамасыз етуге әзірлікті құрылыс ұйымдары жүзеге асырады. Әрекеттегі инженерлік коммуникацияларға қажетті жүйелерді қосу 1 қыркүйекке дейін орындалуы тиіс.

3.21. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарында, су тарту және су құбыры желілерімен байланысты кез-келген жөндеу жұмыстарын жүргізуде жылумен қамтамасыз ету ұйымдары алдын-ала (2-3 күн бұрын) ол туралы сумен қамтамасыз ету ұйымына хабарлауы тиіс. Осы пункттің талабы тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық нысандарында болған апатты жою барысында кәсіпорын мен ұйымның бірлескен әрекеті туралы ережеге сәйкес ерекше тәртіппен орындалатын апаттық-қалпына келтіру жұмыстарына таратылмайды.

3.22. Резервтік отын шаруашылығының жоспарлы-ескерту жөндеу жұмыстары 15 қыркүйекке дейін аяқталуы тиіс, ал негізгі және резервтегі отынның нормативтік қоры 1 қазанға жасалды.


4. Жылумен қамтамасыз ету және жылу тұтыну жүйелерін қосу.

Жылу беру маусымын өткізу.


4.1. Сыртқы ауаның орташа температурасы +8°С және бес тәулік бойы одан төмен жағдайда немесе сыртқы ауа температурасының күрт төмендеуі туралы ауа райы болжамы берілгенде жергілікті атқару органдары және ресурспен жабдықтау ұйымдарының бұйрығымен ғимараттар мен үйлерге жылуды жүйелі беру хабарланады.

4.2. Тұтынушыларды жылу жүйесіне қосу, энергиямен қамтамасыз ету ұйымдары құрған және жылу көзімен келісілген кестеге сәйкес тұтынушылардың жылу энергиясын қабылдауға техникалық әзірлігі ескеріліп қосылады.

4.3. Қосу мына тәртіппен жүргізіледі:

- балабақшалар, мектептер, емханалар, мүгедектер мен қарттар үйі.


- тұрғын үйлер, жатақханалар, қонақ үйлер.

- қоғамдық ғимараттар, оқу орындары, театрлар, мәдениет үйлері.

- басқа ғимараттар.

4.4. Тұтынушыларды жылу желісіне қосқаннан кейінгі 5 тәулік ішінде жылу шаруашылығына жауапты адамдар қосуды (қақпақтар, бұрандалар, тірек қақпалары) реттеуді жүргізеді. Ғимарат иелері – жылу беру жүйесін реттейді.

4.5. Тұтынушы жылумен қамтамасыз ету режиміндегі кемшіліктерді уақтылы анықтап, жою жұмыстарын талдау үшін, жылумен қамтамасыз ету ұйымдарымен келісілген бақылау орындарының параметрлері туралы ақпаратты, қаланың жылу желісі учаскелері мен аудандарына күнделікті ұсынады.

4.6. Коммуналдық қызметті тұтынушылар жылумен қамтамасыз ету режиміндегі кемшіліктерді уақтылы анықтап, жою жұмыстарын талдау үшін жылумен қамтамасыз ету ұйымдарымен келісілген бақылау орындарының параметрлері туралы ақпаратты жүйелі түрде аптасына екі рет ұсынады.

4.7. Жылумен қамтамасыз ету ұйымдары жүйелі жылу беру басталғаннан кейін бір ай көлемінде жылу желілеріне соңғы реттеу жүргізіп ғимаратқа қосады, коммуналдық қызмет тұтынушылары – үйіші жүйесіне соңғы реттеу жұмысын жүргізеді.

Егер жылу таратушының есепті гидравликалық параметрінде жылумен қамтамасыз ету көзі мен кварталға (шағын аудан) қосуда параметрлер қамтамасыз етілмесе, жылумен қамтамасыз етуші ұйым коммуналдық қызмет тұтынушының ақпараты бойынша 12 күн арасында қақпақтар мен диафрагмаға қайта есептеу жүргізеді. Ауыстыру жұмыстарын коммуналдық қызмет тұтынушылары жылумен қамтамасыз ету өкілдерінің бақылауымен жүргізіледі.

4.8. Шығыс Қазақстан облысы жылумен қамтамасыз ету жүйесіне жүйелі жылу беру барысында келесідей режимнің бірінде жұмыс істейді:

қалыпты – сыртқы ауаның орта тәуліктік температурасы -25°С дейін;

күшейтілген кезде - сыртқы ауаның орта тәуліктік температурасы -25°С -тан 39°С дейін;

есепсіз – сыртқы ауаның орта тәуліктік температурасы -39°С төмен және ұзақтығы тәуліктен аспағанда.


Жылумен қамтамасыз ету жүйесін күшейтілген және есепсіз жұмыс режиміне ауыстырған кезде жергілікті атқару органдары мен тұрғын үй-коммуналдық кешен ұйымдары қалалар мен елді мекендердің байланыс пункттерін жылу, су, электр және газбен қамтамасыз ету жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуде қосымша іс-шаралар қабылдайды

4.9. Жылу беру маусымын өткізу кезінде жылумен қамтамасыз ету ұйымы жүзеге асыруы тиіс:

- тұтынушыларды есепті гидравликалық және температуралық параметрлермен қамтамасыз ету. Жылумен қамтамасыз ету орнының есепті температуралық кестесі жұмысынан жоспарлы ауытқу, жергілікті атқару органдарының келісімі бойынша рұқсат етіледі.

- жылу беруді тоқтату немесе жоспардан тыс шектеу, ыстық су сапасының нашарлауы туралы жергілікті атқару органдарына, коммуналдық қызмет көрсетушілердің кезекші қызметіне себебін көрсетіп, қабылданған іс-шаралар мен жою мерзімі туралы жедел хабарлама беру.

- жылумен қамтамасыз ету орындары мен инженерлік желілерде орын алған апатты жағдайларда, электр-, жылумен қамтамасыз ету- жүйелеріндегі апатты оқиғаларды жою тәртібі туралы нұсқауда белгіленген мерзімде өкілдерін оқиға орнына жеткізуді - жылу-, электр-, отын- және сумен қамту ұйымдары, коммуналдық қызмет тұтынушылары, құрылыс-жөндеу, көлік ұйымдары және басқа қызметтердің өзара іс-әрекеті есебінен қамтамасыз етуі тиіс.

- жылумен қамтамасыз ету құбырларындағы ақаулар мен бүлінуді жою жұмыстарын белгіленген мерзімде орындау. Әлдеқандай жағдайда пайда болған жұмыстар, жылумен қамтамасыз ету ұйымы әзірлеген және жергілікті атқару органдарымен келісілген бағдарлама және кесте бойынша жүргізіледі.

- ұйым балансындағы инженерлік желілер мен құралдардың техникалық жағдайына бақылауды жүзеге асырады.

4.10. Жылу беру маусымын өткізу кезіндегі коммуналдық қызмет көрсетушілердің міндеті:

- халықтан шағым қабылдауды ұйымдастыру және шағымдарды анықтау және жою жөнінде іс-шаралар жүргізу;


- энергиямен қамтамасыз ету ұйымдарының энергияны тұтыну режиміне қатысты нұсқауларын жедел орындау;

- өздігінен (жылумен қамтамасыз ету ұйымының рұқсатынсыз) диафрагмалар мен қақпақтарды кесу, алу, су құюға т.б.жол бермеу;

- барлық қызып кететін құралдардың біркелкі қызуын қамтамасыз ету;

- ыстық сумен қамтамасыз ету жүйелеріндегі су температурасын реттеуді қамтамасыз ету: жылумен қамтамасыз етудің ашық жүйелеріндегі тікелей және кері құбырларға +60°С дан +75°С –ке дейінгі шекте қосылған; жылумен қамтамасыз етудің жабық жүйесі құбырларына жылу алмасу аппараттары арқылы +50°С дан +75°С-ке дейінгі шекте қосылған;

- ұйым балансындағы инженерлік желілердегі технологиялық ақауларды жою жөнінде жедел іс-шаралар қабылдау және тұрғын үйлер мен әлеуметтік сала нысандарын инженерлік қамтамасыз ету жүйелеріндегі апаттар мен ақауларды жоюды нормативтік мерзімде жүзеге асыру;

- тұтынушыларға жылумен қамтамасыз етуден шектеу және тоқтату себептері мен мерзімі туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және үй кіреберісінде хабарлама беру;

- ыстық және суық су крандарының тығыздығын жүйелі бақылау, сондай-ақ ақаулар мен судың азаюын анықтау және жою шараларын қабылдау;

- сыртқы жылу желісінде немесе жылумен қамтамасыз ету орындарында жылу беру және желі суының циркуляциясы тоқтаумен байланысты апат орын алған жағдайда, үйіші жылу жүйесін, ыстық және суық сумен қамтамасыз ету жүйелерін босату, сондай-ақ оларды жағымсыз сыртқы ауа температурысында қатып қалмауы үшін, ақауларды жойғаннан кейін жұмысқа қайта қосу. Су жүйелерін құрғату туралы шешімді коммуналдық қызмет тұтынушы қабылдауы тиіс, ол үшін жылумен қамтамасыз ету ұйымдарына алдын ала хабарлама жіберіп, жергілікті атқару органдарының келісімін алады. Су жүйелерін құрғатусыз рұқсат етілген мерзімге тоқтату, ол жылу берілетін үйлердің шоғырлану және құрастыру қабілетіне қарай жергілікті жағдайға байланысты анықталуы тиіс;


- апатты жағдайларда өкілдерді оқиға орнына жеткізуді электр-, жылумен қамтамасыз ету жүйелеріндегі апатты оқиғаларды жою тәртібі туралы нұсқауда белгіленген мерзімде жылу-, электр-, отын- және сумен қамту ұйымдары, коммуналдық қызмет тұтынушылары, құрылыс-жөндеу, көлік ұйымдары және басқа қызметтердің өзара іс-әрекеті есебінен қамтамасыз етуі тиіс.



<< предыдущая страница   следующая страница >>