girniy.ru   1 2 3 ... 9 10




№8

60 жастағы науқас сол көзінің көру жітілігінің төмендеуіне және басының қатты ауыруына, ауыру сезімі сол ауырған көз жақтағы басына берілгеніне шағымданды. Бұл белгілер түнде пайда болған, лоқсыған және құсқан. Бірнеше күн бұрын қатты күйзеліс болған. Бұрын көзі ауырмаған. Объективті: Vis OD – 0,5sph *2,0 = 1,0; Т – 19мм.с.б.; VIS OS – 0,04түзетілмейді; Т – 47мм.с.б. Сол көз – көз саңылауы тарылған, көз алмасының іркілісті инъекциясы, қасаң қабық ісінген, алдыңғы камера өте саяз, қарашық кең, диаметрі 5мм., сопақ пішінді, көз түбінен рефлекс әлсіз, көру нерві дискі көрінбейді. Оң көз жасқа байланысты қалыпты жағдайда. Төменде аталған қандай диагноз сәйкес келеді?

1



гипертониялық криз

2



глаукоманың жедел ұстамасы

3



жедел конъюнктивит

4

жедел иридоциклит


5



ісінген катаракта




№9

Науқасқа гониоскопия жасағаннан кейін, алдыңғы камераның бұрышы жабық екені анықталып, дәрілер берілді. Төменде аталған дәрілердің қайсысын беруге болмайды?

1



ß- блокатор

2



миотиктер

3



мидриатиктер

4



нейропротекторлар

5


диуретиктер




№10

Ашық бұрышты глаукома патогенезінің негізгі себептері:

1



алдыңғы камера бұрышының нұрлы қабықтың түбімен жабылып қалуы

2



қарашықтың жабысып қалуы

3



алдыңғы камера бұрышында мезодермалді тіннің сіңбей қалуы

4



нұрлы қабықтың бомбажы

5



көздің дренаждық жүйесінің дистрофиялық өзгерістері


№11


Төменде көрсетілген қандай белгілер бұршақтың дислокациясына тән?

1



гифема, иридодиализ

2



иридоденез, алдыңғы камераның біркелкі болмауы

3



қарашықтың пішіні дұрыс емес, қасаң қабықтың ісінуі

4



көз түбінен сұрғылт рефлекс, қарашықтың эктопиясы

5



нұрлы қабықтың бомбажы, қарашықтың шетінің жыртылуы




№12

Көз алмасының сұқпалы жарақатының қандай жағдайларында рентгендік шолу суреті жүргізіледі?


1



көз жарақатының барлық жағдайларында

2



егер анамнезінде көздің ішіне бөгде дене болуы мүмкін жағдайда

3



егер орбитаның сынған белгісі болған жағдайда

4



егер бөгде дене көздің артында болса

5



егер Комберг-Балтин протезін қолдану мүмкін болмағанда




№13

Қандай патологияда бір көз ауырғанда, екінші көз ауыруы мүмкін (симпатикалық офтальмия)?

1


жарақаттық кератит

2



екіншілік глаукома

3



жарақаттық кератоконъюнктивит

4



жарақаттан кейін болған увеит

5



жарақаттық катаракта




№14

Төменде аталғандардың қайсысы гемофтальмге тән?

1



алдыңғы камерада қан

2


тор қабыққа қан құйылу

3



шыны тәрізді денеге қан құйылу

4



конъюнктива астына қан құйылу

5



ретробульбарлы аймаққа қан құйылу




№15

Көздің химиялық күйігінде қандай көмек көрсету керек?

1



көзге түскен бөлшектерді алып тастау, антибиотик тамызу

2



көзге түскен бөлшектерді алып тастау, көзді сумен ұзақ жуу

3



көзге түскен бөлшектерді алып тастау, көзге бинокулярлы таңғыш тағу

4



көзге түскен бөлшектерді алып тастау, антисептиктермен жуу

5



көзге түскен бөлшектерді алып тастау, кортикостероидтарды тамызу



<< предыдущая страница   следующая страница >>