https://electroinfo.net

girniy.ru 1 ... 5 6 7 8


Анықтау органына және сотқа келу туралы міндеттеме 33.08.1998 жылы алынған.

Хаттамаға мына материалдар тіркеледі:

1) тапсырма;

2) бақылау ретінде сатып алу актісі;

3) шақырту бойынша келу міндеттемесі;

4) түсініктеме;

5) рапорт

6) накладной

7) бағалық

8) құқық бұзушыны сипаттайтын материал. Куәгерлер тізімі, мекен-жайы:

Мәлікова Н.Б., тұратын жері: Томар қаласы, Май көшесі 17 үй.

Пернебаев А.И., тұратын жері: Томар қаласы, Шығыс көшесі, 11 үй.


Томар қаласы Ақсай АІІБ-нің аға

учаскелік инспекторы полиция капитаны А.Б.Тәліков


Анықтау органы бастығының шешімі:


1. ҚК-тің 223-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстың белгілері болғандықтан Н.Б.Мәлікованың тұтынушылардан едәуір мөлшерде артық ақша алған фактысы бойынша қылмыстық іс қозғалсын.

2. Нина Біләлқызы Мәліковаға мынадай айып тағылады:

1998 жылы 11 тамызда Томар қаласының Батыс көшесіндегі 44 үйде орналасқан "Айқын" шағын кәсіпорыны дүкенінің сатушысы Н.Б.Мәлікова сатылған тауарлардан елеулі пайда түсіру мақсатында "LМ" темекісінің бағасына 5 теңгені өзі қосқан. 11.08.1998 жылғы №11 накладнойға сәйкес "LМ" темекісінің құны 35 теңге болса, сатушы оны 40 теңгеден сатқан. Мысалы, осы көрсетілген күні "LМ" темекісінің бір қорабын А.И.Пернебаев деген азаматқа 40 теңгеге сатып, одан 5 теңге артық алған. Сол күні ол ертеңгі сағат 9-дан кешкі сағат 7-ге дейін "LМ" темекісінің 30 қорабын 40 теңгеден сатып, сатьтп алушылардан 150 теаге артық ақша алған. Н.Б.Мәлікова сол күнгі накладной бойынша алған 370 қораптың барлығын 40 теңгеден сатып, одан 1850 теңге артық ақша түсірмекші болған. Ол өзінің бұл қылмыстық пиғылын өзіне байланысты емес себептермен аяғына дейін жүзеге асыра алмаған, полиция қызметкерлері оны әшкерелеген.

Өз әрекетімен Н.Б.Мәлікова ҚК-тің 223-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмысты жасаған.



Анықтау органының бастығы Б.И. Бижанов


Осы айыптау маған 1998 жылы 15 тамызда, 12 сағат 55 минутта хабарланды, мәтінін өзім оқыдым, Тұжырымдалған айыптаудың мәні түсіндірілді және түсінікті.

Сонымен қатар, ҚІЖК-нің 287-бабына сәйкес маған қылмыстық істің барлық материалдарымен танысу, қорғаушы алу, өтініш мәлімдеу және анықтау органының әрекетіне шағымдану, сондай-ақ осы Хаттаманың көшірмесін алу құқығым түсіндірілді.

17 парақтағы матермалмен толықтай таныстым. Іске қорғаушының қатысуынан бас тартамын. Өтінішім және шағымым жоқ. Мен жасаған қылмыстың мән-жайы туралы Хаттаманың көшірмесін алдым.


Н.Б.Мәлікова

15 тамыз І998 ж.


ҚК-тің 175-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстың

жасалу мән-жайы туралы

ХАТТАМА


Томар қаласы 15 желтоқсан 1998 жыл.

Томар қаласы Ақсай АІІБ-нің аға учаскелік инспекторы полиция капитаны А.Б.Тәлімов осы хаттаманы жасадым, себебі 1961 жылы туылған Бекен Исаүұы Дәрменов мына мән-жайларда бөтеннің мүлкін жасырын ұрлауға оқталған:

05.12.1998 жылы кешкісін Томар қаласындағы Басин көшесінде орналасқан "Томмашзауыт" АҚ-ның аумағына кіріп, ондағы үйінді жанынан "Урал-3" мотоциклінің жап-жаңа қосалқы бөлшектері салынған дорба тауып алған. Бұл қосалқы бөлшектерді Б.И.Дәрменов өзі иемденіп, зауыт аумағынан жасырын алып шығып сатпақшы болған. Бөлшектердің жалпы құны 15 000 теңгені құраған. Өзінің қылмыстық пиғылын Б.И.Дәрменов өзіне байланысты емес мән-жайлармен іске асыра алмаған. Үйіндіден шығар кезде оны қоғамдық қауіпсіздік бюросының оператиптік кезекшілері Л.С.Қасымов пен Б.И.Болатов ұстаған, ол күзет бөлмесіне жеткізіліп, одан қылмыстық пиғыл заттарын беру талап етілген.

Өз әрекетімен Б.И.Дәрменов ҚК-тің 25-бабында және 175-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмысты жасаған.

Б.И.Дәрменовтың кінәсі мына дәлелдемелермен толықтай расталынады:


1. Қылмыс жасаған кінәсін толық мойындаған Б.И.Дәрменов өзінің түсініктемесінде былай деп көрсеткен: 05.12.1998 жылы кешкісін ол "Томмашзауыт" АҚ-ның аумағына кіріп, үйіндінің жанында жатқан, жап-жаңа қосалқы бөлшектер салынған дорбаны ұрлап кетпекші болған, бірақ оны ұстап алып зауыттың күзетшілер бөлмесіне алып келген, қосалқы бөлшектерді одан алып қойған (5 і. п.).

2. "Урал-3" мотоцикліне қосалқы бөлшектерді Б.И.Дәрменовтен талап ету хаттамасы (2 і. п,).

3. Л.С.Қасымовтың түсініктемесі, онда ол 05.12.1998 жылы кешкісін "Томмашзауыт" АҚ-ның аумағында қолында дорбасы бар азаматты, кейін анықталғаңдай — Б.И.Дәрменовты ұстағандарын көрсеткен. Дорбада "Урал-3" мотоциклінің жап-жаңа қосалқы бөлшектері болған, оларды күзетшілер бөлмесінде Б.И.Дәрменовтен алған (6 і. п.).

4. Б.М. Бейсенов те тура осындай түсініктеме берген (7 і. п.).

5. Қосалқы бөлшектердің пайдалануға жарамдылығы актісі (3 і. п.).

6. Қосалқы бөлшектің құны туралы анықтама (8 і. п.).

Құқық бұзушы туралы деректер:


Тегі, аты, әкесінің аты:

Дәрменов Бекен Исаұлы.

Туған күні және жері:

15.06.1961 ж. т., Томар қаласы

Білімі:

арнайы орта.

Мекен-жайы:

Томор қаласы. Вересаев қ., 7 үй.

Жұмыс орны және оның




орналасқан жері:

жұмыс істемейді

Қызметі:




Айлық жалақысы:




Отбасы жағдайы:

ажырасқан

Отбасы құрамы:

асырауында 8 жасар жылы бар

Соттылығы:

сотталмаған

Жеке басын

Жеке куәлік, №89017690

куәландыратын құжат:

Томар қаласының Ақсай АІІБ-і




20.03.1985 жылы берген

Әскери міндетке




қатыстылығы:

әскери міндетті

Еңбек қабілеттілігі




туралы мәліметтер:

еңбекке жарамды.


Анықтау органына және сотқа келу туралы міндеттеме 06.12, 1998 жылы алынған.

Хаттамаға мына материалдар тіркеледі:

- тапсырма,

- алу хаттамасы,

- шақырту бойынша келу міндеттемесі,

- түсініктеме, рапорт,

- құны туралы анықтама

- қосалқы бөлшектердің пайдалануға жарамдылық актісі

- құқық бұзушыны сипаттайтын материал.

Б.И.Дәрменовтен алынған қосалқы бөлшектер Томар қаласы Ақсай АІІБ-нің заттай дәлелдемелер бөлмесінде сақталуда.

Куәгерлер тізімі, мекен-жайлары:

Дәрменов Болат Исаұлы, тұратын жері: Томар қаласы, Вересаев к., 7 үй

Қасымов Лесбек Сағынұлы, тұратын жері: Томар қаласы, Май к., 3 үй

Бейсенов Болат Мақсұтұлы, тұратын жері: Томар қаласы, Май к., 86 үй


Томар қаласы Ақсай АІІБ-нің аға

учаскелк инспекторы полиция каптаны А.Б.Тәлімов


Анықтау органы бастығының шешімі:

1. ҚК-нің 175-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері болғандықтан бөтеннің мүлкін ұрлауға оқталу фактысы бойынша қылмыстық іс қозғалсын.

2. Бекен Исаұлы Дәрменовке мынадай айып тағылады: 05.12.1998 жылы кешкісін Томар қаласындағы Басин көшесінде орналасқан "Томмашзауыт" АҚ-ның аумағына кіріп, ондағы үйінді жанынан "У рал-3" мотоциклінің жап-жаңа қосалқы бөлшектері салынған дорба тауып алған. Бұл қосалқы бөлшектерді Б.И.Дәрменов өзі иемденіп, зауыт аумағынан жасырын алып шығып сатпақшы болған. Бөлшектердің жалпы құны 15 000 теңгені құраған. Өзінің қылмыстық пиғылын Б.И.Дәрменов өзіне байланысты емес мән-жайлармен іске асыра алмаған. Үйіндіден шығар кезде оны қоғамдық қауіпсіздік бюросының оперативтік кезекшілері Л.С.Касымов пен Б.И.Болатов ұстаған, ол күзет бөлмесіне жеткізіліп, одан қылмыстық, пиғыл заттарын беру талап етілген.


Өз әрекетімен Б.И.Дәрменов ҚК-тің 25-бабында және І75-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмысты жасаған.


Анықтау органының бастығы А.Б.Бижанов


Осы айыптау маған 1998 жылы 15 желтоқсанда, 14 сағат 00 минутта хабарланды, мәтінін өзім оқыдым. Тұжырымдалған айыптаудың мәні түсіндірілді және түсінікті.

Сонымен қатар, ҚІЖК-нің 287-бабына сәйкес маған қылымыстық істің барлық материалдарымен танысу, қорғаушы алу, өтініш жасау және анықтау органының әрекетіне шағымдану, сондай-ақ осы Хаттаманың көшірмесін алу құқығым түсіндірілді.

19 парақтағы материалмен толықтай таныстым. Іске қорғаушының қатысуынан бас тартамын. Өтінішім және шағымым жоқ. Мен жасаған қылмыстың мән-жайы туралы Хаттаманың көшірмесін алдым.


Б.И.Дәрменов

15 желтоқсан 1998 ж.


ҚОРЫТЫНДЫ


Сонымен, «Алдын ала тергеуді аяқтау», - тақырыбында жазылған дипломдық жұмысты қорытындылай келе: мынадай мәселелерді қарастырдым.

Тергеушінің алдын ала тергеуді жүргізудегі құзіреті, құқықтары мен міндеттері іске қатысушылармен ара-қатынастары қандай болу керектігі қарастырылды.

Атап айтатын болсақ, алдын ала тергеу басталған кезден бастап, тергеуші қозғалған қылмыстық істі өз өндірісіне алып тергеу әрекеттерін жасауға кіріседі.

Сезіктіден жауап алып, бұлтартпау шарасын қолданғаннан кейін, егер оның басына айыпқа тарту үшін жеткілікті дәлелдемелер жиналса айыпталушы ретінде жауапқа тарту, оның жасалу процедурасы толық ашылған.

Алдын ала тергеу кезінде жүргізілетін тергеу әрекеттері олардың заңда көрсетілген тәртіптері атап көрсетілген.

Сонымен қатар бұл дипломдық жұмыста айыптау қорытындысын жасап алдын ала тергеуді, аяқтау қылмыстық істі қысқарту, алдын ала тергеу кезінде тергеу әрекеттерін жасаған кезде қолданылатын хаттамалар, тергеуші бір шешім қабылдаса қаулыларды дұрыс толтыру қарастырылған.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



1. Жогин Н.В., Фаткуллин Ф.Н. Предварительное следствие. М., 1965.

2. Мартынчик Е.Г., Милушев Д.В. Предварительное производство в социалистическом уголовном процессе. Кишинев, 1986.

3. Дубинский А.Я. Производство предварительного расселедования органами внутренных дел. Киев, 1987.

4. Колосов Л., Чуркин А. Практика применения протокольной формы до судебной подготовки материалав // Сов. Юстиция, 1988.

5. Ефамичев С.П. Предварительное расследование и его роль в реализации уголовной ответственности: Автореф. дисс. д.ю.н., Л. 1987.

6. Ефанова В.А. Возбуждение уголовного дела судом. — Воронеж, 1988.

7. Финько ВД. Проблемы совершенствования дейтельности органов до знания // Актуальные проблемы совершенствования юридической науки на этапе развитого социализма. - Харьков, 1985.

8. Учебник уголовного процесса / Отв ред. А.С. Кобликов. М, 1995.

9. Уголовного процесс / под ред. В.П. Божьева. М., 1989.

10. Мачковский Г.И. О сущности до знания и органа дознания // Проблемы предварительного следствия и до знаним: Сб. науч. тр. М., 1987.

11. Петуховский А.А. Направление уголовных дел на дополнительное расследование и проблемы повышения качества дознания и пред-варительного следствия. М., 1990.

12. Громов В.И. Методика расследования преступлений. - М.. 1930.

13. Крыленко Н.В. Юрминимум. - М, 1935.

14. Дубинский А.Я. Исполнение процессуальных решений следователя. Правовые и организационные проблемы. Киев, 1984.

15. Викторов Б.А. Общие условия предварительного расследования. -М., 1971.

16. Алауханов Е., Оразәлиев М. Айып тағу және айыптау қорытындысын түзу. Алматы, Нұрлы әлем, 2003.

17. Быков В.М., Гришин Ю.А. Обвинительное заключение по групповому уголовному делу; Лекция. Ташкент, 1988.


18. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Алматы: Баспа, 1998.

19. Президент Казахстана выступает за усиление судебно-правовой реформы // Панорама, 1999. 19 марта.

20. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі он үшінші шақырылымының ІІ сессиясында қабылданған. 1994 жылғы 27 желтоқсан. Алматы. 1995.

21. Соттар қызметін заңдық қана емес, саяси да мәні зор. // Егемен Қазақстан, 2001, 8 маусым.

22. Сапаргалиев М.С. Организация Советского суда в Казахстане. Изд-во АН КазССР, Алма-Ата, 1954.



<< предыдущая страница