girniy.ru   1 2 3 4 ... 8 9

Нью-Йорк таймс. АҚШ-тағы алпауыт газеттердiң бiрi - “Нью-Йорк таймс” басылымының құрылымы, қызметкерлерiнiң жұмысы, тұрмыс-тiршiлiгi туралы мәлiмет бере кеткен артық болмас. Газет штатында төрт мыңдай адам жұмыс iстейдi, солардың 1200-дейi журналистер. Жаңалықтар бөлiмi өте ауқымды. Газеттегi қаржы саласын қамтып жазатын тiлшiлер саны 120-дан асады. 100-ге тарта журналист мәдениет мәселелерiмен шұғылданса, 80-i спорт хабарларын жазады. 65-тен аса журналист күнделiктi өмiр, тiршiлiк мәселелерiн қамтиды. Бұдан басқа толып жатқан бөлiмдер бар. Осы айтылып отырғандар тiкелей штат қызметкерлерi. Оларға жылына 200 миллион доллар көлемiнде жалақы төленедi.

“Нью-Йорк таймс” - бiрнеше басылымдардың басын қосқан iрi конгламерат. Оған сондай-ақ, iрi газет “Бостон глоб”, т.б. секiлдi он алты газет, сегiз телестанса, екi радиостанса қарайды. Газеттiң өзiнiң бiрнеше веб-сайты бар. Сондай-ақ, газеттiң ақпараттық қызметi жұмыс iстейдi, оны 800-дей басылым пайдаланады. Былтыр газеттiң жылдық табысы үш млрд. доллардан асқан.

Газеттiң 43 шетелдiк тiлшiсi және 60 федералдық тiлшiлерi бар. Бұған қоса Нью-Йорк қаласының өмiрiн қадағалап жазатын бiрнеше жүз тiлшiсi осы ғимарат iшiнде отырады. Жаңалықтарды жазатын 100 репортер жұмыс iстейдi. Газет осыншама көп ғимаратты алып отырғанымен, журналистер ғимаратқа сыймағандықтан, олар бұдан өзге жерден де кеңсе жалдап, бiраз қызметкерлерiн сонда отырғызған. Сондықтан қазiр қала iшiнен жер алып, 69 қабатты жаңа зәулiм үй салдырып, ол 2005 жылы пайдалануға берiлді. Газетте негiзгi қызмет iстейтiн төрт мың адамнан басқа, келiсiм-шарт бойынша жұмыс iстейтiн одан үш есе көп адам бар екен. Олар әр қиырынан күнделiктi материалдар жiберiп отырады. Сондай-ақ, газеттегi негiзгi 33 фототiлшiден басқа, сырттан 70-тен аса фотожурналист жеке-жеке салаға бөлiнiп, өздерiнiң бейiмделген жүйесi бойынша терең зерттеулер жүргiзедi. Мәселен, спорт журналистерiнiң бiреуi боксты қамтыса, екiншiсi тек бейсболды жазып, соның ұңғыл-шұңғылын зерттеп жатады. Сол сияқты, музыка мамандарының iшiнде он бес тiлшi бар екен, әрқайсысы бiр ғана салаға бейiмделген.

Газет күн сайын төрт рет әлсiн-әлсiн жаңарып шығып отырады. Әрi оның әр аймаққа бейiмделген нұсқалары бар. Мысалы, Вашингтонға, Нью-Йоркке, штаттарға - барлығы он бiр аймаққа арналып шығарылады. Газет 1993 жылдан берi түрлi-түстi болып шығады. Бұл басылымның қалыңдығы мен беттерiнiң көптiгiне таң қаласың. Осының бәрiн қашан оқып болады дерсiң. Алайда әркiм қашан оқып керегiн алатыны белгiлi. Мәселен, осы газеттiң жексенбi күнгi саны 5,5 кг болып шығады. Соның тең жартысынан астамы – жарнама. Сол бiр нөмiрдiң өзiнен ғана 25 млн. доллар табыс түседi.


Ю-Эс-Эй тудей” - Америка Құрама Штатындағы жалпы ұлттық күнделiктi газет. “Ю-Эс-Эй тудей” - Ганнет корпорациясының беделдi басылымы. Газеттiң штаб квартирасы - Вирджиния штатында орналасқан. Бұл газет қазiргi технологияның газет бизнесiне әкелген ғажайып өзгерiстiң айқын көрiнiсi болып табылады. “Ю-Эс-Эй тудейдiң” басты мақсаты - мерзiмдi басылымдарды телевидениенiң бәсекелесi дәрежесiне жеткiзу.

“Ю-Эс-Эй тудей” түрлi-түстi графиканы кеңiнен қолдана отырып, көбiне қысқа хабарлар бередi. Американың барлық жерiндегi баспаханаларында, сонымен бiрге Еуропа мен Азияда бiр мезгiлде басылу үшiн спутниктiк технологияны пайдаланады.

Газеттiң алғашқы номерi 1982 жылы жарық көрдi. Қазiр “Ю-Эс-Эй тудей” оқырмандарының саны алты млн-ға жеткен. Редакция мен басшылары он жыл бойы күш-жiгерлерiн, қаржысын оқырмандарды өздерiне тарту мен жоғары сапалы технологияны сатып алуға жұмсаған.

Газет тiлшiлерiне материал жазуға жағдай өте жоғары дәрежеде жасалған. Мәселен, олар “Лап-топ” (жылжымалы компьютер) арқылы өз материалдарын кез-келген жағдайда жазуға мүмкiндiктерi бар, тiптен мұндағы журналистердiң ақпарат агенттiктерiнiң соңғы жаңалықтарын бiлгiсi келсе, компьютер арқылы тыңдауға мүмкiндiгi бар. Сонымен қатар бұл компьютердiң арқасында оны спутниктiк антеннаның кез-келген нүктесiне қоса отырып, өз хабарын спутник арқылы редакцияға бере алады.

Газет редакциясының кез-келген бөлiмiнде телеқабылдағыштар «Си-эн-энға» немесе жаңалықтар бағдарламасына арналып қойылған.

“Ю-Эс-Эй тудейдiң” әрбiр секциясының бiрiншi бетiндегi “Кавер стори” бiрден көзге түседi. Яғни, журналдардағы сияқты, әр секцияның мәндi, негiзгi мақалалары, соған сәйкес иллюстрациялар берiледi. Сондай-ақ, бұл газеттi күнделiктi ерекше оқиғамен бiрге, АҚШ-тың айтулы, ауқымды проблемаларына көп көңiл бөлiнедi. Бұл газеттiң басқа басылымдардан бiр ерекшелiгi американың барлық штаттарының жаңалықтарын қамтиды.

”Ганнет” компаниясының басшысы Ньюхарттың айтуына қарағанда, “Ю-Эс-Эй тудей” АҚШ-тағы халықтарды бiртұтас ұлт ретiнде бiрiктiруге, осы мәселенi түсiндiруге қызмет етедi. Бұл сөздер газет ұраны ретiнде алғашқы бетте басылып отырады. “Ю-Эс-Эй тудей” негiзiнен телевидение дәуiрiнде дүниеге келген, жастарға арналған басылым. Газет тиражының 15-17%-ын немесе 200 мың данасын авиакомпаниялар мен қонақүйлер сатып алып, тұтынушыларына тегiн таратады. Осыған байланысты оны туристер мен қонақ үйлерге тоқтайтын адамдарға арналған деп атайды. Статистикалық мәлiметтерге қарағанда, басылым мекенiн жиi ауыстыратын адамдар арасында өтiмдi екен.


Газет редакторы Диюн Куини “Әр газеттiң өз қозғаушы күшi бар”, - дейдi. Мәселен, “Вашингтон пост” – репортер болса, “Нью-Йорк таймс” – редактор, ал “Ю-Эс-Эй тудейлiктер” үшiн - оқырман. Газет қызметкерлерi қандай да болмасын трагедиялық жағдайдың өзiнде қара түнектi қаптатпай, оптимистiк формулировка жасауға тырысады.

Газеттiң әртүрлi атаумен шығатын бiрнеше қосымшалары бар.

“Ю-Эс-Эй тудей радио” – газетте жарияланған қызықты, көңiл аударарлық мақалаларға шолу жасайтын бөлiм. Материалдар текст, әрi магнитофондық жазу түрiнде берiледi. Бұлардың таралуына «Эй-Би-Си» радио жүйесi мен оның 2200 бөлiмшелерi көп ықпалын тигiзуде.

“Ю-Эс-Эй тудей аптейт” – әлемдегi iскер адамдарға электрондық ақпарат арқылы қызмет көрсету орталығы. Материалдар газет оқырмандарының компьютерлерiне таңғы сағат төрттен бастап түседi. Ондағы берiлетiн ақпараттар он сегiз категорияға бөлiнiп жiктеледi: он үшi мамандыққа, өнеркәсiптiң кейбiр салаларына байланысты, он төртi жалпы қоғамдық жаңалықтарға, бiреуi күнделiктi болып жатқан оқиғаларды кеңiнен талдауға арналған.

“Ю-Эс-Эй тудей спорт хотлайнның” мыңнан аса жазылушысы бар. Ол телефон арқылы өз оқырмандарын екi минут iшiнде соңғы спорт жаңалықтарымен құлағдар етiп отырады. Тәулiк бойы жұмыс iстейдi. Сенбi, жексенбi күндерi бұл телефонға 25 мың адам қоңырау шалады.

“Ю-Эс-Эй тудей бкус” – газетте жарияланған материалдар негiзiнде кiтапшалар шығарумен айналысады. АҚШ портреттерiн, комикс кiтапшаларын, кроссвордтар, саяхаттанушыларға кеңестердi және осы сияқты тақырыптарда қосымшалар шығарып отырады.

“Ю-Эс-Эй тудей онлайн лабрэри” – “Ганнет” компаниясының бүкiл ақпараттары мен газет материалдары жинақталған, компьютерлiк, анықтамалық кiтапханасы.

“Ю-Эс-Эй тудей класслайн тудей” – мектептегi бiлiм жетiлдiру жүйесiне арналған, төрт беттен тұратын қосымша. Бұл қосымша аптасына екi рет шығып отырады.

Газет, сонымен қатар, теледидарда “Ю-Эс-Эй тудей” деп аталатын телешоу ұйымдастырады. Бұл күн сайын 30 минуттан (сенбi, жексенбi күндерi бiр сағат) жүргiзiлетiн хабар. Ол газеттiң “жаңалықтар”, “Ақша”, “Спорт”, “Өмiр” деп аталатын секцияларының негiзiнде жүргiзiледi. Қр секцияның өз жүргiзушiсi бар. Телебағдарлама сонымен бiрге компанияның басқа штаттарындағы телестанциялардың бейнематериалдарымен толықтырлып отырады. Ал, газеттiң жексенбiлiк қосымшасы “Ю-Эс-Эй уик-энд” 14.5 млн данамен таратылады.


“Ю-Эс-Эй тудей” агенттiгi электронды почта жанрының алғашқы ашушылары болып табылады. Ол өзiнiң мәлiметтерiн көп жылдардан бері хабарлама тақталары мен байланыс жүйелерiне сатып отырады.

“Ю-Эс-Эй тудей” газетiне электронды хабарламаларды және басқа да мәлiметтердi ақысыз пайдалануға мүмкiндiк берілген. Қазiргi уақытта газет бұл жүйеден аптасына бiр рет қана алатындықтан, апталық жаңалықтарды басқа жерлерден алып отырады. Газет тiлшiлерiнiң кәсiптiк деңгейлерiнiң нәтижесiнде “Ю-Эс-Эй тудей” газетiнiң өзiне тән терiмi, айшықты тақырыптары, материалдардың қысқа әрi нұсқалығы оқырмандардың назарын бiрден өзiне аударып отырады.

“Ю-Эс-Эй тудей” жарнама арқылы өзiнiң шығындарын түгелдей жойып отырып, кiрiс те кiргiзiп отырады. Газеттiң кiрiсiнiң бiр түрi әртүрлi қосымшалар арқылы да түсiп отырады.

Газеттiң негiзгi ақпараттық стратегиясы Америка Құрама штаттарындағы және әлемдегi маңызды саяси оқиғаларды еш боямасыз, шындықпен түсiндiру болып табылады.


Бақылау сұрақтары:


  1. «Уотергейт» оқиғасының маңызы неде?

  2. «Нью­Йорк таймс» газетінің ұстанымы қандай?

  3. «Ю­эс­эй тудей» газетінің жетістікке жету себебі неде деп ойлайсыз?

  4. О.Уинфри бағдарламалары несімен ерекшеленеді?

  5. К.Грэммнің АҚЩ журналистикасындағы орны қандай?


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Михайлов С.А. Журналистика США.СПб., 2004.

  2. Андрунас Е, Информационная элита: корпорации и рынок новостей, М., 1991.

3.Михайлов С.А. Современная зарубежная журналистика : правила и парадоксы. - СПб.2002.

4. Интернет ресурстары.


8 - Дәріс. Германия баспасөзінің даму ерекшеліктері.

Қарастырылатын негізгі сұрақтар:

  1. Германиядағы баспасөз монополиялары.

  2. Г.Вальраф публицистикасының ерекшелігі.
  3. Шпрингер басылымдары.



Баспасөздің дамуындағы Германияның айрықша рөлі. Кітап басу ісінің дүниеге келуі. ХУ1 ғасырдағы кітап басу ісінің пайда болуы.

Баспасөздегі шоғырлану процесінің басталуы. Бұл істі өркендетудегі Р. Моссе, А. Шерл, Л. Ульштайн,Ф. Котталардың рөлі.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі басылымдар. Идеологиялық заказдың орындалуы.

Неміс баспасөзі концентрациялануының қарқынды дамуы. Жаңа монополиялардың құрылуы. Шпрингер империясы. «Грунер унд яр», «Бурда», «Генрих бауер ферлаг» концерндері.

«Берлин қабырғасы» тұсындағы бұқаралық ақпарат құралдары. Неміс журналистикасының қазіргі бейнесі. Ақпарат агенттіктері.

Немiс баспасөз тарихы өте қызықты әрi күрделi. Оның барлығын сығымдап ұсыну немесе көрсету мүмкiн емес. Басын сонау Иохан Гутенбергтен бастап осы күнгi баспасөз магнаттарына айналған Ахсель Шпрингер Ферлагтың алып концерндеріне дейiн Германияның баспасөз тарихынан талай шарықтау мен өтпелi кезеңдер кездеседi.

Германиядағы газет-журнал концернiнiң негiзiн қалаушы – Леопольд Ульштайн (1826-1899). Ол атақты қағаз саудагерiнiң отбасында дүниеге келген. 1848 ж. Берлин қаласында өзiнiң қағаз iсiмен маманданған жеке фирмасын ашқан. Мұнда “солшыл” демократтармен: Франц Дункер, Людвиг Лёве және Рудольф Вирхомен тағыз қарым-қатынаста болады. Ульштайн тек баспалық бизнеспен айналысып қана қоймай, сонымен бiрге саясатқа қатты қызығушылық танытады. 1871 ж. Ульштайнды Берлин халықтық жиналысқа депутат етiп сайлайды. Алты жыл бойы саясаткер болып, кейiннен өмiрлiк кәсiбi мен мақсатына айналған баспалық iсіне қайтып оралады. Оның ойынша, газет – халықтық, қоғамдық ойдың қалыптасуына, қоғамға, мемлекетке ықпал етудiң бiрден-бiр құралы. Сонымен, 1877 ж. Моссеге үлкен бәсекелестiк туғызып, “Шталь және Асеманн” фирмасынан “Нойс Берлинер таиблатт” газетiн сатып алады (Берлиндiк күнделiктi жаңа парақша). Сол газеттiң бұрынғы журналистерiнiң барлығын дерлiк жұмысқа шақыртып алды. Дәл сол жылы Ульштайн әрiптесi – Иозеф Найсермен бiрге жауапкершiлiгi шектеулi серктестiк құрады “Ульштайн и Ко” құрады. Аталған уақыттан бастап Ульштайн қызыққан баспа iсiнде армандаған нәтижелерге жете бастайды. 1877 ж. 1-шi қазанында “Дойче унион” (“Германдық кеңес”) атты кешкiлiк және таңертеңгiлiк газеттiң тұсауын кеседi. Оның бас редакторы Бойтнер болатын. Бiраз жылдардан кейiн қаржылық қиындықтарға байланысты “Дойче унионды” Лангманн және коллинға берiледi. Қарбалас сәтте, 1878 ж. 1-қаңтарда (Ульштайн күйреуге жақын қалған таңертеңгiлiк “Берлинер цайтунг” газетiн сатып алады) Ульштаинның жеке бастамасы бойынша аталмыш газеттiң өте қызықты қосымшалары шыға бастайды: 1880 ж. заңгерлік – “Дойчес хайм” (‘Герман үйi”) атты тағы да осы секiлдi жексенбiлiк қызықты “ Берлинер гартенлаубе” (“Берлиндiк беседка”) атты түрлi-түстi қосымша шықты. Мiне, осылайша 1879 ж. жазушылар саны 25 мыңға толып, жалпы таралым 40 мыңға жеттi. Мұндай көрсеткiш аталмыш уақыт үшiн өте үлкен жетiстiк едi.


1880 және 1882 жылдар арасында “Берлинер майтуне” газетiнiң мөлшерi өзiнiң либеральды-демократиялық бағыты және өткiр шыншыл қөзқарастары үшiн прус парламентi мен канцлер тарапынан бiрнеше рет кәмпескелеу мен айыппұл төлеулерге ұшырап жатты. Ульштайн әрдайым белгiлi, майталман шебер журналистердi өзiнiң айналасына жия бiлдi. Олардың қатарында әйгiлi фемотонист әрi меценат – Филипп Штейн, саясаткер Густав Адальф Фишер және Исидор Леви бар едi. Ульштайн және оның қарамағындағы қызметкерлерi мен әрiптестерi арасында ешбiр – “бастық пен қызметшi” қарым -қатынас болғанмаған. Керiсiнше, олар әрдайым бiрге, тұтас бiр шығармашылық бүтiн топты, ұжым құрайтын. Бұл ұжымда кеңес, жиналыс, пiкiр алмасу, бiр-бiрiмен санасу секiлдi қатынастарды көруге болатын едi. Осы үлкен iстiң иесi Ульштайнның екi үлкен ұлдары – Ханс пен Луи әкесiне көмектесiп, қолқабыс етiп, мұрагерлер ретiнде жұмыстың қыр-сырымен танысады. 1881ж. Ульштайн Берлинде үлкен жер сатып алып, жаңа типография салды. Ол кейiннен ондаған жылдар бойы немiс астанасындағы ең iрi баспалық кешенге айналады. Жаңа технологиялар мен техникалық жетiстiктер жұмыс қарқынын үлкендетуге себебiн тигiздi. Ульштайнның кiшi ұлы – Луидiң бастамасымен кешкiлiк, жексенбiлiк, таңертеңгiлiк қосымшалар шығаруды қолға алды. Мұндағы мақсат халықтың әртүрлі әлеуметтiк тобына арнайы газеттер шығару. Мысалы, зиялы қауымға, шаруаларға, бизнесмендерге, үй шаруасындағы әйелдерге, жастарға сияқты бөлек-бөлек топқа бөлiп қарап, сол сарынмен әрi қарай жұмыс атқарады.

Ульштайнға қарасты газеттер:


  • “Берлинер цайтунг”

  • “Дойчес хайм”

  • “Берлинер гартенлаубе”

  • “Дойче уннон”

  • “Берлинер абендпост”

  • “Берлинер иллюстриерте цайтунг”

  • “Моргенпост – Нонес берлинер локальблатт”

  • “БЦ ам миттаг”

  • “Фоссише цайтунг”

  • “Моде вельт”

  • “Иллюстриерте фрауэнцайтунг”
  • “Дизес блат гекерт дер хауэзфрау”


  • “Практише берлиннерин”

  • “Ульштайн – шниттмустер”

Ульштайнның ең басты бәсекелесi – Авгут Гуго Фридрих Шерл болды (1849-1921ж.ж) 1880 ж. бастап әкесiнен мұра ретiнде қалған. “Иллюстрирте цайтунг” газетiн басқару Шерлге тиедi. Кейiннен Лейпцигтiк баспагер Генчпен бiрге бiрлесiп “Тэглихе Берлинер найихкайтен” (“Күнделiктi Берлиндiк жаңалықтар”) атты газет шығарды. Бiрақ, бұл газеттен ешқандай да түсiм болмағандықтан олар тағы да жаңадан Берлинге қоныстаған қала тұрғындары үшiн арнайы “Нью-берлинер” (“Жаңа берлиндiк “) атты “Чикаго денли трибюн” типтес газет шығарды. 1883ж. бастап Шерлдiң өмiрiнде алуан түрлi өзгерiстер бола бастады. Сол жылы Шерл Клара деген әпкесiмен бiрлесiп жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк құрады, көптеген жылдар бойы арман еткен идеясы жүзеге асып, “Берлинер локальанцайгер” атты жаңа газет шығады. Газеттiң басқа газеттерден айырмашылығы – барлық, жан-жақтан келiп жатқан, әлемдiк жаңалықтарды телеграфтан алып жариялап отырды. Газеттердiң өтуiн ойлап, Шерл газет тарататын екi мың адам жалдап, айлық бағасын еш өзгертпестей – 10 пфеннинг етiп қалдырды. 1885ж. “Берлинер локаль – Анцайгердiң” тираждық көрсеткiшi 150 мың данаға жетедi. Бастапқы уақытта Шерлдi ешкiмде мойынсынбай, мән берiп, санаспайтын едi. Бiрақ, ол өзiнiң әсерiн әр әлеуметтiк топқа, атап айтқанда, әйелдерге арнайы соңы жазылу науқасына дейiн бiтпейтiн романдар жариялауды машыққа айналдырып алады. 1888ж. 15 маусымда “Берлинер Ллокал анцайгер” Фридрих Хайзердiң өлiмi туралы хабарлаған газеттердiң бiрi болып, барлық бәсекелестерiне асық болып шығады. Әрине, бұл газеттiң қаржылық жағына оңды әсерiн тигiзгенi белгiлi. Шерлге нағыз атақ пен байланысты 1895 жылғы 3 сәуiрде ең бiрiншi Берлиндiк мекен -жайы кiтабын 30 мың данамен (шығарды) шығарылған “Берлинер адресс бух глебх” (“Берлиндiк мекен-жай кiтабы”) атты фирма дүниеге келдi. Шерлге қарасты сол кезде шығып тұрған газеттер:

  • “Иллюстриерте цайтунг”
  • “Теглихе Берлинер Нойхкайтен”


  • “Нью Берлинер”

  • “Берлинер локал-анцайгер”

  • “Берлинер Абденц цайтунг”

“Найсте Берлинер Хангельс” – “унд Берзеннахрихтен” (Берлиндiк сауда және биржалық жаңалықтар таратады).

- “Ди Вохе” (Апта)

- “ Дер Таг” (күн)

Қарапайым, ұсақ баспагерден үлкен концерн иесiне дейiн көтерiлген Шерлдiң еңбегi мұнда аз болған жоқ. Германияда ең алуан баспагерлердiң (қатарына) кейiннен үлкен, алып ақпараттың концерн иелерiне айналған К.Ф.Фосс, В.Г.Корн, Ф.И.Бертуха, Й.К.Ф.Шпенглердi айтпай кетпеске болмас. Бұлардың әрқайсысы өз iсiнде iз қалдырған қарапайымнан күрделiге ауысқан жандар. Өз заманында теңдесi жоқ iскер азаматтар болып, баспасөз тарихында жаңа жол салған.

Неміс толқыны”. 1953 жылы Кельн қаласында “Deutshe Welle” (Н.В.) “Немес толқыны” радиостанциясы iс бастап, кейiннен телебағдарламалары шетелдiк көрермендерге арналған арна ашты. 20 жылдан кейiн 1965-1970 жылдары эфирге ең алғаш “Неміс толқынының” телевизиялық бағдарламалары шыға бастады. Бастапқы кезде бұл бағдарламаларды транскрипциялық арнайы “Халықаралық аудиторияға” арналған қызмет тобы дайындайтын едi. Ол бағдарламалар немiс, ағылшын, француз, испан, португал және араб тiлдерiнде шығып отырды. Бұндай бағдарламалар көбiнесе жоғары оқу орындарына бейне кассета түрiнде таратылатын. Жоғарыда аталған тарнскрипциялық қызмет тобы әлi күнге дейiн дәл осындай функция атқарды. Жыл сайын 25 мыңға жуық кассета таратылады. 1983 жылдан бастап “Неміс толқыны” өзiнiң журналистерiмен дайындалған “Место действия – Германия” атты бағдарлама шығарды. Әрбiр 30 минуттың бағдарламада Германияның бiр облысы, қаласы туралы шағын тарихын, қазiргi жағдайын, болашағына болжауын жасап, немiстердiң салтын, психологясын, өмiр сүру дәстүрiмен етене танысуға мүмкiндiк беретiн едi. Осыдан кейiн “В фокусе Европа” атты бағдарламасы жарық көрдi. Бұл өзiнiң ерекшелiгiмен, атап айтқанда, жеделдiлiк пен шеберлiгi арқасында жаңалықтары таратымды шығатын болған. “Неміс толқынының” телебағдарламалары халықаралық деңгейде мойындалып, халықаралық телебағдарламалар байқауында жүлде алып жатты. Олар: “В фокусе Европы”, “Европеский журнал”, “Место действия Германия”. Ал “Спортивный репортаж” бағдарламасына Нью-Йорктегi телевизиялық фестивальде “Final Award” жүлдесi табыс етiлген едi. “Неміс толқынына” жаңа бiр леп, жаңа импульс әкелген – 1989 ж. бас директор болып келген Дитер Вайрихпен байланысты. Берлин қабырғасы құлатылғаннан кейiн “Неміс толқынының” жұмысы одан әрi жандана түстi. Вайрихтiң айтуы бойынша: “Әлемдегi барша қауым елде не болып жатқанын, қандай жаңалықтар мен оқиғаға толы өмiрiмiзден хабардар болғысы келедi. Оның үстiне соңғы уақытта немiс мәдениетiне, телерадиобағдарламаларына, немiс тiлiне деген қызығушылық көбейдi. “Жалпы батыс үйiнде” 120 млн-ға жуық адам немiс тiлiнде сөйлейдi. Германияның бiрiгуiнен кейiн жаңа техникалық мүмкiндiктер пайда болды. Сондықтан, “Неміс толқыны” жаңа телебағдарламалар легi өмiрге келе бастады. 1988 жылы РИАСС радио базасында құрылған Американдық телестанциямен бiрiгiп болашаққа перспективалық жобалар құрылды. “Неміс толқыны” үшiн оның ұтымды жағы әрине – техникалық жабдықтауы едi. Соның нәтижесiнде Берлинде телевизиялық екi дирекция құрылды. Оның функциясы – актуальдi телебағдарламалар дайындау, ал Кельндегi дирекция – бағдарламаларды бес тiлге аударып, адаптациялау маркетинг және жалпы өнiмдi әлемге таратумен айналысады.


Қазiргi уақытта “Н.В.” тәулiк бойы жұмыс iстеуге толығымен ауысқан. Бағдарламалары тұрақты түрде – немiс, ағылшын, испан тiлiнде шығады. Әрбiр бағдарламалық сағат екiге бөлiнедi. Не барлығы бағдарламалық сағат үшеу. Олар шартты түрде А, В және С деп аталады. Сонымен олар тәулiк бойы кезек-кезек қайталанады (ағылшын және немiс тiлiнде). Қалған екi сағат бойы испан тiлiнде жүргiзiледi. “Неміс толқынының” тұрақты телебағдарламалары:


  • “Журнал” – ақпараттық жаңалықтар.

  • “Бүгінгі саясат”

  • “Мәдениет галереясы”

  • “Германия саяхатқа шақырады”

  • “Қабырғада ойнау”

  • “Бүгінгі Германия”

  • “Оқиға болған жер – Германия”

Қазiргi уақытта бүкiл “Неміс толқынының” бiздiң Қазақстанда тамашалау, яғни көрермен болу мүмкiндiгi болып отыр. Кабельдi қабылдағыш антенналар көмегiмен “Deutshe Welle”, “DW” бағдарламалардың немiс және ағылшын тiлiнде тәулiк бойы көре аламыз. “Deutshe Welle” – нiң басты ұстаған кредосы – “... Aus der Mittel Europa” яғни “...Еуропаның жүрегiнен немiс орталығынан...” деген мағынаны бiлдiредi.



<< предыдущая страница   следующая страница >>